Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6. Дәрістер кешені.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
655 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары

Жалпы ішкі өнім; Жалпы ұлттық өнім; Жеке табыс; Жиынтық сұраныс; Жиынтық ұсыныс; ЖҰӨ-нің дефляторы; Қолда қалған табыс; Макроэкономика; Таза ұлттық өнім; Тұтыну бағаларының индексі; Ұлттық есеп жүйесі; Ұлттық табыс.

Негізгі әдебиеттер

1. Әкімбеков С., Баймухаметов У.А., Жанайдаров У.А. «Экономикалық теория». Оқу құралы. Астана 2002 - 464б.

2. «Экономикалық теория негіздері». - Оқулық. «Санат» Алматы. 1998 - 479б.

3. Шеденов Ө.Қ., т.б. «Жалпы экономикалық теория». Оқулық. Ақтөбе. - 2004ж., 455б.

4. Әубәкіров Я.Ә., Байжумаев Б.Б., т.б. «Экономикалық теория». - Оқу құралы. Алматы. - 1999ж. - 280б.

5. «Экономикалық теория негіздері». Оқулық. Алматы 2004ж. - 479б.

6. Ғабит Ж.Х. «Экономикалық теория» - оқу әдістемелік кешен.

7. Темірбекова А.Б. «Экономикалық теория» Оқу құралы Алматы 2008ж. - 276б.

Қосымша әдебиеттер

1. Қожаниязов Т.К., Қожаниязова А.П. «Қазіргі экономика» - оқулық - 2001ж.

2. Сахариев С.С. «Жаңа кезең экономикалық теориясы» - 2004ж.

3. Мауленова С.С. «Экономикалық теория» - 2004ж., I, II бөлім.

4. Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері». - 2002ж. 316б.

5. Крымова В. «Экономикалық теория: кестелі оқу құралы». Алматы, Архаим, 2003 - 120б.

6. Темірбекова А.Б., Байшолақова Қ.С., Бектұрсынова Ж.Ж. «Экономикалық теория негіздері». - Қысқаша лекциялар курсы. 2007, 186б.

Дәріс Тақырыбы № 14. Макроэкономикалық тепе-теңдік

Дәріс мақсаты:

Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі.

Дәріс жоспары

1. Жиынтық сұраныс. Жиынтық сұраныс факторлары.

2. Жиынтық ұсыныс. Жиынтық ұсыныстың факторлары.

3. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

Дәріс мәтіні

1. Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.

12.2. график. Жиынтық сұраныстың қисығы.

Р

Р1

АD2

Р2

АD1

АD

Q1 Q2 ЖҰӨ

Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АД2 - өсуі) немесе солға (АД - азаюы) жылжуына әкеледі.

2. Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.

12.3. график. Жиынтық ұсыныстың кисығы.

Р АS

3

2

1

Q

Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді:

қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық,

ұзақ мерзімде - АS - тік сызық.

1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім

2 – аралық мерзім

3 - классикалық сызық, ұзақ мерзім.

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  • Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.

  • Нарықтық құрырылымы.

  • Өнімділік.

  • Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.

3. Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

12.1. график. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

Р

АD

Ре

АS

Qе Q

Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады:

  • өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады;

  • өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі.

  1. Егер АД<АS, бұл жағдайда:

  • өндірісті қысқарту қажет болады;

  • өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды.

Мұнда, Р - бағаның жалпы дәрежесі, Q - тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.