Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tabigatty_paydalanu_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
671 Кб
Скачать
☆

19.Қорықтардың, заказниктердің, ұлттық парктердің функциялары қандай?

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады. Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га Толық мақаласы: Қазақстан қорықтарының тізімі: Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Үстірт.

Мемлекеттік табиғи заказник – мемлекеттік табиғи қорықтық қордың бір немесе бірнеше объектілерін сақтауға және өсіруге арналған шаруашылық қызметтің заказды тәртібі бар ерекше қорғалынатын табиғи аумақ.Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық парк ұйымдастырылған. Республикада алғашқы мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер құрылған. Қазiр олар төртеу - Алтын – Эмель, Iле – Алатау, Баянауыл және Көкшетау. Болашақта тағы 12-сi ашылады.Олардың функциялары:

• Осы заманғы туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың дамуының негізгі катализаторы болып табылатын

• жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер етеді

• жергілікті халықтың тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс.

• туризм өзі жетілген мемлекеттің экономикасына оң ықпалын тигізеді

20. АПК экологизациясының негізгі бағыттарын сипаттаңыз. Агроөнеркәсіп кешенінің экологиясы- АӨК экологиясыАӨК географиясы табиғи, еңбек және экономикалық факторлары арқылы қалыптасады. Табиғи жағдайлар әр ауданның ауыл шаруашылық мамандануын анықтайды. Ол өз кезегінде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен тамақ өнеркәсібіне әсерін тигізеді.Ауыл шаруашылық мамандануы еңбек қорларына байланысты. Олар тығыз орналасқан жерлерде еңбекті көп қажет ететін, ал аз қоныстанған жерлерде көп жұмыс күшін қажет етпейтін салаларды орналастыруға болады. АӨК жұмысында халықтың тарихи қалыптасқан дағдысы да үлкен рөл атқарады.Ауыл шаруашылығы жеңіл және тамақ өнеркәсібімен тығыз байланысты, ал оның өнімін негізгі тұтынушылар - қалалар. Сондықтан АӨК орналасуының негізгі ұстанымы - шикізат өндіріп, оны өңдейтін және дайын өнімді тұтынатын аудандарды жақындастыру.Қазақстанда АӨК-тің маманданған салалары астықты мал шаруашылығы - (Солтүстікте), мақта өсіретін (Оңтүстікте), қой өсіретін (Батыс пен Орталықта) және т.б. шаруашылықтары орналасқан. Ең бастысы, олар табиғи зоналармен сәйкес келеді. Бірақ бұл сәйкестік үнемі толық емес.Көптеген елдерде ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, сондай-ақ топырақ құнарлылығын сақтап қалпына келтіру мәселелері егіншіліктің ресурс үнемдейтін технологияларын енгізу арқылы жүзеге асырылуда. Мұндай технологиялар топырақты өңдеу әдісін қолданудан бас тартуға негізделген. Бұл тәсілдердің кешені топырақ құрылымының тозуына, құнарлылығының азаюына, топырақ ылғалын жоғалтуға және түсімділіктің азаюына қарсы бағытталған. Ресурс үнемдейтін технологиялардың шешуші қағидаларының бірі рентабелді ауыл шаруашылығы дақылдарын және топырақ құнарлылығын жақсартатын дақылдарды қамтитын ауыспалы егісті қолдану болып табылады. АҚШ-та осындай технологияларды қолдану арқылы 23 млн. га егістік алқабы өңделеді, Бразилияда – 23 млн. га, Австралия мен Канадада – 9 млн.гектардан астам. ФАО деректері бойынша нөлдік технологиялар қолданылған егістік алқаптар көлемі 1 млн. гектарға жеткен. Технологияларды қолдану арқылы топырақтың құнарлылығын арттыру – ең тиімді экономикалық бағыт. Әртүрлі табиғаттық-климаттық жағдайларымен ерекшеленетін өңірлерде өндірістің тұрақтылығын жақсарту, топырақтың жел арқылы немесе су арқылы тозуын болдырмау, су ресурстарын пайдалануды және бүкіл экологияны жақсарту, қаржы және энергетика ресурстарын үнемдеу – егіншілікте ресурс үнемдейтін технологияларды енгізудің артықшылықтары ретінде танылған. Егіншіліктегі ресурс үнемдейтін технологиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге экологиялық және экономикалық әртүрлі жағдайларда қолданылатын ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі мен тұрақтылығын арттыратын егіншіліктің икемді жүйелерін қолдануға мүмкіндік береді.

21.Агроөнеркәсіп кешенінің экологиязациясының негізгі бағыттарын және спецификациясын анықтау. АӨК өндірістері мен жерді ұтымды пайдалану, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін экологияға негіздеу ж/е еңбек өнімділігінің артуына тікелей әсер етеді. Бүгінгі таңда ҚР ұлттық экономика саласындағы соның ішінде ауылшаруашылығын экология-экономикалық тиімді пайдалану механизмдері әлемдік талаптарға сай келмейді. Еліміздің көптеген аймағындағы жерлердің 66% пайызы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде дағдарысқа ұшыраған, оны қайта қалпына келтіру көптеген қаржы мен ұзақ уақытты талап етеді. Экономикасы дамыған елдер тәжірибесінде аграрлық секторды жандандырмай, елдің азық-түлік қауіпсіздігі  жердің құнарлығында деп танып, ауылшаруашылық өнімдерін дамыта отырып экология-экономикалық құнарлы өнімдер алуда. Төл табиғатымыздың тепе-теңдігін сақтау, АӨК-нін экологияландыру, таза өнімдерді өндіру, ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдаланудың ең тиімді нұсқаларын анықтау адамдардың өмір сүруінің өзгерістерін, яғни әлеуметтік жағдайының өсуін байқатады. Осындай ұдайы даму кезеңінде жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау халық шаруашылығының маңызды міндеті болып табылады. Өйткені, жер ресурстары адамдардың шаруашылық, өндірістік, инфрақұрылымына қажет, өмір сүретін базисі, асыраушысы. Осыған сәкес анықталған АӨК экологизациясының негізгі бағыттары: 1) АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қолжетімділігін арттыру 2) АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту 3) АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру. 4) аталған міндеттерге сай АӨК экологияландыру.

 «АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту» бағытының шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарлануда: - Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту; - Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту; - Жайылымдарды сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту. Осы бағытты іске асыру үшін жалпы сома 2013-2020 жылдарға 409 млрд. теңге құрайды. Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күресудің қауіпсіз әдістерін енгізу шеңберінде мақтаның, көкөністердің, жеміс дақылдарының, жүзімнің және басқа да дақылдардың негізгі зиянкестеріне қарсы күресудің биологиялық әдістерін енгізу үшін нормативтер әзірленеді.

22. Глобальды қоғамдық игілікті сақтаудағы халықаралық бірлестік: негізгі салалары мен бағыттары. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметін жүзеге асыру кезінде: - қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметіне қатынасуға; - экологиялық тәрбие мен білім беру жөніндегі жұмыстарды, қоршаған ортаны корғау саласындағы ғылыми зерттеулерді белгіленген тәртіппен орындауға; - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заң жобаларын талқылауға қатысуға; жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметін шектеу; - қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтету туралы сотқа талап-арыз беруге міндетті. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Э/қ ж/е әлеуметтік кеңес, Халықаралық еңбек ұйымы, Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық теңіз ұйымы , Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым, т.б. қатысады. Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы б.табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты бірінші кезектегі 6 міндетті айқындады: елді мекендер ж/е денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалар қоршаған ортасы; мұхиттар; дүлей апаттар. Қаз-да қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мем/к ж/е қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мем/к орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі б.т. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты", "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы, т.б қоғамдық мем/к емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.

23. Табиғатты пайдалану глобализациясы проблемасы. Бүгінгі таңдағы жаһандану процесінің проблемалары жалпы әлемдік көлемдегі проблема б.т. ж/е қоршаған ортаның жай-күйіне барынша зор қатер төндіреді. Климаттың өзгеруі. «Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі, қызған газдардың шығарындыларының көбеюі. ҚР 1999ж Киото хаттамасына қол қойды. Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістің энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің э/қ мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөніндегі перспективаларды ашады. Озон қабатының бұзылуы. Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін үлкен қатер б.т. 30ж-дан бергі байқаулар Қ-ң үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсетті. Қазіргі уақытта Қ-да озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту ж/е оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа тех/яларды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Озон қабатын бұзу қатерін жоюдың негізгі жолдары мыналар: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды ж/е оларды қауіпсіз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу ж/е қолға алынған күш-жігердің табыстылығына көз жеткізу үшін тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу. Сондай-ақ ОБЗ пайдалану қызметімен айналысатын мамандарды оқыту, ғылыми зерттеулер жүргізу, жаңа тех/яларды енгізу. Биоәртүрлілікті сақтау. Қ-ң экожүйесі биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға ж/е экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іc жүзінде жоғалтудың негізгі себебі ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі ж/е теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну б.т. береді. Жердің шөлейттенуі және тозуы. Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан ж/е аумағының шамамен 66%-і түрлі деңгейде шөлейттену процестеріне бейім. ҚР үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлейттенуі мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы ж/е ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткізуі нәтижесінде біртіндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкін.

24. Табиғи ресурстардың төлемдерінің түрлері мен формалары. ҚР-да табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдерді өндіріп алу тәртібі: -пайдалы қазбаның кен орындарын әзірлеу құқығы үшін төлем; -табиғатты қорғаудың, табиғи-ресурстық әлеуетті ұдайы өндірудің төлемдері, геологиялық барлау жұмыстарына аударымдар; -минералдық ресурстарды ұқыпсыз пайдаланғаны үшін салынатын айыппұлдар. ҚР-ның салық кодексі б/ша «Жер қойнауын пайдаланушылардың арнай төлемдері мен салықтарын енгізу тәртібі» туралы бабында мынандай төлем түрлері көрсетілген: 1) қол қойылатын бонус, коммерциялық табу бонусы, өндіру бонусы; 2) роялти; 3) үстеме пайдаға салынатын салықтар. Қол қойылатын бонус – жер қойнауын геологиялық зерделеу ж/е кейін кенді өндіруші құқығы үшін алынатын бір жолғы төлем, өндіруші оны өзара шарттың бекітілуі барысында тараптардың келісімімен анықталған мөлшерде ж/е мерзімде төлейді. Оның мөлшерін ҚР Үкіметі, салық органдары белгілейді. Декларация төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етіліп, күнтізбелік 30 күн ішінде еки бөлініп төленеді. Коммерциялық табу бонусы. Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер б. табылады. Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1% ставкасында салық төлеушiнiң тұрғылықты орны б/ша пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленеді. Роялти  пайдалы қазбаларды өндіру және техногенді түзілімдерді өңдеу барысында жер қойнауын пайдалану құқығы үшін  төленетін төлем. Оның мөлшері лицензиялық өнімнің бағасынан, өзіндік құнынан алынған % есебімен н/е оның бір өлшеміне шаққандағы есеппен айқындалады. Роялти кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс болып табылады ж/е резиденттер үшін 30%-қ мөлшерлеме б/ша, бейрезиденттер үшін 20%-қ мөлшерлеме бойынша салық салынады. Үстеме пайдаға салынатын салықты болжау мұнай өндіретін кәсіпорындар мен басқа да жер қойнауын пайдаланушылар бойынша жеке жүзеге асырылады. Салықты есептеу есепті жылдағы салық сомасының негізінде ж/е тиісінше мұнай және мұнай емес секторлардың ВДС көлемдерінің болжамды өзгеруіне түзетулерді ескере отырып жүргізіледі.

25.Табиғатты қорғау іс – шараларын қаржыландыру: қаржыны жұмсау көздері мен тәртібі. Табиғатты қорғау іс – шараларын қаржыландыру:

1) Бюджеттік қаражаттан;

2) Эконологиялық сақтандыру құралдарынан;

3) Табиғатты пайдаланушылардың өз қаражаттарынан;

4) Жеке және заңды тұлғалардың өз еркімен төлеген салымдары мен қайырымдылық қаражаттар арқылы жүзеге асырылады.

2001 жылы қоршаған орта компоненттеріне яғни ауаға, суға, топырақ жамылғысына, өсімдік және жануарлар әлеміне техногенді әсерді төмендетуге бағытталған 1200 іс- шара жүзеге асырылды. Олардың ішінде атомосфералық ауаны қорғауға – 349, су ресурстарын қорғауға – 302, жер ресурстарын қорғауға – 186, орманды қалпына келтіру мен жасылдандыру – 67, биоәралуандылықты қорғауға – 49, экологиялық білім беруге – 59, басқа да мақсаттарды орындауға – 250 іс шара. Жалпы, бұл шараларды жүзеге асыруға 40 млрд тг.көлемінде қаржы бөлінді. 2001 жылы Табиғатты қорғау іс – шараларын республикалық бюджет арқылы қаржыландырылуы 7 облыста жалпы қаржыландырудың 2,7% бөлігін қамтыды. Табиғатты қорғау іс – шараларын жергілікті бюджет арқылы қаржыландырылуы 5,2 % құрады.

Табиғат қорғау және тиімді пайдалануды жоспарлаудың басты мақсаты – табиғи ортаның теңдестігін сақтау, табиғат ресурстарының үнемделуін, молаюын, тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.Табиғатты қорғау қызметіндегі экономикалық ынталандырудың маңызы – табиғатты қорғау және оны пайдалануды іс жүзіне асыруда табиғатты пайдаланушылардың тікелей ынталығын арттыру. Табиѓат ресурстарын тиімді пайдаланудыњ ењ басты шарты оларды аќылы пайдалану болып табылады. Өйткені, табиѓат ресурстарын пайдалану тегін болса, оларды үнемдеп, ұтымды пайдалануѓа, табиѓатты ќорѓауѓа, ќорын молайтуѓа жұмылдыратын механизм тудырмайды, мүдде арќылы ынталандырымайды. Ол табиѓат ресурстарыныњ ысырабана әкеп соѓады.

Тµлемдерді табиѓат ресурстарын үнемдеп пайдалануѓа, табиѓат ќорѓауѓа оныњ байлыќтарын саќтауѓа, молайтуѓа жұмылдырылатын ењ басты экономикалыќ тетік деп ќарастырамыз.

Табиѓат пайдалану тµлемдері негізінен табиѓатты ќорѓау, тиімді пайдалану маќсатында экономикалыќ ынталандыру үшін ќолданылатын басќару тетігі болып табылады. Олар табиѓат ќорѓау зањдарыныњ іске асырылуын ќамтамасыз етеді жєне халыќтыњ єлеуметтік жаѓдайын жаќсартуѓа кµмегін тигізеді. Ал негізгі ќызметі табиѓат ќорѓау, тиімді пайдалану шараларын ынталандыру, жауапкершілікті арттыру болып табылады. Экономикалыќ маѓынасына, атќаратын ќызметіне ќарай төлемдерді:

1. табиѓат ресурстарын пайдалану ќұќыѓы;

2. табиѓат ресурстарын пайдалану;

3. табиѓат ресурстарын ќорѓау, ќалпына келтіру, жаңѓырту, өсіру;

4. табиѓат ресурстарын пайдалануды шектегені үшін;

5. табиѓи ортаны ќорѓау;

6. табиѓат ќорѓау зањдарын бұзѓаны үшін тµлемдер деп сұрыптауѓа болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]