Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tabigatty_paydalanu_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
671 Кб
Скачать
☆

60)Биоәртүрлілікті сақтауда балама құнға базалық көзқарас қалай қолданылады?

Қазақстандағы биологиялық әртүрлілік нысандарын қорғау бойынша іс-әрекеттер кезектілігін анықтау үшін бірқатар белгілер бойынша артықшылықтар айқындалды. Олардың ішінде экожүйелерді сақтау және табиғи капиталды орнықты пайдалану биоәртүрлілікті сақтау және балансты пайдалану бойынша біздің Ұлттық Стратегиямыз бен іс-әрекеттер Жоспарымыздың басты бағыттары болып табылады. Бұл міндеттер биологиялық әртүрлілікті сақтау және балансты пайдалану бойынша әзірленіп отырған жаңа Ұлттық Стратегия мен Іс-әрекеттер жоспарында көрініс тапты. Бұл жоспардың стратегиялық мақсаттары үкімет пен қоғамның іс-әрекеттеріне биоәртүрлілік тақырыбыптарын енгізу арқылы биоәртүрліліктің жоғалуының негізгі себептерімен күрес жүргізуге бағытталған. Биоәртүрлілікке түсетін тікелей қысымдарды қысқарту және орнықты пайдалануын ынталандыру. Экожүйелерді, түр және генетикалық әртүрлілігін қорғаудың орнықты тетіктері негізінде биоәртүрлілік жағдайын жақсарту және биоәртүрлілікті пайдалану тиімділігін арттыру, жоспарлау, басқару, оңтайлы табиғи әлеуетін құру есебінен барлық адамдар үшін пайда көлемін арттыруға бағытталған. Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін негізгі жиырма міндеттер анықталды. Биоәртүрліліктің бағалық құндылығын анықтау, осы көрсеткіштерді ұлттық бағдарламалар мен даму жоспарларына енгізу, биологиялық әлеуетті және экологиялық орнықтылықты сақтауға бағытталған іс-әрекеттерді экономикалық ынталандыру негізінде биоәртүрліліктің азаюын минимум көрсеткішке жеткізу; флора мен фаунаның табиғи мекен ортасының тозуы қарқынын азайту. Климаттың өзгеруі мен ресурстарға қажеттілігін ескере отырып, антропогендік қысымын азайту негізінде түрлі экожүйелердің табиғи қорларын орнықты пайдаланудың тетіктерін немесе жүйелерін әзірлеу Ерекше экологиялық, ғылыми және рекреациялық мәндегі өсімдіктер мен жанарлардың сирек және жойылу қаупі бар түрлерін, бірегей үлгідегі жерлерді, табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен нысандарды сақтаудың ең тиімді шаралары – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру болып табылады.Қазақстан Республикасының табиғи-қорық қорының жағдайына қазіргі заманғы талдау жасау нәтижелеріне сүйенсек, сүтқоректілердің 178 түрлерінің 140 түрі (78,6%) қорғалады, оның ішінде 22 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, сондай-ақ құстардың 346 түрі (87,4%), бауырымен жорғалаушылардың 31 түрі (63,2%), балықтардың 23 түрі (22,1%) қорғалады. Бұлар Қазақстанның бірегей флоралық және фауналық әртүрлілігін сақтауды қамтамасыз етпейді. Қазақстанда ғаламдық маңызы бар экожүйелердің бірнеше қатары бар, олардың ішінде солтүстік шөлдер, реликті шыршалы ормандар және бірегей тау экожүйелері бар. Қазақстан шөлдері мен тау жүйелері Жабайы табиғаттың Дүниежүзілік Қорының Ғаламдық Тізіміне енгізілген. Бұл жүйелер ең маңызды экологиялық аймақтарды (орталық азия шөлдері мен ортаазиялық тау шалғындары мен орман алаптары) алып жатыр. Халықаралық мәні бар Рамсар конвенциясының сулы-батпақты жерлерінің тізіміне Каспий теңізінің маңындағы жағалаулар мен Орал өзенінің атырауы, Алакөл-Сасықкөл және Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйелері енгізілген.

61.Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың негізгі түрлерін атаңыз.Ерекше қорғалатын табиғи аумақ (ЕҚТА) —айырықша күзет режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендер мен объектiлердi қамтитын жер, су объектiлерiнiң және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi. Толық немесе жекеленген, үздiктi немесе уақытша адамның қалыпты – қарқынды шаруашылық алмасуынан шектелген және экологиялық тепе – теңдiктi сақтауға адамзаттың тiршiлiк ортасы мен денсаулықты ұстап тұруға, табиғи ресурстарды тарихи, шаруашылық немесе эстетикалық мағынасы бар бағалы табиғи және жасанды объектiлер мен құбылыстарды қорғауға арналған биосфера аудандары – ерекше қорғалатын табиғи территориялар деп аталады.Дүниежүзiнде мұндай территорияның үш мыңы белгiлi. Олардың көпшiлiгiнiң ауданы үлкен. Мысалы, дүниежүзiнде ең үлкен Гренландия ұлттық паркi, ол Гренландия аралының солтустiк – шығыс бөлiгiнде орналасқан. Ауданы 7 млн.га. Ол жерде арктикалық шөлдер ландшафты, кейбiр жануарлар – бұқалықой, ақ аю, морж, тюлень, поляр түлкiсi, ақ қоян және басқаларды қорғалады. Одан кiшiрек Ботсвандағы (Африка) Орталық – Калахер резерваты – 5,3 млн.га. Монголиядағы Үлкен Гобий қорығы – 4,3 млн.га. және Канададағы Вуд – Баффало ұлттық паркi – 4,5 млн.га. Дүниежүзiнде ұлттық парктер мен оларға тән территориялардан бес категорияны бөлiп қарастырамыз: 1) ұлттық парктер; 2) провинциальдi парктер; 3) толық резерваттар немесе бағытталған тәртiп резерваттары, 4) табиғи парктер және әртүрлi профилдегi заказниктер; 5) тарихи, мәдени – тарихи және археологиялық заказниктер. Ұлттық парктер территориясы экологиялық, тарихи және эстетикалық жағынан бағалы, және табиғи мәдени ландшафтарды бiрiктiредi. Бұл территорияларда: кiруге болмайтын қорықтық аймақтар; туристердiң реттелген саяхатына ашылған, рекреакциялық аймақтар; шектелген шаруашылық қызметтер жүргiзiлетiн аймақтар. Ұлттық парктер өлi және тiрi табиғат объектiлерiмен бiрге ерекше бағалы табиғи комплекстердi қорғайды, және тарихи және мәдени ескерткiштердi де қорғайды. Қорықтар – табиғи комплекстердi бұзылмаған түрiнде сақтау үшiн, жануарлар мен өсiмдiктер түрiн қорғау және табиғи процестердi басқару үшiн кез келген шаруашылық қызметтен толық босатылған, заңмен ерекше қорғалатын кеңiстiк. Оның бiр түрi – биосфералы қорық, яғни әлемдiк масштабта биосферадағы болатын өзгерiстердi анықтауға көмектесетiн, ғасырлық процестер жүретiн, адам қайта құрған ландшафтар әсерiне түспейтiн, қатаң қорғалатын табиғи аймақ. Бұл түрдiң түзiлулерi биосфералы қорықтардың дүниежүзiлiк торына ЮНЕСКО құрамына бiрiктiрiлген. Қорғаудың қатаң тәртiбi бар территриялар резерваттар деп аталады. Оларға кең қорғалатын территориялардың орталық, бағалы бөлiгi – қорықтар мен ұлттық парктер кiредi. Резерваттарда кез келген шаруашылық қызметi толық тыйым салынады, және олар экскурсанттар мен туристер үшiн жабық.Қазақстандағы ерекше қорғалатын территориялардың кең тараған түрi – бұл жекеленген немесе уақытша қорғау тәртiбi бар территориялар (немесе акваториялар). Оның жеке табиғи ресурстары пайдаланылады. Олар шаруашылық қызметiнiң жеке түрлерiнiң және табиғи ресурстарды пайдалануымен шектелуi болатын табиғатты территориальдi қорғау қызметiн атқарады.Ерекше әдемiлiгi және тарихи бағалылығы бар жеке табиғи объектiлер, қорғалатын табиғи объектiлер – табиғат ескерткiштерi деп аталады. Қазақстанда 24 табиғат ескерткiшi бар, Мысалы, Шарын шетен тоғайы, Пожарная Сопкасы, Синегорск пихталы тоғайы және т.б.Республикада алғашқы мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер құрылған. Қазiр олар төртеу - Алтын – Эмель, Iле – Алатау, Баянауыл және Көкшетау. Болашақта тағы 12-сi ашылады.

62.Әлемдік қоғамға биоәртүрлілікті сақтаудың негізгі пайдалылық шарттары қандай? Биоәралуандылық 3 деңгейде қарастырылады:генетикалық,түр-тұқым белгілері, экожүйелілік.Генетикалық әралуандылық – жерде мекендейтін организмдердің генінде болатын генетикалық ақпараттың көлемі.Түр-тұқымның әр алуандылығы - бұл жерде мекендейтін барлық организмдердің әр алуандылығы. Экожүйенің әр алуандылығы түрлі мекен ететін ортаға қатысты.Табиғи флора биоәртүрлілігінің жойылуы жергiлiктi түр популяцияларының толық жоғалуы және ареалы мен санының қысқаруы есебінен, фитоценотиялық белсендiлiктiң және репродуктивті қабiлеттiлiктің төмендеуi есебінен болады. Флорадағы қолайсыз өзгерiстер Қазақ КСР-ының Қызып кiтабы Өсімдіктер. 2-шi бөлімінде (1988 жыл) көрініс тапты. Онда 303 өсiмдiктердiң сирек және жоғалу қаупі бар түрлерi енгізілді. Қазіргі кезде Қазақстанның Қызыл кітабының жаңа редакциясы баспаға дайындалуда. Өсімдіктердің сирек және жоғалу қаупі бар түрлеріның саны 387 түр.Жерлерді кең ауқымды жыртуы нәтижеде көптеген экожүйелердің жалпы өзгерiстерi, дала және орманды дала аймағының антропогенді өзгерістері пайда болды. Жер жырту әрекеттерінен әсіресе бозды-бетегелi - 8,5 млн.га және түрлі бетегелi далалар - 13, 6млн. га зақымданды. Жазықтарда аумақтардың жыртылғаны 90% жетедi, ал ұсақ шоқылы жерлерде 30 % жеткен. Жазықтықтардағы құрғақ далалар (ауданы 52 млн га) 50-60 %, шоқыларда – 10-15% дейін жетеді. Бұл аймақтарда қалған жерлер (беткейлердегі тасты және кешенді дала) біршама өзгеріске ұшыраған. Бұл өлкелердiң бозды жерлерiне шамадан тыс өріске шығуы нәтижесiнде биоәртүрліліктің түбегейлi жоғалтуы орын алды. Сонымен бiрге, тау далаларының өсiмдiктерi де өзгерген, себебі жайылым, пiшен шабудың ықпалынан жерлер түбегейлi өзгерген. Шөл аймақтарындағы биоәртүрліліктің жойылуы бірдей жүрмейді. Солтүстік жусанды шөлдерде қыстаулар, елді-мекендер айналасында ошақтық (локалды) өріс және мал айдау жолдары бойында ошақтық-жолақ өріс байқалады. Орталық және оңтүстік шөлдерде (көпжылдық бұталар) өрістен басқа, (көбіне республиканың батысында) техногендік әсерлер мен жол желісінің жүйесіз болуымен, өзен ағынының ретсіздігі, сексеуілдерді шабумен байланысты қауіптер бар. Әсіресе құмды шөлдердің өсімдігі жойылған. Тау баурайындағы урбанизация мен ауыл шаруашылық жерлерін қарқынды игеру нәтижесінде өсімдік жамылғысының қатты бұзылуына себеп болып, қазақстандық ерекше эфемерлі жусанды шөлдер толығымен жойылуда.Іле, Сырдария, Шу, Талас өзендері алқаптарында шалғындық өсімдіктердің күрт өзгеруі болған. Жоғары өнім беретін қамыс бірлестіктері толығымен деградацияға ұшыраған. Суғарудың тоқтап қалуынан шалғынды өсімдіктердің далаға айналуы жүреді. Өзен ағынның шектелуіне байланысты шалғынды өсімдіктер жер-жерлерде азайып, жойылуда, олардың әртүрлілігі қысқарып, өнімділігі 10-15 есеге (15-40 тан 1,5-2ц/га дейін) азайған. Орманды дала аймағының қайыңды, көктеректі, үйеңкі ормандары өз ареалын қысқартуда. Қазақстанның солтүстік-батысында алқаптағы өсімдіктер (емен орманы, ақ үйеңкі, үйеңкі ормандары, қалың бұталар) гидрологиялық режимнің бұзылуы нәтижесінде деградацияға ұшыраған.Шөл зонасының ормандары – сексеуілдер 10-нан 5 млн. га дейін қысқарған.

63. Жаһандық және локальді пайдалардың сәйкессіздігі биоәртүрлілікке қалай әсер етеді?Биологиялық әр алуандылық жердегі өмірдің негізі және тіршіліктің маңызды ресурстары болып табылады. Биологиялық әралуандылыққа төніп тұрған қатер үнемі артуда. 1990-2000 жж. аралығында 5-15% түрлердің құрып кетуі мүмкін деп айтылды. Оған мысал, тропикалық ормандардың селдірей бастауы. Қазір 22 мыңдай өсімдік пен жануарлар жоғалып кету шегінде тұр. Түрлердің жоғалып кетуінің негізгі төрт себептері бар:-мекендейтін ортаның жоғалуы, түрлені мен фрагменттелуі;-шамадан тыс ресурстарды пайдалану;-қоршаған ортаның ластануы;-жерсіндірілген экзотикалық түрлердің табиғи түрлерді ығыстыруы.

Антропогенді әсер етудің үлкен қауіптілігі – қоршаған ортаның ластануы. Олар, әсіресе, химиялық заттектермен, ксенобиотикпен, соның ішінде, пестицидпен жиі ластануда. Мәселен, ДДТ экологияға қауіпті заттек ретінде бұрыннан тыйым салынған болатын, бірақ әлі күнге дейін топырақта емес, тірі организмдердің клеткаларында байқалып отыр. Климаттың өзгеруі, атмосфераға жылыжай газдары шығарындыларының араласуы мамандардың болжамы бойынша, көптеген экожүйедегі түр-тұқымдар құрамының өзгерісіне әкеледі. Ал осының әсерінен бір түрлердің саны қысқарып, екіншісінің саны артуы ғажап емес.Экологиялық өнегеліліктің принциптерінен мына төмендегіні атауға болады:әрбір келер ұрпақтың өткендегідей осындай биоәралуандылыққа толық құқы бар.Биоәралуандылықты тұрақты пайдалану мен сақтауға бағытталған шаралардың төрт түрі жасалуда:1.ерекше мекендейтін ортаны қорғау – ұлттық саябақтар, биосфералық қорықтар мен өзге қорғалатын зоналар құру;2.жеке түрлер мен организм топтарын шамадан тыс пайдаланудан қорғау;3.түрлер ретінде ботаникалық бақтарда немесе генофондта (текқорда) гендерді банкте сақтау;4.қоршаған ортаның ластануын қысқарту.

Биоәралуандылықты сақтаудың маңызды құрылымының бірі – халықаралық ұлттық бағдарламалар мен шараны жүзеге асыруға бағытталған конвенцияны жасау болып табылады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық экологиялық фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді.Бірінші санат факторларына негізінен климаттық, ал екіншісіне – биоталық факторлар жатады. Топтастырудың тағы бір жолы бойынша Экологиялық факторлар энергетик. және сигналдық болып бөлінеді. Мысалы, энергетик. топқа температура, бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, т.б. жатады. Бұл топ организмдерге тікелей әсер етіп, олардың энергетик. күйін өзгертеді. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іc жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлердің жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатар жәйі деп танылды. Биоәртүрлілікті сақтау үшін Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірледі.

64.Биоәртүрлілікті сақтауда экономикалық эффект қандай? Биологиялық әр алуандылық жердегі өмірдің негізі және тіршіліктің маңызды ресурстары болып табылады. Биоәралуандылық 3 деңгейде қарастырылады:генетикалық,түр-тұқым белгілері, экожүйелілік.Генетикалық әралуандылық – жерде мекендейтін организмдердің генінде болатын генетикалық ақпараттың көлемі.Түр-тұқымның әр алуандылығы - бұл жерде мекендейтін барлық организмдердің әр алуандылығы. Экожүйенің әр алуандылығы түрлі мекен ететін ортаға қатысты.Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді.Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іc жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлердің жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатар жәйі деп танылды.Биоәртүрлілікті сақтау үшін Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірледі.Биоәртүрлілікті сақтаудың неғұрлым тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-ін құрайды, бұл биологиялық әртүрліліктің экологиялық теңгерімін сақтау үшін тым жеткіліксіз және 10%-ті құрайтын әлемдік стандарттардан төмен.Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейін ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-ін құрайды.Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында биоәртүрлілік объектілерінің жай-күйін бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін ұлғайту және қазіргі табиғи және антропогендік процестерді ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтіру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерін сақтау, елдің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және «Адам және биосфера» бағдарламасы шеңберіндегі биосфералық аумақтар тізіміне енгізу жөніндегі шараларды іске асыру қажет.Республика аумағының небәрі 4,2%-ін алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнін, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі олардың орасан рөлін ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін 2006 жылға дейін мемлекеттік биосфералық резерваттардың желісін қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу қажет.Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді әкелу Қазақстан үшін елеулі сыртқы қатер болып отыр. Бүкіл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдердің кең таралу қауіптілігін ескере отырып, Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияның Биоқауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердің біздің еліміздің аумағында генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді трансшекаралық өткізуімен байланысты қызметті жүзеге асырудағы жауапкершіліктерін арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ісінде өзара көмекті.

65. Биологиялық әртүрлілікті сақтауда не түсіндіріледі?Жерде қоныстанған организмдердің саны өте көп, бірақ бұл шаманың мөлшері сол 5 пен 80млн арасы деуге б/ды. Биологиялық әралу/қ жердегі өмірдің негізі ж/е тіршіліктің мағызы негізі болып саналады. Қазіргі таңда био/қ әр/қ деген түсінікке: өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдердің барлық түрлері, сонымен қатар олардың өздері кіретін экожүйенің экологиялыө процесстері жатады. Био/қ әр/қ 3түрде қарастырылады:

Генетикалық әр/қ – жерде мекендейтін организмдердің генінде болатын генетикалық ақпарттың көлемі. Түр-тұқымның әр/ғы бұл жерде мекендейтін барлық орг/дің әр/дылығы. Экожүйенің әр/ғы түрлі мекен ететін ортаға байланысты. Мәселен, биотикалық бірлестіктер мен биосферадағы экологиялық процестер , сонымен қатар мекендеу ортасындағы көп мөлшердегі әр/қ және экожүйе шеңберіндегі процестер.

Түрлердің жоғалуы – түрлі геологиялыө кезеңде болған эволюциялық процестер жерді мекендейтін түрлердің тұқымына маңызды өзгерістер алып келді. 65млн жыл бұрын бор дәуірінің соңғы кезеңінде құстар мен ұсақ қоректілердің түрлері көптеп жойылды. Түрлердің жойылып кетуінің негізгі төрт себептері бар:

1.мекендейтін ортаның жойылуы, түрлену мен фрагменттелуі

2. шамадан тыс ресурстарды пайдалану

3. қоршаған ортаның ластану;

4. жерсіндірілген экзотикалық түрлердің табиғи түрлерді ығыстыруы;

Осы орайда айта кететін жәйт, әр жылда тропикалық орманды алқаптың 11,1млн га жері жойылып барады. Тропикалық орманыың 70пайызға қысқаруы сол түрлердің 30пайызға қысқаруына алып келеді.

Био/қ әр/ты сақтау жөніндегі шаралар: экологиялыө өнегеліліктің принциптерінен мыналарды атауға б/ды: әрбір келер ұрпақтың өткендегідей осындай биоәр/қа толық құқығы бар. Биоәр/ды тұраөты пайдалану мен сақтауға бағытталған шаралардың 4 түрі жасалуда:

1. ерекше мекендейтін ортаны қорғау-ұлттық саябақтар,бисфералық қорықтар, қзге қорғалатын зоналарды құру.

2. жеке түрлер мен организм топтарын шамадан тыс пайдалнудан қорғау

3. түрлер ретінде ботаникалық бақтарда немесе генофондта гендерді банкте сақтау.

4. қоршааған ортаның ластануын қысқарту;

Биоәр/ты сақтаудың маңызды құрылымының бірі – халықаралық ұлттық бағдарламалар мен шараны жүзеге асыруға бағытталған конвенцияны жасау б/т. Әзірге бұл шаралырдың барлығы да жетімсіз екендігін мойындайды. 153мемлекет қабылдаған биоәр/қ б/ша конвенция ахуалдығ нашар екенін көрсетеді. Халықаралық

DIVERSITAS бағдарламасы бүгінгі таңдағы биоәр/ң мониторингін және оның түгендеуін жүргізуді іске асыруды ұйғарып отыр.

66. Экономикада суды үнемдеудің негізгі бағыттары қандай?Судың шығу тегіне тоқталсақ: көп бөлігі мұхиттар мен теңіздерге жинақталған су кемб кезеңіне дейінгі жаңартау атқылағанда ақтарылған граниттік магманың кристалдану процесінің нәтижесінде пайда б/ды. Жердің үстіңгі жағында ювинелді су деп аталатын яғни жер шарының ылғал айналымына алғаш рет енген термалды су көздері табылды. Ал қазіргі уақытта антропагендік факторлардың кесірінен су мөлшеріде нашарлар құрып бара жатыр. Негізінен келтірілген зиянның әсері экономикалық сектор жағынан болғандықтан, мұнда экономикалық үнемдеу жүргізіледі. Су ресурстары мем/тің жалпы меншігі б/т. Су ресурстары заңға сәйкес тек кәсіп/ң, ұйымдардың, және халықтың пайдалануына беріледі. Суды пайдаланудың мына түрлері бөліп көрсетіледі:

  • Судың жағдайына өз әсерін тигізбей қоймайтын құрылғылар мен техникалық құралдарды қолданбайтын жалпылама пай/лу;

  • Құрылғылар мен құралдар қолданылатын арнайы пайдалану;

Су ресурстарын пайдаланудың төлемдері суды үнемдеп жұмсау ж/е қаржылық қаражатты қалыптастыру мақсаттары үшін белгіленеді. Өнеркәсіп кәс/ры үшін су шаруашылығы жүйесінен суды тұтыну көлемі 1982 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Тарифтер капиталдық салымдар тиімділігінің халық шаруашылығы нормативінің деңгейіндегі су шар/ғы нормативтерінің негізінде анықталған болатын.

Су реусурстары шектеулі болған жағдайда н/е сумен қамтамасыз ету жүйесінде орын алған нақты шығындарға сәйкес тағайындалуы қажет. Өзен бассейнде су шаруашылығы балансы тапшы болған жағдайда қандайда бір бір тұтынушы ластанбаған таза суды өзенге құятын болса, яғни өзен суына қосатын болса, бұл экономикалық жағынан көтермелені керек. Бұл тек қайтарымсыз тұтынылатын су үшін төлемді өндіріп алумен жүзеге асырылуы мүмкін. Бірқатар жағдайларды қандай судың: таза су немесе мүлдем жоғалған су қайсысы төлемге жататынны туралы мәселені шешіп алған дұрыс. Жер асты суын ауыз су үшін және халықтың тұрмыстық-шыруашылық қажеттікліктері үшін сондай-ақ айрықша таза әрі суық суды өажет ететін өнідіріс үшін пайдалану қажет. Техникалық қажеттіліктерге жер асты суы пайдаланылса ацыппұл төлемдері белгілінеді.

67. Өтелмеген су жоғалтулары дегеніміз не және олардың масштабы қандай?Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс. Табиғи ресурстың бұл түрі:

  • Адамзат пен тірі табиғаттың өмірлік өажеттіліктерін өтеуге;

  • Өндірістік-шаруашылық қажеттікліктерге;

  • Гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасымалдауға;

  • Технологиялық процестерді қамтамасыз етуге;

Бүгінгі таңда су төлемдері өнідіріс саласында өндірілген өнімнің өзіндік құрамына кірсе, олардың қаржылық қызметінің нығайылуына қарай төлем өзіндік құнның құрамынан шығарылып пайда құрамына қосылуы керек. Тұйықтанған шығынға негізделген тарифтер бойынша судың төлемдерін өнеркәсіпке енгізу өндіріліп алынатын қаражат мөлшерінің қандайда бір өзгерісін тудырмайды. Ауыл шаруаылығы суды ең көп қажет ететін сектор болып табылады. Орташа шығын негізінде тарифтерді белгілеу барысында ауыл шаруашылығындағы судың төлемдерін енгізу суармалы жерде өндірілетін өнімдердің шығынын орташа есеппен ал,анда 0,8-1,2пайызға, ал тұйықтанған шығынға 4-6пайызға арттырылды. Нарықтық экономика жағдайында, әдетте бағалар суармалы жер өнімдеріне олардың тек шығыннның орнын толтырып қана қоймай, белгілі бір пайда номасын әкелетіндейетіп белгіленеді. Ал жоспарлы экномикада бағалар бұл өнімдердің шығынын толық өтей алмай, көптеген шаруашылық залалға ұрынады. Қолданыстаға су тарифинінің кемшілігіне орташалнған шығынның есебін ғана жатқызуғ болады. Алайда барлық шығын тегіс ескереіле бермейді. Мысалы, су көздеріндегі шығынды айтуға болады. Оның үстіне судың құндылығы шектеулі табиғи ресурс ретінде олардың бағалары арасындағы байланыстың болатыны мойындалмайды. Осыған орай, баға белгілеуле ренталар ескерілмейді. Су ренталарының есебі және ренталық төлемдер түрінде өндіріп алу, әсіресе нарықтық экономика жағдайында қажетті қадам б/т. Ренталарды анқытау барысында нақты қалыптасқан шығындармен су обьектілірін пайдаланудың тәсілдеріне ғана емес өндірістің су сиысдылығын азайтатын және суды пайдалануға мүмкіндік беретін тәсілдерге бағдарлануы керек.

68. Экономика секторлары арасында су ресурстарын бөлу қалай өзгереді?Су- жер шарының 70,8пайызын алып жатыр. Әлемдің мұхиттың су қоры - 1370млн км кв. Экономикада сумен қамтамасыз етілу дегенге өнеркәсіптіңғ ауылшаруашылықпен басқа салалардың жыл сайынғы сумен жаңғыртылыуын айтамыз. Экономика секторлары арасында су ресурстарын бірнеше бағыттар бойынша жіктеуге болады. Су ресурстары ғасырлар бойы жинақталған қормен және жаңғыртылған ресурстармен сипатталады. Ғасырлар бойы жинақталған қорға – көлдердегі, өзендердегі, мұздақтардағы сондай-ақ тау қатпарларының сулы қабаттарындағы су жатады. Жаңғыртылған су ресурстары – құрлық пен мұхиттың су алмасу, жердегі судың айналым процесінде жыл сайын жаңғыртылатын су жатады. Жер асты суы – планетада барлыө тұщы судың 14пайызын құрайды. Жер асты суының рөлі жердің бетіндегі судың ластануына байланысты артып отыр. Экномика секторында жер асты суын пайдалану арқылы ауыз сумен қамтамасыз ету Белгияда- 90пайыз, Финляндияда - 75, АҚШта-50пайыз. Мамандардың берген бағасы бойынша 2000жылдан бастап тұщы суды тұтыну мөлшері 8есеге артқан.Әлемдік мұхит – таусылмайтын су қоры. Алайда теңіз суындағы тұз оны алдын ала тұщы суға айналдырмаса ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке және ауыз су ретінде пайдалануға жарамсыз етеді. Жер астындағы тұщы су - жер қойнауын қоректендіретін таусылмайтын мұхиттың тіршілік жоқ бет жағынадғы жұп-жұқа қабыршақ.

Өзендегі ағынды су – аудандағы өзен бассейніне түсетін жауын-шашын мөлшерімен және ылғалдың булану деңгейімен анықталады.

Суды экономикалық секторда пайдалану :

Жалпы суды пайдалану – халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, малды суғғару, шомылу, су туризмі және т.б ол негізгі су заңына сәйкес белгіленге тәртіп бойынша тегін жүзеге асырылады. Арнайы суды пайдалану – әр түрлі халық шаруашылығының обьектілерін қамтиды. Мұның жалпы суды пайдаланудан айырмашылығы - обьектілермен суды пайдалануы үшін мемлекеттік органдардың рұқсатын алуы керек.

Су ресурстарын пайдаланудың екі түрі бөліп көрсетіледі:

  • Суды пайдалануда су қоймасынан алынбайды, жұмсалмайды, тек белгілі бір фукнцияны орындау үшін ғана пайдаланылады.

  • Суды тұтынуда су обьектілерінен алынады. Оның бір бөлігі мүлдем жоғалады ендігі бір бөлігі өнім өндірісі үшін ауыл/на, өнд/ке жұмсалады.

69. Негізгі суды қолданушылар кімдер?Осы бүгінгі күнге дейін суды табиғаттың таусылмайтын байлығы әрі оны тегін болады деп ұғып келдік. Бүгінгі таңда республиканың көптеген аймақтарында тұщы судың жетіспеушілігі және оған қажеттіліктің артып отырғаны байқалады. Суды пайдалану жалпы пайдалану және арнайы пайдалану деп бөлінеді. Жалпы суды пайдалануға халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, малды суғару, шомылу, су туризмі және т.б. кіреді. Ол негізі су заңына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша тегін жүзеге асырылады. Арнайы суды пайдалану – әр түрлі халық шаруашылығының обьектілерін қамтиды. Мұның жалпы суды пайдаланудан айырмашылығы – обьектілер суды пайдалануы үшін мемлекеттік органдардың рұқсатын алуы керек әрі су ресурстарын пайдаланғаны үшін көптеген жағдайларда ақы төлейді. Суды пайдаланудың екі түрі көрсетілді: суды пайдалануда су қоймасынан алынбайды және жұмсалмайды да, тек белгілі бір функцияны орындау үшін пайдаланылады. Суды пайдаланушыларға гидроэнергия, су көлігі, балық шаруашылығы, сал ағызу т.б; суды тұтынуда су су обьектілерінен алынады. Оның бір бөлігі мүлдем жоғалады, ендігі бір бөлігі өнім өндірісі және т.б үшін ауылшаруашылығына, өндіріске жұмсалады. Оның үстіне, суды тұтынуда өзендер мен көлдерге құятын судың сапасы ластанудың нәтижесінде күрт төмендеп кетеді. Қазіргі заманғы жағдайда суды пайдалану мен суды тұтыну ұғымдарының арасына нақты шекара қою қиын болғандықтан су ресурстарын кешенді пайдалануда бұл терминдер муды пайдалану дейтін жалпы атаумен аталатын болды. Пайдаланылатын судың сапасы мен оған деген қажеттілік суды пайдаланудың түрлеріне қарай болады. Халық суды ең тұрақты түрде әрі судың ең жоғарғы сапалысын ( жер асты көздерінен немесе ластанбаған су қоймаларынан және ағынды сулардан) пайдаланады. Судың тұрақты түрде пайдаланылуы үзіліссіз жұмыс істейтін жылу өнеркәсіп кәсіпорындардан қажет етеді. Суарылатын жер судың мол мөлшерін өсімдіктердің өсіп-өну кезеңі ішінде қажет етсе, су көлігі мен сал ағызу – навигация кезеңінде, балық шаруашылығы – балықтың уылдырық шашу уақытында қажет етеді. Балық шаруашылығы үшін таза су қажет , ал гидроэнергия үшін, кеме қатынасында және сал ағызуда судың сапалы немесе сапасыз болуының маңызы жоқ. Осылайша, халық шаруашылығындағы әр түрлі салалардың суды тұтынудың мерзіміне, судың мөлшеріне және сапасына қоятын талаптары әр қилы болғандықтан бұл суды пайдалануды жоспарлауда және суды әр түрлі пайдаланушыларға бөлгенде едәуір қиындықтарды тудырады. Судың аса ірі тұтынушысына кепілдендірілген өнім қорын құратын суармалы жер шаруашылығы жатады. Суармалы жерлерде мақта мен күріш, бақша өсімдіктерінің 2/3 бөлігі, жемістің және жүзімнің 1/2 бөлігі өсіріледі.

70. Орман кешеніндегі экспорттық саясат: неге оның бағыттарын өзгерту керек?Экономиканың табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі ұзақ уақыт табиғи заңдылыққа тәуелді екендігі мойындалмай келді. Өндіргіш күштердің соңғы онжылдықта қарыштап дамуына байланысты бұл тәуелділік қатты сезілуде. Мәселен, топырақ құнары 1%-ке төмендесе, өткен жылғы егін шығымдылығын сол деңгейде сақтау үшін шығынды 10%-ке арттыру керек болады. Кесілген орманның орнына өскен жаңа ағаштың сапасы бұрынғы шырышы бұзылмаған орман ағашынан кем болатыны анықталды. Көріп отырғанымыздай ресурстарды пайдалануда шаруашылық қызметтің ұқыпсыздығы, немқұрайдылық бізге өте қымбатқа түсуде.Орман шаруашылығы– экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады. Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес. Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталаралып жатқан көлем небары 4,2%-ды құрайды. Оңтүстігінде көпшілік бөлігін сексеуіл алып жатыр. Ал оңтүстік-шығысындағы орман таулы орманға жатады (20%). Осы аймақтағы ормандарда орман жемістері мен жаңғақтары айтарлықтай көлемде дайындалады. Еліміздің батысы мен орталық бөлігінде ауа-райы құрғақ болғандықтан, орман жоқтың қасы. Сондықтан орман қорының 80%-ға жуығы солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, оның тең жартысы Шығыс Қазақстан облысындағы қарағайлы және майқарағайлы орманға жатады. Мұнда негізінен орман ағаштарын дайындау жұмыстары жүргізіледі.

71. Өндірудің түрлі сатысында ағаш өнімінің жоғалу (бұзылу) себептері неде?Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) тропикалық ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия , Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар. Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы. Халықтың тропикалық аймақтарға көшуін мысалы, Бразилияда (Амазонияны колонизациялау жобасын іске асыру үшін) ауыл шаруашылығы үшін жаңа жерлерді игеру мақсатында кейде үкімет деңгейінде қолдайды. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде экспортқа шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді. Дамушы елдердегі кедей халық санының өсуі энергетикалық кризиспен бірге ормандардың жойылуының тағы бір себебі болып табылады. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріндегі ауыл тұрғындарының шамамен 90%, қала халқының 30% негізінен ағаш отындарды пайдаланады. Коммерциялық орман дайындау жұмыстары әдетте қырқылған ағаш орнына ағаш егілмей, экологиялық талаптар орындалмай жүргізіледі.Қазақстан аумағының 3,2% ғана орманды алқап. Мамандардың пікірінше, еліміз орман қорғау ісі бойынша әлемдік тәжірибеден көп артта қалып қойған. Осы күнге дейін ұлттық орман саясаты қалыптасқан жоқ . Соңғы кездері ағашты заңсыз кесу әрекеті белен алды. Әсіресе еліміздің орман қорының 40%-ын құрайтын сексеуілді отау күшейіп барады. Ал сексеуілдің онсыз да эколоғиясы нашар, ылғалы аз, топырағы құнарсыз, құмды аймақтарда өсетіні бәрімізғе белгілі. Айта кетерлігі, 1992 жылы орман көшеттерін отырғызу ісі 80,7 мың гектар болса, он жылдан сон 2002 жылы бұл көрсеткіш 8,9 мың гектарға дейін қысқарған.

72. Су ресурстарын пайдаланудың мәнділігі мен спецификациясын анықтау.

Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздықтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған. Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы егістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бұған қоса қалалар мен өнеркәсіп орындарының өсуі, республикадағы су қорларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені ұтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық және экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалық және табиғатын қорғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды. Трансшекаралық өзендер мен көлдерді (Каспий және Арал) қорғау мен тиімді пайдалану ережелері 1992 жылы БҰҰ Хельсинки конференциясында бекітілген. Су қорларын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалық қондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.

73.Ерекше қорғалатын табиғи территориялар.Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.

Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.

1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар.

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.

3. Мемлекеттік табиғи резерваттар.

4. Мемлекеттік корықтың аймақтар.

5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар.

6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.

7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.

8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.

9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б.

Биосфералық қорықтар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.

Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.

Мемлекеттік табиғи қорықтар

Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі — мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.

Далалы аймақта ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде.

Ұлттық табиғи саябақтар

Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.

Елімізде соңғы жылдары Шарын (2004 ж.), Сайрам-Өгем (2006 ж.) және Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда.

Табиғи қорықшалар

Табиғи қорықшалар — белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.

Табиғат ескерткіштері

Табиғат ескерткіштері — көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар.

Табиғи резерваттар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді.

74. АПК экологизациялау мен өндіру – өткізу саласының дамуы арасында қандай байланыс бар?Агроөнеркәсіптік кешен: күрделі құрылымОлардың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өндіреді.Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.АӨК құрамында үш негізгі буын бар.АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды.бұл ауыл шаруашылығы.тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары.АӨК-тің 1 буыны - қызмет көрсету саласы1 буыннын, салалары АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдық жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуымен тығыз байланысты. Өзірге АӨК-ті қажетті өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеді.АӨК-тің қалыпты жұмыс істеуі үшін техника мен құрал-жабдықтардың 4000-дай түрі қажет. Біздің елімізде олардың 400-дей түрі ғана шығарылады. Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің 2 буыныАуыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар.Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау - қоғамның маңызды міндеті.Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы.Ауыл шаруашылык өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді.Жиі болатын құрғақшылық, қатты аяздар, қар басуы мен көктайғақ ауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен мал басын сақтап қалу үшін қажырлы күрес жүргізуге мәжбүр етеді.Ауыл шаруашылығымен 200 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар - фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады.Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді. Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды, тек ол үшін қажетті жағдай жасайды.Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі мен еңбек жағдайын жақсартып, шаруашылықтарға техника мен жанар-жағармай алуға көмектеседі, сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен тәжірибе стансаларын қаржыландырады.).Егістік жерлердің жекелеген бөліктері кеп уақыт бойы өңделмей, тыңайған жер есебінде қалдырылады.Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымындағы ең бағалы жерлерінің (егістіктер) үлесі көп емес. Бірақ оның жан басына есептегендегі шамасы әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып саналады. Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр.Еліміздің әр бөлігіндегі ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы бірдей емес.Ауыл шаруашылық жерлеріне қолайсыз факторлар - құрғакшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен батпақтануы әсер етеді. Сондықтан жерді мелиорациялау (жақсарту) шараларының егістік жерлерді суарудың, жайылымдарды суландырудың; ағаш отырғызудың, құмдарды бекітудің, жер бетін тегістеудің, қышқыл топырақтарды әктаспен өңдеудің маңызы зор.

75.Ауыл шаруашылығын экологизациялау үшін қандай шаралар қолданылуы тиіс?Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа ажыратылады. Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі:а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру);ә) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;б) көпсалалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы — Еуропаның кейбір елдері мен Азия және Латын Америкасы елдеріне тән. Егіншілік пен мал шаруашылыры бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта сан салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсіріледі.Жоғары маманданған тауарлы ауылшаруашылығы — ол ауыспалы егістіктері бар өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін интенсивті мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы агроөнеркәсіптік кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда FTP нәтижесікде механикаландыру мен химияландыру өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологияның соны жетістіктері кеңінен пайдаланылуда. Шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау және өткізу, сондай-ақ тыңайтқыш сияқты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл өз тарапынан ауыл шаруашылығына индустриялық сипат береді. Мұндай шаруашылықтар жақсы жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшылар күшін және агротехникалық шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі, әсіресе сыртқы нарық сұранысына бағдар ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет ішіндегі мемлекет" рөлін де орындайды. Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;ғ) интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығы (бау-бақша, жем дайындау, сүтті-етті ірі қара, шошқа және құс өсіру). Еуропа, Солтүстік Америка елдері мен Жапонияға тән.Соңғы жылдары экономикасы дамыған елдердің ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі біртіндеп дамушы елдерге де ауысуда. Осы заманғы агротехникалық шараларды кеңінен пайдалану негізінде ауыл шаруашылығын қайта түлету XX ғасырдың 60-жылдарынан басталған "жасыл революция" арқылы жүзеге асуда. Жасыл революцияның негізі болып табылатын басты мәселелерге — мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және егістік жерлерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін дақылдардың тез пісетін сорттарын шығару, суландыру шараларын ұлғайту жатады. Өйткені жаңа сорттар қолдан суарған жағдайда ғана өзінің жақсы қасиеттерін көрсетіп сапалы өнім береді.Сонымен қатар осы заманғы техниканы, тыңайткыштар мен зиянкестерге қарсы улы химикаттарды кеңінен пайдалану шаралары жатады. Жасыл революция нәтижесінде кейбір дамушы елдер өздерінің астыққа мұқтаждығын өтеді, дәнді дақылдар шығымдылығы екі-үш есеге артып, аштықты жоюға мүмкіндік туды. Әсіресе бұл құбылыс халық саны қарқынды өсіп жатқан Мексика, Үндістан және Қытай елдерінде белең алды. Қалай болғанда да жасыл революция дамушы елдердің артта қалған ауыл шаруашылығына аса үлкен өзгеріс әкеле қойған жоқ. Негізінен, шетелдік компаниялар мен ірі қожайындарға тиесілі жерлерге ғана ықпал етті.

76.Ауыл шаруашылығында табиғи ресурстарды қолдануды қысқарту мүмкіндіктері қандай?Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді Табиғатты қорғау мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық шаралардың жоспарлық жүйесі болып табылады. Олар табиғи ресурстарды рационалды қолдануға, қорғауға және қалпына келтіруге, қоршаған ортаны ластанудан және адам қоғамының бұзылуынан қорғауға бағытталған.Табиғатты қорғаудың негізгі қазіргі мақсаттары – табиғи ресурстарды рационалды және жоспарлы қолдану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау.Табиғи ресурстар – бұл табиғаттан табылатын адамдардың өмір сүруінің әр түрлі құралдары: топырақтаңы өнімділігі; әр түрлі мақсаттарда қолданылатын су; бұлақтар, орман, тас көмір, мұнай; қосымша азық ретінде қолданылатын жабайы өсімдіктер мен жануарлар.Сонымен, табиғи ресурстар – бұл берілген деңгейде өндірістік күштердің дамуы жеткілікті мөлшерде зерттеліп, адам қоғамын материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге қолданылатын табиғи денелер.Табиғи ресурстар классификациялануына қарай таусылатын және таусылмайтынболып, ол бірінші кезекте қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Таусылатынға климаттың пайдалы элементтері жатады: күн радиациясы, жауын-шашындар, жел энергиясы. Су ресурстары таусылмайды, бірақ олар қажетті кезде қажетті жерде тапшы болуы мүмкін. Оларды дұрыс қолдану экономикалық шығынға, кеңістікті орнатуға және уақытқа әсерін тигізеді.Таусылатын табиғи ресурстар қалпына келуі және келмеуі мүмкін. Қалпына келетін ресурстарға жер қойнауының байлықтары (пайдалы қазбалар) жатады, олардыкөптеп қолдана берсе таусылады. Қалпына келетіндерге топырақ, өсімдік және фауналық ресурстар жатады, олар қолдануға қарай қайта қалпына келеді. Топырақ табиғи дене ретінде жойылмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]