Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гот.стандарты каз, окончат.вар детские укорочен...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
488 Кб
Скачать
☆

Құлақ маңына жылытқыш компрессін қою алгоритмі

Көрсеткіші: құлақтың, құлақ маңының қабыну процесін азайту және жою

Керекті құралдар:

  • араластырылған спирт - 450

  • дәкеден жасалған салфетка (6 қабатталған)

  • мақта, жалпақ бинт

  • жылтыр қағаз

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.

  4. Салфетка мен жылтыр қағазда баланың құлағының көлеміне сәйкес тесу жасау.

  5. Дәке салфеткасын дайындалған спирт ерітіндісіне салу, сығып алу.

  6. Салфетканы құлақ маңының терісіне салу.

  7. Салфетканың үстінен қағазды салу (оның көлемі астыңғы қабаттан артық болу керек).

  8. Қағаздың үстінен мақта салу (қалыңдығы 2-3 см, көлемі астыңғы екі қабаттан 1-2 см артық болу қажет).

  9. Компрессті теріге жанастырып мықтап бекіту.

  10. Компрессті кемінде 6 сағатқа қалдыру (көбіне түнге).

  11. Компрессті шешу, теріні құрғатып сүрту, құрғақ орамалмен таңу.

  12. Қолды жуып, кептіру.

Ескерту.

  1. Ерітіндінің температурасы 38-40°С кем болмауы қажет.

  2. 70° спиртті сумен 2:1 қатынасында араластыру.

  3. 96° спиртті сумен 1:1 қатынасында араластыру.

Ерте жастағы балаларға қыша қағазын қою алгоритмі

Көрсеткіші: тыныс алу мүшелерінің ауруларында рефлекторлы терапия өткізу

Керекті құралдар:

  • қыша қағазы

  • суы бар лоток 40-450 С

  • стерильді майы бар лоток 37-380 С

  • жөргектер (жұқа және қалың)

  • көрпе

  • қолданылған заттарға арналған лоток

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.

  4. Қыша қағазының жарамдылығын тексеру.

  5. Баланы беліне дейін шешіндіру, тері қабаттарын тексеру.

  6. Жұқа жөргекті орап жылы өсімдік майымен майлау.

  7. Сығып алып тегіс жерге жаю.

  8. Қыша қағаздарын қышасын жоғары қаратып 5-10 сек суға салу.

  9. Қыша қағаздарын жөргектің орта бөлігіне қышасын төмен қаратып салу – оң жақта 2-4, сол жақта 1- (саны кеуденің көлеміне байланысты), ортасында омыртқа үшін бос орын қалтыру керек.

  10. Жөргектің үстіңгі және төменгі бөліктерін үстіге қарай бүктеп салу.

  11. Жөргектің астыңғы жағын үстіне қарай аудару.

  12. Баланы жөргекке, омыртқа тұсы бос жерге орналасытындай етіп, жатқызу.

  13. Жөргектің бірінші оң жағын, одан соң сол жағын орау (қыша қағазы жүрек тұсында болмауы керек).

  14. Баланы жылы жөргекпен және көрпемен жабу.

  15. Қыша қағазын қызару айқын болғанға дейін ұстау.

  16. Қыша қағаздарын шешу, қолданылған затқа арналған лотокка тастау.

  17. Баланы жылылап орап 1 сағ төсекке жатқызу.

  18. Қолды жуып, кептіру.

Ескерту. Қыша қағазадары дене температурасы 38°С жоғары болмағанда ғана қойылады.

Мұзды мұйық көмегімен физикалық салқындату алгоритмі

Көрсеткіші: дене температурасын түсіруге қол жеткізу.

Керекті құралдар: - мұзға араналған мұйық;

- су 14-16°С.;

- мұз кесектері;

- жөргектер – 3-4;

- ағаш балға;

- мұзы бар флакондар;

- сағат.

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.

  4. Мұз кесектерін жөргекке салу, ағаш балғамен ұсақтап бөлу.

  5. Мұйықтың 1/3 бөлігін мұз кесектерімен толтыру және 2/3 бөлігіне дейін сумен толтыру.

  6. Мұйықты қатты тегіс жерге салып қолмен ақырын басу арқылы ауасын шығару.

  7. Мұйықтың қақпағын жауып төмен қарай төңкеріп жабылуын тексеру.

  8. Мұйықты жөргекке орау.

  9. Мұзды мұйықты баланың бас жағына 2-3 см қашықтықта бекітіп ілу, мұйық пен баланың басының аралығында алақан өтетіндей болу қажет.

  10. Мұзы бар флакондарды салфеткамен орау және ірі тамырлар маңына орналастыру.

  11. 20-30 мин уақытқа қалдыру, 10-15 мин үзілістен кейін қайталап өткізуге болады.

  12. Мұздың еруіне байланысты мұйықтан суды төгіп жаңадан мұз кесектерін салып отыру қажет.

  13. 20-30 минуттан кейін мұйықтарды алып тастап баланың дене температурасын өлшеу.

Ескерту. Шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдісіне көшу қажет.