Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гот.стандарты каз, окончат.вар детские укорочен...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
488 Кб
Скачать
☆

«Жылу тізбегінің» бөлімдері (№498 бұйрық)

1. Босану бөлмесінің температурасы 25- 260С.

2. Жаңа туған нәрестені стерильді жылы жөргекке қабылдап алу және құрғатып сүрту.

3. Баланы анасының төсіне жатқызу (тері теріге қатынасы).

4. Баланы қайталап құрғатып сүрту, жылытылған бас киім және шұлық кигізу, үстіне жөргек және жылы көрпеше жабу.

5. Баланы анасынан ажырату (кіндігін кесу).

6. 30 мин өткеннен кейін баланың дене температурасын өлшеу.

7. Анасына емшекпен емізуді бастауға көмектесу (бала төсті қабылдауға дайындығының белгісін көрсеткеннен кейін).

8. Баланы анасының төсінде кемінде 2 сағатқа қалдыру (тексеруді, антропометрия өткізуді 2 сағатқа кейін қалдыру).

9.Баланы босанудан кейінгі бөлімге тек анасымен бірге ғана жеткізу.

10. Ана мен баланың тәулік бойы бірге болуы қамтамасыз ету және баланы «сұрауы бойынша» тамақтандыру.

Ескерту! Баланың киімдерін алдын ала жылытып қою қажет.

Баланың таңертеңгілік тазалығын өткізу алгоритмі

Көрсеткіші:

  • дене гигиенасын сақтау;

  • баланың таза болу қажеттілігін қанағаттандыру;

  • таза жүру әдетін қалыптастыру;

Керекті құралдар:

  • қайнаған су;

  • стерильді өсімдік майы;

  • мақта шариктері және шиыршықталған мақта

  • жөргектейтін үстелдегі таза жөргектеуге арналған жинақ немесе киімдер;

  • резеңке қолғап;

  • дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

  • кір киімдерге арналған қап.

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Жөргектейтін үстелді дезерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу.

  5. Баланы шешіндіріп жөргектейтін үстел үстіне жатқызу.

  6. Баланың шешкен киімдерін кір киімге арналған қапқа салу.

  7. Баланың бетін қайнаған суға малынған мақта тампонымен абайлап сүрту.

  8. Қайнаған суға малынған мақта тампонымен баланың көзінің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай өңдеу (әр көзге жеке тампон қолданылады).

  9. Сол ережемен көздерін құрғақ мақта тампондарымен құрғату.

  10. Мұрын жолдарын өсімдік майына немесе қайнаған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 1,5 см тереңдікке енгізу арқылы тазалау (әр мұрын жолына бөлек мақта қолдану). Мақтаны мұрынға сағат тілінің бағытымен енгізіп, сол бағытын өзгермей алып шығу қажет.

  11. Есту жолдарын өсімдік майына немесе қайнаған суға малынған шиыршықталған мақтамен, айналдыра қозғалтып 2 см тереңдікке енгізу арқылы тазалау (әр есту жолына бөлек мақта қолдану). Баланың құлақтарын аптасына 1 рет немесе керектігіне байланысты тазалау керек.

  12. Абайлап баланың иегін басып аузын ашу және ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру.

  13. Қайнаған сумен кіндік қалдығын өңдеу.

  14. Табиғи қыртыстарын стерильді майға малынған мақта тампонымен өңдеу.

  15. Келесі реттілікті қатаң түрде сақтай отырып өңдеу: құлақ арты-мойын-қолтық асты-білек-тізе асты-тірсектабан-шап-жамбас.

  16. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.

  17. Жөргектейтін үстелдегі жөргекті кір киімге арналған қапқа салу.

  18. Жөргектейтін үстелді дезерітіндімен сүрту.

  19. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту.

1. Таңертеңгілік тазалығын өткізу алдында бланың нәжісін, дене температурасын және дене салмағын тексеру қажет.

2. Керек жағдайда баланың жыныс мүшелерін ағынды сумен жуып алу қажет.

3. Таңертеңгілік тазалықтың жыныс мүшелерін жуу және кіндік қалдығын өңдеу элементтерімен жеке танысыңыз.