Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tabigatty_paydalanu_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
671 Кб
Скачать
☆

33. Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмдерін құру бағыттары.

Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық көкейтесті проблемалардың туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге айналуы, орманның құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының бұзылуы, жылыжай буының әсері, тұзды жауын ауыз судың тапшылығы мұхиттардың ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және жердің азуына әкелуде. Жоғарыда айтылған осы проблемалар қайткенде де адамзат өркениетінің болашағымен тығыз байланысты.

Адамзаттың экологиялық проблемалары әлеуметтік және экономикалық проблемалармен өте тығыз байланысты. Аймақтық экологияның проблемалары әлеуметтік мүлік теңсіздіктер мен геосаяси сілкіністердің тікелей ошағы болып табылады. Осы проблеманың көпшілігін тек қана экологиялық себептерге ғана емес сонымен қатар экономика мен қоғамдық идеологиялық саясатқа да байланысты. Қазіргі таңда экология оларды кешенді түрде зерттеп және шешудің маңызды ғылыми негіздерін енгізуде. Адам өзінің консервативті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн санап өте түскен өгейсінудің арасындағы қайшылықтардың торында шырмалғандай куй кешуде. Өздері ойлап тапқан технологияны жақсы өмір сүру үшін тұрмыс құалдарын пайдалана отырып, табиғи сұрыптау мен түр аралық бәсекелестіктің қысымынан үлкен дәрежеде құтылып отыр.

 Адам санының өсуі олардың биологиялық сапасының артуымен байланысты емес. Керісінше, тұқым қуалайтын аурулардың жұқпалы ауруларға биімділігі, сондай ақ егде адамдардың созылмалы аурулары да кең етек алып отыр. Адам экологиясының проблемаларына көп ұқсап келеді.

 Адамзат ХХ ғ. Өзінің тұтыну өркениетінің шегінде отыр. Экономика екінші қажеттіліктің үлкен санына жабысуының арқасында тұр. Осылардың бәрін қанағаттандыру қоршаған орта мен табиғатымызға артық техногенді салмақ түсіреді.

34. Ластанудың экономикалық зияны және оны анықтау әдістері.Экология экономикамен тығыз байланысты сала. Экологиялық ластанулар экономикаға да өзінің кері салдарын тигізеді. Мысалыға жер пайдалнуды алсақ, ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін ауыл шаруашылығына пайдалы жерді пайдаланудың төлемдерін енгізу ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алудың бағасын жетілдіру мен ажырағысыз байланысты. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бірыңғай бағасында жақсы жер учаскелерін пайдалану сараланбалы рентаны әкеледі. Ол жер ресурстарының сапасымен орналасуына қарай сараланатын ренталық мөлшерлемелер негізінде өндіріліп алынуы керек. Жыл сайынғы ренталық мөлшерлеме ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы қамтылуы тиіс жер бағаларының шамалары деңгейінде анықталуы ықтимал. Бірыңғай баға мен сараланған төлемдер шаруашылық жүргізу жағдайларының теңесуіне ықпал етіп, ауыл шаруашылық өндірісінің қарқынды дамуын және жер пайдаланушының өзінде толық қалатын қосымша кәсіпкерлік табыстың алынуын ынталандырады. Жердің ренталық төлемдерін белгілеу бағаның әр түрлі ауыл шаруашылық өнімдеруне оларды өндірудің қоғамдық қажетті шығындарына сәйкес орын алатын арақатынасын құрылымдық жағынан өзгертеді. Осының нәтижесінде бағаның ынталандырушы функциясы шаруашылық есептік қатынаста әсіресе нарыққа өту жағдайында артады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]