Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kartografia_otvety1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

8. Географиялық глобустың қасиеттеріне баяндама беріңіз.

Белгілі бір масштабта кішірейтіліп алынған жер шарының үлгісін глобус дейміз. Глобустағы жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Оның геометриялық пішіні мен аудандарының ара қатынасы нақты, еш өзгертусіз, яғни бұрмаланусыз беріледі. Глобусты жасаған кезде карталарды дайындау кезінде қолданылатын шартты белгілер мен объектілерді орналастыру заңдылықтары қолданылады. Олар карталар сияқты тақырыбына (жалпыгеографиялық және тақырыптық-саяси, геологиялық және т.б.), масштабына және мақсатына (оқулық, анықтамалық және т.б.) қарай ажыратылады. Глобус жер шарының моделі, онда географиялық нысандардың пішіні анағұрлым дұрыс бейнеленген. Неміс картографы М.Бехайм XV ғасырда алғашқы глобусты жасаған. Үш түрлі масштабты глобус түрі бар. Үлкен глобус 1:30 000 000, яғни 30 млн есе кішірек, орташа глобус 1:50 000 000, яғни 50 млн есе кішірек, 1:83 000 000 кіші глобус, яғни 83 млн есе кішірейтілген. Бірінші глобусты б.з.д. 150 ж. Кратет Малльский жасаған болатын. Картадан айырмашылығы, глобуста бұрмаланулар жоқ, сондықтан глобус материктердің мен мұхиттардың орналасуы туралы жалпы мәлімет алу үшін ыңғайлы болып келеді. Бірақ глобус ұсақ масштабты болып келетіндіктен, белгілі бір жерді толығымен көрсете алмайды.

Жердің кішірейтіліп алынған үлгісі болғандықтан, ұзындық масштабы глобустың кез-келген бөлігінде бірдей болады. Мұндай ерекшелікті теңаралық қасиет дейміз. Егер глобустың масштабы 1:50000000 болса, жердің радиусы мен кез-келген бөлігіндегі арақашықтық 50000000 есе кішірейтіледі. Теңаралық қасиетіне байланысты Жер беті мен глобустағы меридиандардың ұзындығы бірдей болады. Барлық меридиандар полюсте түйісетіндіктен параллельдердің бойлық бойынша ұзындығыэкватордан алыстаған сайын біртіндеп қысқарады. Көршілес жатқан меридиандар доғасы мен олар қиылысатын параллельдердің ара-қашықтығы глобустың барлық бөлігінде тең болуымен ерекшеленеді.

Глобустың барлық бөліктерінде ұзындық масштабы тең болған жағдайда, барлық бағыттарда ауданның масштабы да тең болады. Жердің кішірейтіліп алынған үлгісіне тән мұндай ерекшелікті глобустың тең ауданды қасиеті дейміз. Көршілес жатқан меридиандар мен параллельдердің қиылысуынан түзілетін бір ендікте жатқан сфералық трапециялардың ауданы жер элипсоидында да, глобуста да тең болады. Тең ауданды қасиетке сәйкес глобустың кез келген бөлігіндегі барлық нысандардың ауданы тең болады.

Теңаралық және тең ауданды қасиетіне сәйкес глобустағы барлық нүктелердің бұрыштары да тең болады. Глобустың бұл қасиетін тең бұрышты дейміз. Тең бұрышты қасиетке сәйкес глобусқа көшіргенде жер элипсоидының кез келген екі бағытының көлденең бұрыштары өзгермейді.

Глобустың құрылымы және оның ерекшелігі. 1. Географиялық карталар Жердің пішінінің ерекшеліктерін көрсетеді. Ол геоид тәрізді, яғни дұрыс емес пішінді, белгілі алгоритмдермен суреттеле алмайды. Глобусты жасаған кезде Жерді шар тәріздес етіп алынуына не себеп болды? Себебі, Жер эллипсоидінің оқсінің арасындағы қашықтығы өте аз – 43 км ғана. Ұсақ масштабты модельдерінде бұл айырмашылықты елемесе де болады. 2. Глобустың беті тегіс болып келеді. Бедерлі глобустар сирек жасалады, кейде жер бетінің белгілі бір аумақтарының ірі масштабтағы үлгісі жасалады. Мысалы, 1:30 000 000 масштабта дүние жүзіндегі ең үлкен тау жүйесі Джомолунгманың (8848 м) биіктігі глобуста 0,34 мм болады. Бұл биіктіктегі айырмашылықты кішкентай шардың бетіне бейнелеу мүмкін болмағандықтан, глобус бетінің тегіс болуы айқындалған. 3. Егер бглобусты шар деп алсақ, оның осьтары барлық бағытта бірдей болады, ал меридиандар мен параллельдер – шеңбер бойымен сәйкес болады. Мұны оңай түсіндіруге болады: шар бетінің кез келген бағыттағы жазықтықпен түйісу сызықтары – шар тәрізді. Егер түйісу жазықтықтағы Жердің ортасы арқылы өтсе, үлкен шеңбер пайда болады. Үлкен шеңберлер болып меридиан және экватор сызықтығы алынған. Барлық меридиандардың радиусы бір-біріне тең болып келеді. Егер шарды бөлетін жазықтық Жердің ортасы арқылы өтпесе, онда жазықтықпен түйіскен сызықтар кіші шеңбер құрайды. Экватордан басқа параллельден – кіші шеңбер болады. Оның радиустары экватордан полюске таман азая түседі. 4. Меридиан мен параллельдер арасындағы бұрыштар – глобустың кез келген нүктесінде түзу болады, яғни жер бетінің арасындағы бұрыштарына сәйкес болады. 5. Глобус масштабы кез келген нүктеде бірдей болады, сондықтан меридиандар арасындағы параллельдердің қашықтығы және бір параллельде орналасқан меридиандар бір-біріне тең. Глобустың масштабтарының тұрақтылығы қателіктер, яғни бұрмаланулар болмайтынын көрсетеді. 6. Бұрмалану жоқ болғандықтан, глобус бетінде кез келген фигураны көрсете алады. Сол себепті глобуста объектілердің пішіндері, бейнесі бұрмаланусыз беріледі – теңіз, материктер, мемлекеттер, ормандар т.б. 7. Глобустағы кез келген нүктелердің сызықтарының ұзындығы мен бұрыштарының бұрмалануы болмағандықтан, олардың аудандарында да қателік болмайды. Глобусты пайдалану бүкіл Жер бетін көруге ыңғайлы. Глобустан көрінгендіктен материктер мен мұхиттардың байланысы, олардың орналасуы, өлшемдерінің ұқсастығы, полюстер мен экватордан қашықтығын есептеуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]