Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гот.стандарты каз, окончат.вар детские укорочен...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
488 Кб
Скачать
☆

Дене температурасын қолтық асты және шат қыртыстарында өлшеу алгоритмі

Көрсеткіші: баланың дене температурасын анықтау.

Керекті құралдар:

  • медициналық термометр;

  • сағат;

  • дезерітіндісі бар лоток;

  • дәке салфеткалары;

  • қалам, дәптер.

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Термометрді алып сынап 35°С төмен түскенге дейін сілку.

  5. Қолтық асты (шат) қыртысы маңын мұқият тексеріп салфеткамен

құрғатып сүрту.

  1. Термометрдің сынап бағанасы ұстау (денесіне басып ұстау).

  2. Уақытты белгілеу және 10 минут өткеннен кейін термометрді алып көрсеткішін анықтау.

  3. Анасын термометрияның қортындысымен таныстыру және t° температуралық параққа тіркеу. Әр клетка 0,2°С сәйкес келеді және нүктені клетканың ортасына қою қажет.

  4. Термометрді сынап бағанасына түскенге дейін сілкіп дезерітіндісі бар арнайы ыдысқа салу.

  5. Термометді алып ағынды сумен мұқият жуу және салфеткамен құрғата сүрту. Термометрді қорабына салу.

  6. Қолғапты шешіп қорапқа салу және қолды жуып кептіру.

Мұрын және ауызжұтқыншақтан жұғын алу алгоритмі

Көрсеткіші: бактериологиялық зерттеуге материал жинау.

Керекті құралдар:

  • жарық көзі, орындық;

  • резеңке қолғап, маска;

  • стерильді пробиркалары мен құрғақ мақта шариктері бар штатив;

  • стерильді шпатель;

  • лабораторияға жолдама-бланк;

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Стеклографпен пробиркаларды «М», «Ж» (мұрын, жұтқыншақ) белгілеу.

  5. Баланы жарық көзіне бетімен қаратып көмекшінің алдына отырғызу. Баланың аяғын көмекші өзінің аяқтарымен айналдыра қамтиды, қолдары мен кеудесін бір қолымен бекітіп ұстайды, екінші қолының алақанын баланың маңдайына қойып басын ұстайды, баланың басы аздап артқа шалқайған.

  6. Пробирканы штативке орналастырып, сол қолға шпательді алып баланың аузын ашуын сұрау, шпательді ауыз қуысына енгізіп тілді басып ұстау.

  7. «Ж» тампонды ауыз қуысының шырышына тигізбей, абайлап ауыз қуысына енгізу.

  8. Тампонмен таңдай доғаларынан және бадамша бездерден шырышты келесі реттілікпен алу: доға – бадамша бездер - тілшік.

  9. Тампонды ауыз қуысынан абайлап шығару, сыртына тигізбей пробиркаға салу.

  10. Мұрыннан жұғын алу кезінде сол қолдың бірінші саусағымен мұрын ұшын жоғары көтеріп тампонды айналдыра қозғалтып мұрын қуысына енгізу қажет. Тампонның мұрын қуысының қабырғаларымен тығыз түйісун қадағалау қажет.

  11. Тампонды қабырғаларына тигізбей абайлап пробиркаға орналастыру.

  12. Қолғап киілген қолдарды жуу және антисептикпен өңдеу, масканы және қолғапты шешу, қорапқа салу және қолды жуып кептіру.

  13. Материалды бакзертханаға тез арада немесе тоңазытқышта сақталған жағдайда 3 сағаттың көлемінде жеткізу.

Ескерту. 1. Жұтқыншақта қабыршық болса немесе күл ауруына күдік болған жағдайда жұғындыны сау және зақымданған тіндердің шекарасынан алу қажет.

  1. Ауызжұтқыншақтан материалды ашқарынға, дәрі қабылдаудан, ауыз қуысын шаюдан бұрын алады.

АНТИБИОТКТЕРДІ ЕЗУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ

Мақсаты: Баланы дәрігер тағайындаған дәрілік препарат мөлшерімен қамтмсыз ету.

Керекті құраладар: 1. резеңке қолғап

2. антибиотик флаконы

3. антибиотикке арналған ерітінді

4. инесімен шприц

5. 70% этил спирті

6. мақта шариктерімен, пинцетпен стерильді үстел

7. қолданылған заттарға арналған лоток

    1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

    2. Керекті құралдарды дайындау.

    3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

    4. Антибиотик, ерітінді флакондарындағы жазулармен танысу (аты, дозасы, жарамдылық мерзімі).

    5. Ерітіндінің антибиотикті езуге керекті мөлшерін анықтау.

    6. Балаға енгізуке арналған дайын ерітіндінің мөлшерін анықтау.

    7. Шприцтің қорабын ашу, оны жинау, инесін кигізу, стерильді үстелге қою.

    8. Спиртке малынған стерильді мақта шаригімен антибиотик флаконының алюминий қақпағын өңдеу, оны ашу және қайталап өңдеу.

    9. Ерітінді ампуласының мойнын спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеу, ампула мойнын сындыру, керекті мөлшерін шприцке сорып алу. Антибиотик бар флаконның резеңке қақпағын инемен тесіп ерітіндіні енгізу. Флаконды шайқау.

    10. Флакондағы инені шприцке кигізу және флаконды төңкеріп жоғары көтеру – шприцке дайын ерітіндінің қажетті мөлшерін сорып алу.

    11. Шприцтің инеге арналған конусынан флаконды инемен бірге алып тастау, шприцке инъекцияға арналған инені қалпағын шешпей орналастыру.

    12. Шприцтің ине жағын жоғары көтеріп 1-2 тамшы ерітіндіні ине қалпағына шығару және шприцті стерильді үстелдің үстіне қою.

    13. Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігін 70% этил спиртімен өңдеу және шприцті 900 жағдайында ұстап бұлшық етке антибиотикті енгізу.

    14. Инені алу, инъекция орнын мақта шаригімен өңдеу (қолда қалтырылған), шарикті және шприцті жоюға арналған арнайы қорпқа салу.

    15. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру.