- •1.Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу қағидалары.
- •2.Мамандандырылған туристік ұйымдар. Дтұ мақсаты, міндеттері.
- •3.«Қр туристік қызмет туралы» заңның мақсаттары мен міндеттері.
- •4.Туризмнің дамуын мемлекеттік реттеу.
- •5.Халықаралық туризм бойынша Гаага декларациясының негізгі принциптері.
- •6.«Қр туристік қызмет туралы заң» (туристердің негізгі құқықтары мен міндеттері).
- •7.Мемлекеттік реттеудің негізгі жолдары.
- •8.Туризмді реттеуші мемлекеттік органдар.
- •9.Туристік іс-әрекеттегі мемлекеттік реттеу қағидалары.
- •10.Қазақстанда туризм дамуының басым бағыттағы туристік аудандары.
- •11.Туризмді реттеу бойынша халықаралық конференциялар.
- •12.Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті.
- •13.Қр туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасының негізгі бағыттары.
- •14.Туристік қызметті халықаралық- құқықтық реттеу
- •15.Уәкілетті органның құзыреті.
- •17.Шарттық қарым- қатынастағы құқықтық негіздер.
- •18.Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдардың құзыреттілігі
- •19.Көлік туралы заң
- •20.Туризм жөнінде кеңес.
- •21. Туризмреттеушінормативтікқұқықтықбаза
- •22. «Сақтандыру туралы» қр- сы Заңы.
- •23. Қазақстандық туризмнің өзекті мәселелері және туризмді дамыту стратегиясы
- •24. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заң
- •25. Жарнаманың құқықтық аспектілері.
- •26. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң
- •27. Халықаралық туризмді дамыту бойынша юнеско- ның бағдарламары.
- •28. Туризмнің 2007-2011ж.Ж мемлекеттік бағдарламасы.
- •29. Туристерді медициналық сақтандыру бойынша дтұ- ның ұсыныстары.
- •30. Туризмді мемлекеттік реттеу қағидалары (қр- ның Заңы).
- •31. Туристерді сақтандыру бойынша халықаралық және мемлекеттік ұйымдар.
- •32. Туристік ресурстар (қр- ның Заңы).
- •33. Міндетті түрде сақтандыру туралы заң.
- •34. Лицензиялау туралы заң.
- •35. Туристік жарнамалық- ақпараттық орталық.
- •36. Медициналық рәсімдеу.
- •37. Туризмнің этикалық кодексі
- •38. Өтелмелі қызмет көрсету
- •39. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
- •40. Туристерді сақтандыру түрлері мен бағалары
- •41. Туристтерге кедендік жеңілдіктер туралы конвенция.
- •42. Туризмдегі екіжақты шарттар құрастыру.
- •43. Туризм облысында маман дайындау.
- •44. Туризмдегі кадр мәселесі (қр- сы Заңынан)
- •45. Дтұ құқықтық режим аспектілеріндегі туристік қызметті құқықтық реттеу.
- •46. Мынжылдық Осака декларациясы.
- •47. Туризмдегі лицензиялау ережесі.
- •48. «Қр көлік туралы» заңның негізгі бөліктер мен мазмұны.
- •49. «Қр туристік қызмет туралы заң» (туристердің негізгі құқықтары мен міндеттері).
- •50. Туризм хартиясы.
- •51. Әлемдік Монила декларациясы.
- •52. Қоныстану туралы.
- •53. Туризмді реттеу бойынша халықаралық конференциялар.
- •54. Ұлы жібек жолын қайта дамыту бойынша юнесКо бағдарламасында Қазақстанның орны.
- •55. Қр туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасының негізгі бағыттары.
- •56. Туристік қызметті халықаралық- құқықтық реттеу
- •57. Туристік рәсімдеу.
- •58. «Тарихи- мәдени мұраны қорғау және қолдану туралы” «қр туристік қызмет туралы» заңынан.
- •59. Шарттық қарым- қатынастағы құқықтық негіздер.
- •60. Туристерді сақтандыру. Негізгі ұғымдар.
- •1.Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу қағидалары.
- •38.Өтелмелі қызмет көрсету
48. «Қр көлік туралы» заңның негізгі бөліктер мен мазмұны.
Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
ҚазақстанРеспубликасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі № 156-XIIIЗаңы
1 бөлiм. Жалпы ережелер |
(1 - 4 баптар) |
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi |
(5 - 8 баптар) |
3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi |
(9 - 14 баптар) |
4 бөлiм. Көлiктегi қауiпсiздiк және жауапкершiлiк |
(15 - 24 баптар) |
5 бөлiм. Қорытынды ережелер |
(25 - 26 баптар) |
Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлікті пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекет (атқарушы билік органының атынан).
Көлік кәсіпорны - жүктерді, жолаушыларды, теңдеме жүкті тасымалдау, көлік құралдарын сақтау, оларда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнінде шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды.
Қазақстан Республикасының көлігі - оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық труба-құбыр көлігі.
Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін әрі осыған белгіленген тәртіппен берілген лицензиясы немесе рұқсаты бар, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде көлік құралдарын иеленуші жеке немесе заңды тұлға.
Тікелей аралас қатынас - бірыңғай көлік құжаты бойынша әртүрлі көлік түрімен жүктерді, жолаушылар мен теңдеме жүктерді тасымалдау.
Уәкілетті мемлекеттік орган - көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына бақылау және қадағалау жасау жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге реттерде мемлекеттiк органдардың көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне араласуына, сондай-ақ көлiк кәсiпорындарының пайдалану қызметкерлерiн басқа жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ.
49. «Қр туристік қызмет туралы заң» (туристердің негізгі құқықтары мен міндеттері).
Транзитті қоса алғанда, саяхатқа әзірленген, саяхат жасаған кезде туристiң:
1) өзiнiң жеке басына немесе мүлкiнiң қауiпсiздiгiне қол сұғылған жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттiк, сондай-ақ туристiк өкiлдiктерге өтiнiшпен жүгiнуге;
2) уақытша болатын елге (жерге) бару, сондай-ақ уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелерi туралы, уақытша болатын ел (жер) заңнамасының ерекшеліктері туралы, жергiлiктi халықтың әдет-ғұрпы туралы, дiни салт, қасиеттi орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткiштер және туристерге көрсетiлетiн, ерекше қорғаудағы басқа да объектiлер, қоршаған ортаның жай-күйi туралы қажеттi және дұрыс ақпарат алуға;
3) еркiн жүрiп-тұруға, уақытша болатын елде (жерде) қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристiк ресурстарға еркiн қол жеткiзуге;
4) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристiк қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтiрiлген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтелуiне;
5) шұғыл медициналық жәрдем алуға;
6) шетелдік туристердiң құқықтық көмек және көмектiң өзге де түрiн алуына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк билiк органдарының жәрдемдесуiне;
7) туристердiң қолда бар байланыс құралдарына кедергiсiз қол жеткiзуiне құқығы бар. Туристердiң өзге құқықтары болатын елдiң (жердiң) заңдарымен айқындалады. Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2008.07.05. N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Туристiң мiндеттерi
Саяхат жасаған кезде, транзиттi қоса алғанда, турист:
1) уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарын сақтауға;
2) уақытша болатын елдегi (жердегi) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи, тарихи және мәдени ескерткiштерге ұқыпты қарауға;
3) уақытша болатын елге (жерге) келу және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету ережелерiн және транзиттiк жүрiп өтетiн елдердегi ережелердi сақтауға;
4) саяхат кезiнде жеке өзiнiң қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға мiндеттi. Туристiң өзге мiндеттерi болатын елдiң (жердiң) заңдарымен айқындалады.
