Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмді мемлекеттік реттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187 Кб
Скачать
☆

27. Халықаралық туризмді дамыту бойынша юнеско- ның бағдарламары.

ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО — 1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры — Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.

XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.

ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.

Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:

болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу;

білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу;

заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау;

мүше-мемлекеттерге «техникалық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады;

арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.

28. Туризмнің 2007-2011ж.Ж мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың

2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2007-2011

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік

бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекітілген 2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасын орындаудың Желілік кестесінің 16-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына сәйкес әзірленді.

Аяқталған кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысымен бекітілген Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды, халықаралық туристік байланыстар біршама кеңейді, туристік саланың заңнамалық және нормативтік құқықтық базасы жетілдірілуде. Бұл ретте туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 609 қаулысымен бекітілген Индустриалды-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының негізгі өлшемдерін есепке ала отырып іске асыруға басты назар аударылды.

Жеті кластерлік бастаманың ішінде туристік саланың экономиканың басым секторларының бірі ретінде танылуы оны дамытуға жаңа серпін берді.

Қазақстанның бүгінгі таңда әлемдік туристік қауымдастыққа ықпалдасуына және халықаралық туристік нарықта ұстанымын нығайтуына нақты мүмкіндігі бар.

Аталған жағдай қызмет көрсету саласындағы, оның ішінде туризммен сабақтас секторларда: ауыл шаруашылығында, ұлттық табиғи парктерде, мәдениетте, көлік және коммуникациялық инфрақұрылымда және т.б. халықты жұмыспен қамту арқылы экономикалық өсімге ықпал ету мақсатында елдің бәсекеге қабілетті туристік индустриясын дамыту бойынша мақсаттар мен міндеттер қою үшін алғышарттар туғызды.

Қалыптасқан оң үрдістер саланың кезек күттірмес міндеттерін де, сонымен қатар оның даму болашағын ескере отырып, ұзақ мерзімді міндеттерін шешуге де мүмкіндік береді. Барынша маңызды міндеттердің бірі Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті әлемнің 50 елінің қатарына кіру стратегиясында анықталған, атап айтқанда, 2011 жылдың аяғына қарай Қазақстанның Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналуы.

Сөйтіп, Мемлекеттік бағдарлама экономиканың басым секторы ретінде саланы орнықты дамытуды қамтамасыз етудің негізгі проблемаларын қамтиды. Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсетудің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды енуінің жүйе жасаушы табиғи факторы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді және барынша серпінді дамушы сала болып табылады.

Мұнда туристік саланы мемлекетаралық, мемлекеттік және жеке деңгейлерде жоспарлау мен орнықты дамытуда келісілген әрекеттерге, Қазақстан Республикасының туристік саланы дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіруге және туризмді дамытуға кең көлемде қолдауға үлкен маңыз беріледі.