- •5В050503– Психология
- •5В050300 - Психология бакалавр мамандықтары бойынша мемлекеттік білім берудің жалпы стандарттарының негізінде пәннің оқу-әдістемелік кешені дайындалды.
- •Пәннің мазмұны Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинарлық сабақтардың тақырыптары
- •Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Соөж орындауының графигі
- •Сөж орындауының графигі
- •Дифференциалды психология
- •Тақырып 10: Қабілеттер
- •2.Қабілеттің іздемесі және құрылымы.
- •3.Интелектуалды қабілетті зерттеу.
- •4.Дарындылық пен данышпандылық туралы түсінік.
- •Аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •Тестілік тапсырмалар
- •Глоссарий
- •Әлеуметтік – психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, соөж сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік – психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік – психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
4.Дарындылық пен данышпандылық туралы түсінік.
Алдында айтылған факторлар интеллект мөделін дифференциальдық, когнитологиялық- креативтік генезисі ғылымен, дарындылық проблемаларын аз қозғайды. Дарындылықты әрбір адам әртүрлі түсінеді.
Дефиницияның бес түрі болады:
1. Қабілеттің ерекше сапасы, әрекетті ойдағыдай қамтамассыздандыру;
2. Жалпы қабілет, адамның ескертілу кеңдік мүмкіндігі;
3. Білім потенциалы-интеллект, табиғат құндылықтары, әрекеттің жоғары деңгейді қамтамассыздандыру;
4. Болашақтың жиынтығы, логикалық талап қорыту кеңдігін болжау;
5. Дарындылық.
«Данышпандылық» термині адамның шығармашылық қабілеті сияқты қолданылады. Данышпандық дарындылықтан қарағанда, тек қана дарындылықтың жоғары дәрежесін ұсынылмай, жаңа шығармашылық сапасымен байланысты.
Данышпандықты және дарындылықты белгілейтін формула «Данышпандылық, дарындылықтың істей алатының істеу керек».
Қазіргі бақылап шығу уақытында, төрт басты жақындау дарындылық фенонемі бар:
1. Потологиялық теория, дарындылықтың, есаландылықпен, кең ақылдық, физиологиялық функцияның төмендеуімен байланысты;
2. Психоанологиялық теориялар мотивациялық сублимацияның сапасын қарауына назар аудару;
3. Сапалақ асқан теория, басқа адамдардан ерекшеленетін дарынды адамды «креативті интеллектің» субъективті ғана емес және объективті тудыру қабілетін қарау;
4. Саны асқан теория дарындылықты қабілеттің жоғары деңгейіне жетуін қарау.
Тақырып 11 : Адамның конституциясы деген ұғымы
Психологиядағы темперамент типтері теориялары кең таралып, көптеген авторлар өткір сынға түскен себебі конституционалдық теогрияға негізделіп, дене бітімі мен темперамент типтері арасындағы қарапайым байланыстарды зерттеумен айналысты. Кречмер мен Шелдонның темпераменттердің жіктеуі конституционалды теорияға жатады. У. Шелдон теориясы бойынша тұлғалардың типтері: эндоморфты, мезоморфты эктомофты. Кречмердің типологиясы бойынша: пикник (толық адам), атлетик (күшті адам), астеник (арық адам) , диспластик (адамның дене бітімі стандартты емес). Бұл сынға позитивті реакция ХХ ғ басында пайда болған темперамент зерттеулері болды, олар темперамент қасиеттерінің «таза» психологиялық мінездемеге организмнің абстракциялпнған құрылымнан және функциясына бағытталған. Голланд психологтары Г.Хейманс және Е.Вирсме темперамент теорияларының пайда болуына үлестерін қосқан болатын. Бұл теориялардың авторлары мазмұнында 90 сұрағы бар арнайыы сұрақтама дайындады, оның көмегімен 2500 мыңға жуық адамды зерттеген болатын. Алынған осы мәліметтер негізінде олар темпераменттің 3 негізгі биполярлық мінездемелерді бөлді:
1. Эмоционалдық – эмоционалдықтың болмауы. Бұл қасиеттерді осы реакцияның пайда болуына әсер еткен жағдайға байланысты змоционалды реакциялардың жиілігі мен күшін өлшеу арқылы анықтайды.
2. Активті – пассивті. Бұл қасиетті бағалау негізі еңбек етудегі, мектептегі немесе үйдегі белсенділік, өткізу тәсілі (активті-пассивті) міндеттемелерге қатынасы (тапсырманы тез арада орындау-кейінге қалдыру)
3. Біріншілік функция – екіншілік функция. Біріншілік функциямен қалыптасқан адамдар қоршаған ортаның стимулдарына күшті және тез арада жауап береді. Бұл реакциялардың әсері тез арада сөнеді. Екіншілік функциямен мінездемеленетін индивидтерде тітіркенуге деген бастапқы реакция әлсіз болып келеді, кейін ол біртіндеп күшейіп ұзақ мерзімге сақталады; сондықтан мұндай типтегі адамдарды жиі персер\веративті деп атайды (ағылшын тілінен – тұрақтылық, өжеттілік, мақсатқа бағытталғандық деген мағынаны білдіреді) . Зерттеушілер кейде біріншілік функциясы және экстраверсия, екіншілік функция интроверсия арасындағы аналогияға назар аударады. Біріншілік функциямен иемденетін адамдар (Г.Айзенктің терминонологиясы боынша экстраверттер) ретінде жеңіл тіл табыса алатын, әрқашан қимыл қозғалыста жүретін, әзілқой, жеңілтек мінезді, қоршаған ортамен оңай байланыс құра алатын импульсивті адамдар ретінде бағаланады. Екіншілік функциямен иемденетін адамдар (интроверттер) – салмақты, сабырлы, ұстамды, тұйықталған, педантты, ұқыпты, депрессияға бейім болып келеді.
Тақырып 13 : Жыныстық диморфизм
1. Жыныс психологиясы жалпы түсінік
Жыныс дегеніміз ол – адамның дара мінезіне қатасты биологиялық құбылыс ,ол адамның пайда болуында анықталады, оны өзгерту мүмкін емес. Алайда өз жынысынды қабылдау, оны немесе қабылдамау, оны сый немесе жаза ретінде көру үшін адам әр түрлі мәдени әлеуметтік әсерде болуы керек: ата ананың күтуі.
Сондықтан адамның табиғи іс әрекетінің күшеюі, немесе керісінше тоқтатуы мүмкін, ол адами қызметтің азығын әлсіретіп, жүйке ауруы пайда болуы мүмкін.
Әр түрлі жыныстық. Адамдардың психологиялық сапасындағы ерекшеліктерге келетін болсақ онда олар құралы ретінде бөліне бастайды, әсіресе жеке тұлғаны бағдарлау үшін қоғамдық қарым қатнастардың жиынтығы болуы керек. Бұл өз кезегінде адами мәдениетпен байланысады, сонымен қатар психоанализбен де байланысы бар.
Жалпы адами мәдениет , соның ішінде психоанализдің негізін еркектер құрайды, себебі «Еркек» сөзі коптеген тілдерде «Адам»сөзімен сәйкес келеді және «Әйел»сөзінен ерекшеленеді. 1942 жылы Макнемар статистикалық тұрғыдан дәлелдегендей қыздар дамыған эстетикалық талғамға ие,оларда тіл жақсы дамыған жіңішке координациялы, сондай ақ ұлдар өте жақсы математикалық және механикалық қасиеттерге ие. Қыздарда жылдам сөйлеу жоғары,олардың әлеуметтік қажеттіліктерінің сатысы жоғары, ал еркектер керісінше жылдам ойлағыш, тапқыр өнерлі. Барлық жаңа мамандықтардың түрі алдымен еркектер арқылы игеріледі, содан кейін әйлдер арқылы игеріледі. Бұдан басқа, мамандандырылған қызметтердің стереотиптік типтерін қалайды, еркектер болса керісінше, жүйке жүйесінің бұзылуына жиі ұшырататын қызмет түрлерін игереді. Сонымен, билогиялық және психиологиялық жыныс бір бірімен біртекті байланыста емес:коріп отырганымыздай еркектерден әйелдердің мінез құлқын көруге болатынын байқаймыз, ал әйелдерден еркекше мінезді көреміз. Адамдар өздерінің жынысын қабылдап, мойындап және оның ресурстарын қолдануды үйрену үшін әлеуметтік жыныстыролдік социализация құбылысынан сәтті өтуі керек.
Бірегейлеудің жыныстық даму теориясы. Психологияда адамдардың психологиялық бейнесінде еркектер мен әйелдердің қарым қатнастарын маскулиндік (еркектік қабілет) және фемининдік (әйелдік қабілет) дихотомиялық түрде қарама қарсы және түсіністікпен қарады. Екіншіден бұл сапалар бір континумның полюсы ретінде қарастырылды: еркектіктен алынган нәрселер автоматты түрде әйелдікке жақындатады. Осының нәтижесінде ММРІ- дің ном:5 шкаласын құру үлгісін ойлады. Үшіншіден, әрбір адамда белгілі бір өлшемде еркектік және әйелдік белгілер болады, мұны олар тәуелсіз автонмдық өлшеу ретінде қарастырды. Сондықтан жыныс биологиялық жағынан алғанда екеу болғанмен, психологиялық тұрғыдан қарағанда жыныстың құрылымы шексіз екеніне көз жеткізуге болады.
Соңғы жылдарда психология жыныстық әрекеттің аралас үлгілерін ұсынуда. Сонымен Сандра Бем жыныстық әркекттің 8 түрін бөліп алды, 4-еуі еркектерге, 4-еуі әйелдерге. Маскулиндік еркектер – сезімталдығы жоқ, қызу қанды, абыройлы және еркін. Маскулиндік әйелдер - күшті ерікке ие, еркектермен ылғи да бәсекелестікте болады. Фемининдік еркектер – сезімтал, адамдармен қарым-қатынасты жоғары бағалайды, өнер әлеміне жақын жандар. Фемининдік әйелдер-өте төзімді әйелдер, жақын адамдарының өмірінің фоны болуға келісетін әйелдер типі. Андрогендік еркектер азықтылық пен сезімталдықты өзінде көреді, олар көбінесе дәрігердің, мұғалімнің мамандықтарын таңдауды жөн көреді. Андрогендік әйелдер еркектердің тапсырмаларын орындауға қабілетті болып келеді, әйелдер құралдарын пайдалана отырады (икемділік, жан-жақтылық). Андрогендік – бұл өмірге деген құлшынысы жоғары болатын белгі. Ақыры, дифференцияланбаған еркектер мен әйелдер түсініспеушіліктің жетіспеуінен сипаттамады және өмірге деген құштарлықтың жетіспеуінен азап шегеді.
Психологиялық жыныстың белгілері қалай пайда болады? Бұл процесске әркім әртүрлі теорияны қарастырды.
Психоанализдің жарық ұсынусышысы К.Хорнидің ойынша жыныс аралық сенбеушіліктің себебі: бала кезде пайда болған тәуелділік қарқынының проекциясы, үмітке, бақыт және махаббатқа көңілі қалу және ата ана махаббатына мұқтаж болған адамдарды айтты. Ерте балалық шақтағы шиеленістер қыз балада әкесіне деген тревмалық көңілі қалу және анасына деген қызғаныштан онда еркектерге деген жек көрушілік пайда болуы мүмкін. Яғни,мұнда еркектерге қарсы агрессиялық күй қыздарда әйелдік қабілетің жайылуына әкеліп соғады.К.Хорни негізінен классикалық психоанализмге критикалық сынмен қарай отырып, ұлдар мен қыздардың типтік ұсыныстарының параллельдік қатарына көңіл бөлді.
Жыныстардың өзара әрекеттесуін қорытындылай келе, К.Хорнидің пікіріне сүйене отырып, жыныс аралық қарым қатнастың шешімі махаббатпен құштарлық емес, антогонизмнің жұмсаруымен адамның жаратылысы мүмкін.
Психоанализде өлімге деген ұмтылыс кейде анасымен қосылуға ұмтылыс ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайда, жыныс аралық билікке күресуі суреттеледі мұнда өзін өзі беружәне өзін өзі қорғау шиеленіске негізделген.
Психоаналитикалық дамудың негізгі қадамы ұсынысы бойынша терең негізі әйел мен еркектің қарым қатнасына кіріспе болды.К.Г.Юнгтің түсінігі бойынша анималар және анимустар еркектің жаны болған ессіз үлгідегі әйелдер және еркектер әйелдер болады.
Сонымен, Э.Эриксон қыз балалардың салған суреттерін тұйықтықты адамның ішкі жан дүниесін айқындата салғанын байқады және олардың суреттерінен бүкіл аймақты аңғаруға-Бұл көл, күн және т.б болуы мүмкін. Бұл ішкі процестердің басым болуына және сыртқылықтың өзгерістеріне сәйкес келеді. Ұлдардың суреттері фигуралардан тұрады. Мысал: қамалдардың мұнаралары, сыртқы әлемге қаратылған ереже бойынша қарындаштар. Бұл айырмашылық әйел және ер жыныстарының психологиялық арнауларына сәйкес келеді. Бұл еркектердің әлемге деген құралдық қарым-қатынастарының, активті және жаулап алғысы іс-әрекетінің, ал әйелдерде қабылдауының, азықтануының, ішкі мазмұнының қайта өңделуіне сәйкестенеді. Балаларда әртүрлі ойнайды: ұлбалалар үшін типтік құбылыстар анық болпады, ішуі жоспарда бұл авария, катастрофа, соғыс, құрылыс т.б. Қызбалалар үшін ең бастысы ішінде болады, осыдан салынған үйдің ішінде, қамалдың ішінде т.б. не болып жатқанны туралы қызығушылық пайда болады. Аналары өзінің ұлбалаларының активтілігінің бәсекелестікке және жетістікке жетуге деген ұмтылысын интуитивті түрде дамытады. Дәл осы уақытта қызбалаларға деген талап етушілік басқа мазмұнында болады: жылауға деген тыйым салулар сирек ұсынылады. Талап етушіліктнрдің саны олардың қоғамда және отбасында қалыптасатын жыныстық рольдік стеоротиптерінде көрінеді: ерлер мен әйелдердің қандай болуы керек жөнінденгі түбірленген көріністерден көрінеді. Ішкі отбасылық жағдайлардың ерекшеліктері көбінесе баланың жыныстық-рольдік мазмұнының сәйкестігін анықтайды. Баланың жынысы ата-ананың күтімімен сай келуі маңызды. Егер олай болмаса, өзінің жыныстық қатынасына айқын болуы және қарама-қарсы жынысқа тән болуы қаупі бар. Тағы да бір қызықты заңдылық егерде баланың жынысы өзінен үлкен баланың жынысымен сай келсе, онда дәстүрлі жыныстық-рольдік ерекшеліктері кішісінде күштірек айқындалады: осылайша қызбаланың кіші сіңілісі өзінде көбірек «қыздылықты» ұстайды.
Сонымен қатар, ата-аналарының балаларының жеке жынысына деген қатынастары мәнді, мысалы: шеше өзінің ата-аналық қатынасында өзінің қызы мен баласының жыныстық-рольдік айырмашылығын бөлмейді және біздің мәдениетімізде қабылданған.Ал әкелері әртүрлі қабылдайды және балаларын жын,ысына қарай тәрбиелейді. Сонымен, «с-әрекеттің формаларын біліп және білмей дамыта және басқаларын тоқтата отырып, баланың маскулинизация-феминизация процесін басқаруға болады.
Когнитивті-генетикалық көзқараста жынысты-рольдік даму баланың интелектуалды даму сатысымен байланысты, оның мені-тұжырымдама. Мұнда мінез-құлықты күшейту міндетті емес: көпшілігінің жобалауынша, балалар өзінің жынысын қабылдауға іштей бейімделген. Егерде жыныстық роль бірден тәжәрибелә түрде меңгерілсе, онда гендік нұсқа баланың когнитивті дамуының қорытындысы және алғашқы 6-7 жыл бойына қалыптасады. Келтірілген көзқарастар әйелдің және еркектің көрінулерінің әртүлі аспектілерін бейнелейді. Бірақ жыныстың диморфизмдік және дипсихиздік түсінік жыныс арасында болуы мүмкін. Бұл ер мен әйелдің сәтті қарым-қатынасының ұзақ тарихи тәжірибесі арқасында жетіледі.
Тақырып 14 : Жыныстық әлеуметтену.
Ер мен әйелдің жынысы жеке дара айырмашылығы немен байланысты болуы мүмкін? Бұл сұраққа жауап беру үшін психологиядан шығып, этология мен биологиялық теория мен гипотезаға жүгіну керек.
Жыныс не үшін керек екенігі баяғыда бұрыннан пайда болған. Ең жай жауап-көбею үшін-бірақ бұл жауап қанағаттандырмайды. Тірі тіршілікте әр түрлі жыныстықтан басқа вегатативті және гермофродитті көбееді және бұл көбеюдің әр түрлі жыныстық көбеюден артықшылық жоқ.
1965 жылы биолог В.А.Геодакян әртүрлі жыныстық көбеюдің ролін анықтау мақсатында жыныстың эволюциялық теориясы пайда болды. Автордың пікірінше , жыныстардың дифференциясы эволюциялық процесстің негізгі екі аспектімен байланысты. Яғни, генетикалық ақпараттың сақталуымен өзгерді.
Басынан белгілі болғандай әйел организмі өте кең реакция нормасына ие. Егер еркек конфликтілі мінез-құлықта болса, мысалы, әдетте өзін жарылғыш үлгіде көрсетсе, онда оны шыдамды және бейбітшілік сүйгіш ету бола қоймас. Ал әйел өз іс-әрекетінде бірнеше стратегия үйлестіру алады, оларды жағдайдан тәуелді етіп қолданады.Осыған байланысты бейімделушілік қабілет әйелдерде әлдеқайда жоғары, ал оқығыштық жақсы. Егер біз мектептегі сыныпқа келсек,және балалардың үлгеріміне қарасақ, онда қыз балалар тең дәрежеде үздік, екілік және орташа оқитындарға бөлінеді. Алайда егер біз сұрақты керісінше қойсақ: ең нашар екілік және бұзақы кім? Енді ең талантты оқушы кім?- деген сұрақты қойсақ, бұл топтардың ішіне ереже бойынша ұл балалармен толтырылады. Яғни, ержыныстылар жоғары мамандандырылған мінез- құлықтарға ие, ол толықтай индивидтік сатыға бейісделуге келергі келтіреді. Түрдің өмір сүру ортасы тәжірибелі түрде өзгерілмейді деп айтайық. Ол ортада сұрыпталу особтардың санының үлкеюіне, олардың гентиптерінің өзгеруінсіз алып келеді.
Бұл мақсатқа жету үшін популяцияда еркектің санының көп болуы маңызды емес, бастысы әйел санының жеткілікті болуы. Шынында тұрақты қыздарға қарағанда ұлдардың өмірге келуі аз егер қоршаған орта өзінің шарттарын жылдам өзгертетін болса, сұрыптаудың бейімделудегі міндеті біраз өзгереді: аппатың шарттары (экологиялық, әлеуметтік, тарихи) элимнацияның және кобеюдегі алшақтау негізін еркек жыныстыларға әсер етеді, ал модификация әйелдерге әсер етеді. Жыныстық дифференциясына байланысты жыныссыз көбеюмен салыстырғанда екі негізгі өзгеріс пайда болады.
Аппаттық фактордың жоғалуынан кейін және сұрыпталудың анықталуынан кейін еркектің үлесі азаяды және генотиптің дисперсиясы тарылады. Сонымен әйелдер ылғида түрдің филогенетикалық есте сақтау қабілетін әрқашан қамтамасыз етеді, еркектер уақытша онтогенетикалық есте сақтау қамтамасыз етеді.
В.А.Геодакян бұл ойды көркемдеу үшін мынадай поэтикалық мысал келтіреді. Бүкіл әлемдік ауарайның күрт ауытқуы кезінде жоғары бейімделген тіршілік иесі ретінде әйелдерде майқабаты көбейді,ал ерлер әлсіз бейімделу арқасында бұл жағдайда шыдай алмай үлкен бөлігі жойылды. Ал қалғандары елді жылыту үшін отты олап тапты, осы кезден бастап генотип күшейді. Соның арқасында ер адамдардың қоғамда беделі күшейді.
Тұрақтандырғыш ортада жыныстық деморфизм жойылды, ал қозғалғыш ортада генотиптік жыныстық деморфизм бір ғасырда пайда болады. Нұсқаулықтың белгісі бойынша эволюциондық фазоның процестері туралы білуге болады. Осылайша егер ерлердің таңдамаларында дисперсия әйелдерге қарағанда жоғары, бұл эволюциодық процестің алғашқы сатысы екнін куәландырады, бұл іріктеу фазасын дивергентті деп атайды. Содан кейін параллельдік фаза келеді,мұндағы екі топтағы дисперсиялар бір-бірімен тең. Сонымен конвергентті фаза мұнда әйелдердің нұсқаулығы еркектермен салыстырмалы түрде өседі, мұнда эволюциондық процестің аяқталуға жақын екендігін куәландырады.
Геодакяндықтар диморфизмнің жыныстық филогенетикалық ережесін былай тұжырымдайды: егер жыныстық деморфизм қандай да бір белгіге байланысты пайда болса, бұл белгі онтогенезде әйелдік пішіннің еркектік пішінде ауысу ережесі онтогенезде әйел пішінінің белгілері ерлерге қарағанда ерте пайда болады. Сонымен, екі жыныстағы кішкентай балалар қыздарға көбірек ұқсайды, ал жасы келген адамдар жынысқа тәуелсіз, оларда еркектік белгілер басым (дөрекі дауыс, беттегі шаштардың өсуі). Мінездемелік белгі бойынша кішкентай балаға қарағанда қыздардың мінездемелік белгісіне қарап үлкен әйелдің мінез-құлқы мен жеке құрылымын алдын-ала болжауға болады. Сондықтан тек диморфизм емес, сонымен қатар дихрономорфизм (яғни уақтылы әйелдік және еркектік белгілердің үйлеспеуі) туралы айтуға болпады.
Бір ескертерлік жағдай, туа бітті табиғи ауытқулар әйелдерде атавистикалық, ал еркектерде футуристикалық байқалады. Сондықтан жаңа туылған қыздарда құйрықтылар жиі кездеседі. Алайда ең ұзын 13см құрайтын құйрық ер балада кездескен.
Тақырып 15. Жыңыстардың арасындағы психологиялық айырмашылықтар
және олардың физиологиялық негіздері.
Жыныстық айырмашылықты ғылыми түрде зерттеу үшін онымен бірге прогматикалық мақсат ілесіп жүреді. Бұл айырмашылыққа әйел мен еркек арасындағы түсіністікке қол жеткізу, әсіресе репродуктивті іс-әрекеттегі түсіністіктер, себебі: некелік қарым-қатынастардың бірнеше түрі бар. Сонымен қатар кез-келген биологиялық түрдің некелік іс-әрекеті жүйе құраушы белгі болып табылады.
Отандық этолог В.Р.Дольник осы бағытта зерттеу жүргізуге тырысты. Салыстырмалы этология мінез құлықтың негізгі түйсігіне арналған ғылым.
Адамзат қоғамында маңызды негізгі ерекшеліктері бар. Егер жануарлар әлеміне ұрғашының ұрықтануы жылына 1-2 рет болса, адамдарда бәрі керісінше. Жануарлар ұрғашысы өзінің дайын екенін өзінің сүт бездерінің үлкеюі арқылы дәлелдейді, ал әйелдер даму уақытынан бастап жыныстық қатынаста үздіксіз бола береді, оны екіқабат кезде де, етеккірі болған жағдайда жалғастыра береді. Осы уақытта жұмыртқа жасушасының дамуы басқаларға ғана емес, сонымен қатар өзіне де жұмбақ күйінде қалады. Осы орайда басы артық проблема яғни көбеюмен сексуалдық не үшін қажет деген сұрақ туындайды?
Көріп отырғанымыздай, бұл сұраққа жауапты жеке тұлғаның қызығушылығын шектен шығарады. Егер алғашқы отбасының жоқ дегенде екі бала тәрбиелеу керек деп болжайтын болсақ, оларды өз-өздерін асырайтын жағдайға жеткізу керек болса жалғыз басты аналар мұндай жағдайға төзе алмайды. Ер адамдар топтық отбасылар баланы бірге тәрбиелейді, ерлер үйден алыстап аңға кетеді, немесе әйелдер ұстап отырып, отбасы жағдайын жасауға міндетті.Бұл жағдайда балалар неғұрлым жай ер жетсе соғұрлым әлеуметтік өмірге қажеттілігі артады. Яғни осы топтық тәжірибе мәдениеттің қалыптасуына әкеледі.Топтық тәжірибе отбасылық тәжірибеге алмасады.Адам табиғи жолмен іріктеудің әрекетінен шығады, себебі адам тіршіліктің басты факторы генетикалық ақпарат емес, генетикаға жатпайтын ілім болды.
Этология сонымен қатар жыныстық проблемалардың доминанттылығын зерттейді. Жануарлар әлемінде тең құқылы жыныстылар іс жүзінде кездеспейді, яғни олардың қызметтері мен рольдері белгіленген тәртіппен орындалады. Егер де мысалға алатын болсақ, кейде кездесетін болса, онда жыныстардың қарама- қарсы күресін байқауға болады. Мысалы : құстар жұмыртқа басқанда олардың еркегі де, ұрғашысы да басады, бірақ та әрқайсысы осы міндетті біріне-бірі сілтеуге тырысады. Осының нәтижесінде жұмыртқаның 3/1-і өледі. Сондықтан, тең жыныстық идея этологияда үлкен күмән тудыруда, оған назар аудару керек. Мәдени тарихта бұл әрқашан некенің тұрақтылығын төмендетуге әкеліп соқтырған.
Осының барысында жыныстардың арасындағы қызмет тек қана көбею міндеті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік иерархияны қолдау мен құру керек екендігін айтуға болады. Осы тапсырманың міндеті жануарлар әлемінен адамға беріледі, психосараптаманың көлемінде айқындалады. Мұны А.Адлер оның артынша К.Хорни бекітті: яғни көптеген әйелдер еркек болуға ұмтылған, бұл негізінен «еркектер мен ер балалар жанұяда өздерін еркін сезінеді, оларда майда- шүйде нәрселер мазаламайды, олар әртүрлі өмірлік жағдайларда өздерін еркін ұстайды, бұл еркек қауымының жынысының ең жоғарғы еріктігі» болды.
Ерте кездерде мәдениет зерттеушісі М. Фуко былай тұжырымдайды: өзара жыныстардың қатынасы сонымен қатар мүлік қатынасуға итермелейді, лексикада қалыптасқандай, жыныстық қатынас өмірде:әйелдер « беріледі», ал еркектер «олжаланады» деген сөзбен сәйкес келеді.
Сонымен, эволюциялық теория және әлеуметтік этология әрбір жыныстың іс- әрекетіне арналған спецификалық программаны және ер адамдар мен әйел адамдардың арасындағы кейбір іс-әрекеттің үлгілерін дәл қазіргі уақытта типологиялық сұрыптаудың нұсқауларын теңдей қамтиды.
Л.Элистің нейроандрогенетикалық теориясы.
Әйел мен еркектің арасындағы айырмашылық тіршілік етеді, мұнда түйсіктік табиғат және эволюциялық дәлелдеу бар. Мұнда физиялогиялық адамның мінез-құлқына түсініктеме жыныстық гармондарға іс-әрекетінің үйлесімді болған.Ли Элистің нейроандрогенетикалық теориясы жыныстық айырмашылықтар іс-әрекет кезінде андрогендердің ықпал ету әсерімен және мимен байланысады деп бекітеді.Бізге белгілі болғандай, әрбір адамда ерлерге және әйелдерге тән гармондар қатысады, бірақ ерлерде андрогендер басым,ал әйелдерде эстрадиол көп болады.Жыныстық гармондардың миға әсер етуі екі жағдайда өмір сүреді;
1. «Организациялық»-бұл эмбрионның үш айлық кезімен байланысты.
2. « Активациондық»-бұл биологиялық жыныстық жетілу кезеңі. Бұл екі жағдай адамның жыныстық жетілу кезінде күшті қарқындылықпен суреттеледі. Биологиялық жыныс және психологиялық іс-әрекеттің қосылуы зерттеудің нәтижесінде төрт түрін анықтады; андрогендердің манипуляциялық костарицасы, корреляциондық зерттеулер,мінез-құлықты оқып үйрену.
Қорыта келе,мінез-құлықтың 12 тұрақты бағдарламасы бөлініп алынды, ол ерктік жыныспен тығыз қарым-қатынаста болады.
