Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Общий Раздел.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
310 Кб
Скачать
☆

27 Негізгі капитал және оның айналымы.

Негізгі капитал бірнеше өндіріс процесіне қатысып ,өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп өткізеді және өндіріс нәтижесінде өз пішінін сақтап қалады.Бұл капиталға машиналардың,ғимараттардың,құрылыстардың құны жатады.

Негізгі капитал- өндіріс процесіне бірнеше рет қатысып, өз құнын өнімге біртіндеп өткізетін құралдар, олар ғимарат, қондырғы және т.б.

Өндіріс процесі кезінде негізгі капитал физикалық және моралды тозуға шалдығады.

28 Негізгі капиталдың тозуы және амортизация.

Негізгі капиталдың тозуына байланысты өзінің құнын дайын өнімге өткізу процесін амортизация деп атайды.Негізгі капиталдың тозуы-физикалық,моральдық.

Амортизация нормасы-амортизациялық төлемдердің белгіленген жылдық мөлшері.Ол негізгі капиталдың құны қанша жыл ішінде қайтарылуы керектігін көрсетеді. Амортизациялық төлемдер көлемі келесі формуламен анықталады:

А- жылдық амортизациялық төлемдер мөлшері;

А = Қб – Ққ Қб- негізгі капииталдың бастапқы құны; Ққ- пайдаланудан шығарылатын негізгі. Т капиталдың қалдық құны; Т- негізгі капиталдың пайдалану мерзімі.

Амортизацияны есептеудің екі әдісі бар:

1. қарапайым амортизация - капитал құнын жыл сайын бірдей мөлшерде шегеріп, амортизациялық қорға аудару.

2. жылдамдатылған амортизация - амортизация нормасын екі есе арттыруды білдіреді, ол ҒТП байланысты, соның арқасында қондырғыны пайдалану мерзімі азаяды.

29 Айналмалы капитал және оның айналымы.

Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.

30 Инвестиция түсінігі және оның түрлері.

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Қоржындық инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат; капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді.

Инвестицияның негізгі түрлері:

  • өндірістік инвестиция;

  • тауарлы- материалды запастарға инвестиция;

  • тұрғын үй құрылысына инвестициялар.

Сонымен қоса жиынтық, таза, автономды және индуцирленген инвестиция түрлерін айырады.

Жиынтық инвестициялар- ескі қондырғыны ауыстыруға (амортизация) кеткен шығындар мен өндірісті ұлғайтуға салынған инвестициялардың өсімінің сомасы.

Таза инвестициялар- негізгі капитал амотризациясын алып тастағандағы жиынтық инвестиция.

Автономды инвестициялар- ҒТП нәтижесінде пайда болған жаңалықтармен негізделген инвестициялар.