Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikum_shpor (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
696 Кб
Скачать
☆

9.Микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың, адамның жасуша цитогенетикалық құрылымдарына техногенді ластанудардың кері әсерлерін бағалаңыз.

Әрбір биоценоздың негізгі құрам бөлігі - өсімдік. Табиғи фитоценоздарда кездесетін өсімдіктердің қазіргі кездегі ішкі құрылымын зерттеу - өсімдіктердің табиғи және техногенді әсерлерден өзгерген қоршаған ортамен өзара әрекеттесу механизмін түсіндіреді. Өсімдіктер мүшелерінің анатомиялық құрылысын қоршаған ортаның әртүрлі  экологиялық жағдайында өсімдіктер төзімділігінің қосымша көрсеткіші ретінде пайдалануға болады. Топырақтың радионуклидтермен ластануы жағдайында өсімдіктердің анатомиялық көрсеткіштерін фитоиндикацияға пайдалануға болады. Өсімдіктердің цитогенетикалық құрылымдарына техногенді ластанулардың әсеріне келесідей мысалдар келтіруге болады: Солтүстік Қазақстанның уран-кен өндірісі аймағындағы өсімдіктер мүшелерінің анатомиялық құрылысы ерекшеліктерін сипаттау үшін зерттеу жұмыстарына Солтүстік Қазақстанның уран-кен өндірісі аймағындағы өсімдіктер мүшелерінің анатомиялық құрылысы ерекшеліктерін сипаттау үшін зерттеу жұмыстарына Phlomis tuberosa L. өсімдігі алынды.  Анатомиялық зерттеулер  гүлдену кезеңінде жиналған өсімдіктер сабағында жүргізілді. Сонымен, зерттеу нәтижесінде Phlomis tuberosa L. өсімдігі өркенінің анатомиялық құрылысында мынадай айырмашылықтар байқалды. Өсімдік сабағының ішкі құрылысында алғашқы қабық қалыңдаған және өзек паренхималарының мөлшері артқан. Яғни уран өсімдіктің анатомиялық құрылысындағы өзгерулерге әкеп соқтырған. Сол сияқты техногенді ластанулар адам және жануарлар клеткасы деңгейінде әсер етіп, онда ауытқушылықтар тудырады, кей жағдайларда канцерогенді әсер етуі мүмкін, яғни қатерлі ісіктің туындауына әкеп соқтыруы мүмкін.

10.Индикаторлық организмдер туралы түсінік беріңіз, организмдерді индикатор ретінде қолдану үшін қажетті шарттарды келтіріңіз.

Қоршаған орта жағдайын бағалауда биологиялық тесттер маңызды рөлге ие. Бұл әдістер қоршаған орта жағдайын тірі организмдер көмегімен анықтауға негізделген. Биоиндикация – биотестілеу әдістеріне жақын. Ол да сол мақсаттар үшін зерттелінетін ортада тіршілік ететін организмдерді пайдаланады. Мұндай организмдерді таңдау барысында бірқатар талаптарды орындау керек. Олардың ішінде, сыртқы факторлардың әсерін нақты қабылдап, оны көрсетіп жауап қайтару, сондай-ақ ластаушылардың аз көлемінің өзінде сезімтал болып, жауап қайтара білу. Орта ғасырларда тау-кен өндірісінде кенді газдардың пайда болуын анықтау үшін торғайларды қолданғаны туралы мысал белгілі. Құстардың мінез-құлқы немесе өлуі, кеншілерді оларға төніп тұрған қауіп туралы баяндайтын.

Өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер- өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы заттардың, ионды радиацияның жоғарғы деңгейінің, ортаның химиялық құрамының өзгеруінің, шу мен жылумен ластанудың тірі организмге әсердің сезімтал индикаторы болып табылады. Көптеген организмдер антропогенді әсердің бөлек типтеріне әр түрлі сезімталдық қасиет көрсетіп, адамның тіршілік әрекетінің нәтижесінде болатын әр түрлі өзгерістердің индикаторы болады. Биоиндикация- биоиндикатор организмдерінің даму ерекшеліктері, кездесу немесе мүлде болмау факторына қарап  қоршаған орта жағдайларына баға беру әдісі. Биоиндикаторлар көмегімен анықталынатын жағдайлар- биоиндикация объектісі деп аталынады. Мұндай объект ретінде табиғи объктілердің белгілі типтері (топырақ, су, ауа) мен осы объектілердің әр түрлі қасиеттері (механикалық, химиялық құрамы), қоршаған ортада жүріп жатқан белгілі бір процестер (эрозия, дефляция, батпақтану т.б.) мен адам әрекетінің әсер нәтижелері де алынуы мүмкін.

Биоиндикатор таңдауда атақты американ ғалымы Ю.Одум келесі жағдайларды ескеруді ұсынды:

Қауымдастықта сирек таралған стенотипті түрлер (белгілі бір жағдайларда ғана тіршілік етуге бейімделген организмдер) эвритиптерге (кең таралған, экологиялық төзімділік диапазоны кең организмдер) қарағанда көбінесе жақсы индикатор болып саналады.

Майдаларға қарақанда ірілеу түрлерін биоиндикатор ретінде таңдаған жөн, себебі майда организмдерінің биоценоздағы айналым жылдамдығы жоғары болып келеді және де зерттеу кезінде сынауға алынған объектіге түсіп кету қауіптілігі бар (ұзақ периодты бақылаулар жүргізу кезінде).

Индикатор ретінде алынатын түрді (немесе түр тобын) таңдауда эксперименталды немесе далалы жағдайларда алынған түрдің толеранттылығы, түрге әсер етуші факторлар, бұл факторлардың шектеуші (лимиттеуші) мәні, организнің компенсациялау реакциялары сияқты мәліметтер болуы тиіс.

Жинақтаушы индикаторлар- ластаушы заттарды өздерінің ұлпаларында, белгілі бір дене мүшелерінде концентрациялайды. Кейін олар химиялық анализ көмегімен қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтауда қолданылады. Қоршаған ортадағы қоспалардың зияндылығын анықтау мен ластануды бақылауда қолданылатын аппараттар қазіргі заманға сай дамыған болса да, күрделі «тірі аспаптармен» тең бола алмайды. Бірақ, «тірі аспаптарда» бір маңызды кемшілігі бар. Олар күрделі көп құрамды қоспалардың барлық жиынтық комплексіне жауап беріп, сол қоспадағы белгілі бір затың концентрациясын анықтай алмайды. Биоиндикаторлар көмегімен биологиялық салдары жөніндегі информацияны алып, әсер етуші фактордың өзінің ерекшеліктері туралы тек жанама қорытынды жасауға болады.  Биологиялық әдістерде аналитикалық индикаторлар- әр түрлі организмдер , олардың дене мүшелері мен ұлпалары, физиологиялық  фукциялары, биохимиялық реациялары және т.б. болып табылады. Мысалы, балдырлардың көптеген түрі ақаба суларды биологиялық жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]