Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гот.стандарты каз, окончат.вар детские укорочен...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
488 Кб
Скачать
☆

Құлаққа тамшы тамызу алгоритмі

Көрсеткіші: ортаңғы құлақтың қабыну процесін жою, евстахиев түтігінің өткізгіштігін жақсарту

Керекті құралдар:

  • дәрі препараты

  • қауіпсіз пипетка

  • шиыршықталған мақта, шариктер

  • қолданылған заттарға арналған лоток

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Дәрі препаратының сыртындағы жазумен танысу (аты, жарамдылығы).

  5. Баланың сау құлақ жағын төмен бұрып жатқызу.

  6. Құлақтан бөлініс болған жағдайда, тазарту.

  7. Дәріні пипеткаға сорып алу.

  8. Тамшының температурасын алақанның сыртына тамызып тексеру.

  9. Сол қолмен құлақ ұшын төмен қарай тарту (1 жасқа дейін) немесе құлақ шеміршегін артқа және жоғары тарту (1 жастан жоғары).

  10. Тамшыны есту жолдарына тамызу.

  11. Тамшы ортаңғы құлаққа өту үшін құлақты бірнеше рет басу.

  12. Құлаққа 10-15 минутқа тампон салу.

  13. Тампонды алып тастау.

  14. Пипетканы дезерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.

  15. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру.

Ескерту. Тамшыны дене температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (36-370).

Көзге тамшы тамызу алгоритмі

Көрсеткіші: көздің қабыну процесін жою (конъюнктивиттер, блефариттер)

Керекті құралдар:

  • дәрі препараты

  • қауіпсіз пипетка

  • мақта шариктері

  • қолданылған заттарға арналған лоток

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Дәрі препаратының сыртындағы жазумен танысу (аты, жарамдылығы).

  5. Баланы арқасына жатқызу, басын аздап артқа шалқайту.

  6. Дәрінің керекті мөлшерін пипеткаға сорып алу, сол қолға мақта шаригін алу.

  7. Төменгі қабақты мақта шаригімен төмен қарай тарту, баланы жоғары қарауын сұрау.

  8. Төменгі конъюнктива қыртысына 2-3 тамшы тамызу (пипетканы конъюнктиваға аса жақындатпаңыз).

  9. Баланың көзін жұмуын сұрау. Ерте жастағы баланың көздерін мақта шаригінің көмегімен жұмдыру қажет.

  10. Көзінің ішкі бұрышынан тамшының қалдығын мақта тампонымен алып тастау.

  11. Тамшыны екінші көзге сол әдіспен тамызу.

  12. Пипетканы дезерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.

  13. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру.

Ескерту.

1. Тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240).

2. Керек жағдайда конъюнктиваның шырышты қабатын іріңді бөліністен тазартып алу қажет.

Мұрынға тамшы тамызу алгоритмі

Көрсеткіші: мұрын жолдарының қабыну процесін жою, өткізгіштігін жақсарту, мұрынжұтқыншақтан инфекцияның өтуін алдын алу

Керекті құралдар:

  • дәрі препараты

  • қауіпсіз пипетка

  • мақта шариктері

  • қолданылған заттарға арналған лоток

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Дәрі препаратының сыртындағы жазумен танысу (аты, жарамдылығы).

  5. Мұрын жолдарын стерильді мақта шиыршықтарымен тазалау.

  6. Баланың басын аздап артқа шалқайту, тамшы енгізетін жағына қаратып бұру.

  7. Алақанды баланың маңдайына салып, басты бекіту, ал бірінші саусақпен мұрын ұшын жоғары көтеру.

  8. Дәріні пипеткаға сорып алу.

  9. Төменгі мұрын жолына 3-4 тамшы тамызу (пипетканы терең енгізбеу керек), тамшы мұрынның сыртқы қабырғасының шырышты қабатына ену керек.

  10. Мұрынның қанатын мұрын қырына басу.

  11. Тамшыны екінші мұрын жолына сол әдіспен тамызу.

  12. Пипетканы дезерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.

  13. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру.

Ескерту. Тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240).