- •1.Техногенді ластану және оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін көрсетіңіз.
- •2.Қоршаған орта ауыр металдармен ластануының популяциярға және жеке ағзаларға әсерін көрсетіңіз.
- •3.Ауыр металдардың өсімдіктерге әсерін көрсетіп мысал келтіріңіз.
- •4.Ауыр металдармен ластанған қоршаған ортада қолданылатын физико-химиялық әдістерді келтіріңіз.
- •5.Ортаны ауыр металдармен ластайтың негізгі көздеріне сипаттама беріңіз.
- •6. Ортада ауыр металдардың көп мөлшерде жиналуына өсімдіктер түрақтылығының механизмдерін түсіндіріңіз.
- •7. Ауыр металдардың улылық қасиетіне өсімдікті ағзалардың реакциясын көрсетіңіз.
- •8.Қоршаған орта ауыр металдармен ластануының биоалуантүрлілігіне, популяциярдың жағдайына және жеке ағзаларға әсерін келтіріңіз.
- •10.Индикаторлық организмдер туралы түсінік беріңіз, организмдерді индикатор ретінде қолдану үшін қажетті шарттарды келтіріңіз.
- •9.Микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың, адамның жасуша цитогенетикалық құрылымдарына техногенді ластанудардың кері әсерлерін бағалаңыз.
- •11. Атмосфераның ластануын бағалауға пайдалынатын тест-жүйелерді келтіріңіз.
- •12.Атмосфераның ластану индексін (али) түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз.
- •13. Судың сапасын бағалауға арналған әдістерді келтіріңіз.
- •14. Судын ластану индексін пайдаланып (сли), ауыз су сапасын бағалауды түсіндіріңіз.
- •15. Ауыр металдармен ластанған топырақтың суммарлық ластану индексін (Zc) есептеп бағалауды көрсетіңіз.
- •16. Экологиялык зиянды факторлардың жіктеуін көрсетіп, олардың көрсеткіштерін анықтауға пайдаланылатын тест-жүйелерді келтіріңіз.
- •17. Атмосфераның ластануын анықтайтын физикалық және химиялық әдістерге сипаттама беріп айырмашылығын түсіндіріңіз.
- •18. Гидросфераның ластануын анықтайтын физикалық және химиялық әдістерге сипаттама беріп айырмашылығын түсіндіріңіз.
- •19.Техногенді ластануларға өсімдіктердің тұрақтылығын анықтаудың тест-жүйесін келтіріңіз.
- •20.Индикатор-өсімдіктердің өсу параметрлері бойынша токсинді қосылыстарды анықтау тест-жүйелеріне сипаттама беріңіз.
- •21.Астық дақылды өсімдіктерді тест-жүйе ретінде пайдалану әдістерін көрсітіңіз.
- •22.Ағаштар жапырақтарын тест-жүйе ретінде пайдалану арқылы қоршаған ортаның сапасын бағалауды көрсетіңіз.
- •23. Қалалақ экожүйе жағыдайын өсімдіктердің индикациялық белгілері бойынша анықтауды көрсетіңіз.
- •24.Биомонитор–ағзаларды қолдану үш әдісі бойынша қоршаған ортаның сапасын салыстырмалы түрде бағалаңыз.
- •25. Ең ақпараттық және арзаң биоиндикацияның әдісін келтіріңіз.
- •26.Биоиндикацияның морфологиялық денгейі мен оның көрсеткіштеріне сараптама беріңіз.
- •27.Биологиялық жүйенің көмегімен мекен ететің ортадағы абиотикалық және биотикалық факторларға баға беру әдісі – биоиндикацияға анықтама беріңіз.
- •28.Биотестілеу тест-нысаны болып табылатын ағзалардың жауап қайтару реакциясы арқылы орта сапасын бағалау ретінде көрсетіңдер.
- •29. Өсімдіктердің жапырақ тақшаларында жиналған шаң тозаңдар арқылы қоршаған ортаның ластануын анықтау әдісін түсіндіріңіз.
- •31. Синтетикалық пестицидтердің қолданылу объектілері бойынша жіктелуін (классификациясы) көрсетіңіз. Синтетикалық пестицидтердің негізгі топтарын сипаттаңыз.
- •32. Пестицидтердің токсикалық әсерін бағалау, дозасын тағайындау, ld-50 және ld-100 туралы түсінік беріңдер.
- •33.Пестицидтердің жаңа, жетілдірілген түрлерін синтездеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •34. Синтетикалық пестицидтердің табиғатта жинақталу және ыдырау ерекшеліктері, ыдырау мерзімін бағалауды көрсетіңіз.
- •35.Су көздерінің ауыр металдармен және пестицидтермен ластануының жағымсыз экологиялық зардаптарын сипаттаңыз.
- •36. Табиғи объектілердегі ауыр металдардың мөлшерін анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •37. Су көздерін ауыр металдармен және пестицидтермен ластанудан қорғау шараларын көрсетіңіз.
- •38. Өсімдіктердің (көкөністердің) нитраттармен ластануын анықтау әдістеріне сараптама жасаңыз.
- •39.Қоршағаң ортаның кешенді белгілерін қылқан жапырақты (қарағай, шырша) өсімдіктер арқылы анықтау әдістерін көрсетіңіз.
- •40.Шаңмен ластанған аймақтың ластану картасын құрастыруды көрсетіңдер.
- •41. Радиациялық, химиялық және биологиялық ластану факторларын көрсетіңіз.
- •42. Алматы қаласының атмосфералық ауасының ластануына сипаттама беріңіз, өткен жылдармен салыстырып болжам жасаңыз.
- •43. Тест-жуйелер арқылы ортаны ластаушы мутагендерді анықтау және бағалау жасаңыз.
- •44. Қоршаған ортаның ластануына әсер ететін өндіріс пен автокөліктердің ластау деңгейін анықтауға тест-жүйелерді пайдалануды көрсетіңдер.
- •45.Биологиялық тәжиребеге дайындалуды келтіріңдер (объектлерді, ертіндлерді, материалдарды дайындау).
- •46.Ортаның модельдық ластану жағдайында өсімдіктердің дәндерін өсіру арқылы анықтады көрсетіңдер
- •47. Қазіргі ғылымның жаңа жетістіктеріне негізделген жаңа инструментальді әдістерді келтіріңіз.
- •48.Қоршаған ортаның мұнай өнімдерімен ластануын анықтау әдістерін талдаңыз.
- •50. Суды органолептикалық қасиеттері бойынша бағалаңыз: құдықтан алған судың иісі 3 балл, дәмі 3 балл, түсі 350, лайлануы 2,5 мг/л.
- •51.Өзеннен алған судың микробиологиялық көрсеткіштері: омч – 1100, коли индексі - 5. Судың микробиологиялық көрсеткіштері бойынша эпидемиологиялық қауіпсіздігін бағалаңыз.
- •57. Ауылды жерде ауыз су құрамындағы нитраттар мөлшері 90 мг/л (2 пдк). Ауыл тұрғындары қандай ауруларға шалдығуы мүмкін екенін болжаңыз.
- •58.Газды хроматаграфиялық əдіспен жануарлар ұлппалардан фенилпиразолын анықтауды көрсетіңіз
- •59.Газды хроматаграфиялық əдіспен өсімдіктерден фенилпиразолды анықтауды көрсетіңіз.
- •60. Газды хроматаграфиялық əдіспен топырақтан фенилпиразолды анықтауды көрсетіңіз.
13. Судың сапасын бағалауға арналған әдістерді келтіріңіз.
Жер беті су көздерінен алынатын суды тазартудың негізгі міндеті - ол суды қалқымалы заттардан толығымен тазарту (мөлдірлендіру) және оның түсін көзге көрінбейтіндей деңгейге дейін төмендету. Судың сапасын жақсарту әдістері және су құбырын тазалау қондырғыларының құрамы су көздеріндегі судың қасиеттеріне байланысты алынады. Судың сапасын жақсартудың негізгі әдістеріне мөлдірлендіру, түссіздендіру және залалсыздандыру жатады. Суды мөлдірлендіру деп оның құрамынан қалқымалы заттарды шығаруды түсіну керек. Суды түссіздендіру - ол оның құрамындағы шынайы еріген заттарды және коллоидтарды шығару. Бірқатар жағдайда арнайы әдістерді қолдануға тура келеді, оның мақсаты судың құрамынан қандайда-бір нақты химиялық қоспаларды шығару немесе, керсінше - адамның организміне қажетті элементтерді суға қосу болып табылады.Осыған сәйкес суды тазарту қондырғыларының құрамына келесі құрылымдар кіреді:
коагуляциялауға арналған қондырғылары мен сыйымдылықтары тұндырғыштар сүзгіштер хлорлауға арналған қондырғылары мен сыйымдылықтары Судың органалептикалық қасиеттерін жақсарту әдістеріне гигиеналық тұғыдан баға беру (мөлдірлендіру, түссіздендіру, дезодорация).Суды алдын ала планктондардан және ірі қоспалардан тазарту үшін микросүзгіштер және барабанды торлар қолданылады. Судың құрамынан коллоидты заттарды шығару үшін, алдын-ала олардың құрамын бұзу және коагуляциялау қажет.
Коагуляциялау - деп судың коллоидты және жұқа дисперсті қоспаларды ірілету, агрегациялау процесі деп түсіну керек. Бұл процесс - олардың молекулярлық бір-біріне тартылу күштерінің әсерлері арқылы өзара жабысу нәтижесінде жүреді де, көзге көрінетін агрегаттардың - үлпектердің құралуымен аяқталады.
Коагулациялаудың екі түрін ажыратады:бос көлемде жүргізілетін коагуляция, оны үлпек құраушы камерада жүргізеді жанаспа түрде жүгізілетін коагуляция, ол түйіршікті толтырғыштардың арасында немесе қалқымалы тұнбаның ішінде жүреді.Коагуляция химиялық реагенттердің - коагулянттардың әсерлерінің нәтижесіне өтеді, ол үшін алюминийдің оксихлориді және алюминат натрий немесе темірдің тұздарын (темір купоросы және темір хлориді) қолданады. Тағы суды коагуляциялау тиімділігіне өзінше «коагулцияның ядролары» болып келетін ірі қалқымалы заттардың бөлшектері, судың температурасы, араластыру қарқындылығы әсер етеді. Осыдан шыға, құрамы әртүрлі сулар үшін коагулянттың әр қилы дозасы таңдап алыну керек. Коагулянттың оңтайлы дозасы деп СанПиН 3.01.057.97. «Питьевая вода» құжатының талаптарына сай келетіндей 1л суды мөлдірлендіру және түссіздендіру үшін қажетті коагулянттың минимальды санын (мг/дм.куб) айтады.
Мөлдірлендіру және түссіздендіру.
Коагуляцияны өткен немесе өтпеген суды мөлдірлендірудің бірінші кезеңі - тұндырғыштарда қалқымалы заттарды шөктіру болып табылады. Тұндырғыштардың жұмысының принципі - судың ағынның кесімін ұлғайтудың арқасында судың қозғалыс жылдамдығын баяаулатуға негізделген. Тұндыру арқылы судан ірі дисперсті қоспаларды (бөлшектерінің өлшемі 100мкм жоғары) шығаруға болады. Судың қозғалу бағытына байланысты горизонтальді және вертикальді тұндырғыштарды ажыратады.
Қазіргі уақытта суды тазалау қондырғыларының жаңа типі - қалқымалы тұнбалы мөлдірлеткіштер жасалған. Мұнда коагуляцияланған судың мөлдірлену процессі әлдеқайда қарқынды жүреді, себебі мөлдірленетін су қалқымалы күйде болатын тұнба қабаты арқылы өтеді.
Су құбырында суды мөлдірлендірудің келесі кезеңі - ол суды түйіршікті толтырғыштар салынған сүзгіштер арқылы сүзеді. Сүзгіштер былайша жіктеледі - сүзу жылдамдығы бойынша: баяу сүзгіштер (0,1-0,3 м/сағат) жедел сүзгіштер (5-10м/сағат) Суды сүзу, бір-бірімен принципі бойынша айрықша келетін, екі әдіспен жүргізіледі. 1.Қабықты сүзу. Ол сүзуші толтырғыштың жоғарғы қабатында судан ұсталған қоспалардан пайда болған қабық арқылы сүзу. Биологиялық қабық баяу сүзгіштердің жұмысында шешуші рөлді атқарады. Өте ұсақ қалқыма бөлшектерді ұстаудан басқа, бұл қабық бактерияларды ұстап (олардың санын 95-99% азайтып), судың тотықтануын (20-40%-ке) және түсін (20%-ке) төмендетеді. Баяу сүзгіштердің суды сүзу жылдамдығы 0,1-0,3м/сағат. 2. Көлемдік сүзу. Ол жедел сүзгіштерде жүргізіліп, физико-химиялық процесс болып табылады. Коагуляцияланған және тұндырғыштан немесе мөлдірлеткіштен өткен су сүзгішке түседі. Сүзгіштің бетіндегі су қабатының биіктігі 2 метрден кем болмау керек. АКХ екі ағысты сүзгіштері және ДДФ - екі ағысты сүзгіштері бар. Екі ағысты АКХ сүзгіштерінің жұмысы мына принцип бойынша жүреді, судың негізгі массас (70%) астынан үстіне қарай сүзіліп, ал қалған 30%-ті, әдетті сүзгіштегідей, үстінен астына қарай сүзіледі. Жанаспа коагуляция әдісін қолданатын қондырғылар жанаспа сүзгіштері, немесе жанаспа мөлдірлеткіштері деп аталады. Ауыз суды заласыздандыру Суды залалсыздандырудың мақсаты болып, су арқылы ішек инфекцияларының таралу жолдарына сенімді тосқауылды қою саналады.Залалсыздандырудың мынадай әдістері қолданылады: реагенттік (хлорлау, озондау). реагентсіз (ультракүлгін сәулесімен, гамма-сәулелерімен, ультрадыбыспен). Ауыз суды хлорлау. Көбінесе сұйық хлор қолданылады. Хлорлаудың тиімділігіне бірқатар факторлар әсер етеді: 1.Судың рН жоғарылаған сайын бактерицидтік эффектісі төмендейді. 2.Хлорлау эффектісі судағы қалқымалы заттардың бөлшектерінің өлшемдеріне және санына байланысты. Олар хлордың бактериалдық клеткаға жетуіне кедергі жасайды. 3.Судың температурасының хлорлау тиімділігіне әсері судың бастапқы бактериалдық ластану дәрежесіне, хлордың дозасына, жанасу уақытына байланысты болады. 4.Залалсыздандыру жағдайына әсер етуші факторлардың ішінде ең маңыздысы болып, хлордың дозасы және жанасу уақыты саналады. Суды озондау әдісі жатады. Суда озонның ыдырауында, аралық өнімдері ретінде, қысқа мерзімді өмір сүруші – Н2О : ОН бос радикалдары пайда болады. Молекулярлық оттегі және оның радикалдары, күшті тотықтырғыштар болып, озонға бактерицидтік қасиет береді. Суды ультракүлгін (бактерицидтік) сәулелерімен залалсыздандыру физикалық, немесе реагентсіз, әдістеріне жатады. Бактерицидтік әсерді УК (ультракүлгін) сәулелерінің, толқындарының ұзындығы 275-тен 200 нм дейінгі диапазонындағы спектрі береді. Суды йодпен залалсыздандыру. Сумен қамтамсыздандырудың шағынды жүйелерінде суды залалсыздандыру үшін йод ерітіндісін қолдануға болады. Йодтың ерітіндісі суды йод криссталлдарының колонкасы арқылы өткізу арқылы даярланады. Мұнда су йодпен қанығып, (10 С шамамен 200мг/л және 30 С, орта есеппен 400мг/л ертінді береді. Суды ультрадыбыспен залалсыздандыру. Ультрадыбыстың бактерицидтік әсері негізінен ультрадыбыс өрісінде бактериялардың механикалық бұзылуымен түсіндіріледі. Электрондық микроскопияның мәліметтері бактериялардың клеткалық қабықтарының бұзылуын көрсеткен. Ультрадыбыстың 1 минуттағы әсерінен В.СоІі қоздырғыштарының 90% дейіні, ал 2 минутта -97% дейіні жойылады. Суды гамма-сәулелерімен залалсыздандыру. Барлық реагентсіз залалсыздандыру әдістерінің ішінде гамма-сәулелері көптеген артықшылықтарымен ерекшеленеді. Гамма-сәулелерін қолдануда суға ешқандай бөгде заттар қосылмайды, судың табиғи химиялық және органолептикалық қасиеттері өзгермейді. Тиесілі дозасында микроорганизмдер тез арада жойылады да, сәулелеуден кейін суды бірден тұтынушыларға беруге болады.
Ауыз және тазартылған сарқынды суларды (СС) зарарсыздандыру үшін әлемдік тәжірибеде қолданылатын әдістерді шартты түрде мынадай негізгі топтарға бөледі:
- химиялық (қатты тотықтырғыштардың көмегімен: хлор, хлор диоксиді, натрий гипохлориті, кальций гипохлориті, озон, қышқыл калий марганеці, сутегі пероксиді және басқа);
- физика-химиялық (ультрасүзу, флотация, коагуляция, электр сүзгілеу, сорбция және басқа).
