- •1 Экономикалық теорияның даму эволюциясы.
- •2 Экономикалық теория пәні және атқаратын қызметтері.
- •3 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
- •4 Экономикалық категориялар, заңдар.
- •5 Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы.
- •6 Жәй және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •7 Өндіріс факторлары және экономикалық ресурстар.
- •10 Экономикалық жүйе түрлері, ерекшеліктері.
- •11 Меншік және оның түрлері.
- •18 Сұраныс түсінігі, заңы, қисығы.
- •19 Сұранысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.
- •20 Ұсынысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.
- •21 Ұсыныс түсінігі, заңы, қисығы.
- •22 Сұраныс пен ұсыныстың икемділіктері.
- •23 Сұраныс пен ұсыныстың қатынасы. Нарықтық тепе-теңдік.
- •24 Бәсеке түсінігі және оның түрлері.
- •26 Монополия түсінігі. Монополияға қарсы саясат.
- •27 Негізгі капитал және оның айналымы.
- •28 Негізгі капиталдың тозуы және амортизация.
- •29 Айналмалы капитал және оның айналымы.
- •30 Инвестиция түсінігі және оның түрлері.
- •31 Өндіріс шығындары және олардың жіктелуі.
- •33 Өндіріс факторларына сұраныстың ерекшеліктері.
- •34 Жер рентасы және оның түрлері.
- •35 Еңбекақы. Еңбекақы түрлері.
- •40 Макроэкономика және макроэкономикалық саясат.
- •41 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.
- •42 Макроэкономикалық тепе-теңдік.
- •43 Экономикалық өсу, оның типтері.
- •47 Инфляцияға қарсы саясат.
- •50 Жұмыссыздық пен инфляцияның арақатынасы. Филипс қисығы
- •52 Экономиканы реттеу әдістері.
- •59 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен құралдары.
- •Халықаралық валюталық қатынастар.
18 Сұраныс түсінігі, заңы, қисығы.
Сұраныс нарықтық баға қалыптастырудың бір жағы.
Сұраныс- белгілі бір уақытта, қалыпты баға жағдайында сатып аланатын тауарлар саны.
Ақша қаражатымен қамтамасыз етілген сұраныс төлемқабілетті сұраныс деп аталынады.
Сұранысқа көптеген факторлер әсер етеді, солардың ең маңыздысы-баға. Бағамен сұраныс арасында кері байланыс, баға өскен сайын сұраныс төмендейді және керісінше. Осы байланыс сұраныс заңы деп аталынады. Бұл байланысты қисықта көрсетуге болады.
Р
Q
Графиктегі D қисығы сұраныс қисығы, Р –баға, Q- сүраныс көлемі. D қисығы солға төмен орналасқан, себебі бағамен сұраныс арасындағы байланыс кері. Сұраныс көлемінің графикалық өзгеруі сұраныс қисығының бойымен жылжуды білдіреді. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің салдарынын тауар ды сатып алу көлемі азайғанда бақалады.
19 Сұранысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.
Сұраныс көлемінің графикалық өзгеруі сұраныс қисығының бойымен жылжуды білдіреді. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің салдарынын тауар ды сатып алу көлемі азайғанда бақалады. Сонымен қоса егер сұраныс бағалық емес факторлер әсерінен өзгеретін болса, қисықтың өзіде ығысуы мүмкін. Бағалық емес факторлерге келесілер жатады:
тұтынушылық талғамның өзгеруі;
сатып алушылар саны;
тұтынушылар табысы;
алмастырғыш және байланысты тауарлар бағасы;
сатып алушылар күтулері;
20 Ұсынысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар.
Ұсыныс көлемінің графикалық өзгеруі ұсыныс қисығының бойымен жылжуды білдіреді. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің салдарынын тауарды ұсыну көлемі өзгергенде бақалады. Сонымен қоса егер бұрыңғы шығындар көлемінде ұсынылатын тауарлар саны артса, ұсыныс қисығы оңға ығысады, ал тауарлар саны азайса, солға ығысады. Ұсыныс қисығының ығысуы бағалық емес факторлер әсерінен болады, ол факторлер:
ресуртар бағасының өзгерісі;
технология;
салық және дотациялар;
басқа тауарлардың бағасы.
21 Ұсыныс түсінігі, заңы, қисығы.
Ұсыныс- өндірушінің нарықта сататын тауарларының саны. Баға жоғарлаған сайын өндірушілердің нарықта сатқысы келетін тауарларының саны артады және керісінше. Баға және ұсынылатын тауарлар саны арасындағы тура байланыс ұсыныс заңы деп аталынады. Бүл байланысты графикте үсыныс қисығы түрінде беруге болады.
Р
Q
Графиктегі S қисығы ұсыныс қисығы, Р –баға, Q- сүраныс көлемі. S қисығы оңға жоғары орналасқан, себебі бағамен сұраныс арасындағы байланыс тура. Ұсыныс көлемінің графикалық өзгеруі ұсыныс қисығының бойымен жылжуды білдіреді. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің салдарынын тауарды ұсыну көлемі өзгергенде бақалады. Сонымен қоса егер бұрыңғы шығындар көлемінде ұсынылатын тауарлар саны артса, ұсыныс қисығы оңға ығысады, ал тауарлар саны азайса, солға ығысады.
22 Сұраныс пен ұсыныстың икемділіктері.
Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.
Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.
Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді
Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш
