- •1.Табиғатты пайдаланудың экономикалық тиімділігі және оны анықтау әдістері.
- •2.Ғылыми – техникалық прогресс экономиканы экологизациялау факторы ретінде.
- •9.Тұрақты дамуың критерийлері мен индикаторлары. Тұрақтылық типтері.
- •10.Экономиканың модельдері және оларды табиғи факторды ескеру.
- •15.Қазақстанның отын – энергетика кешені және экономика: тура және кері әсер.
- •19.Қорықтардың, заказниктердің, ұлттық парктердің функциялары қандай?
- •26. Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдерін құру бағыттары.
- •33. Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдерін құру бағыттары.
- •35. Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу және оның тиімсіздігі.
- •60)Биоәртүрлілікті сақтауда балама құнға базалық көзқарас қалай қолданылады?
- •77. Жер ресурстарының деградациялау факторларын атап өтіңіз.
- •79. Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының негізгі шарттары қандай?
- •80. Табиғи құнарлану өндірісінің типтерін айтыңыз.
- •88. Жасанды түрде жасалған өндіріс құралдары.
9.Тұрақты дамуың критерийлері мен индикаторлары. Тұрақтылық типтері.
«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық». 1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:
- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
- суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;
- жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау. Тұрақты даму тұжырымдамасында көзделген ұзақ мерзімді тиімділік пен әділдік материалдық және ізгіліктік негіздерді, сондай-ақ индустриалдық қоғам дамуының экономикалық тетіктерін түбегейлі қайта қарау қажеттігін тудыратындықтан, бұл тұжырымдама әзірше жеткілікті деңгейде нарықтық экономикасы дамыған елдердің экономикалық саясатына әсер еткен жоқ.Экологиялық ақиқаттарға экономикалық өсу сәйкестігінің мәселесімен Қазақстан да кіретін шикізаттық экономикасы бар елдер үшін аса өзекті. Қазақстанды экономикасының шикізаттық сипатына қарамастан, индустриалдыққа дейінгі ел ретінде санауға болмайды, сонымен қатар ол индустриалды дамыған елдер қатарына да жатпайды. Қазақстан сияқты елдер индустриалды дамыған және дамушы елдер арасында аралық жағдайда қалып отыр (әлемдік экономиканың діңгегі мен орталығы). Оларда салыстырмалы жоғары даму мен артта қалушылық белгілері бар.
10.Экономиканың модельдері және оларды табиғи факторды ескеру.
Елдер өздерінің тарихымен, экономикалық даму деңгейімен, әлеуметтік және ұлттық жағдайларының бөлектегімен ерекшеленетіндіктен, шаруашылықты ұйымдастырудың өзіндік ұлттық модельдерін әр жүйеде жасақтаған. Айталық, әкімшілдік - әміршілдік жүйеде кеңестік, қытайлық және басқа да модельдер бар. Қазіргі жүйедегі әртүрлі модельдер ең танысалдарын атап өтейік. Қазіргі уақытта даму жолын таңдау нарыққа өтетін экономика үшін өмірлік маңызы бар проблема болып табылады. Жоспарлық экономиканы нарықтық экономикаға қалай қайта құруға болады деген мәселені тәжірибе жүзінде ғана емес, сонымен бірге теория жүзінде шешу күрделі. Басқа елдердің тәжірибелерін зерттеу қоғамды экономикалық түрлендірудегі аса маңызды сәттерді анықтауға, нарықтық экономиканы дамыту бағытының және қазіргі өндірісті құрудың принциптік мәнін айқындауға көмегін тигізуі мүмкін. Индустрияландыру процестерін талдау үшін таңдалған уақыт кезеңінде сол немесе басқа мемлекеттің немесе аймақтың экономикалық даму сипатына әсер ететін, ішкі және сыртқы факторларды бөліп көрсету керек. Әрбір елдің бастапқы сатыда қандай да бір “старттық мүмкіндіктері” болады, яғни географиялық орны, табиғи байлықтардың, капитал мен еңбек ресурстарының бар болуы, сондай-ақ қоғамның білімділігінің және жұмыс күшінің білістілігінің деңгейі, рыноктық институттардың дамығандылық дәрежесі, тарихи және мәдени дәстүрлер және т. с. с. бұл ішкі факторлар көп дәрежеде экономиканың әрі қарай дамуын және экономикалық стратегияның таңдалуын анықтайды. Американ моделі кәсіпкерлік белсенділікті жан – жақты қолдаудың жүйесіне, халықтың неғұрлым белсенді бөлігін байытуға бағытталған. Жапон моделі еңбек өнімділігінің өсуінен халықтың өмір деңгейінің (соның ішінде жалақы деңгейінің) белгілі дәрежеде қалыс қалуымен ерекшеленеді. Швед моделі ұлттық табысты халықтың неғұрлым аз қамтылған топтарына қайта бөлу есебінен мүліктік теңсіздікті қысқартуға бағытталған мықты әлеуметтік саясатымен ерекшеленеді. ГФР – ның әлеуметтік нарықтық шаруашылықтары. Бұл модель гитлерлік кезеңдегі концерндерді тарату және шаруашылықтың барлық түрлеріне (ірі, орта, ұсақ) тұрақты даму мүмкіндігін беру негізінде қалыптасты. Бұл ретте ерекше қолайлы жағдаймен миттельштанд деп аталатын орта және ұсақ кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар қамтылады. Мемлекет бағаға, техникалық өлшемге белсенді түрде әсер етеді.
11.Табиғи ресурстардың экономикалық дамудағы рөлі. Табиғи ресурстардың классификациясы.Адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналым циклына қатыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы- қордың айналымы немесе антропогенді айналым деп аталады. Табиғаттағы зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Ал қор айналымын немесе антропогенді тұйықталған тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су қайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір, қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды.Табиғи қорларды тиімді пайдалануда ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланады. Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде,дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы.
Адам шарушылық қарекетінде табиғатпен байпанысты, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікті және сонымен қатар тұтас күрделі мәселе.Халықтың өмірлік қарекетіне,әсірісе денсаулығы мен өсіп-өнуіне,тікелей немесе әлеуметтік-экономикалық жағдай арөылы жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары мен олардың жиынтығы-атмосфералық ауа,табиғи сулар,топырақ жамылғысы,геологиялық құрылым,өсімдіктер мен жануарлар,сонымен қоса төтенше құбылстар мен барлық биосферада жүретін процестер ықпал жасайды.Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді.Адам күрделі «табиғат-қоғам» жүйесінің бір бқлігіне жатады.Қоғамның материалдық,мәдени,тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.Оларға атмосфералық ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. жатады.
Табиғ ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды),пайда болуына (табиғи,антропогендік),химиялықтабиғатына (органикалық,миниралдық),көздері мен орналасуы(жер,су,кен,өсімдіктер,орман),қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми, эстетикалық,рекреациалық),пайдалану өрісіне (энергетикалық,шикізат,тамақ) байланысты.Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді.Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді.
12.Ауыл шаруашылығының экономикаға экологиялық әсері және оған сыртқы әсерлер.Бүгінгі уақытта еліміздің ауыл шаруашылығы мен жер шаруашылығы терең өзгерістерді өткізіп, әрі қарай жүйені жетілдіру бағытында жұмыс жүргізуді қажет етіп отырған секторлардың қатарында. Ол осы саланы құқықтық қамтамасыз ету мәселесін шешу мен жетілдіруді қажет етеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі. Қазақстан Республикасында нарықтық жағдайға өтуге байланысты әртүрлі меншік нысандарының пайда болуы, шаруашылық етуші субъектілердің және олардың нысандарының көбеюі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға алуды шектемейді, керісінше, оның әрі қарай дамуына алғышарт ретінде танылады. Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. Әлемде климаттың өзгеруі Қазақстанның ауыл шаруашылығына орасан зор нұсқан келтіру үстінде екені мәлім. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауылшаруашылық өнімдерін кемітіп отыр. Жыл сайын егістіктерден 2,5 млн. тонна қоректік элементтер қайтымсыз жоғалуда. Ол үшін жыл сайын 1,8 млн. тонна фосфор, 1,1 млн. тонна азот, 0,4 млн. тонна калий тыңайтқыштары берілуі тиіс болса, ол көрсеткіш 60-70%-ға дейін азайған. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара топырағының 22,5% қарашірігі қайтымсыз жоғалды. Мәселен, экологиялық таза өнім алудың жолдарын дамыту, яғни, биологиялық күрес әдісін өмірге ендіру және т.б. Әсіресе, қазіргі заманғы жетілдірілген агротехниканы қолдану міндеті тұр.
Өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының дамуы табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды талап етеді. Өнеркәсіпті дамыту қоршаған ортаның ластануын, адамның денсаулығының бұзылуын, су мен ауа сапасының нашарлауын туғызады.Ауыл шаруашылығының барша өнімдерін шексіз пайдаланудың зияндығын, оның соңы қандай жағдайларға жол беретінін, бұл жағдайдағы экологиялық апаттарды қалай тоқтатуға болатынын ғалымдардың еңбектері негізінде ашып-айқындау.
13.Суды тиімді пайдаланудың экономикалық проблемалары.Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс. Табиғи рсурстың бұл түрі мыналарға арналған:
адамзаттың, хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік қажеттіліктерін өтеуге;
өндірістік шаруашылық қажеттіліктерге;
гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасуға;
өзіндік ерекшелігі бар технологиялық роцестерді қамтамасыз етуге;
Орташа есеппен алғанда планетаның 1 тұрғынына күніне 3 мың литрге дейін су кетеді екен, алайда Жердегі 5 миллиардтың тұрғыны күніне кем дегенде 2 – 3 литр тұщы суға қолы жетпей отыр. Миллиондаған адамдар мал мен егістікті суаруға судың жетіспеуі салдарынан аштыққа ұшыраған. Су жер шары 70,8 % алып жатыр.510 млн км жердің жалпы ауданының 29,2 % құрлыққа тиесілі. Планетаның қалған бөлігі - мұхиттар мен теңіздер.Жер асты суы планетада барлық тұщы судың 14% ін құрайды. Жер асты суының рөлі жердің бетіндегі судың ластануына байланысты артып отыр. Суды пайдаланудағы негізгі проблема ол судың ластануы.Суды ластаушылардың бірі ол мұнай. 1 т мұнайдың өзі теңіздің бетінде 1200 га алаңға дейін жайылады екен. Мұнай теңіздегі тіршілік иелеріне теріс әсер етеді: мұнай қабыршағы күн сәулесін өткізбейді әрі суда оттектің қалыптасуын бәсеңдетеді. 1967 ж «Тори Каньоно» супертанкері Англияның жағалауында апатқа ұшырап, 130 мың тонна мұнай теңізге төгілді, 1970 ж «Эри» танкерінен 6 мың тонна мұнай төгілсе, 1976 ж «Олимпик» супертанкеріне Францияның жағалауында су астындағы тасқа соғылады. Мұнаймен ластану - бүкіл әлемдік мұхиттың өміріне қатерлі фактор. Мұхиттар мен теңіздерде мекендейтін мұхит ағзаларында қорғасын мен сынап көбейіп келеді. Радиоактивті изотопты жою немесе залалсыздандыру мүлдем мүмкін емес. Белгілі болғандай, дамыған елдер 10 – 15 жыл бойы радиоактивтілігін жоймайтын радиоактивті заттар арқылы өңдейтін контейнерлермен мұхиттардың түбіне қоймалар қойды. Олардың ішіндегі ең қауіптісі - биологиялық циклге қатысатын стронция - 90 б.т. Адамзат гидросферасының аз ғана бөлігін құрайтын құрлықтағы шектеулі тұщы суға ғана өз әсерін тигізіп отырған жоқ. Адамзат әрекетінің нәтижесінде әлемдік мұхит та ластанып барады. Радиоактивті қалдықтар мұхитты ластаушылардың ішіндегі ең қауіптісі б.т. Осы уақытқа дейін радиоактивті қалдықтардың ондаған мың контейнерлері мұхиттардың бірнеше түкпріне көмілді.Жыл сайын ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте пайдаланылған 5 мың тоннаға дейін сынап жерден мұхитқа тап болады екен.
Тұрмыстық қалдықтар. Теңіздер мен мұхиттарға қатты және сұйық болып келетін тұрмыстық қалдықтар құрлықтан тікелей өзендер арқылы ағып келетін болса, ұл қалдық кеме және баржа арқылы да тасталады. Осынау лас қалдықтардың бір бөлігі жағалау зоналарында шөксе, енді бір бөлігі теңіздегі ағындардың және желдің әсерімен жан – жаққа ыдырап кетеді.Теңіздің беткі қабатында бактериялар үлкен мөлшерде көбейіп келеді. Олардың бәрін зиянсыз, теңіздің экологиялық жағдайына қауіпсіз деп те айта алмайсың. Соңғы уақытта аса ірі қалалардың маңында ішек – асқазан және басқа да ауруларды тудыратын бактерияның катогендік түрі жиі пайда болатын болды. Бұл тұрмыста пайдаланылған арық суыны алдын ала биологиялық тұрғыдан тазаланбай тұрып теңізге тап болуынан туындап отыр.Тұрмыстық қоқыстың қатерлі болуының себебі мынада:олар бірқатар қауіпті жұқпалы аурудың түрлерін (ішек сүзегі, тырысқақ, дизентерия) тудырып қана қоймайды, сонымен бірге ол оттегін сіңіріп алатын құрамның көп мөлшеріне ие.
14.Орман ресурстарын тиімді пайдаланудың экономикалық проблемалары.Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) Спопикалы қ ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия , Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар.Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы.Халықтың тропикалық аймақтарға көшуін мысалы, Бразилияда (Амазонияны колонизациялау жобасын іске асыру үшін) ауыл шаруашылығы үшін жаңа жерлерді игеру мақсатында кейде үкімет деңгейінде қолдайды. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде экспортқа шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді. Дамушы елдердегі кедей халық санының өсуі энергетикалық кризиспен бірге ормандардың жойылуының тағы бір себебі болып табылады.БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріндегі ауыл тұрғындарының шамамен 90%, қала халқының 30% негізінен ағаш отындарды пайдаланады. Коммерциялық орман дайындау жұмыстары әдетте қырқылған ағаш орнына ағаш егілмей, экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы конференциясынан (1992 ж.) соң дамушы елдер орман ресурстарын сақтау проблемасы бойынша халықаралық келісімге дайын екендіктерін растады. 1993 жылы Бандунг қаласындағы (Индонезия) кездесуде әлемнің барлық климаттық аймақтарында орман шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін бағдарламалар жасау және оны бақылау туралы халықаралық комитет құру жөнінде ойлар айтылды.
Қазақстан аумағының 3,2% ғана орманды алқап. Мамандардың пікірінше, еліміз орман қорғау ісі бойынша әлемдік тәжірибеден көп артта қалып қойған. Осы күнге дейін ұлттық орман саясаты қалыптасқан жоқ . Соңғы кездері ағашты заңсыз кесу әрекеті белен алды. Орман қорының жерін пайдалану режимі Қазақстан Республикасының Жер және Орман кодексімен реттеледі.Оңтайлы жер пайдаланудың негізгі экологиялық талаптары:
-ұсынылып отырған жердің қайта түлетілуі және жерді қайта бөлу салдарларын ғылыми негіздеу және болжау;
-барлық санаттағы жердің ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын жоспарлау мен ұйымдастыруда бірыңғай мемлекеттік саясатты негіздеу және іске асыру;
-жердің нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өндірісіндегі құнарлы жерді сақтау;
-ауыл шарушылығы алқаптарын жақсарту, топырақтың құнарлылығын арттыру, тұрақты ландшафтарды күтіп ұстау және жерді қорғау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу;
-жерді ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
-биологиялық әралуандықты сақтау болып табылады.
