- •1. Картография пәніне ғылыми анықтама және картографиялық пәндер жүйесіне баяндама беріңіз.
- •2. Географиялық картаның анықтамасын беріңіз және оның қасиеттерін көрсетіңіз.
- •3. Географиялық картаның негізгі функцияларына баяндама беріңіз.
- •5. Географиялық координаталар және картографиялауда олардың маңыздылығына сипаттама беріңіз.
- •6. Географиялық картаның қосымша сипаттайтын және өрнектеу элементтерін баяндаңыз.
- •7. Географиялық карталардың жіктелу түрлерін келтіріңіз.
- •8. Географиялық глобустың қасиеттеріне баяндама беріңіз.
- •9. Ұсақ масштабты географиялық картаның масштабы деген түсінікті және оның ерекшеліктеріне түсіндірме беріңіз.
- •10. Картографиялық бұрмалану және оның түрлеріне анықтама беріңіз.
- •11. Картографиялық проекция және перспективтік пен перспективтік емес проекцияларға түсіндірме беріңіз.
- •12. Цилиндрлік картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •13. Конустық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •14. Азимуттық картографиялық проекцияға және оның түрлеріне баяндама беріңіз.
- •15. Бұрмалану сипатына қарай картографиялық проекциялардың жіктелуін көрсетіңіз.
- •17. Поликонустық, жалған цилиндрлік және шартты картографиялық проекцияларға баяндама беріңіз.
- •18. Антикалық кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.
- •19. Орта ғасырлар кезеңіндегі картография ғылымы дамуына баяндама беріңіз.
- •20. Қазіргі картография дамуына сипаттама беріңіз.
- •21. Картографиялық жалпыластыруға (генерализация) жалпы сипаттама беріңіз.
- •22. Картографиялық жалпыластыруда (генерализация) мөлшерлі іріктеу туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •23. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың мөлшерлі сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •24. Картографиялық жалпыластыруда құбылыстың сапалы сипаттамасы туралы түсінікті ашып көрсетіңіз.
- •25. Картографиялық жалпыластыру дәрежесіне әсер ететін негізгі факторларға баяндама беріңіз.
- •26. Ұсақ масштабты географиялық картада колданылатын жазуларға сипаттама беріңіз.
- •27. Жалпы географиялық және тақырыптық карталар арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз.
- •28. Аналитикалық және синтетикалық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •29. Шолу жалпы географиялық карталарда су объектілерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •30. Шолу жалпы географиялық карталарда жер бедерін бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •31. Шолу жалпы географиялық карталарда елді мекендерді бейнелеу ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •32. Географиялық карталарды проектілеудің мәнін, мазмұнын және негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.
- •33. Географиялық картаны құрастырудың кезеңдеріне баяндама беріңіз.
- •34. Географиялық картаны баспадан шығару туралы түсінік беріңіз.
- •35. Электрондық карталарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •36. Электрондық атластарға жалпы сипаттама беріңіз.
- •37. Аэроғарыштық картографиялау туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •38. Картография мен геоинформатика арасындағы өзара байланысына жалпы сипаттама беріңіз.
- •39. Геобейне туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •40. Геоиконика туралы жалпы түсінік беріңіз.
- •41. Картаға түсіруде ареалдар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •42. Картаға түсіруде сапалы фон тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •43. Картаға түсіруде нүктелік тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •44. Картаға түсіруде изосызықтар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •45. Картаға түсіруде белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •46. Картаға түсіруде локальденген диаграммалар тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •47. Картаға түсіруде картодиаграмма тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •48. Картаға түсіруде картограммма тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •49. Картаға түсіруде сызықтық белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •50. Картаға түсіруде қозғалу белгілер тәсіліне сипаттама беріңіз.
- •51. Геологиялық карталарға баяндама беріңіз.
- •52. Топырақ және өсімдік карталарына баяндама беріңіз.
- •53. Жер бедері карталарына баяндама беріңіз.
- •54. Климаттық карталарға баяндама беріңіз.
- •55. Тұрғындар карталарына баяндама беріңіз.
- •56. Экономикалық карталарға баяндама беріңіз.
- •57. Жалпы географиялық картаны талдау үшін қажетті мәліметтерді көрсетіңіз.
- •58. Картометрияға түсінік беріңіз.
- •59. Географиялық картаны пайдалануда картометриялық және морфометриялық тәсілдерін қолдануына сипаттама беріңіз.
- •60. Карта және атлас жасау үшін дерекетерге жалпы сипаттама беріңіз.
52. Топырақ және өсімдік карталарына баяндама беріңіз.
Топырақ карталарында жер бетіндегі топырақтың таралу ерекшеліктері сапалық түс әдісімен кескінделеді. Топырақтың әртүрлі типтері мен тип тармақтары тарлған аумақтар сол түспен және әріптік индекспен көрсетіледі. Кей жағдайда ауылшаруашылық құрылымдарына арнап топырақ түзуші жыныстары берілген агроөнеркәсіптік маңызы бар топырақ типтерінің картасы шығарылады. Онда топырақтың құнарлығын раттыру жолдары әртүрлі тәсілмен беріледі.
Топырақ картасы –жер бетіндегі топырақтың таралуын, олардың қасиеттері мен ерекшеліктерін бейнелейтін карта. Мазмұнына байланысты топырақ картасы: жалпы топырақ картасы. Онда топырақ топтарының генетикалық классификациясының таралу графикасы көрсетіледі. Топырақтық –мелиоративтік- топырақтың қосымша мелиоративтік ерекшеліктерін көрсететін карта.
Топырақтық –эрозиондық –топырақтың эродирлену деңгейі. Эрозияға төзімділігі, эрозионды –қауіпті ареалдар.
Өсімдіктер картасы. Жер бетіндегі өсімдіктер бірлестіктері кескінделетін жалпы геоботоникалық карталарды құру үшін көбінесі сапалық түс тәсілі қолданылады. Мүндай карталардың мазмұны өсімдік жамылғысын табиғи жіктеуге негізделіп құрылады. Масштабы біршімі ірі ормандардың, батпақтардың сонымен қатар жекелеген өсімдік түрлерінің флоралық карталары да болады. Флоралық карталарда ареал әдісімен өсімдіктердің жеке түрлерінің таралған аумақтары кескінделеді.
Масштабына қарай топырақ карталары:
детальді 1:5000 және одан жоғары
ірі масштабты 1:10000-1:50000
орта масштабты 1:100000-1:300000
ұсақ масштабты 1:500000-1:2000000
шолу топырақ картасы 1:2500000 және одан ұсақ
Детальді топырақ карталары учаскенің топырақ түрін сынау үшін құрастырылады. Ірі масштабтылар ішкі шаруашылық мекемедегі аумақтар үшін және агротехникалық, мелиоративтік жұмыстарды жобалау үшін қолданылады, орта масштабтылар кейде ірі масштабтылар да ауыл шаруашылығын және орман шаруашылығын, аудандық, облыстық, республикалық жобалауда пайдаланылады.ал ұсақ масштабты және шолу топырақ карталарын халық шаруашылығын жобалауда және оқулық мақсатта қолданады. Барлық масштабты топырақ карталарын топырақ ресурстарын есептеу үшін, олардың экономикалық бағасы мен бонитировкасын жүргізу үшін, демек ауыл шаруашылық мекемелердің қызметін салыстыра бағалау үшін, аудандық топырақтарды ғылыми және қолданбалы мақсатта жүргізу үшін қолданылады.
53. Жер бедері карталарына баяндама беріңіз.
Жер бедерінің ерекшелігі кескінделетін карталардың қатарына гипсометриялық және геоморфологиялық карталар жатады. Гипсометриялық карталарда жер бедері гипсометриялық әдісті қолдана отырып, изогипстің көмегімен кескінделеді. Аталған карталарда масштаб ұсақ болуына қарамастан жер бедерінің ерекшеліктері жоғары дәлідікпен беріледі. Изогипстің көмегімен жер бедерінің негізгі пішіндері мен түрлері кескінделіп, олардың үйлесімділігі сақталады. Онда жер бетінің ерекшелігі кескінделгенімен, олардың шығу тегі көрсетілмейді. Ол міндетті геоморфологиялық карталар атқарады. Бұл карталар атауын жер бедері туралы ғылымнан алды. Геоморфологиялық карталарда жер бедерінің сыртқы көрінісі, шығу тегі, жасы, көбінесе жер бедерін кескіндеудің перспективті және сапалық түс әдістерінің көмегімен беріледі.
Жер бедерін бейнелейтін карталарда теңіз түбінің бедері бейнеленеді, бірақ мұхиттар мен теңіздердің акваторийлері үшін арнайы құрастырылатын карталарды батиметриялық деп атайды, олар зерттеудің басты нысанымен және құрастырудың кейбір әдістерімен ерекшеленеді. Жер бедерін бейнелейтін карталар көптеген инженерлік міндеттерді (есептерді) шешу үшін қолданылады, мысалы жаңа жолдың трассасының жалпы бағытын таңдағанда немесе бастапқыда жобалау үшін, канал жүргізудің (салудың) мүмкін болатыннұсқаларын анықтау үшін, гидростанция салу үшін орын таңдау кезінде өзен бассейнімен (алабымен) тұтастай танысу үшін және т. б. Осы жұмыстардың барлығы қима (профиль) құрастырумен, алдын ала есептеулер жүргізумен байланысты. Осыған байланысты гипсометриялық карталардың дәлдігіне, жалпылау кезінде дәлдіктің белгілі бір талаптарының сақталуына аса назар аударылады. Жер бедерін бейнелейтін карталар инженерлік-географиялық, көптеген баға беру типіндегі карталар құрастыру үшін негізгі материал болып табылады.
Жер бедерін бейнелейтін карталарды құрастырудың екінші мақсаты ( міндеті)
карта масштабына байланысты әртүрлі рангтегі жер бетінің пішінін зерттеу:
мегаморфоқұрылымдарды (немесе планетарлық пішіндер) – тау жүйелері мен қыраттар, таулы үстірттер, ойпаттар; ал теңіз түбі үшін - қайраңдар, континенттік беткей, мұхиттық ойпаттар, суасты тау жүйелерімен қыраттар, терең суасты науалары;
макроморфоқұрылымдарды, оларға жоталар, сілемдер, тауаралық аңғарлар мен қазан шұңқырлар, жанартаулық конустар, қыраттардың жекелеген бөліктері, үстірт, қырқа, ойыстар, ірі өзен аңғарлары және тектоникалық құрылымымен анықталатын басқа да макроформалар;
мезоморфоқұрылымдарды, біз бұларды жер бетінің тілімдену түрлерін және оның денудация, аккумуляция, беткей процестері әсерінен күрделенуі деп түсінеміз; сондай-ақ жекелеген құрылымдық пішіндер (жарылымдармен байланысты кертпештер, жарықшақ бойындағы (сызығындағы) аңғарлар, лайлы жанартаулар және т. б.; суасты пішіндерінен бұл – коньондар, суастындағы оқшауланған төбелер, қырқалар және т. б.
Жер бедерін бейнелейтін карталарда бедердің ірі пішіндерінің бейнеленуі бедердегі геологиялық құрылымның айқындығын ескеру негізінде геологиялық және тектоникалық құрылымдар үшін қолданылады.
Жер бедерін бейнелейтін картаның талдауы бет пішіндерінің шығу тегі мен оның даму тарихы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жер бедерін бейнелейтін карталар биіктік және орографиялық байланыстардың (әр түрлі компоненттердің табиғи шекараларының) бейнеленуін жеңілдете отырып табиғаттың тақырыптық карталарын құрастыру үшін, кешенді картографиялау үшін негіз болады. Жер бедерін бейнелейтін карталар бойынша аталған міндеттер (инженерлік және ғылыми) бедерді бейнелеуде келесі талаптарды анықтайды.
Қима шкаласын (межелік) таңдау талап етілетін өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету керек.
Бедер пішінін горизонтальдармен бейнелеудің көрнекілігі.
Денудация сипатымен және құрылымымен анықталатын бедердің негізгі типтерінің оқылуы (типтік айырмашылық бөлшектігі карта масштабына байланысты).
Бедерді бейнелеу дәлдігі дәрежесін табиғи ойлы – қырлылық дәрежесіне сәйкес сақтау.
Бедердің ірі пішіндерінің абсолюттік биіктігінің көрнекілігі мен оқылуы, орографиялық құрылымының бояуымен безендіру арқылы айқын көрінуі.
