Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kartografia_otvety1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3. Географиялық картаның негізгі функцияларына баяндама беріңіз.

Жер бетінің толық немесе оның кез-келген бөлігінің белгілі бір масштабпен кішірейтіліп алынған кескінін географиялық карта дейміз. Болашақта зерттелетін нысанның қасиеттерін жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретін кішірейтіліп алынған жасанды кескінді үлгі дейміз. Белгілі бір себеппен нысанды зерттеу мүмкіндігі болмай немесе қиын болған жағдайда оның үлгісі жасалады. Географиялық карталар жер бетінің кеңістіктік бейнелі-шартты белгілі үлгісіне жатады. Картографиялық үлгінің қатарына жататын географиялық карталардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, географиялық картада жер қыртысының көп бөлігін, гидросфера мен атмосфераны, биосфераны қамтитын географиялық қабықтағы барлық нысандар мен құбылыстары қамтылады. Екіншіден, адамның өмірі мен қызметіне байланысты әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар, жер бетіне жақын орналасқан барлық құбылыстар қамтылған картографиялық үлгіде үйлестірілгендіктен картадан кез-келген нысанның географиялық орнын, алып жатқан ауданын анықтауға болады. Шынай құбылыстардың орналасуын, өзара байланыстарын оқып-үйрену мақсатын көздейтін үлгілеудің түрі географиялық картаның танымдық қасиетін картография ғылымының ерекше тілі ретіндегі жеңілдетілген қолжетімді болуымен көзге түсетін графиктік кескінді кеңістіктік-бейнелі шартты белгілер айқындайды. Атқаратын қызметіне сәйкес карталар белгілі бір математикалық ережелерге сүйеніп, картографиялық құбылыстарды іріктеп жинақтау негізінде құрылады. Географиялық карталар фотосурет немес салынған сурет түрінде емес, табиғат пен қоғамның әр түрлі құбылыстарының кеңістікте орналасуын, таралу ерекшеліктерін оқып-үйрену арқылы білімді жинақтап, тіркеу негізінде жаңа білімді меңгеруге мүмкіндік беретін картографияның арнайы тілі шартта белгілерді пайдалануға мүмкіндік береді. Картографиялық үлгі ретінде карталар коммуникативтілік, жеделдік, танымдық, болжамдық қызмет атқарады. Географиялық картаның дерек көзі ретінде пайдалана отырып ақпараттың берілуін жүзеге асыруды географиялық картаның коммуникативтілік қызметі дейміз. Географиялық картаның көмегімен навигациялық, жол құрылысын салу басқа да тәжірибелік есептер шығару мүмкіндігін жеделдік қызметі дейміз. Оқып үйренетін құбылыстардың болашақтағы дамуын анықтау мүмкіндігін географиялық картаның болжамдық қызметі дейміз. Өндіріс пен ғылымның әр түрлі салаларында және мектеп оқушылары мен студенттердің білім алу мақсатында пайдалануды географиялық картаның танымдық қызметі дейміз.

4. Географиялық картаның негізгі элементтеріне баяндама беріңіз.

Географиялық карталарды құрастырумен толық пайдалану, олардың қасиеттерін және ерекшеліктерін білу керек. Географиялық карталарды пайдалану үшін, алдымен оның ерекшеліктерін, қасиеттерін, бір – бірімен байланысын білу керек. Географиялық карталар тақырыбына байланысты өзінің атқаратын қызметтері болады, яғни әр түрлі саладағы мамандарға және өндіріс орындарындағы мамандарға ақпарат көзі ретінде қолданылады.

Математикалық негізі - үш элементтерді біріктіреді.

1. Жер бетінің жазықтыққа бұрмалаусыз жазылмайтындықтан, картада жердің едәуір бөлігін кескіндеуге арнайы картографиялық проекциялар қолданады.

2. Масштаб - карта жасау үшін жер бетіндегі сызықтардың горизонтальдық салынды - сынаның кішірейтіліп алынуы.

3. Геодезиялық негізі – Жердің пішінімен көлемін зерттейтін , оның бетін план мен картада бейнелеу үшін жергілікті жерде өлшеу жұмыстарымен айналысады.

Картографиялық бейнелеу – картаның негізгі элементі, Карта бетіндегі әлеуметтік нысандар мен табиғи құбылыстар және олардың бір-бірімен дамуын, байланыстарын көрсетеді. Картаның мазмұнын, тақырыбын түсіндіреді.

Көмекші жабдықтар – картадағы мәліметтер арқылы картаны оқуға және оны пайдалануға көмектеседі.

Қосымша мәліметтер – карта кескіні, графиктер, диаграммалар, яғни бұлардың бәрі карта рамкасының сыртындағы орналасқан мәліметтер, бұлар картаның мазмұны туралы түсінік бермейді, тек белгілі дәрежеде қосымша түсініктемелер береді.

Картаны пайдалану үшін алдымен оның ерекшеліктері мен қасиеттерін, бір-бірімен байланыстарын білу керек, әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір саладағы мамандар, туристік - танымдық, оқушылар және т.б. ақпарат көзі ретінде пайдаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]