Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Общий Раздел.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
310 Кб
Скачать
☆

7 Өндіріс факторлары және экономикалық ресурстар.

Өндіріс процесінде негізгі экономикалық факторлері өзара әрекеттеседі: еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік.

Еңбек- адамның қандай да бір пайдалы нәтижеге бағытталған ойлау және физикалық қызметі. Еңбек еңбек өнімділігі және еңбек интенсивтілігі көрсеткіштерімен сипатталады.

Еңбек өнімділігі- бір уақыт бірлігінде өндірілген өнім көлемін сипаттайды, ал еңбек интенсивтілігі- бір уақыт бірлінінде жұмсалған физикалық және ойлау қабілетінің жұмсалу дәрежесі. Бұл өндіріс факторын пайдалану нәтижесінде табылатын табыс- еңбек ақы. Демек еңбек бағасы- еңбек ақы.

Жер- табиғаттың адамға беретін игіліктері, олар жер және оның қойнауы, су, ауа және т.б. Жердің қасиеттерін шынайы- өздігінен пайда болған және жасанды- дам қолымен құрылған деп бөледі. Жердің өндіріс факторі ретіндегі өзгешелігі- оның көлемінің шектеулігінде, осы жерді ресурсретінде пайдалану кезінде пайда болатын табыс- рента. Рента- ұсынысы шектеулі өндіріс факторінен алынатын табыс.

Капитал- табыс әкелетін құндылықтар, материалды игіліктерді өндіру үшін қажет құралдар қоры. Капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.

Негізгі капитал- өндіріс процесіне бірнеше рет қатысып, өз құнын өнімге біртіндеп өткізетін құралдар, олар ғимарат, қондырғы және т.б.

Экономикалық теорияда ресурс деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің иынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолданылуы мүмкін.

Табиғат ресурстары – бұлар адам өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолжануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар..

Материалдық ресурстарға өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Еңбек ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

Қаржы ресурстары өндіріс процесі үшін қоғамның бөлген ақша құралдары болып табылады. Бұлардың көзіне инвестициялық құралдар, бағалы қағаздар, салықтар, ақша жинақтары, мемлекеттік қарыздар жатады.

Информациялық ресурстар – бұл автоматтанған өндірістің қызмет етуі үшін және компьютерлік техника арқылы оны басқаруға қажет жағдайлар

8 Натуралды шаруашылық және оның ерекшеліктері. Экономикалық теорияның пәні – ол адамдар қажеттілігін қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру үстінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі қатынастар.

Натуралды шаруашылық:

1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады;

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі;

3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.

Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады.Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалды өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналды. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және  өндірушіелердегі артық өнімнің құрылуына  алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды.Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.Тауар өндірісі капиталистік өндіріс әдісінде өзінің дамуының жоғарғы түріне қол жеткізді және жалпылама сипатқа ие болады. Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда. Мысалы,бақшагердің натуралды шаруашылығы-өнімді тек өзі үшін өндіру, егер өнімнің бір бөлігін сату үшін бағыттаса, онда ол ұсақ тауар өндірісіне айналады.

9 Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары мен себептері, негізгі белгілері. Тауарлы шаруашылықта өнімдер сату үшін ғана өнді­ріледі, ал өндіруші мен тұтынушының байланысы нарық арқылы жүргізіледі.

Тауарлы өндірістің шығуының қажетті жағдайы бұл - қоғамдық еңбек бөлінісі, осы кезде нақты өнімді жасауға өндірушілердің мамандануы жүргізіледі.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты:

  • нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.

  • жеке меншіктің болуы;

тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердіңбір-бірінен оқшаулануы.Ал, жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.

Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты болады.

Тауарлы өндіріс натуралды шаруашылықтың даму арқасында дүниеге келді.

Негізінен тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірімен оқшаулануы. Тауар айырбасы қауымдар арасында кездейсоқ кездескен жерлерде пайда болып, кейін әдетке айналады. Тауарлы өндіріс жағдайларында адамдар арасындағы “таза” қатынастар еңбектерінің нәтелерін айырбастау түрінде көрінеді.Бұл ерекше бір қатынастар, әрбір жеке еңбекті қоғам тарапынан жанама жолмен жонудың түрі.Ол өнім өндіруге жұмсалған еңбекті айырбас өрісінде өлшеу тәсілі. Тауарлы өндірісі алдымен қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдеу арқылы дүниеге келді. Жекелеген өнімдерді өндіруге мамандану өндірушілер арасында өнімдерін айырбастауды қажет етсе, өндірісті мамандыру еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Сөйтіп, өнімді айырбастау натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы өндірістің келуіне басты себепші және алғы шарт болды.

Тауар өндірісін құрайтын және қалыптастыратын экономикалық жағдайлар алуан түрлі.Негізгілері: қоғамдық еңбек бөлінісі және осы екі жағдайдың бірдей болуы. Мәселе, қоғамдық еңбек бөлінісінің орын алуы жеткіліксіз. Әр рынок үлгісіне тауарлы өндірісінің ерекше моделі сәйкес келеді:

1. Дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;

2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі;

3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндірісі;

4. деформацияланғанрыноктың тауарлы өндірісі;