Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмді мемлекеттік реттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187 Кб
Скачать
☆

46. Мынжылдық Осака декларациясы.

Халықаралық туризм жаппай құбылыс ретінде ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана пайда бола бастады, себебі бұл уақытта адам құқығын қорғайтын заңдар қабылданды. Осы кезде «халықаралық туристік құқық» түсінігі қалыптасты. Оның негізін келесі құжаттар құрады:

1) Адам құқығының жалпылама декларациясы (10 желтоқсанда 1948 ж.

БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған);

2) Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқық туралы халықаралық

пакт және Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пакт (16

желтоқсан 1966 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған).

Халықаралық туризм жөнінде ДТҰ келесі құжаттарды қабылдады:

1) 1963 жылғы халықаралық туризм және саяхат бойынша БҰҰ Рим

конференциясының жалпы резолюциясы;

2) 1975 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша

жиналыстың акті;

3) 1980 жылғы ДТҰ-ның әлемдік туризм бойынша Манил декларациясы;

4) 1982 жылғы туризм бойынша Дүниежүзілік жиналысының Акапулько

құжаты;

5) 1985 жылғы Турист кодексі;

6) 1985 жылғы ДТҰ-ның Бас Ассамблеясының VI сессиясында бекітілген

туризм Хартиясы;

7) 1989 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша

жиналыста қабылданған құжат;

8) 1989 жылғы ДТҰ мен парламентаралық одақпен қабылданған туризм

бойынша Гаага декларациясы;

9) 1994 жылғы туризм бойынша

47. Туризмдегі лицензиялау ережесі.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (бұдан әрі -«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заң), «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі — «Лицензиялау туралы» Заң), өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және уәкілетті органның-лицензиардың туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін жүргізуін белгілейді.

-Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы ережемен белгіленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке жаңа заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы беріледі.

6. Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап жеті ай ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға міндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.

2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары

7.Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:

-туроператорлық;

-турагенттік;

-экскурсиялық;

-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.

8.3аңды тұлға- өтінушінің филиалдары мен өкілдіктері құрамында лицензияланады.Филиал немесе өкілдік туралы ереже мен тіркеу құжаттары лицензиарға көрсетілуі тиіс.

9. Заңды тұлға-өтінуші филиал немесе өкілдік ашқан жағдайда, 30 күн ішінде лицензиарды хабардар етеді.

1О.Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі.

11.Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым ( бұдан әрі-лицензиялық алым) төлейді.

12.Тұлғаның аталуы Заңды, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.

1З.Лицензия «Лицензия туралы» Заңмен белгіленген мерзімге беріледі.

14.Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрімен куәландырылады.

15.Туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығына лицензия өтінушіге осы ережені 3-бөлімінде көрсетілген біліктілік талаптарына сай келген жағдайда беріледі.

16.Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет.

17. Турагенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет.

18. Экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға лицензиялау үшін мынадай құжаттар қажет.

19.Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет.

20.Өтінуші ұсынылған құжаттардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасымен бірге белгіленген жауаптылықта болады.

21.Өтінушінің өткізген құжаттарында қамтылған мәліметтерді тексеру қажет болған ретте, лицензия беру туралы шешім тексеруден соң қабылданады.Тексерудің нәтижелері бойынша туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді,» сондай-ақ туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы қортынды шығарылады.

З.Біліктілік талаптары

22.Туроператорлық қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды.

23.Турагенттік қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды.

24.Экскурсиялық қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды.

25.Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды.

4.Лицензия беруден бас тарту, лицензияны тоқтату, қайтарып aлyжәне оның колданылуын тоқта тұру

26.Лицензия беруден мьша жағдайларда бас тартылады, егер:туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық кесімдер мен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;

27.Турагенттік, туроператорлық, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға лицензия берген бас тартылған жағдайда, өтінушіге бас тарту себебтері көрсетілген жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

28.Егер заңнамамен белгіленген мерзімде лицензия берілмеген жағдайда немесе лицензия беруден бас тартуды өтінуші негізсіз деп тапса, ол бір ай мерзімде лицензиардың іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

29.Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе өтінушінің құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

3О.Лизцензияны басқа заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынады.

31 .Лицензия өз күшін мына жағдайларда тоқтатады.

32.Лицензияны қайтарып алу және оның күшін тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделген тәртіпте және негіздерде жүзеге асырылады.

ЗЗ.Лицензияның күшін тоқтату туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

34.Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себебтері жойылғаннан кейін лицензияның күші қалпына келеді.

5. Есепке алу және бацылау

35.Лицензиар берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізеді.

36.Осы ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.

Лицензиар осы Ереженің сақталуын тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізеді.