Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дифференциальная психология распечатать.rtf
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Дифференциалды психология

Кітаптармен қамтамасыз ету – сәуір 2008 ж.

Автор

Название

Год изд.

Экз

Нормативные акты. Комментарии.

Учебники. Учебные пособия

Байшукурова А.К.

Типовая программа. «Диффер. психология»

2001

1

Ильин Е.П.

Дифференциальная психофизиология мужчин и женщин. Учебное пособие.

2003

3

Ильин Е.П.

Дифференциальная психофизиология мужчин и женщин. Учебное пособие.

2006

20

Курпатов А.В.

Развитие личности. Психология и психотерапия.

2006

1

Нартова-Бочарев С.К.

Дифференциальная психология. Учебное пособие.

2002

10

Нартова-Бочарев С.К.

Дифференциальная психология. Учебное пособие.

2006

20

Монографии. Справочные издания. Дополнительная литература.

Тақырып 1. Дифференциалды психологияның пәні, оның негізгі міндеттері

Дифференциалды психология психологиялық ғылымның негізгі салаларына жатады. Дифференциалды психологияның пәні болып, индивидтер арасында, сонымен қатар топтар арасындағы айрмашылықтар, олардың себептері мен салдарлары табылады. Жеке дара айырмашылықтар деп, психикалық процестердің өту ерекшеліктерін, психикалық күйлердің, эмоционалды процестердің пайда болуы мен динамикасын, сонымен қатар, субъектінің темпераменті, мінезі және қабілеттері сияқты ұғымдарды айтамыз. Жеке дара айырмашылықтар, яғни адам өміріндегі биологиялық және әлеуметтік факторлардың күрделі өзара қатынастары туралы мәселе тек дифференциалды психологияның зерттеу пәні емес, педагогика, медицина, заңтану, т.б. ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады. Сондықтан да, психология мамандығын таңдаған студенттер ең алдымен психологиялық концепциялар және эксперименталды зерттеулермен танысуы қажет, ол болашақта студенттерге психологиямен салалас ғылымдарды меңгеруде мәні зор екені анық.Сонымен, жасы, жынысы, дене құрылысы, жүйке жүйесінің қызмет етуі және т.б. параметрлері бойынша бір-бірінен ерекшелінетін адамдармен жұмыс істеуге дайындалатын психолог-студенттер болашақта психологиялық кеңес беруді кәсіби жоғары деңгейде тек психологияның осы саласындағы дәстүрлі және қазіргі кездегі білімдерді меңгеру барысында атқара алады. Дифференциялды психология (қазақшаға аударғанда индивидуалды айырмашылықтар психологиясы) – бұл ғылымдағы жеке индивидті немесе топтағы адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін зерттейтін бөлім.Оларды қандай да бірп ерекшеліктеріне байланысты: жасына, жынысына, қандайда бір әлеуметтік ортасына қарай топтастырады. «Дифференциалды психология» терминін 1900 жылы неміс психологы В.Штерн енгізді. Сол кезде оның «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі жарық көріп, Штерн әр елдің ғалымдарына психологияның бұл бөлігін бір атаумен атауды ұсынды. Дифференциалды психологияның зерттеу салалары өз бетінше дамиды және көп жағдайда өзара аз байланысады.Дифференциалды  психологияның міндеті адам психикасындағы индививдуалды айырмашылықтардың заңдылықтарының пайда болуын және көрінуін қарастыру, зерттеудің психодиагностикалық теориялық негізін және психокоррекциялық бағдарламаларын өңдеу болып табылады.Бүгінгі күні білімнің бұл аймағы практика сұранымдарына максималды жауап беруде, сондықтан өте тез дамуда.

    Дифференциалды психология психологиялық ғылымның басқа бөліктерімен де байланыс түзеді. Оның жалпы психологиядан айырмашылығы жалпы психология психиканың ( жануарлар психикасын қоса) жалпы заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Салыстырмалы психология ( бір кезде бұл термин дифференциалды психологияға синоним ретінде қолданған) қазіргі кезде эволюциялық баспалдақтың әр түрлі деңгейінде тұрған тіршілік иелерінің психикасының ерекшеліктерін зерттейді. Ол көбінесе зоопсихологияның білімдерін қолданады, антропогенез және адам санасының пайда болу мәселерімен айналысады. Жас ерекшелік психологиясы жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейді.Дифференциалды психофизиология адам психикасын жоғары жүйке жүйесі қасиеттерінің шартталуымен байланыстыра қарастырады. Дифференциалды психология өзінің қалыптасуының басынан өз пәнінің ерекшелігімен көңіл аудартты. Штерннің пікірінше, дифференциалды психология психикалық және физикалық феномендерді (құбылыстарды), әрекеттерді және бейімделушіліктерді зерттейді. Яғни, жасырын және объективті бақылауға болмайтындарды ғана емес, сонымен бірге мінез-құлықта және тілекте, бағдарда, басқаша айтқанда жүзеге асатын немесе жүзеге аспайтын қабілеттерде  көрінетін құбылыстарды да зерттеуге тырысады. Феномендер дәстүрлі түсінік бойынша – тікелей тәжірибе объектісі, ал іс-әрекет пен бейімділік-   жанамалы тәжірибе объектісі.Қазіргі кезеңде дифференциялды психология индивидтік, индивидуалдылықтың пәндік-мазмұнды және рухани-көзқарастық сапасын,өзіндік сана ерекшеліктерін, тұлғалық стиль сипатын, әр түрлі іс-әрекетті жүзеге асыруын зерттейді.Дифференциалды психология шеңберінде алынған теориялық білімдердің көптеген практикалық міндеттерді (индивидтердің жеке қасиеттерін, қабілеттерін диагонстикалау мен прогноз беру, кәсіби таңдау мен іріктеу, т.б.) шешуде мәні зор болады. Индивидуалды айырмашылық психологиясы немесе дифференциалды психология – бұл психология ғылымының  жекелеген индивид немесе адамдар тобын, қандайда бір ортақ белгілермен біріктіріп, ерекшеліктерін зерттейтін бөлігі болып табылады.Мұнда зерттелетін ерекшеліктер диапазоны өте кең, ал олардың құрылымы  әр түрлі: индивидуалдылықтың физиологиялық негізі ретінде жоғары жүйке жүйесінің қасиеттерінен бастап, әлеуметтік бағдарлар мен кәсіби қызығушылықтарға дейін қарастырады.Дифференциалды психология дербес ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады, бірақ оған қарасты кейбір ғылыми көзқарастар, мысалы, темперамент, мінез-құлық, этология жайлы ілімдер сонау антикалық заманда  пайда болып, көптеген ғасырлар бойында дамып отырды.Индивидуалды айырмашылықтар психологиясының дамуына практикалық сұраныстар стимул болды. Оқыту мен тәрбиелеу аймағындағы психологиялық практикалық тіркемелер, өндірістік, адамаралық өзара қатынасты ұйымдастыру мен реттеу жекелеген адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін есепке алмай, зерттеусіз мүмкін емес.   Қазіргі кезде дифференциалды психология психологияның нақты емес шекараланған бөлігі: тікелей психофизиология мен жалпы және әлеуметтік психология, өз кезегінде зерттеудің «эпицентрі» болып табылатын қандай да бір зерттеу әдістерін қолданушы, зерттеу мәселесі және ғылыми дәстүрі бар  психиатриямен шектесіп жатыр. Индивидуалды айырмашылықтың конституционалды және физиологиялық негізін, психологиялық тестілеу, тұлға сипаттарын зерттеу, мінез-құлықтың әр түрлі типологиясын, психопатия және тағы басқаларды зерттеу дифференциалды психологияның  зерттеу  обьектісі болып табылады.Психологияда индивидуалдылықты зеттеу үлкен тарихқа ие. Индивидуалдылықты жүйелі зерттеу  қазіргі дифференциалды психологияның өзекті аспектілерінің бірі. Қазіргі   ұлы            ғалымдардың  фундаментальді теориялық зерттеулерінен кейін жүйелі көзқарас индивидуалды психологияның мәселелерін өңдеуде анықтаушы болды. Субъективтілік шындықты ұйымдастырудың иерархиялық концепциясы, жүйелі көзқарас принциптерімен қатар адам индивидуалдығын зерттеудің  негізі теориялық және қолданбалы еңбектерде де кездеседі. Қазіргі кезде индивидуалдылық мәселесі В.В.Белоус, А.И.Крупнов, И.В. Равич-Щербо, В.М.Русалов, О.А.Ахвердова, И.В.Боев ғылыми мектептерінде қарқынды дамуда. Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты  зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына  байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы  ары қарай өмір сүруге құқылы. Дифференциалды психологияның даму тарихы. Дифференциалды психология термині неміс психолгі енгізді. В. Штерн өзінің жеке тұлға айырмашылықтар 1900 жылы өз еңбегі жарыққа шығарды. Біраз уақытқа дейін /И.Банзен, Е.Моно/ түсінігі бойынша мінезді атауын алды. Тұлға психологиясы /А:Билл, Крепеллин/ арнайы психология /Г.Кеймоно/ ғылыми бағыты алғашқы дамытқан А. Бине, Дл.Кеттел, Ф.Гальтон, В.Ситерн Ресейде А:ФЛазурский. Алғашқы әдістерін жеке, топтық тестер ой қабілеттігі кейіңірек промективті әдіс эмоционалды реакционалды байқайтын. Негізі дара айырмашылықтардың айқын зерттелінген мысалдары ұлы ежелгі философ Платон еңбегінде кездеседі. «Адам табиғатының сипатты қасиеттері индивидтердің арасында тепе-тен пропорциямен улестірлмейді» Бейн де айтқан. «Табиғи талаптары болмаса «Әлемдегі ең жақсы адамы боламын» деп ешкім айталмайды» деп Аристотель тұжырымдады. Баланың даралығына қызығушылық өскен тенденциясы XVII-XVIII ғасырларда байқалады. Руссо, Песталоцци, Гербарт, Фребель XVIII-XIX ғғ. баланың даралығына қызығушылық өскен тенденцияға үлесін қосты. Дифференциалды психологияның пайда болуына әсер еткен астрономияда, Мэскелин, Киннебрук зерттеушілермен болған окиғы 1796 жылда болды. Бессель деген астроном дербес өзгешіліктердің сандық өлшеулері жөнінде алғашқы жариялауды шығарды. «Салыстырмалы талдауға» Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы әсер етті. . «Бейімдеу», «қубылмалылық» және «таңдау» принциптері бұл теорияға жатады. Гальтонның «Туқым қуалаған данышпан» деген еңбегі 1869 шықты. Рұлық тарихи әдісті қолданып, іс-әрекет түрлеріне қабілеттер қалай тегінгенін көрсетуге Фишер тырысқан. Және де ол «Бейімдеу талдауын» жете зерттеген. Индивидуумдардың дара айырмашылықтарын анықтау үшін оларды өлшеу керек - әрбірін жеке-жеке, бір-бірімен салыстыру бойынша және үлкен топтармен. Мұны бастаған Гальтон. Ол «Адамның қабілеттерін өлшеуі» деген жиналықты шығарған . «Дифференциалды психология» терминің еңгізген неміс психологы Штерн. Дифференциалды психологияның бірінші кітабы «Дербес өзгешіліктердің психологиясы » деп аталған. Еркін ассоциацияларға арналған тесттерді шығарған Гальтон. Еркін ассоциацияларға арналған тесттердің техникасын әрі қарай дамытқан Вундт. Гальтонмен«Аутқулардың қалыпты таралуы» және «корреляция проблемасы» .зерттелінді. Ал Карл Пирсон корреляция теориясының математикалық аппаратың жете зерттеді. Өздерінің жұмыстарында эксперименттік психология мен дербес өзгешіліктердің өлшеуінде негізделген психологияны қосқан американлық психологы Джеймс Маккин Кэттел. Ол 1890 жылы «зияткерлік тестер» деген ұғымды еңгізді. Француз психологы Бине зияткерлік дамуының жалпы коэффицентінің шәкілін дамытты (1908 жылы, жас нышаны бойынша. Зияткерлік тесттердің ең атақты модификациясың Америкада зерттеген Кэттел. Зияткерлік коэффиценті жии IQ деп аталады. Зияткерлік пен шыңдығы жасының арақатынасының кәзіргі нұсқасы Термен – Мерилл шәкілі деп аталады. Психологияның бұл аймағы В.Штерннің айтуынша, психикалық функциялар мен құралдардың айырмашылық ғылымы болып саналады.  Дифференциалды психологияның пайда болып, ғылымдар жүйесінен орын алуы 1896 жылы А.Бине мен В.Анридің «Индивидуалды психология» атты баяндамасынан кейін кең өріс алды.Жиі жағдайда Ф.Гальтонды дифференциалды психологияның бастаушысы ретінде алады. Бірақ оның нағыз дифференциалды психологияның атауына , қазіргі  заманғы ғылымдар қатарынан орын алуына әсер еткен 1900 жылы жарық көрген В.Штерннің «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі, уақыт өте келе дифференциалды психологияның ауқымды өңделуіне ықпал етті. Ол өзіне адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу үшін көптеген психологтердың назарын аудартты. Әрине, бұл жерде тек индивидуалдылықты зерттеу ғана қарастырылған жоқ,сонымен қоса, әр алуан психикалық құралдар мен олардың көрініп, айқындалуының индивидуалды формаларында қарастырды. Сондықтан да, әр түрлі популяцияларда салыстырмалы зерттеулер жүргізілді, мұның  негізінде жыныстық, жастық т. б. индивидуалдық және әлеуметтік топтардың айырмашылықтары айқындап, олардың арасындағы корреляциялық байланыстар орнатылды.

Б.М.Тепловтің  пікірінше, психологияның кез-келген ортақ заңы өзіне жеке тұлғалық және индивидуалдылық факторын біріктіреді,яғни қабілеттер  мәселесін дифференциалды аспектіден бөліп қарастыруға болмайды.Э.А.Голубева көрсеткендей, әлемдік ғылымда дифференциалды психология ерекше орын алады. Себебі ол қабілеттер мен дарындылық индивидуалды айырмашылығын зерттейді .Дифференциалды психология аймағында өлшеу құралдары құрылған тестер-өлшеу қорытындысын анализдеу әдісі. Бұл диагностика мәселесіндегі жекелеген аймақтарды ғана шешеді: дағды,  нышан, шеберлікті мінез-құлық деңгейінде шешеді, ал оның күрделі салаларын шешуде  дифференциалды психофизиология алға шығады. Кеңес Одағында индивидуалды айырмашылықтар лабораториясы  1952 жылы Орталық және педагогикалық психология институтында Б.М.Тепловтың басшылығымен ашылған.Бұл лабораторияның негізгі міндеті- индивидуалды психологиялық айырмашылықтарды зерттеудің әдіс-тәсілдерін өңдеп, қолдануға жарамды ету және ең негізгісі  индивидуалды психологиялық айырмашылығының физиологиялық механизмдерін ашу, зерттеу, ал оның негізін И.П.Павловтың типологиялық концепциясы құрайды.1972 жылдан бастап лабароторияны  Небылицин басқарып, математикалық әдістер мен есептеу техникасы дифференциалды психология аймағында кең өріс тапты.1993 жылдан бастап «Дифференциалды психофизиология және психология»  лабароториясын Э.А.Голубева өз басшылығына алды.Зерттеудің басты мәселесі қабілеттер мен оның нышандарын анықтау. Ағымды болжам Б.М.Тепловтың болжамы болды.  Дифференциация мен индивидуализация мәселесі білім беру жүйесіндегі стратегияны өңдеуде қолданылады. Оның белсенділігі, өзектілігі қоғамдық өзгерістерге, экономиканың қарқынды дамуына байланысты өсе түседі:

 Оқу мен тәрбиеге альтернативті бағыт таңдау мақсатында;

 Арнайыланған мектептердің пайда болып, қоғамда дифференциациялануы үшін.

Әр түрлі инновациялық және авторлық технологиялар, білім беру жүйелері және т.б. себептер әлеуметтік – экономикалық құрылымдардың салдарынан жаңа мағынаға ие болуда.Индивидуалды психологиялық  айырмашылықтарды анықтап, зерттеу жұмыстарын жүргізусіз адамдардың іс-әрекет аймағында ешқандай прогреске қол жеткізу мүмкін емес.Дифференциалды айырмашылықтарды зерттеп, оның психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ашу әлемдік ғылым жүйесіне қосқан үлкен үлес болып табылады.

Тақырып 2: Дара айырмашылықтардың негізгі факторлары

1.Психологиялық индивидуалды вариацияның қайнар қөздерін анықтау- дифференциалды психологияның басты мәселесі. Индивидуалды ерекшілік тұқымқуалаушының пен қоршаған ортанынң көп қырлы және күрделі қалыш- қатынасынан туатыны белгілі.Тұқымқуалаушылық биологиялық түрдің(қөрінісі) тұрақтылығын қамтамасыз ертсе, қоршаған орта- оның өзгермелігі мен өмірдің өзгермелі шарттарына биімделу мүмкүндігі болып табылады.

Тарихи тұрғыдан биологиялық немесе қоршаған ортаға қатынасты, мәдени- әлеуметтік детерминацияға байланысты төмендегідей бірнеше теориялар бөлініп шықты:.биогенетикалық теория, әлеуметтік –генетикалық теория, екі факторлық теория

2. Индивид пен жеке тұлға

Индивид- адамның психологиялық сипатын (физикалық) тасымалдаушы (К.А. Абулханова- Славская). Әлеуметтік топтағы нақты субъектіні бөліп қарау мақсатында «Әлеуметтік индивид» терминің қолданады. Индивид жеке тұлға ерекшеліктерінің алға шартын жасағанмен, мәдени- әлеуметтік сапаның себептестігін көрсете алмайды.

Жеке тұлға (А.Н. Леонтьев анықтамасы)- адамның тарихи- мәдени дамуында игерген және белсенділік, субъектілік, қызығушылық және түсінік қасиетіне ие индивидтің жүйелі сапасы.

Жеке ерекшілік

құрылым деңгейі

Әр деңгейдің

Қасиеті

Жүйе құрайтын қасиет

В.Г.Ананьев (1969)

1.Индивид

1. Жынысы, жасы, конституциясы, нейродинамикасы

2. Психофизикалық қасиет (функция, органикалық қасиет)

3. Дарын белгілері, темперамент

Жеке тұлға қасиеттері

2. Субъектің қызметі

1. Когнитивті сипаттамма, комиуникативтілік еңбекке жарамдылық

2. Қабілеттік

3. Жеке тұлға

1. Статус, әлеуметтік орны, құндылық құрымы

2. Мінез- құлық пайда болу себептері

3. Мінез

В.С.Мерлин (1986)

1. Ағза қасиеті

1. Биохимиялық қасиеті

2.Жалпы соматикалық қасиеті

Индивидуалды қасиет стилі

2. Психикалық қасиеті

1. Темперамент

2. Жеке тұлға қасиеттері

3. Әлеуметтік психологиялық қасиет

1. Адамның әлеуметтік топтағы, әлеуметтік ролі

2. Тарихи қоғамдағы әлеуметік ролі

Э.А.Голубева (1989)

1. Ағза

1. Алғашқы қажеттіліктер

2. Адам мен жан-жануарларға ортақ жүйке-жүйесі қасиеті

3.Адам ғана тән жүйке жүйесі

4. Өмір бойына қалыптасатын уақыт байланыс жүйесі

Эмоционалдық, белсенділік, өзін- өзі реттеу

2. Жеке тұлға

1. Қабілеттік

2. Темпераметтің жалпылыма қасиеттері

3. Қабілетті дамыту, қалыптастыру

4. Мінез қасиеті

3. Дифференциалды психофизиология.

Индивидуалды ерекшілік психологияның негізі (базасы).

Алғаш мінез-құлық пен жүйке жүйесінің қасиеті арасындағы байланысында танымал орыс физиологы И.П.Павлов назар аударды. Ол- өзінің иттерімен жасаған тәжербиесінде жүйке процесінің күш, қозғалыс, тепе-теңдік сияқты қасиеттерін анықтайдды.Осы қасиеттер денені қоршаған орта өзгерістеріне бейімделуге мүмкіндік береді. Айтылған қасиеттерді жинақтай келе теориялық жүйке жүйесінің 24 типі (мұнда тип мінез-құлықтын жалпы көрінісі сияқты түсіндірме (15). Медицинада бұрынан белгілі төртеу; темперамент типіне сәйкес келеді (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик), бірақ И.П.Павлов жануарланға жасалған тәжірбие заңдылығынан олар адамның мінез-құлқына баса айтқан.

И.П.Павлов бойынша жүйке жүйесінің қасиеті

Жүйке жүйесінің қасиеті

Әлсіздік

Күш

Тепе-теңсіздік

Тепе-теңдік

Әлсіз тип

(меланхолик)

Күшті, тепе-теңді тип (холерик)

Қозғалыс

Инерттік

Күшті, тепе-теңдігі жоғары, қозғалыстағы тип

(сангвиник)

Күшті, тепе-теңдігі жоғары, инертті тип

(флегматик)

И.П.Павлов құрған принцип дифференциалды – физиологиялық зерттеулерге әлі күнге дейін негіз болып келеді .

1. Алдымен, типті емес, қасиетті зерттеу керек.

2. Кейбір сәтті құбылыстар сипаттамасын емес, сандық, мөлшерлік анализ жасау керек.

3. Жүйке жүйесінің күнделікті көрінетің қасиетінің сипаттамасына емес лаборотфиялық экспериментке сүйену керек.

4. Ағзаның реакциясын ғана есепке алумыз керек.

5. Индивидуалды ерекшіліктің психофициологиялық сипаттамасыда тек бағалауыштық ұстанымды қолдануға болмайды.

Психология ғылымының жеке эксперименталды ғылым бола бастағаннан адамның индивидуалдық қасиеттерін сана элементтерін немесе жүріс-тұрыс мәселелерін зерттеу эмпирикалық зерттеудің пәні болды. ХІХ ғасырдың аяғында адамның индивидуалды қасиеттері ағылшын зерттеушісі Френсис Гальтонның  зерттеу обьектісі болды. Ф.Гальтон индивидуалды айырмашылықты зерттеу техникасын ең алдымен статистикалық әдісті енгізді. Гальтонды  барлық зерттеулерінде зерттелінушілерінің арасындағы индививдуалды айырмашылық негізгі қызықтырды. Гальтон индивидуалды вариациялар  бағынатын заңдылықты математикалық түрде көрсету тәсілін іздестірді.  Әдістемелік құрал ретінде статистиканы қолданды. Гальтон индивидтердің әр түрлі        қасиеттерінің (физикалық  және психикалық) арасында корреляция бар деп есептеп, оларды статистикалық анықтау әдісін , яғни факторлық анализ негізін ұсынды. 1900 жылы В.Штерннің «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» еңбегінде әр түрлі адамдардағы қабылдау, ойлау, сөйлеудің айырмашылығын қарастырады. Ол қабілеттерді тестілеу әдісін енгізді.                      Индивидуалдылық мәселесі Ресейде де қарастырылды. Солардың бірі орыс психологы А.Ф.Лазурскийдің  зерттеулері   индивидуалды айырмашылықтың теориясының негізін қалай отырып, мінезді, темпераментті  адам индивидуалдығының сипаты ретінде қарастырып, зерттеуді ұсынды. А.Ф. Лазурский адам өмірі мен тәжірибесіне жоспарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Тәжірибесінде  жекелеген психикалық  процестер емес, психикалық функциялар және тұлға толығымен зерттеледі. В.М. Бехтерев және Л.Франкпен қызметтестік әсерінен А.Ф.Лазурский  алғаш рет тұлға қасиеттерін түсіндіруде психоморфологиялықтың орнына нейродинамикалықты қойды.  «Жалпы және эксперименталды психология» атты дәріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын айтты: эндопсихика және экзопсихика. А.Ф.Лазурскийдің пікірінше,  темперамент және мінез эндопсихиканы, яғни тұлғаның тума жағын құрайды. Экзопсихикалық жағы  тұлғаның қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесі. Осы негізде оның тұлғаны классификациялау жүйесі құрылды. Кеңестік психологияда индивидуалды айырмашылықты зерттеуде В.М.Русаловтың көзқарасынша  екі бағыт бар. Біріншісін шартты түрде «мазмұнды-мағыналы» деп атауға болады және ол мінез, білім, шеберлік, қабілеттілік, мағыналылық, түрткілер, мақсаттардың  және т.б. индивидуалды вариацияларын, ішкі мазмұнды мағыналылықты немесе адамның индивидуалды психикасын білуге және зерттеуге бағытталады. Екіншісі обьективті тіркелетін  индивидуалды мінез-құлықтың барлық психофизиологиялық формасы – биохимиялық, вегетативті және электрофизиологиялықтан бастап күрделі моторлы құбылыстарға дейін қамтиды.

В.М.Русаловтың айтуынша,  психологтерді алдымен интеллект, мінез, ойлау, қабылдау аймағындағы индивидуалды айырмашылықтар  жайлы жәйттер қызықтырды. Жүйелік анализ принциптеріне негізделе отырып, В.С.Мерлин индивидуалдылықтың құрылымының келесі деңгейлерін көрсетті:

1)биохимиялық;

2)соматикалық;

3)нейродинамикалық (жүйке жүйесінің қасиеті);

4)психодинамикалық (темперамент);

5) тұлға қасиеттері;

6)әлеуметтік рөлі.

Субъектілі іс- әрекет тәсілінің негізін салушы, С.Л.Рубинштейннің пікірінше, индивидуалдылық - бұл барлық сыртқы әсерлерді  жоятын психикалық қасиеттер жиынтығы. Ішкі шарттар жиынтығы ретінде ол бейімделу қасиеттер жиынтығына төмендегілерді жатқызады:

  жоғары жүйке іс-әрекетінің қасиеттері;

 тұлға бағдары;

 адам өзіне қоятын түрткілер мен міндеттер жүйесі;

 адам қылығымен шартталған мінез қасиеттері; қабілеттер.

С.Л.Рубинштейн пікірінше, барлық психикалық процестер тұлғада өтеді. Психикалық процестердің индивидуалдылық ретінде тұлғадан тәуелділігі индивидуалды-дифференциялды айырмашылықтардан көрінеді. Адамдардағы  индивидуалдылықтың жалпы құрылымына байланысты қабылдау, ес, зейін және тағы басқалардың типтері бойынша ажыратылады.

Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. К. А. Абульканова – Словская нақты субъектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін  «әлеуметтік индивид»  түснігін қолданады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік – мәдениленген салаларын ережеге сай детерминацияланбайды. Ал тұлға ( А.Н. Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) – мәдени – тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп, оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды – физиологиялық алғы шарттармен бір мәнді анықталып жатпайды. Индивид пен тұлғаның өзара әрекеттесуін жалпы алғанда тарихта әр түрлі шешілген дене мен рухтың мәселесін көрсетеді, мысалы дене – бұл тағдыр деп тұжырымдай келе Фрейд тұлғаның биологиялық іргетасына адам өмірінде шешуші рөлін берді, ал отандық психологияда керісінше бірнеше он жыл бұрын тұлға болып қалыптасуы: кім олай атамады, кім тек индивид болып қала береді деген шарттары кең талқыланды.  Бұл қарама – қарсылық даралық айырмашылық психологияның  психофизиологиялық жағын жақтаушылар мойындаған идеологиялық  мағғна сияқты ғылыми мағнада болмады. Кеңестік психологияда даралықтың құрлымын бөліп көрсететін бірнеше ықпалдар бар. Олардың авторлары Б. Г. Ананьев, В. С. Мерлин, және А. Г. Голубева болып табылады.  Олардың көзқарастарын бір – бірімен салыстыру талдауын  жүргізген М. С. Егорова болды. Индивид пен тұлғаның сипаттамаларын біріктіру үшін В. С. Мерлин интегралды даралық түснігін енгізіп, оның атымен белгілей отырып, ондағы барлық табиғи және әлеуметтік сапаларды тығыз байланыстырды. А. Н. Леонтьевке қарағанда В. С. Мерлин индивидті және жеке тұлғалық қырларды бір – біріне қарсы қоймай,  оларды бағындыруға тырысты.Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе. Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүтіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз - өзіне ұқсастыру формасы. Бұл күрделі анықтаманы қабылдауда маңызды болып табылады.  ДАдамның ұлпалық құрлымы жаңарып отыратынына қарамастан (ішкі өзгерістер), ал өмір жаңа (тапсырмаларын) міндеттерді қояды (сыртқы өзгерістер), адам өзіндік «Мен» сезімін жоғалтпайды -  бүтіндік шарты бұзылғанда тұлға ішкі қарама – қайшылықты, қақтығысты бастан кешіреді, яғни, өзіндік бұзылуға әкелуі мүмкін. Сонымен, біршама жеңілдетілген түрде индивидуалдылық – бұл индивид, тұлға және олардың арасындағы байланыстар деп айтуға болады.  Индивидуалдылықтың бірыңғай емес, әртүрлі сипаттамаларын белгілей отырып, оны үш қабатты «Ғимарат» ретінде елестетуге болады. Дифференциалды психологиядағы обьективті бақылаудың мінез – құлық тапсырмасын дифференциалды психофизиологияға жүктеуі мүмкін.

Тақырып 3: Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері.

Психикалық өмірді атомның құрылысы сияқты жай қөзбен қарап ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан зандылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым деп саналмайды.

Психикалық әрекеті арнайы белгіленген әдістер арқылы зерттейді.

Жантануда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістері бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы косалқы әдіс деп аталынады.

Негізгі әдістерінің бірі – байқау әдісі. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-кұлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темперамент де байқау әдісі арқылы ажыратылады.

Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сойлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сойлемдерін күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиисті қорытынды шығарады.

Байқау әдісінің ңәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:

    1. байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттеулінуін қамтамасыз ету

    2. зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар студенті алатын болсақ, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу.

    3. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұкият талдау жасау; басты фактілерді сол сәтте іріктеп алу.

Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар.

Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да қөп уақытың жіберіп алады.

Екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады.

Бақылау әдісінің түрлері:

  • бақылау мақсатының мазмұнына байланысты: мақсатқа бағытталған және еркін бақылау.

  • бақылауды сипаттау бірліктеріне, жүйеленуіне байланысты: жүйеленген және жүйеленбеген.

  • Бақылауды ұйымдастыру принципіне байланысты: табиғи бақылау, лабораториялық бақылау және табиғи жағдайда арнайы қалыптастырылған бақылау.

  • Бақылаушы позициясына байланысты: сырттан бақылау және қосарланған бақылау.

  • Бақылауды хронологиялық ұйымдастыруға байланысты: лонгитюдті бақылау, кезеңдік бақылау және бірлі-жарым оқиғаны бақылау.

  • Бақылау есебін жазу формасына байланысты: стандартталған бақылау және стандартталмаған бақылау.

Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарыны көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процесті тууына өзі жағдай жасайды.

Лабораториялық эксперимент әдісің негізін салған неміс ғалымы В. Вундт (XIX ғ.); табиғи экспериментті психологияға тұнғыш енгізген көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский.

XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла басталды. Неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832 -1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Кейін келе олар секундтың 1/1000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып, кейбір психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты. Орыс психологы Н. Ланге (1858 - 1921) тәжірибе әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А. Бине (1857 - 1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың I –ші дүние жүзілік конгресінде II (Париж, 1889) талқыланды. XIX ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін орыс психологы Г. И. Челпанов (1862 - 1936) ұйымдастырды.

Ғылыми психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуды басты мәселенің бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И. П. Павлов ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады. Көптеген физиологиялық және психологиялық лабораторияларда И. П. Павловтың шәкірттері бұл әдістің әр түрлі нұсқаларымен ойдағыдай жұмыс жүргізуде. Мысалы, осы әдіс арқылы профессор Н. И. Красногородский балалардың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің даму жолдарының, проф. А. Г. Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген.

Тәжірибе нәтижелілігі мына келесі жағдайларға байланысты болады: 1) байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс; 2) тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар, т.б. жазу-сызу құралдарымен қамтамасыз ету); 3) зерттеуді күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнауылы әдістемеге сай жүргізу; 4) бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау.

Табиғи тәжірибенің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи тәжірибенің кейбір түрлері арқылы (оқыту, констанциялау, ) қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгіруі мен тәртіптілігін арттыруға мүмкіндік алады.

Тәжірибе жүргізу үшін кейбір қарапайым аспаптар:

  • Психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін хроноскоп пайдаланады.

  • Тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін эстезиометр пайдаланады.

  • Зейіннің көлемін анықтау үшін тахистоскоп пайдаланады.

  • Естуді өлшеу үшін аудиометр пайдаланады.

  • Денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін эргограф пайдаланады

Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды

Анкета арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады. Бұл әдістің негізгі кемшілігі - адам шын көңіліндегісін жаза бермейді, не болмаса оны қағаз жүзінде дұрыс көрсетпеуі де мүмкін.

Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі - сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, өн-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтардың айналысында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай сұхбат бірнеше түрлері бөлінеді: А) жеке адамдармен В) топтармен С) стандарттық.

Адам іс-әрекетінің нәтижесін талдау әдісі. Бұған жатады: күнделік, өмірбаян (зерттелушінің тұған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу), шығарма, хаттар, мазмұндама.

Түрлі жан қуаттарының құрылымын функциялар мен параметрлерді шамамен жорамалдауда, эксперименттік материалдарды талдауда, модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдіс қолданылады . Психологияда математиканы алғаш қолданған ағылшын психологы Ч. Спирмен. Атақты орыс психологтары Б. М. Теплов және В. Д. Небылицын осы әдісті адамның жоғары жүйке қызметі қасиеттерінің құрылымын зерттеуде пайдаланды.

Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлумат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын ала белгіленген жас белгілеріне қарай жүргізіледі. Тест арқылы, бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ма деген, сауалдарға жауап алынады. Бұл әдісті қолданғанда тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға (кемінде 200) бірдей беріледі де, мұндағы жауаптардың орта (барлық бала бойынша ортақ балл) есебі есептеленеді. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма болып есептеленеді. Тест тапсырмаларын тексеру, жас мөлшерлік норма белгілеу тестті стандарттау деп аталады. Қазіргі ғылыми білімнің және қоғамдық тәжірибенің даму барысы күрделі шындық құбылыстарын жүйелі ұйымдасқан объектілер мен құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігіне әкелді.Қазіргі ғылыми білімнің мәнді тенденциясы  психологиялық феномендерді толықтық, интегралдылық, пәнаралық, жүйелі зерттеулерді қарастырады: танымдық процестер, тұлғалық, индивидуалдылық және олардың арасындағы байланыстың тек қана ішкі толықтық шеңберінде емес, сонымен бірге кең көлемде- қоғамдық, биосфера және т.б. қарастыру.

ХХ ғасырдың 20 жылдары жүйелі жол, ең алдымен Л.фон Берталанфидің  жалпы жүйе теориясының әсерінен, метатеория ретінде ерекшеленді және  нақты пәндердің  танымының жалпы ғылыми методологиясына айналды. Жүйелі зерттеу жолының принципінің кеңестік психологияда   екі басты ғылыми ойлар  аймағымен байланысты:  философиялық- әлеуметтік және жаратылыс-ғылыми.Адамды жүйелі зерттеу  психология ғылымымен шектесіп жатқан жаратылыс тану ғылымдарындағы ғылыми жетістіктермен де тығыз байланысты. Сезім мүшелерінің физиологиясы, жоғары жүйке жүйесінің физиологиясындағы өңдеулер психологияның объектісі адамның ішкі әлемінің сыртқы орта шындығымен өзара байланысын  түсінуге мүмкіндіктер берді.А.П.Нечаев,В.М.Бехтерев,А.Н.Бернштейн;Н.Е.Румянцев,А.Ф.Лазурский, А.А.Токарский, С.С. Корсаков, Н.Н.Ланге еңбектеріде психикалық құбылыстарды бүтіндей етіп қарастыруға тырысып, әртүрлі психикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік құбылыстардың өзара әрекетінің фактілерін анықтады.Психиканың жүйелі табиғатын зерттеуде кеңестік психологияда мәнді қадам жасағандар: Б.Г.Ананьев, В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, Б.М.Теплов және т.б. Мінез-құлық және іс-әрекеттің жүйелі талдауы П.К.Анохин, А.Н.Леонтьев, Н.А.Бернштейннің есімдерімен тығыз байланысты.Қазіргі кезеңде психологиядағы жүйелі жолдың дамуы құрылым, деңгейлерді және олардың толыққанды қызмет жасауын зерттеумен қатар, ең алдыңғы орынға   дамуы мен қалыптасуында қояды. Жүйелі зерттеу  бойынша генетикалық бағыт доминантты болып отыр. Кілтті сапа ретінде толықтылық, даму кезеңдері мен деңгейлерінің қатынасы, олардың түрлері, критерилері, психикалық дамудағы өзекті және потенциялды өзара қатынастың туындау механизмдері мәселелерін қарастырады.         Жүйелі жол көмегімен индивидуалдылықты анықтаудағы ғылыми-тәжірибелік міндет осы индивидуалдылықтың даму барысын басқару. В.С.Мерлин пікірінше, тәжірибелік экспериментте іс-әрекеттің индивидуалды стилін қалыптастыру болып табылады. Бірақ басқада болжамдар болуы мүмкін, мысалы, сендіру рөлі, тұлға аралық қатынас құрылымы және т.б. Сонымен, дифференциалды психология психология ғылымының маңызды салаларының бірі. Оның даму тарихы ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басы. Ең алғаш  1900 жылы «Дифференциалды психология» терминін ғылымға енгізген неміс ғалымы В.Штерн .Дифференциалды психология психология ғылымының басқа салаларымен тығыз байланыста. Дифференциалды психология адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттейді.Адамдар арасындағы мінез - құлық, темперамент, қабілет ерекшеліктерін, жыныстық, жастық,  нәсілдік, гендерлік  айырмашылықтарды,іс-әрекет стилін, жоғары жүйке жүйесі қасиеттеріне байланысты ерекшеліктерді қарастырады. Сонымен қатар, мінез – құлықтағы акцентуацияның дамуын, дарындылық және данышпандылықтың физиологиялық негіздерін қарастырады.             Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты  зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына  байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы  ары қарай өмір сүруге құқылы.Дифференциалды психология – бұл психология ғылымының үнемі жаңа мәліметтермен толықтырылып отыратын, аса перспективті, қарқынды дамушы бөлігі.Сондықтан, психология ғылымының  дифференциалды психология саласының болашағы мол үміт күттіреді.

Тақырып 4: Адамдағы табиғи және әлеуметтік факторлардың бірлігі

Индивидуалды психикалық вариацияларының көздерін анықтау – дифференциалды психологиядағы негізгі мәселе. Индивидуалды  айырмашылықтар тұқымқуалаушылық пен орта арасындағы күрделі және көптеген өзара әсерден пайда болатыны белгілі. Тұқымқуалаушылық биологиялық түрдің тұрақты өмір сүруін қамтамасыз етсе, орта - өмірдің өзгермелі шарттарына бейімделу мүмкіндігі мен өзгергіштігін қамтамасыз етеді.Тұқымқуалаушылық эмбрионның ұрықтану кезінде ата – ананың  гендері арқылы беріледі. Егер химиялық баланисровка немесе гендер толық емес болатын болса, дамып келе жатқан ағзада физикалық аномалия немесе психикалық патология болуы мүмкін. Бірақ, кейбір қарапайым жағдайда да биохимиялық, физиологиялық, психологиялық - әр түрлі деңгейдегі реакция нормаларының қосындысының нәтижесі  тұқымқуалаушылық мінез-құлық вариацияларының  кең спектрін беруі мүмкін. Ал тұқымқуалаушылықтың ішкі шекарасының соңғы нәтижесі ортаға тәуелді.  Осылайша, адамның белсенділігінің әрбір көрінісінен тұқымқуалаушылықтың және ортаның әсерлерін табуға болады, ең бастысы – бұл көріністің мазмұны мен шегін анықтай алу. Сонымен қатар адамда жануарда жоқ әлеуметтік тұқымқуалаушылық бар (мәдени үлгінің ізімен жүру, акцентуацияның берілуі, мысалы, анасынан баласына суық аналық тәрбиенің салдарынан шизоидты мінез акцентуациясының берілуі, жанұялық көріністің қалыптасуы). Бұл жағдайларда көбіне бірнеше ұрпақ барысындағы ерекшеліктердің тұрақты көрінуін анықтайды, бірақ генетикалық шегендеусіз белгілейді. А. Анастази пікірінше, әлеуметтік мұра шын мәнінде қоршаған орта әсеріне қарсы тұра алмайды. «Өзгергіштік», «тұқымқуалаушылық», және «орта» түсініктеріне қатысты бірнеше пайымдамалар бар. Тұқымқуалаушылық түрдің тұрақтылығына жауап береді, дегенмен тұқымқуалаушылықтың белгілері өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар, ортаның әсер ету салдары индивидтің психологиялық бейнесінде  біршама тұрақты болуы мүмкін, дегенмен олар ген арқылы келесі ұрпаққа берілмейді (мысалы, туғанда алған жарақаттың салдарынан бала дамуының бұзылуы). Даралықтың қалыптасуындағы екі фактордың үлесін түрлі теориялар мен ықпалдар әр түрлі бағалайды. Тұқымқуалаушылық пен ортаның үлесінің маңыздылығын  әртүрлі түрдегі  дисперсия себеп мәндерін талдаушы сандық белгінің генетикасы анықтайды. Бірақ әрбір белгі қарапайым, бір аллельмен белгіленбеуі мүмкін (доминантты және рецессивтісі гендер жұбы болуы мүмкін). Сонымен қатар, қорытынды тиімділік әрбір геннің әсер етуінің арифметикалық қосындысы ретінде қарастырылмайды, өйткені олар бір уақытта көрініп, өзара әсерлесу арқасында жүйелі тиімділікке әкеледі. Сондықтан психологиялық белгінің генетикалық бақылау процесін зерттей отырып, психогенетика келесі сұрақтарға жауап алуға ұмтылады: 1. Даралық айырмашылықтардың қалыптасуын генотип қандай шекте анықтайды (яғни күтілген шектің вариациясы қандай)? 2. Бұл әсердің нақты биологиялық механизмі қандай (хромасомалардың қай бөлігінде сәйкес гендер шоғырланған)?  3.Гендердің ақуызды өнімі мен нақты фенотипті  қандай процестер біріктіреді?   4. Зеттеуші генетикалық механизмдердің өзгеруіне әсер ететін сыртқы орта факторлары бар ма? Тұқымқуалаушылық белгісі көрсеткіштер маңыздылығының абсолютті ұқсастығы бойынша емес, биологиялық ата – анасы мен баласының арасындағы көрсеткіштердің корреляциясының болуынан танылады. Зерттеу нәтижесінде биологиялық ата – ана мен баланы асырап алған ата – аналарының темпераменттерінің сипаттамаларының арасында ұқсастық табылады делік. Көбіне асырап алған жанұяда балалар жалпы және орта шарттарының айырмашылығын сезеді, соның нәтижесінеде абсолютті көрсеткіштер бойынша олар өздерінің асырап алған ата – анасына да ұқсап кетеді. Бірақ корреляциялар белгіленбейді. Қазіргі уақытта тұқымқуалаушылық факторы мен ортаны жақтаушылардың арасындағы дискуссия өзінің өткірлігін жоғалтып отыр. Даралық вариацияларының көзін анықтауға арналған көптеген зерттеулер, ереже бойынша, ортаның немесе тұқымқуалаушылықтың нақты бағасын бере алмайды. Мысалы: 1920 жылдары  егіздер әдісін қолданып жүргізген  Ф. Гальтонның психогенетикалық зерттеулерінің арқасында биологиялық детерминацияланған сипаттамалар (ми көлемі, басқа өлшемдер)  генетикалық анықталғаны, ал психологиялық сапа ( әртүрлі тест бойынша интеллектуалды коэфиценті) ортамен шартталатынына және үлкен айырмашылықтар болатыны анықталды. Оған жанұяның әлеуметтік және экономикалық статусы, туу реті және т.б. әсер етеді. Орта мен тұқымқуалаушылықтың өзара әрекеттесуін зерттеу облысындағы қазіргі жағдай интеллектуалды қабілеттеріне орта әсерінің екі модельі бойынша иллюстратцияланады. Бірінші модельде Зайонч пен Маркус былай тұжырымдайды: Бала мен ата – ана қанша уақытты бірге өткізсе, соншалықты үлкен туысымен интеллектуалды корреляция коэфиценті жоғары болады, (Экспозиционды модель), яғни бала өзінің интеллектуалды қабілеті жағынан кім көп оны тәрбиелесе, соған ұқсайды, ал егер ата – анасы қандайда бір себептермен балаға аз көңіл бөлсе, онда ол апасына немесе тәрбиешісіне ұқсайтын болады. Екінші модельде қарама – қайшылық белгіленеді: Макаски мен Кларк оның идентификациясының пәні болып табылатын бала  мен туысы арасындағы біршама жоғары корреляцияны бақылауға болады деген. (Идентификационды модель). Яғни ең маңыздысы – бала үшін интеллектуалды автаритет болу керек, сонда оған алыста тұрып әсер етуге болады, ал күнделікті бірігіп әрекет ету міндет емес. Бір – бірін жоққа шығарушы екі модельдің өмір сүруі тағы да дифференционалды – психологиялық теориялардың көбі тар органикалық сипатта екенін көрсетіп отыр, ал жалпы теориялар практика жүзінде қалыптасқан жоқ.Жаңа тұған наресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің менің басқа, яғни басқа мендерден адамдардан ажырата білуі тиіс.Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі мен білімі, бағыт-бағдары мен дағдысы, икемі мен дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты бар адамды тұлға деуге болады. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, керітартпа, бұзық, жауыз. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық. пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі т.б. түрлері болады. Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған.Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық., ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілдік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, үлкендерге сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер. Адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қаңдай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттері көп. Олардың бастылары: бейімділік пен қызығулар, мотивтер мен қажеттер, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды.Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады. Жеке адамды қандай болмасын әрекетке қарай итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы.Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек кұралдары т.б.) болады.Адам баласының тарихи даму жағдайында тұған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттер біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т.б.) тұғызады. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін тұғызады.Қажет - адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері – іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет – (әсіресе, табиғи қажеттер) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы.Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл – биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері – олардың көректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасың көргенде тілін салақтатып, ауызынан сілекейін шұбыртады т.б. Сөйтіп, аң біткеннің бәрі өз қажетін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажет аңдарға туа бітеді, олар шартсыз рефлекстік сипатта болады.Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Адамды електіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі – «Бұл не?» дейтін рефлекс. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде ең басынқы қызығуы болады. Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуне жөндеп тұрақтамайды. Мұндай «көрсе қызар» әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай богеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтере білуге жәрдемдеседі. Материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спортттық, танымдық. Бұл қызығуның бағыттары.Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболга қызығу.Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу екіге бөлінеді. Жанама қызығу – бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу. ... қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның ісі онға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге ыкыласы кетіп отырады.Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешіліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады (артығын жойыңыз). Мәселен, бір адамдар саяси-коғамдық мәселелереге ерекше назар аударып, екінші біреулер эстетикаға қызығады. Қызығу балаларда алғашқы кезде онша ажыратылмайды. Бөбектерде де қызығу элементтерінің барын байқауға болады, бірак қызығудын жақсы көретін жері - мектеп.Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі – адамның дуниетанымы мен сенімі. Дүниетаным – адамның табиғат, коғамдық өмір туралы білімдердің жүйесі. Даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді, оптимизмді дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жанұқиярлық күреске баулиды. Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші сенім. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп-пішіп көр, тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терең, тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған, мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі.

Жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттің енді бірі - мұрат (идеал). Бұл – адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат – адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді.

Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттердің бірі - талғам. Бұл адамның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік позициясына, бағыт пен мұратына, бағдарына, мақсатына байланысып жатады. Коммунистік қоғамда тәрбиеленген кеңес адамының талғамы буржуазиялық коғамдағы үстем тап адамының талғамынан сапалық айырмасы бар. Талғамға адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжңрибесі де елеулі әсер етеді. Модаға (сән) байланысты да адамдарда да түрлі талғам орын алады. Мәселен, кейбір адамдардың ала-құла, көзге қораш киінуін талғамы дұрыс қалыптасқан адам деп айту қиын. Өйткені дұрыс талғам дұрыс, жүйелі жақсы тәрбиенің нәтижесі.

Грузин психологы, академик Д. Н. Уснадзе (1886 - 1950) зерттеген бағдар теориясының мәні мына төмендегі қарапайым тәжірибеден байқалады. Салмағында айырмасы бар екі шарды қолымен 10-15 рет ұстап көрген адам бұлардың айырмашылығын оп-онай сезе алады. Кейін осы кісіге салмағы бірдей екі шар берілгенде де, ол бұларды бұрынғысынша екі түрлі деп қабылдайды. Салмағы бірдей екі шарды осылайша теріс қабылдауды (иллюзия) оның алдынғы қабылдауындағы субъективтік жағдайына байланысты тұған. Мұндайда адамның зейіні қабылдайтын заттың өзіне емес, сол зат тұғызатын сезімге, көғіл-күйіне ауып кетеді. Осы тәжірибеде де бір-біріне теі шарларды аңғармай, қате қабылдау осындай жайттан тұған.

Адамның қажеті мен мақсатын жөндеп сезіне алмаған жағдайы бағдар деп аталады. Мұндай жағдайды күнделікті өмірде де жиі кездестіруге болады. Мәселен, бірінші класс оқушылары үшін мұғалім қай жағынан да аса беделді адам. Оның ақ дегені ақ, қара дегені қара. Сондықтан да олар кейде кейбір мұғалімдердің теріс өнегелерін де талғамай қабылдай береді. Оқушылардың мұғалім жөніндегі бір жақты түсініктері осындай әлде де айқындала қоймаған түйсіктің, тек мүғалім жөніндегі жай бағдардың көрінісі.

Адамның жолы болмай, босқа әлек болған жан күйзелісін, психологияда фрустрация деп атайды. Бұл көп жағдайда адамның көңіл-күйіне қолайсыз әсер етіп, оны орынсыз мазасыздандырады. Егер осындай жолы болмаушылық қайталана берсе, адамды ұнамсыз қасиеттердің орын тебуіне себепші болады. Кейбірелер сылбыр, немқұрайлы, жігерсіз күйге түседі, енді біреулер орынсыз ызақор, күйгелектікке салынады.

Тақырып 5. Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері

даралықтың басты нейрофизиологиялық сипаттамалары ретіңде

Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт. Рефлекстің биологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прохаске өз еңбектерінде дұрыс көрсете білді және «рефлекс» терминінің ғылымға ендірді. Латын сөзі «рефлекс» бейнелеу деген мағынаны білдіреді.

Сыртан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы рефлекс деп атайды.

Шартсыз рефлекстердің жүйке жүйесі арқылы жасалу жолын рефлекс догасы деп атайды. Рефлекс догасының бөліктері: рецептор (сезім мүшесі), өткізгіш жүйке, қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі, орталықтан жұмыс аппаратына (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер) келетін жүйкелер

Рефлекс доғасының күрделі түрі ми қабығының жұмысына байланысты. Ми жұмыс органына хабар жіберіп қана қоймай, ол өзінің жолдаған хабарынан мағлумат алып отырады. Мұнсыз ми сыртқы ортадан мүлде кол үзген болар еді, организмдегі түрлі тітіркендіргіштерге ретімен жауап беріп отыру қиынға соғар еді.

Кейінгі зерттеулерде рефлекстердің жасалу дәстүрі үшін мүшелі доға принципіне шектелмейтіндігі, яғни рефлекс қызметі жұмыс органына келумен бітпей, ол сонымен бірге миға қайтадан хабар жеткізіп отыратындығы белгілі болып отыр. Кибернетика ғылымы жарыққа шықпастан көп бұрын орыс физиологы П. К. Анохин (1898 - 1974) ұсынган осы теория (1935) рефлекс туралы ілімнің творчестволықпен дамытылуының айғағы еді. Сөйтіп, физиолог Н. А. Бернштейн (1896 - 1966) айтқандай, қазір рефлекстердің жасалу жолын доғамен белгілемей «рефлекс шеңбері» арқылы жасалатындығын мойындау бірден-бір ғылыми түсінік болып отыр.

Рефлекс туралы теорияның негізгі қағидаларын нағыз ғылыми тұрғыдан тұжырымдаған атақты орыс физиологы И. М. Сеченов болды. Ол өзінің «Ми рефлекстері» деген еңбегінде психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді.

И. М. Сеченов мынадай қарапайым тәжірибе жасады: құрбақаның үлкен ми сыңарларын аралық мидың тұсынан тіліп алып тастап, оның аяғын қышқыл ерітіндісімен тітіркендірді, ол осы тітіркендіруге жауап ретінде келетін рефлекстің қаңдай жылдамдықпен пайда болатынын бақылады. И. М. Сеченов мидың тілінген жеріне ас тұзының кристалын салғанда онда рефлекстің тежелуге ұшырағанын қөрген. Бұл тәжірибе рефлексті мидың тежей алатындығын айқын көрсеткен. И. М. Сеченовтың ми қабығында қозумен қатар тежелу процесі де қоса қызмет атқарады деген пікірі психикалық әрекеттің мидың күрделі жұмысына байланысты екендігін, оның барлық негізінде қозу мен тежелуге байланысты пайда болатын рефлекстер жататындығын тамаша дәлелдеп берді.

И. М. Сеченовтың ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары И. П. Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімінде дамытыла түсті.

И. П. Павловтың лабораториясында жүргізілген тәжірибенің мазмұны: егер итке бір мезгілде екі тітіркендіргіш әсер етсе – бірі шартсыз рефлексті туғызатын – тамақ, екіншісі – өздігінен жануарда рефлекс туғызбайтын бейтарап тітіркендіргіш – жарық болса, мида қозуның екі алабы пайда болады. Қозудың осы алаптарының арасында екі тітіркендіргішті қосарландыра қайталған сайын нығайып отыратын жүйке байланысы жасалады. Жануардың тіршілігі үшін жарыққа қарағанда тамақ аса қажетті тітіркендіргіш. Соңдықтан мидағы тамақтану орталығы өзінен баяу қозған көру орталығының козу процестерін өзіне тартып алады. Осыдан барып, бұл екеуінің арасында байланыс жасалады. Мұны И. П. Павлов ми қабығындағы уақытша жүйке байланысы деп атаған. Осындай байланыс жасаудың нәтижесінде ит кейін жарық жағылып, тамақ берілмесе де сілекей шығара береді. Жеке алғанда жарықтың итке мүлдем қатысы жоқ, бейтарап тітіркендіргіш болып табылатын жарық тамақпен бекіндірілгеннен кейін ит үшін биологиялық манызы бар тітіркендіргішке айналып отыр. Осындай организмге қажетті құбылыстарды білдіретін көптеген сыртқы тітіркендіргішдің әсерінен пайда болатын ми қабығының қызметің сигналдық қызмет деп атайды.

И. М. Сеченов пен И. П. Павлов мидың барлық рефлекстік қызметі екі нервтік процестен - қозу мен тежелу тұратындығын анықтап берді.

Әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі – бұл қозу.

Жүйке жүйесін тыныштандыратын процесс – бұл тежелу.

И. П. Павлов мида бірыңғай козу мен бірыңғай тежелудің мүмкін еместігін, бұл жүйке процестерінің жұмысы организмнің бүкіл өмірінің барысында үздіксіз жүріп отыратындығын дәлелдеді. Мысалы, адам бір нәрсеге қатты зейін қойса, онда айналасындағы заттарға қарамайды, өйткені кітапка қадалған кезде миының бір алабы қозу жағдайында болады да, қалған алаптары тежелуге ұшырайды.

И. П. Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше түрлерін анықтады. Ол ең алдымен тежелуді сыртқы – шартсыз, яғни тұғаннан пайда болатын... және ішкі – шартты, яғни өмірде жасалып отыратын деп үлкен топқа бөлді.

Сыртқы тежелу бірнешеге бөлінеді: жай тежелу, шектен тыс тежелу (қорғаныс тежелу)

Ішкі тежелудің бірнеше түрі бар: сөне тежелу, ажырату (дифференциациялық тежелуі), кешігу, ұйқы тежелуі.

Егер шартты рефлекс жасалып жатқан бөлмеге жаңадан бір тітіркендіргіш қосылса (мәселен, бөлмеге бөтен кісінің кіруі), ит сілекей бөлуді тоқтатады, яғни жаңа тітіркендіргіш шартты рефлекстің пайда болуына бөгет жасап, оны тежеп тастайды. Бұл сыртқы тежелунің келесі түрі - жай тежелу.

Ми қабығының жұмыс істеу қабілетінің белгілі шегі бар. Егер миға үнемі күшті тітіркендіргіштер әсер ете беретін болса, жүйке клеткаларының тәртіппен біркелкі жұмыс істеуіне нұқсан келуі мүмкін. Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны апаттан сақтап қалатын сыртқы тежелудің осындай түрін шектен тыс тежелу (қорғаныс тежелу) деп атайды.

Егер шартты тітіркендіргіш (мысалы қонырау) бірнеше рет беріліп, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ) нығайтылмаса, онда шартты рефлекс жасалынбай, сөне бастайды, яғни байланыс уақытша тежеледі. Біраздан кейін тағы да қонырау соғылса, шартты рефлекс те қайтадан пайда болады. Бұл шартты байланыстың бұзылмағандығын, тек уақытша тежелгенін көрсетеді. Мұндай тежелулердің пайдасы организмге бір жағдайда қажетсіз болған рефлекстерді уақытша өшіріп отыратындығында. Бұл ішкі тежелунің келесі түрі - сөне тежелу.

Ішкі тежелудің бір түрі - ажырату (дифференциациялық тежелуі). Бұл организмнің түрлі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұксастықтарды айыра білу қабілетін көрсетеді. Мысалы, итке шартты рефлекс жасауда метроном арқылы 96 рет соққанда тамақ бермей, әр 100 соққанда ғана тамақ беріп отырса, кейіннен сілекей тек 100 рет соққанда ғана шыға бастайтын болады. Осындай тежелулердің жәрдемімен организм бір-біріне өте ұксас тітіркендіргішді де тез ажырата алады.

Тежелудің түрлерін сөз еткенде сыртқы тежелулердің орталық жүйке жүйесінің кез келген бөліктерінде пайда болатыны, ал ішкі тежелулер тек ми кабығына тән құбылыс екендігі естен шықпау керек.

«Ми рефлекстері» атты еңбек 1863 жылы жазылды.

И. П. Павлов ми қабығында жүріп отыратын қозу және тежелу процестерінің ішкі заңдылықтарын ашты. Ол осы процестердің алғаш пайда болған жерінен жайылатынын (иррадиация), кейін бір жерге шоғырланатынын (концентрация), тәжірибелік зерттеулер арқылы дәлелдеді.

Иррадиация құбылысы шартты рефлекстердің мида жайылып, оның әлі берік жасалмаған кезінде көрінеді. Мысалы, бала әліппеге үйрену кезеңінде «ы», «і» әріптерін айыра алмай қиналады, мұның себебі алғашқы кезде қозу процесінің бір орында тұрмай, жан-жаққа жайылуында болып отыр.

Ми қабығында қозу мен тежелудің бір жерге жинақталып, шоғырлануы да (концентрация) үнемі болып отырады. Бірак ол баяулау пайда болып, едәуір жүйке күшін қажет етеді. Мысалы, жаңағы айтылған «ы», «і» әріптерінің таңбасың, олардың естілу ерекшеліктерін бала бірнеше рет қайталағаннан кейін ғана шатыстырмай танитын болады.

Қозу мен тежелу процестерінің жайылуы және шоғырлану заңы организм өмірінде аса маңызды рөль атқарады. Мысалы, тежелу процесінің бірқалыпты жайылуы, көп жағдайларда ми сыңарлары қабығының клеткаларын мөлшерден тыс қажып кетуден сақтайды. Мәселен, ұйқы – бұл мидың барлық алабына тежелудің жайылуы. И. П. Павлов ұйқыны қорғаныс тежелуі деп атағанда, оны ми қабығын қажудан сақтайтын негізгі факторлардың бірі деп есептеген.

Қозу мен тежелудің ішікі заңдылықтарының бірі өзара индукция заңы. Бұл заң бойынша: егер мидың бір алабында қозу процесі туса, басқа бір алабында міндетті түрде тежелу процесі туады, керісінше, тежелу процесі болған жерде оған қарама-қарсы процесс - қозу пайда болады. Мидың бір алабында қозу, тежелу процесімен қоршалатын болса, бұл құбылысты ... дейді. Мысалы, адам бір нәрсе туралы барлық ынтасын салып ойланған кезде, өзінің айналысында не болып жатқанын байқамайды. Бұл біздің миымызда теріс индукция, яғни күшті қозу процесінің болып отырғандығын көрсетеді.

Екінші бір жағдайда ми қабығының бір алабында пайда болған тежелу айналасындағы алаптарда қозу процесін тудырады. Бұл құбылыс оң индукция деп аталынады.

Оң және теріс индукциялар бір мезгілде пайда болса, бір мезгілдік индукция, бірінен кейін бірі пайда болса, бір ізділік индукция индукциясы деп аталынады.

Қозу мен тежелу процестерінің заңды байланысының арқасында біздің барлық іс-әрекетіміз, саналы тіршілігіміз бір қалыпта жүзеге асып отырады да ми сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын дұрыс бейнелейтін болады.

И. П. Павлов ми қабығының негізгі жұмысы анализдік (талдау) және синтездік (жинақтау) қызметтен тұратындығын және бұл миды зерттеудің басты принциптерінің бірі екендігін көрсетіп берді. Мидың анализдік қызметі түрлі тітіркендіргіштерді біріктіруден, яғни ми қабығында уақытша байланыстардың жасалуынан көрінеді. Мысалы, иттің аяғын электр тоғымен тітіркендіргенде (шартсыз тітіркендіргіш), мұны даусы әлсіз қоныраумен нығайтатын болсақ

( шартты тітіркендіргіш), ит одан аяғын көтеріп қорғанады. Электр тоғымен тітіркендіруді даусы күшті қоныраумен нығайтсақ та осындай реакцияны байқаймыз. Бұл жерде ми қабығында екі ұқсас тітіркендіргіштерге (әлсіз және күшті қонырау) бір жауап беріліп отыр. Бұдан біз мидың синтездік қызметін көреміз.

Мидың анализдік, синтездік қызметі организмнің өмір сүруінің басты шарты болып табылады. Мысалы, жануарлар үшін әрбір сыбдыр, әрбір көлеңке, болмашы иіс, ауадағы болмашы козғалыстар т. б. тамақтың не қауіптің алыс – жақын екендігін білдіретін сигналдар болып табылады. Жануарлар сыртқы дүниенің тітіркендіргіштерін өте нәзік айыра және біріктіре алуы нәтижесінде ғана өзіне төнген қауіпті не тіршілігіне қажетті нәрсені дер кезінде сезіп, өмір сүретін ортасына дұрыс бейімделе алады.

Анализ бен синтез мидың бірімен-бірі тығыз байланысты, біртұтас қызмет болып саналады. Мидың бұл қызметі жүйке жүйесінің структуралық дәрежесіне қарай әр түрлі сипатта көрініп отырады. Мысалы, ми қабығының құрылысы ерекше дамып, жетілгендіктен адам миының анализдік, синтездік қызметі өте күшті дамып жетілген. Тіпті кішкентай баланың миының осындай қызметіне де жануарлар дүниесіндегі дамудың ең жоғарғы сатысында тұрған маймыл миының, анализдік, синтездік қызметі ешбір тең келе алмайды.

Осы мәселе жөнінде И. П. Павлов былай деп жазды: «Жануарлар үшін болмыс тек бірыңғай тітіркендіргіштер арқылы және олар көретін, еститін және басқа рецепторларының арнаулы клеткаларына тікелей баратын үлкен жарты шарлардағы іздер арқылы ғана хабарланады. Бұл сыртқы ортадан, жалпы табиғаттық және әлеуметтік ортамыздан естіген, көрген және түсінгеніміз сияқтылардың дәл өзі. Бұл шындықтың бірінші сигнал жүйесі, мұның өзі адамға да, жануарларға да ортақ болады».

Адамның жануарлардан басты айырмашылығы, онда еңбек пен қоғам өмірі процесінде дыбысты тіл (звуковой язык) дамып жетілген. И. П. Павлов сөз тек адамға тән жаңа сигналдар жүйесі болып табылатынын, оның шартты рефлекстерді қалыптастыруға негіз болатындығын көрсетіп берді. И. П. Павлов: «Сөз болса, болмыстың екінші арнаулы ерекше біздің сигнал жүйемізді құрды, ол ешбір теңдесі жоқ кең көлемде, жануарлардың шартты тітіркендіргіштеріне сан жағынан да, сапа жағынан да ешбір салыстыруға болмайтын өте күрделі тітіркендіргіш» деген еді.

Екінші сигнал жүйесі жануарлар дүниесінде болмайды. Жануарларда бірен-саран дыбыс реакциялары бар, бірақ бұл дыбыстарда ешқандай мағына жоқ, ол жай биологиялық қажеттің хабары ретінде шығып отырады. Сөйтіп, жануалар тіршілігі үшін бірінші сигнал жүйесі бірден-бір жүйе болып табылады. Екінші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән. Бірақ адамдар мен жануарлардың сигнал жүйелерінің арасында сапалық айырмашылық бар. Егер адамдардың бірінші сигнал жүйесінің нервтік байланыстары қоғамдық қатынастарды бейнелейтін болса, жануарлар дүниесінде бұл биологиялық сипатта болады.

Сөз нақтылы тітіркендіргіш ретінде айтылу, естілу, жазылу немесе оқу формасында келуі мүмкін. Мәселен, біз «жылқы» деген сөзді еститін болсақ, миымызда жылқының әр түрінің бейнесі пайда болады. Мұнда біз үйдегі торы байталды ғана емес, басқа да жылқыларды елестеміз. Сөйтіп, «жылқы» деген сөз жеке бір жануарды білдірмей, толып жатқан біртектес жылқы малының бейнесін туғызады. Өйткені бұрын біздің «жылқы» туралы хабарымыз болғандықтан, осы сөзді естігінде ол миымызда қайта жаңғырады. Сондықтан И. П. Павлов адамның басқа біреуден еститін не өзі айтатын сөздерін «сигналдардың сигналы» деп атаған. Бізге сөздің тек дыбысы ғана әсер етпейді, адамға ең алдымен оның мағынасы, мазмұны әсер етеді. Мәселен, маймылдар жиырмадан аса түрлі дыбыстар шығара алады. Бірақ бұл дыбыстар сигналдық қызмет атқара алмайды, өйткені, мұндағы дыбыстардың ешқандай мағынасы болмағандықтан нақтылы тітіркендіргіштер ретінде тиісті жауап реакциясын тұғызбайды.

Адамдарда екі сигнал жүйесінің қатарынан болуы адамға бейнелеу тәсілінің ең жоғары түрі тән екендігін көрсетеді. Адамның сөзі барлық нақтылы тітіркендіргіштердің орнына жүреді де, ол ми қабығында сан алуан қозулар мен тежелеулер тұғызады. Сөз тек жеке, жалғыз, нақтылы зат туралы ғана хабар беріп қоймай, толып жатқан бір тектес заттарды да білдіреді. Сөз арқылы ой қорытындыларын жасауға, абстракті түрде ойлауға, түрлі ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік туады. Екінші сигнал жүйесі (сөз) адамды тәрбиелеуге де, ұрпақтан ұрпаққа тәжірибе жинауға да зор маңыз алады.

И. П. Павлов адамның сигнал жүйелері бір-бірімен үнемі тығыз байланысты, ... сигнал жүйесі адамның тарихи даму процесінде тұған және бұл бірінші сигнал қызметін реттеп, бақылап отырады деп тұжырымдады.

Адамның сигнал жүйелері дамудың, оқу-тәрбиенің барысында қалыптасады. Сөздік сигналдар адамның айналасындағы қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынас жасауының арқасында біртіндеп қорланып отырады.

Динамикалық стереотип – грек сөздері, біріншісі (динамикос) қазақша «қозғалыс жағдайында», екіншісі (стреес тупос) «қатты таңба» деген мағынаны білдіреді.

Белгілі тітіркендіргіштерді бірқалыпты ұзақ уақыт қайталай берсе, ми қабығында қозу мен тежелудің тұрақты, бір ізге салынған жүйелері пайда болады. Соның нәтижесінде рефлекстердің бекіген жүйесін қайта жаңғыртып отыру, көп күш жұмсауды қажет етпейді де. Мәселен, егер итте күрделі тітіркендіргіштердің жиынтығына бірнеше рефлекстер тұғызылса, (қонырау, жарық, метроном т.б.) және олар белгілі тәртіп бойынша жеткілікті түрде қайталанса, кейін осы тітіркендіргіштердің біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы жауап реакциясының бүкіл жүйесін өзгертпей, түгелімен қайта жаңғыртып шығады. Осы секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге организмнің төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесінің жасалуын И. П. Павлов динамикалық стереотип деп атаған. Бұл ми қабығынын «біріккен әрекеті», «ішкі процестердің жаттыққан және теңескен жүйесі». Қозу мен тежелудің осындай бірқалыпты стереотиптері сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіштердің бір сыдырғы тұрақталған жағдайында ғана жасалынады стереотиптер сыртқы ортаның өзгеруіне қарай жаңадан құралып, ал ортаға сәйкес келмеген жағдайларда қайтадан жаңғырығып тұрады. Адамның сан алуан дағдылары мен әдеттері, жүріс-тұрыстың, мінез-бітістерінің бір қалыпты көріністері осындай динамикалық стереотиптерден тұрады. И. П. Павловтың ілімі бізге тек психикалық құбылыстардың материалдық негізін ашпай, сонымен қатар, оларды тәрбиелеудің жолдарын да көрсетеді.

Адамның барлық өмірі, оқыту, тәрбиелеу процесі, түрлі әдет-ғұрып пен мінез-құлықтың сан алуан көріністері И. П. Павлов ілімі тұрғысынан түсіндірілгенде бірінші және екінші сигнал жүйелерінің бірлескен жұмысына негізделген шартты рефлекстер болып табылады. Жүйке жүйесі икемге көнгіш, онда адамның кейбір кемістіктеріне қарсы күресетін компенсаторлық механизмдер жеткілікті, мінез-құлық жүйке жүйесінің тек тума қасиеттерімен ғана емес, сол сияқты жеке өмір сүру кездерінде организмге үнемі әсер етіп отыратын тәрбие мен оқуға (кең мағынасындағы) байланысты да қалыптасып отырады – міне, осы тұжырымдар И. П. Павлов ілімінің ең негізгі арқауы. Ол әр заман ғұламаларының жан қуаттары туралы айтқан пікірлерін тәжірибе жүзінде зерттеу қажет деген салиқалы тұжырымдарын өзінің әйгілі шартты рефлекстер атты ілімінде тайға таңба басқандай етіп дәлелдеп берді. Оның ілімі адам санасы мен жануарлар психикасының арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік тұғызды. И. П. Павловтың жоғары жүйке қызметі жөніндегі ілімнің баға жетпес маңызы да осында.

Тақырып 6-7 Б.М.Теплов — отандық дифференциалды психофизиология мектебінің негізін салушы.

Атақты орыс психофизиологы Борис Михайлович Теплов темперамент жөнінде келесі пікірлерді айтқан. Темперамент – жеке адамның биологиялық іргетасы, тікелей жүйке саласынан туындайтын тума қасиеті. Темперамент адамның аффективті, эмоциялы мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі.Мінез – құлық пен жүйке жүйесі қасиеттерінің байланысына алғаш рет көңіл аударғандардың бірі көрнекті орыс физиологі И. П. Павлов өзінің итке жүргізген тәжірибесінің нәтижесінде күш, қозғалушылық, теңдік сияқты жүйке процесстерінің түрлерін көрсетті. Бұл сапалар дарақтарды ортаның өзгеруіне икемделуін қамтамасыз етеді. Дегенмен, бұл қасиетерді құрмалай отырып, теориялық тұрғыда жүйке жүйесінің 24 типін бөліп көрсетуге болады (соған қоса түр мінез – құлықтың кеңейтілген бейнесінде белгіленеді). Олардың төртеуі медицинада бұрыннан белгілі темперамент түрлеріне сәйкес қойылады (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик).Жүйке жүйесінің қасиеттері даралық психологиялық айырмашылықтар ретінде Б. М. Павловтың ықпалынан біршама айрықшаланады. Олар өздерінің зерттеулеріне тұрғызған принциптер әлі күнге дейін дифференциалды – физиологиялық зерттеулердің негізін білдіреді.

1. Қасиеттерді емес, түрлерді зерттеу қажет. Егер И. П. Павлов ситетикалылығын ұстанса, (типологиялық ықпалдың) онда Б. М. Теплов бірінші жеке қасиеттерді бөліп алу қажет, ал кейін олардың мүмкін болатын бірігуін зерттеуге болады деп тұжырымдайды.

2.  Жеке жағдайлардың суреттелуін емес, сандық анализді іске асыру қажет. Бұл принцип зерттеудің обьективті парадигмасына жаратылыстану ғылымдарының нақты зерттеулеріне сүйенеді.

  3. Жүйке жүйесі қасиеттерінің күнделікті көріністерді суреттеуін емес, ал лабараторлы эксперименттерді қолдану қажет.

4. Ағзаның тек еріксіз реакцияларын зерттеу қажет. Яғни өмірлік элементтердің реттелуі минимумға жеткізілуі қажет.

5. Психофизиологиялық сипаттамалардағы индивидуалды айырмашылықтарға бағалау ықпалдарын қолдануға болмайды (яғни жақсы және жаман қасиеттер болмайды, олардың әр қайсысы қандайда бір іс - әрекетке пайдалы болуы мүмкін). 

Б. М. Теплов пен В. Д. Небылицын қозу және тежелу процестеріне қатысты барлығы төрт – төрттен қасиеттерді бөліп көрсетті.

Парциалды сипат емес, бұл қасиеттердің валенттілігін бөліп көрсетуге   кеңейтілген мидің  белсендіру қасиеттерін білдіру мүмкін болатын және осылайша коррелятор негізі ретінде орталық жүйке жүйесінің қасиеті табылады.  Э. Э. Г. көмегімен орталық жүйке жүйесінің қасиеттеріммен сәйкес келетін төрт интегративті қасиеттер: кеңістік – уақыттық синхронциясы, мидің бүтіні ретіндегі лабильділігі максималды жетістік жылдамдығы мен белсенділік жетістіктерінің минималды шегі. Көрініп тұрғандай, бұл қасиеттер психиканың барлық маңызды бөліктерінде индивидуалды айырмашылықтарды  түсіндіре алады,  - темперамент түрлері, мінездің, когнетивті стильдер, интеллектуалды және де басқа процестердің жылдамдығы бұл сипаттамалармен байланысты. Жүйке жүйесінің динамикалылығы мен күшін зерттей отырып, В. Д. Небылицын орталық жүйке жүйесінің қасиеттері мен психологиялық көріністерінің анық байланысатынын белгілеген, - мысалы жүйке жүйесі әлсіз адамдар монотонды жұмыстарымен жеңіл шұғылданады, ал экстремальді жағдайда күш – қуаты мен динамикалылығы жоғары адамдар өздерін жақсы көрсетеді. Жүйке жүйесінің жалпы қасиеті адам мінез – құлқының тұрақты негізін құрайды, сондықтан олардың тұқымқуалаушылығын зерттеу туралы сұрақ туады.  Егіздерге жасалған зерттеулер Э. Г. Г. – нің ішкі құрсақтық ұқсастығы аса жоғары, оған қоса бұл балалар мен егде егіз адамдарға да қатысты екенін көрсетті. Сонымен қатар онтогенездегі орталық жүйке жүйесінің қасиеті (динамикалылық пен күштің) табиғи тұқымқуалаушылыққа қатысты тұрақты өмір сүреді. Осылайша, Орталық жүйке жүйесінің тұрақтылығы жайлы қорытынды шығаруға болады, бірақ олардың шығу тегін түсіндіруге болмайды.  Осылай адам мінез – құлқы мен оның индивидуалды вариацияларын биологиялық тұрғыда анықтай отырып, олар әрқашан тұқым қуаламайтынын көреміз.

Тақырып 8 : Темперамент. Темперамент туралы ілімнің дамуы.

Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қөзғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент – организмнің физиологиялық өзегешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреуі өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігіерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гипократтың (б.э.д. 460-356) еібектерінде бұл жөнінде бірах пікірлер айтылған. Гипократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарларлың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын – қан, салқындататын – шырын (слизь), құрғататын – бауырдағы сары өт және оған дымқыемпераментлдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тіліңде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйык заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангиус» - қан), ал шырын басым болса (грекше «мелай-нехоле» - қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе - өт) темпераменті деп аталған.

Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың ролін түсәне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл – адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық негұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау – сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.

Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмднің түрлеше физиологиялық өзгешіліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секрецияға бездеріне т.б. байланысты деген пікрлер де тарады. Нміс философы И. Кант (1724 - 1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.

Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кен өріс алады. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н. Л. Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.

Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады.

Жүйке процестерінің күшіне – ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың, төзімділігі жатады. Жүйке процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады.

Сөйтіп, И. П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, типтердің бірі – ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип – жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі – ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшін ұстамсыз тип. шісі – қозу мен тежелу бір-біріне тен, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт «сынып» кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді – ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.

И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар, қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардың жүйке жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірибесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: «Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидуумның барлық әрекетіне белгілі оң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы».

Темпераменттердің түрлері (Гиппократ терминологиясы бойынша)

Жүйке жүйесінің типтері (Павлов терминологиясы бойынша)

Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері

күші

тепе-теңдігі

қозғалғыштығы

Холерик

Ұстамсыз тип

күшті

Тең емес (қозуы тежелуінен басым)

Сангвиник

Ширақ тип

күшті

Тепе-тең

қозғалғыш

Флегматик

Баяу тип

күшті

Тепе-тең

Баяу қозғалады

Меланхолик

Әлсіз тип

күшті

Сонғы жылдары көрнекті рыс психологы Б. М. Тепловтың (1896-1965) лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан ары зерттеле түсті. Егер И. П. Павлов өзінің тіжірибесін жануарларға жасаған болса, Б. М. Теплов пен оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И. П. Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене түсті. Б. М. Тепловтың шәкіртерінің бірі В. Д. Небылицын (1930-1972) осындай зерттеулердің бірінде жүйке жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше варианттарға бөлінетінің анықтап берді. Бұрын өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтің де сезімталдығы күшті екендігі, осыған орай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі анықталады.

Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы

И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келеді. Олар – ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын туратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен , олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар – холерик темпераментінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.

Темпераменттер

Жақсы жақтары

Жаман жақтары

Холерик

шапшаң, белсенді,

ұстамсыз, күйгелек

Сангвиник

пысық, оңтайлы

тұрақсыз

Флегматик

ұстамды, сабырлы

баяу, сылбыр

Меланхолик

сезімтал

тұйық

Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап кейін тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері – іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайттар.

Флегматик темпераментіндегі адам, көбінесе, салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері – қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасет болып табылады.

Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ ісер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераментіндегі адам өзге адамдармен онша көп жүғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық – сы темпераменттің ең бір нашар жағы. Орыстың классик жазушылары өз шығармаларында түрлі темпераменттің өкілдерін тамаша көрсеткен. Мәселен, Л. Толстойдың «Соғыс жіне бейбітшілік» романындағы қарт князь Волконский – холерик темпераментінің, «Анна Каренинадағы» Степан Облонский – сангвиник темпераментінің, Н. В. Гогольдің «Өлі жандардағы» Собакевич – флегматик темпераментінің, мұндағы Тентетников – меланхолик темпераментінің нағыз айқын өкілдері болып табылады.

Табиғи жағдайда темпераменттердің «таза» түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені, олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.

Дегенмен, қзақ уақыт бойына жүргізілген зерттеулер бізге төменгі сынып оқушылары арасынан темпераменттердің «таза» түрлерін тауып алуға мүмкіндік берді.

Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрінетіндігін байқауға болады. Бұл жерде Н. И. Красногорскийдің баланың жоғары жүйке қызметі оның сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда, дауыс ырғағына, мәнерлілікпен сөйлеу қарқына) әсер етіп отырады деген қағидасының дұрыс екендігі байқалады. Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауды олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қабілетін, осыларға байланысты түрлі қозғалыс-қимылдарымен де санаспауға болмайды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше тұжырымдауға болады:

1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көнілді, басшылыққа, жетекшілікке кұштар.

Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимл. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Сыныпта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика-пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.

2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұян, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазалмайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераментіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.

3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті сүйеді. Әдетте оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой-әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой-әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан да жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп-пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді.Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақссы байқалады.

4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, онысы терең және қзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай зр әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім сыныптағы балалардың көзінше оған ұрсатын болса (бұлай ету әрине дұрыс емес), мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін бұлығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі оқушы, көбінесе, өз жолдастарының ара сында көзге түспей, жай ғана жүріп-тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балаларды кұрбы-құрдастары «қорқақ», «сылбыр», «үндемес», «маубас» т. б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыныр, қисық келеді.

Әр адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуінде сырттай із қалдырғанмен, ақыл-ойының дамуына ешқандай елеулі әсер ете алмайды деген қағиданың бірден-бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Жүйке жүйесі әлсіз, жуас балалардың мектептерде оқу озаты болып жүргендері аз емес. Осы айтылғандардан темпераменттердің қандайы болмасын тәрбиенің ықпалымен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік-жігері күшті, мінезді, ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады. Биологиялық әрекетті және арнайы индивидуалды теорияның бағытын ашып жазуды В. М. Русалов  В. С. Мерлиннің интегралды индивидуалдылығына толықтырулар енгізді.

1.Индивидуалдылықтың биологиялық факторы – адамдардың денелік морфофунцкионалды ұжымы ғана емес, сонымен қатар тірі әлемнің эволюционды даму процесінде  қалыптасатын мінез – құлық программасы.  Бұл программалар өз әрекеттерін ұрықтану кезінде бастап, іске асырады және үш айда эмбрионды тұрақты индивидуалды мінез – құлық формасы пайда болады.2. Бір уақытта әрекет етуші заңдылықтардың 2 түрі бар. Біріншісінің іс-әрекет етуінің  нәтижесінде психиканың мәндік -  заттық сипаттамалары қалыптасса, (мотивтер, интеллект, бағыттылық), басқасының нәтижесінде – индивидуалды мінез – құлықтың формальді – динамикалық ерекшеліктері қалыптасады. Бұрын олардың пайда болуы туралы мәлмет болған жоқ, ал қазіргі уақытта мәндік – заттық сипаттамалар үшін жалпылану құрлымы психиканың өзгергіштігін қамтамасыз ете отырып,  сыртқы ортадан беріледі. Ал формальді –динамикалық қасиеттің  өзі арқылы биологиялық программалардың жлпыланған нәтижесін білдіретін басқа көзі бар. Осылайша, формальді – динамикалық қасиет адамзат іс - әрекетінінің барлық түрлерін сипаттай отырып, әлемде жоғалмай тұрақтылықты сақтай алады, ал заттық – мәндік - өзіндік өзгеру арқылы  айналадағы ортада әр түрлі нәрселерге жауап бере алады. 3. Жалпыланған туа біткен  программа үш бағыт бойынша жүреді.  Бірінші бағыт – мінез – құлықтың динамикалы – энергетикалық сипаттамалары (төзімділік, пластиттік,  жылдамдық). Екінші бағыт – эмоционалды сипаттамалар (көңіл – күйді басқаратын сезімталдық, лабильділік). Үшінші – қалауы (когнетивті стильдің, стимулды ортаның).  Осылайша, өмірлік тұрақтылық, сезімталдық, алуан түрлілікке ұмтылыс немесе адамның бір сарынды өмір барысында мүлде өзгермейтін, тұрақты қасиеттерін білдіреді. 4. Формальді қасиеттер (дәстүрлі түрде жалпы «Темперамент» түсінігімен бірігеді)  оқшаулана өмір сүрмейді, ал тұлғаның жоғарғы ұйымдасқан құрлымына енеді. Бұл жағдайды  В. С. Мерлин иерархиялы жүйе ретінде берген индивидуалдылық анықтамасына жатқызуға болады.5. Формальді – динамикалық сипаттамалар іс - әрекеттің шарты мен алғы шарттары ретінде ғана көрінбейді, сонымен қатар оның динамикасына, өзіндік  әртүрлілікке, стильіне әсер етеді, яғни іс - әрекеттің соңғы нәтижесін анықтайды.  Осылайша, формальді -  динамикалық қасиеттер іс - әрекет стильін таңдауда біршама еркінділікті білдіреді, осымен оның мүмкін болатын  өнімді шекарасын қалыптастырады.Сонымен, индивидуалдылықтың арнайы теориясы  - бұл адамның индивидуалды қасиеттерінің  жалпы  құрлымындағы биологиялық факторлардың орны мен құрлымы және пайда болуы туралы теория. 

Тақырып 9. Мінез. Мінезді зерттеу тарихы

Мінез туралы теорияға зор үлес қосқан ғалымдардың бірі Карл Юнг. К. Юнг психологиялық өзгешіліктерден қорытынды жасай отырып, адамдарды типтерге бөлген болатын, бірақ ол тума беріледі деп санаған.

К. Юнг жалпы 2 типті бөлді – экстравертті және интровертті. Экстраверттер үшін объектіге бағытталғандық тән, сондықтан басқа адамдардың пікірлері жалпы қабылданған нормалар, объективті жағдайлар үлкен дәрежеде анықталады. Интровертте субъект құндылығы, объект құндылығынан қарағанда әлдеқайда жоғары.

Карл Густав Юнг 1875ж 26 шілдеде Швейцариядағы Кесвил қаласында дүниеге келді. Ол дін қызметшісінің ұлы және бірінші Карл Густав Юнг профессорының немересі. Базель гимназиясын және Базель университетін тәмамдады. Өзінің медициналық тәжірибесін Базеледе және Парижде бастаған болатын. 1907-1912ж З. Фрейдтің жақын қызметшісі болды. Одан қатынасы үзілген соң, 1920 жылдары Африка еліндегі экспедициялар қатарында қатысты. 1933 жылы Германиядағы медициналық психотерапиялық қоғамның президенті болып сайланды. 1934жылы бірінші халықаралық медициналық психотерапия қоғамын құрды. 1939 ж дейін «Психотерапия журналын» шығарған болатын. Сол жылдары ол психикалық ауру адамдардың физикалық тұрғыдан жоқ болу идены қолдаған болатын. 1961 жылы қайтыс болды.

Психикалық функцияның инегізгі 4 дамуы – ойлау, эмоция, түйсік және интуицияның негіздеріәне сүйене отырып, Карл Юнг экстраверттердің және интроверттердің 4 типін атап көрсетеді: экставертті-ойшыл, экстравертті-эмоционалды, экстарвертті сенсорлы, экставертті интуитвті, сонымен қатар интровертті ойшыл, интровертті эмоционалды, интровертті скнсорлы және интровертті эмоционалды.

Экстарвертті ойшыл тип маңызды шешімдерді ой талқыға салып барып қабылдайды, оюъективті шыңдықтығһң сызбаларыни құрады және өздерінің жүріс тұрысында оларды пайдаланады. Және айналасындағылардан да оны таоап етеді. Егер бұл сызбалар шыңдықты терең түсінудегі нәтиже болса, онда мұндай адамдар реформатор және новатор бола алады. Мұндай типтегі адамдар басқаларға аяныш сезімін сирек білдіреді және достықты бағаламайды, сол себепті өнерге деген қызығушылықтары болмайды.

Экстравертті эмоционалды тип. Бұл титегі адамдар оларды қоршап жатқан барлық нәрселерді «дұрыс» эмоционалды бағалауға бейім. Олар белгілі бір критерийлерге жауап беретін серіктестерді ұнатады. (мысалы, нақты бір әлеуметтік орны бар тұлғалар). Олар театрға барып, онда қажет эмоцияларды сезінеді, сондықтан олардың жүріс тұрыстары жалғандық ретінде қабылданады.

Экстравертті сенсорлы тип. Мұндай адамдар объекттердің құндылығын түйсіну күші бойынша анықтайды: неғұрлым мықты болса, объекттердің қүндылығы соғұрлым көп болады. Бұл типтегілер рахаттануды іздейді, айналасындағыларға өздерінің өмірге ризашылық әсерін қалдырады.

Экстравертті интуитивті тип. Бұл типтегі адамдар барлық жаңа заттарға ерекше сезінумен иемденеді. Жаңа объектімен жеңіл әрі қызығушылық танытып шұғылданады. К.Юнг бұл типтегі адамдар жайлы былай жазады: олар өздерінің айналасындағыларға өмірдің нәрін «таратады», бірақ мұндай өмірде олар емес басқа адамдар өмір сүреді.

Интровертті ойшыл тип. Мұндай типтегі адамдар шыңдықтағы болмысты құрмайтын, бірақ олардың түсініксіз бейнелерін түсінікті және нақты келтіріоген идеяларға дейін жеткізетін ойлаумен сипатталады. Эсктравертті ойшыл типтерге қарағанда ол дүние жүзі жайлы білімдерді кеңейтугеемес, оларды тереңдетугеұмтылады, қоршаған адамдармен өздерінің идеяларына назап аудартуға және олардың қолдауларын қажетсінуге ұмтылмайды.

Интровертті эмоционалды тип. Бұл типтегі адамдар сырт қарағанда сабырлы болып көрінеді. Олардың эмоциялары басқа адамдарға жиі байқалмауы мүмкін, бірақ ішінде барлық эмоциялары тулап жатады. Оның эмоционалды ұстамдылығы айналасындағы адамдарға негативті қабылданады.ук

Интровертті сенсорлы тип. Экстравертті сенсорлы типтерге қарағанда олар интенсивті сезімдерді тудыратын объектіге бағытталмайды. Сондықтан сезімдер пайда болған кезде мұндай адамдарға объект құндылығын жоғалтады. Мұндай типтегі адамдар өзге адамдарға түсініксіз және сүйкімсіз болып келеді.

Интровертті интуитивті тип К.Юнг бойынша қиялшыл және суретшілерді қалыптастырады.

Г. Айзенктің темперамент жайлы ұғымдары. Батыста Э.Кречмер және К.Юнгтің танымал темперамент теорияларының айқын кемшіліктерінағылшын психологы Ганс Айзенк «түзетуге» тырысты. (1957, 1990). Ол екі ғалымдардың типологияларын төрт координатадан тұратын жүйе ретінде қарастырды. Бірінші координатаны объекті-субъекті бейімделуді құрайды. (максималды экстраверсиядан максималды интроверсияға дейін). Екінші координатаның норма шкаласы – патология болып табылады. Психикалық ауытқулардың патологияның орташа көлемін – невроздар, күштісі – психоздар.

Үшінші координата – «максималды-депрессивті пcихоз-шизофрения» шкаласы. Бұл шкаланың орташа деңгейі қалыпты психикалық күйлермен ұсынылған. Қалыпты күйлер бір темперамент типіне синтония мен циклотимия, ал басқаларға дистония және шизотимия болып көрінеді. Психикалық ауытқулардың орташа көлемін истерия және психастения, ал максималдыны – маниакальді – депрессивті психоз және шизофрения құрайды. Төртінші координата дене құрылысының үш типімен қалыптасқан: пикниктік, атлетикалық және лептосоматикалық. Г. Айзенк бір жағынан экстраверттер мен интроверттер мінез құлығының, ал екінші жағынан нейротизмнің жоғары және төмен бейнелеуінен қорытынды жасай отырып, өзінің темперамент типтерінің моделін ұсынды. Бұл авторға сәскес темперамент типтері екі ортогональді шәкілдердің тоғысуы кезінде төрт квадранттардың біреуін көрсетеді: 1) экстарвертті-интровертті және 2) эмоционалды тұрақтылық-лабильдік. Бірінші шәкіл индивидті сыртқы ортаға «ашық» жағынан, ал екіншісі-эмоционалды тұрақтылығы жағынан сипаттайды.Эмоционалды тұрақтылықтың экстраверсиямен сәйкестігін Г.Айзенк сангвиник типімен; эмоционалды лабильдік пен экстраверсияны-холерик типімен; эмоционалды тұрақтылық пен интраверсияны-флегматик типімен; ал эмоционалды лабильдік пен интраверсияны-меланхолик типімен теңдестіреді.

Ганс Юрген Айзенк 1916ж Германияда дүниеге келді. Англияда ғылыми іс әрекетпен айналысады. Лондон университетінің профессоры, ондағы Психиатрия Институтында психологиялық лабораторияның жетекшісі болды. Великобританиядағы клиникалық психологиялық бағыттың негізін қалаушы. Тұлғаның бұзылыстарын зерттеу жұмыстармен белгілі. Ол психодиагностикалық әдістерді, сонымен қатар (Айзенктің тұлғалық сауалнамасы) өңдеуде үлкен үлес қосты. Тұлғаның оригиналды моделінің, тұлғаның әлеуметтік екі факторлық теорияларының, естің үш факторлы теориясының авторы.

Даралықтың структурасында мінездің орны

Мінез-адамның тұрақты психикалық ерекшеліктердің байланысы, осы субъектке ескертілген жағдайда мінез- құлықтың тәсілдері.

Мінезді зерттеумен Теофраст бірінші айналысқан, Дж. Ст.Милль бір ғылымға бөлген-этология.

Келесі себептер бойынша мінез ұғымы айтыс ретінде саналады:

1мінезбен тұлғаның бөлу тенденциясыбайқалады

2мінез этика аймағына жатады

3мінезді өз бетімен бөлуге болмайды

Мінез- бағаланаты тұлға; тұлға- бағаланбайтын мінез

Мінез өмір бойы қалыптасады, ол тәрбиелеу және өз өзін тәрбиелеу арқасында өзгереді.

Мінезбен темпераменттің айырмашылығы; мінез- этикалық бағаланады.

Кречмер мінезбен темпераментке анықтама береді:

Темперамент- бұл психофизиологиялық процестерінің өтуінен туған ерекшеліктері

Мінез- бұл адамның әлемге, қоршаған кісілерге және өзіне қатынасудың ерекшеліктері

Лазурскийдің жұмыстарындағы мінездің психологиясы

Лазурский теориясының негізіне индивидтің ортаға белсенді бейімделу принципі жатады. Мінезді топтпстыру үшін екі негізге бөледі: психикалық деңгей және психикалық мағына.

Психикалық даму деңгейі адамның дарындылығымен және оның психикалық энергиясының жүйелі қорымен анықталады. Психикалық жоспарда деңгейді көтеру критериі келесі:

Іс-әрекеттерді өнімдіру

Психикалықтың көрінуінің күші мен өнімділігі

Психиклық көрінудің әркендігі мен саналылығы

Психикалық элементтердің координациясымен өзі арасындағы күшею

Лазурский мінезді эдопсихикаға экзопсихикаға бөлді. Эндопсихика – психикалық және психофункционалды қызметтер. Экзопсихика- тұлғаның сыртқы объектке қатынасы. Эндопсихика мен экзопсихика бір-бірімен әрекеттенеді және бір-бірін ескертіледі.

Хейслайс-М.Сеннанттің мінездің типологиясы

Психологиялық мінезді топтастыруға үш психологиялық сипаттама негізінде жатады: Белсендік-пассивтік – сезімдік әрекетке бой алдырушылық және сезімсіздік; алғашқылық-екінші.

Белсендік пассивтік – бұл өмірдің сферасында іс-әрекеттің көрінуін сипаттайды; сезім әрекетіне бой алдырушылық – сезімдік – оқиғаға сезімнің реакциясы күші мен жиілігі.

Алғашқылық –екінші адамның темпорально-энергетикалық жауабы.

Сезімді белсенділікті, алғашқылық-екінші бұл сапалардан әртүрлі комбинация жасағанда сегіз негізгі типтер шығады

Мінез бұл фруструацияға тұлғаның жауабы.

Мінез тұлғаның фруструацияға көрінудің жиынтығы. Фруструация – қажеттіліктің қанағатталмауы

Үрейлілік – нақты және жалған қауіп-қатердің кешірудің бейімділігі. Қауіп-қатер нақты болса үрейлілік тырмысуға көмектеседі. Бұл күйде адам жиі болса, психикасы әлсізденеді оның өнімділігі төмендейді. Адамның мінезі өзгерсе, адамда сезім пайда болады.Акцентуация – бұл мінездің нормасындағы варианты, мінездің ерекшеліктерінің күшеюі. Мінездің төрт акцентуациясы, ал темпераменттің алты акцентуациясы бар.

Демонстративті түрі – ығыстыруға жоғары қабілет. Әлуметтік қоршаған ортаға бағынады.

Педантикалық түрі – ұсақ өкпеге тартумаңызсыз оқиғаға мән береді.

Тұрып қалушы түрі – Бірінші түрден екіншіге қиын бейімделеді.

Қозатын түрі – өз мінезін сөзін қиын бақылайды

Гипертимикалық түрі – көңіл күйі көтеріңкі өз күшін қиын бақылайды

Дистимикалық түрі – көңіл күиі төменгі өмірдің қараңғы жақтарына назар аударады

Үрейлілі- қорқынышты түрі қорқынышқа бейімді, үрейлілік жиі байқалады

Циклотимикалық түрі – төрт түрдің қосылуы

Эмотивті түрі – сезімнен тұрады сезім күйлерінің диапазондарын сезеді

Аффектно – экзалтировандық түрлер – көңілшек адамдар

Личко он екі акцентуацияға бөледі;

Монгард он акцентуацияға бөледі, Хатуэй және Маккинли үш шкалалы невротикалық триадаға және төрт шкалалы психикалық триадаға бөледі. Псхопатия үш белгілі: тотальді, уақытта тұрақты және емдеуге көп уақыт кетеді, дезоадаптация бар

Үш невротикалық бұзылу(Березинец Ф.Б.)

Депрессия – үрейліліктің күшеюі

Ипохондрия – үрейліліктің соматизациясы

Истерия – үрейлілікті факторларды ығыстыру

Психотикалық бұзылу:

Асоциалды психопатия

Параныйалді синдром

Үрейлілікті-фобиялық синдром

Мінездің қалыптасуы.

Мінез жасөспірім кезінде қалыптасады. Жанұялық тәрбие мінез даму үшін негізгі фактор болып саналады.

Ата-ана тәрбиелеу стилімен мінездің акцентуациясы арасында байланыс болады.

Құлық гиперпротекция бақылау жоғары тиым салынбайды истеримді және гипертимді типтер дамиды

Доминантты гиперпротекция – бақылау жоғары көп нәрсеге тиым салынады – психоастениктарда, сензитивтарда, астеноневротиктарда астеникалық белгілері күшееді.

Ата-ана жағынан сезімді алшақтатуы

Жоғарғы моралді жауапкершілік –талаптары жоғары, балаға назар аудармайды.

Бақылаудың әлсіздеуі тиыи салуы балалардың талаппен қажеттілігі ата-анамен қанағатталынады.

Тұлға өмір сүріп жатқанда акцентуация өзгередіадамакцентуациясыз өмір сүруі мүмкін емес.