Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмді мемлекеттік реттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187 Кб
Скачать
☆

37. Туризмнің этикалық кодексі

ТУРИЗМНІҢ ҒАЛАМДЫҚ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ

(Сантьяго,1 қазан,1999 жыл )

Туризімнің этикалық кодексі –жаңа мыңжылдықта туризімнің дамуына әсерін тигізеді.Туризімнің ғаламдық этикалық кодексі өзіне осыған дейін жасалған барлық декларациялардың мазмұнын қоса отырып,өзімен бірге жаңа XXI-ға сай идеясын әкеледі.

Болжамға сай алдағы 20 жыл ішінде туризімнің 3 есе өсетінін ескере отырып,Дүнежүзілік туристік ұйым мүшелері,туризімнің ғаламдық этикалық кодексі ,туризім даму барысында ,одан максимальді түрде пайда табуға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге көмктесетініне сенімді болып отыр.Кодексті өңдеу мәселесі резолюциямен белгіленеді,ол 1997 жылы Стамбулда ДТҰ-ның бас ассамблеясымен қабылданды.Келесі 2 жыл ішінде Ғаламдық этикалық кодексті құру үшін арнайы коммитет жасақталды,бұл жобаны ойлап тапқан ДТҰ-ның бас секретарі мен заңды кеңесші болатын.Жобаның негізі ДТҰ-ның іскерлік кеңесімен және өкілетті кеңесімен кеңесе отырып құрылды.БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша 1999 жылы Нью-йоркте өткен сессиясында осы кодекстың концепсиясын мақұлдап жәнеДТҰ – ға кодексті жеке сектордың қосымша бағдарламаларымен толықтыруын қарастырды.Кодекске әлемнің 70-ке жуық ДТҰ-ға мүше елдерінен хат түріндегі мінездемелер келіп түсті.

Туризімнің ғаламдық этикалық кодексі,өзіне 10 пункт қосты және ұзақ кеңес бойынша құрылды,және ол бірауыздан 1999 жылы қазанда Сантьягода ДТҰ-ның бас ассамблеясымен қабылданды.

Кодекс 9 баптан тұрады,ол туристік бағыттарға,үкіметке,туроператорларға,құрылысшыларға,туристік агенттіктерге және саяхаттаушыларға «ойын ережесін»анықтайды.10-шы бап конфликт туғызатын және келісілмеген сұрақтарды шешуге арналған.

Туризімнің ғаламдық этикалық кодексі –бұл толығымен өндірілетін және іске асырылатын құжат болу керек.Оны оқыңдар.Және де оны кең түрде насихаттап жүріңдер.Оның дамуына үлес қосыңдар.Тек қана біздің еңбек етуіміздің арқасында ,туризімнің болашақта дамуына ,оның экономикаға үлес қосуына және халықтар арасында жақсы қарым –қатынас орнатуға жағдай жасайды.

1 БАП.Туризімнің халықаралық түсінушілікке және халықтар арасындағы сыйластыққа қосатын үлесі.

2БАП.Туризм – бұл индивидуалды және коллективті дамудың факторы

3БАП. Туризм –тұрақты даму факторы

4БАП. Туризм –адамзаттың мәдени мұрасының қолдана отырып ,оның демалуына үлес қосады.

5БАП.Туризм – бұл қабылдаушы елмен қауымдастықтарға пайдалы іс –әрекет

6БАП.Туристік жүйе мүшелерінің міндеттері

7БАП.Туризімдегі құқық

8БАП.Туристік саяхаттардың еркіндігі

9БАП.Туризм саласындағы кәсіпкерлермен қызметкерлердің құқығы

10БАП.Туризімдегі глобальды этикалық кодекс қағидаларының орындалуы

38. Өтелмелі қызмет көрсету

Өтелмелi қызмет көрсету шарты

1. Өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iс-әрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi.

2. Осы тараудың ережелерi байланыс қызметiн, медициналық, мал дәрiгерлiк, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет көрсетуге, оқыту бойынша көрсетiлген қызметтерге, туристiк қызмет көрсетуге және осы Кодекстiң 32, 34, 35, 39, 41, 43, 44-тарауларында көзделген шарттар бойынша көрсетiлетiн қызметтердi қоспағанда, өзге де қызмет көрсетулерге қолданылады.

684-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын атқару

Егер өтелмелi қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, атқарушы қызметтi өзi көрсетуге мiндеттi.

685-бап. Көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу

1. Тапсырысшы өзiне көрсетiлген қызметтерге өтелмелi қызмет көрсету шартында көрсетiлген мерзiм мен тәртiпте ақы төлеуге мiндеттi.

2. Тапсырысшының кiнәсiнен орындау мүмкiн болмаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе өтелмелi қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметке ақы толық көлемiнде төленуге жатады.

3. Орындаудың мүмкiн болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер актiлерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы атқарушыға оның iс жүзiнде шыққан шығындарын өтейдi.

686-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын орындаудан бiржақты бас тарту

1. Тапсырысшы атқарушының iс жүзiнде шеккен шығыстарын өтеген жағдайда өтелмелi қызмет көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқығы.

2. Тапсырысшының кiнәсiнен болған жағдайды қоспағанда, атқарушы өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтiрiлген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы.

687-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шартын құқықтық реттеу

Мердiгерлiк туралы жалпы ережелер (осы Кодекстiң 616-639-баптары) және тұрмыстық мердiгерлiк туралы ережелер (осы Кодекстiң 640-650-баптары), егер осы Кодекстiң 683-686-баптарына, сондай-ақ өтелмелi қызмет көрсету шарты нысанасының ерекшелiктерiне қайшы келмесе, өтелмелi қызмет көрсету шартына қатысты қолданылады.