- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •2.Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •Иммундық жүйе
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6.1. Иммундық жауап
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •Аутоиммунды бұзылыстар
- •Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
2. Аллергиялық синдром
Аллергия иммунитет жүйесіне дисбаланс әкеледі, аллергия дерті дамиды. Қазіргі заман адамдарында көптеген антигендік, химиялық заттармен, ксенобиотиктердің әсерімен иммуноглобулин Е көбейіп, жедел жүретін аллергиялық аурулар жиі кездеседі. Иммундық тапшылығы бар аллергиялық синдромның клиникалық көріністері-атопиялық дерматит, нейродермит, респираторлы ауруларға бейімділігі көбейген, ауыр атопикалық синдромды тері-аллергиялық, инфекциялық компоненті бар экзема.
Бұл аурулардың респираторлық көріністеріне поллиноз, демікпелі бронхит, атопиялық бронх демікпесі жатады.
Иммунологиялық тапшылығы бар аллергиялық синдромға тағам, дәрі аллергиясы, үй тозаңына, химиялық заттарға және биопрепараттарға пайда болатын аллергиялық реакциялар кіреді.
3. Аутоиммунды синдром.
Дені сау адамдардың қан сарысуында қалыпты жағдайда өз антигендеріне қарсы құрылған антиденелер әрқашанда аз мөлшерде кездеседі. Олар өзгерген торшаларды және басқадай субклеткалық құрылыстарды организмнен шығарып-тазартып отырады. Бірақ, иммунды қабілетті торшалардың қызметі бұзылса, оның ішінде Т-хелпердің қызметі төмендесе немесе Т-супрессорлардың белсенділігі көтерілсе, өз торшаларынада толеранттылық төмендеп, оларға қарсы иммундық реакция дамып-аутоаллергия пайда болады. Оның себептері соматикалық торшалардың мутациясы және өз торшаларына толераттылығын жоғарылатқан клондардың көбеюі. Егерде адамның өз мүшелері және жүйесі өзгеріп бөтен антигендік қасиетіне ие болса, аутоиммунды реакциялар және аурулар дамиды. Мысалы, вирустар торша ішіне кірсе немесе тіндер дәрі және басқадай химиялық заттармен байланысқа түседі. Аутоиммунды реакциялар HLA жүйесімен байланысып генетикалық өзгеріспен анықталады. Аутоиммунды аурулар көбінесе әйелдерде байқалады және жас ұлғайған сайын көбейеді. Кейінгі жылдары аутоиммунды аурулары бар науқастар көбеюде.
Иммундық тапшылығы бар аутоиммунды ауруларға ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі, склеродермия, дерматомиозит, жүйелі васкулиттер, аутоиммунды агранулоцитоздар, тромбоцитопения, бейспецификалық жаралы колит жатады. Бұл топқа аутоиммуды бүйрек (гломерулонефрит, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, нефротикалық синдром), шектелген абсцеспен, инфекциямен жүретін инсулинтәуелді қант диабеті және иммунды комплекс аурулары (сарысу ауруы, Артюс феномені) кіреді.
4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
Иммунитет тапшылығын беретін иммундық көбею синдромына иммунитет жүйесі торшаларынан шығатын лимфоциттер және миелоидты қатерлі ісік аурулары кіреді. Бұлар - иммунитет жүйесінің ісіктері, лимфома, лимфосаркома, лимфогрануломатоз (Ходжкин ауруы), жедел және созылмалы лимфолейкоз, Капоши саркомасы.
Бір кезде бұл ауруларды екіге бөлген, Бірінші топқа - лимфома, екінші топқа лейкоз кірген. Лимфомада шеткі қанда өзгеріс көп болмайды.
Лимфомалар екіге бөлінеді:
В-торшалы лимфоцитарлы, плазмоцитті-лимфоцитарлы лимфомалар; В-торшалы иммунобласты саркома;
Т-торшалық лимфоцитарлы лимфома, Т-торшалық иммунобласты саркома, лимфоэпителийлік лимфома, гистоцитарлы және жіктелуге кірмеген лимфомалар.
Иммунологиялық тапшылық осы 4 синдром бойынша ілкілік, салдарлық (жүре пайда болатын) болып бөлінеді.
Иммунологиялық тапшылық иммунитет звеносының кемшілігіне байланысты жіктеледі: гуморальдық иммунитеттің тапшылығы; жасушалық иммунитеттің тапшылығы; иммундық тапшылықтың қосынды түрі; макрофагальдық фагоцитоз жүйесінің кемдігі; комплемент жүйесінің жеткіліксіздігі.
Аурулардың иммундық статусын бағалау үшін мына тесттер қолданылады (иммунология институті, Мәскеу, 2001):
І. Фагоцитоз:
моноциттер мен нейрофильдердің фагоцитоздық индексі;
опсонин индексі;
лейкоциттердің бактерицидтілгіі және фунгицидтілігі;
оттегі мен азоттың белсенген түрлерінің құрылуы;
хемотаксис;
молекулалардың лейкоциттерге адгезия - экспрессиясы.
ІІ. Гуморальдық иммунитет:
ІgG, ІgА, ІgМ, ІgЕ, ІgД - негізгі кластары және подкластары ІgG1, ІgG2, ІgG3, ІgG4, (шырышты қабық секреттерінде); кейбір оппортунистік микробтарға қарсы антиденелер типі; антиденелер аффиндігі және иммуноглобулиндердің гликозилированиясының деңгейі; айналымдағы иммунды комплекстер;
ІІІ. Комплемент жүйесі.
Комплементтің гемолиздік белсенділігі;
С3,С4,С5 комплемент компоненттері, С1-ингибитор және басқалар.
ІV. Лимфоциттердің иммундық фенотипированиясы:
СД3,СD3 +СD4 +, СД3 +СД8 +, СД3HLA-DR + , СД3 -HLA-DR + , СД3 + СД 16/56-, СД3 + СД 16/56+, СД25- және басқалар.
V. Лимфоциттердің функциялық белсенділігі:
NK-торшаларының цитотоксикалық белсенулігі; Т- және В–жасушаларының митогендерге жауабы; Th1-және Th2-торшаларының деңгейі;
Шеткі қан мононуклеарларының өз бетінше және демеушімен цитокиндерді синтезі; арнайы және бейспецификалық белсенділігіндегі лимфоциттер апоптозы және фагоцитоз процесіндегі нейтрофильдер апоптозы;
VІ. Интерферон статусы: ИФА арқылы және биологиялық тест немесе ағымды лазерлі цитометриямен қан сарысуындағы және супернатантты белсенген лейкоциттерге альфа-ИФН және гамма-ИФН деңгейін анықтау.
Осы комплекс тесттер арқылы салдарлық иммунитет тапшылығының өзгерістерін білуге болады: оттегінің белсенген түрлерінің көбеюі фагоцитарлық торшалардың функцияларының күшейгенін көрсетеді; ІgМ-ның деңгейінің көтерілуі жедел қабыну процестерінде болады; ІgА-ның көбеюі сілемейлі қабықтың жедел және созылмалы қабынуларына байланысты;
СД3 -HLA-DR + , СД3 +HLA-DR + белсенген лимфоциттердің деңгейінде көтеріледі; жедел және созылмалы вирусты инфекцияларда СД3 + СД8 + және СД3 - СД16-56 + киллерлік торшалардың деңгейі жоғары, кейде Т-торшалардың көбею белсенділігі төмендейді.
Р.В. Петров және соавт. (1987ж.) адам иммундық жүйесін этапты бағалауды ұсынды, атап айтқанда, 2-3 деңгейлі тестер арқылы тексеру.
И.Б. Резник (1998) - біріншілік иммунодефицитті анықтау үшін лейкоциттердің, нейтрофильдердің, лимфоциттердің және тромбоциттердің жалпы санын; сарысуда ІgG, ІgА, ІgМ, комплементтің гемолиздік белсенділігін, гиперсезімталдықтың баяу түрін тері сынамасымен тексеруді ұсынды.
Қазіргі уақытта адам иммунды жүйесін бағалау үшін минимум тесттерге лейкоциттердің, лимфоциттердің, моноциттердің, нейтрофильдердің, тромбоциттердің жұту және бактерицидтік белсенділігін және олардың оттегінің белсенді түрлерін құру қабілетін; ІgG, ІgА, ІgМ және ІgЕ; комплементтің гемолиздік белсенділігін; лимфоциттердің субпопуляцияларын СД3,СД4,СД8,СД19/20 тексеру кіреді.
Бұл комплекс, бірінші деңгейлі тесттер, ілкі иммундық тапшылық, оның ішінде грануломатозды аурудың фагоцитарлы клеткалардың генетикалық кемшілігін, АИВ-инфекциясының диагнозын қоюға көмектеседі.
Гуморальдық иммунитетті бағалау .
Гуморальдық иммундық жауапты бағалау үшін лабораторияда иммунорамманы аурудың жасына байланысты салыстырады.
Қанын тексеру морфологиялық зерттеумен толық жүруі керек.
Сарысу иммуноглобулиндерін тексеру гуморальдық иммундық тапшылық диагнозын қоюға жеткіліксіз.
Балалардың антиденелер өндіру қабілетін бағалауға сарысу изогемагглютининдерінің титрін қайталап тексеру өте маңызды. Бұл тестті баланың 4-6 айлық жасынан бастап жүргізеді.
Гуморальдық иммунитет тапшылық диагнозын қою үшін вакцинация жүргізгенде арнайы антиденелер шығуын (еккенге дейін және одан кейін) тексерудің маңызы зор.
Сарысудағы барлық иммуноглобулин G–ның деңгейін анықтайды.
Гуморальдық иммун тапшылығын емдеу ұсыныстары.
Арнайы гуморальдық иммунитет жауабы, оның ішінде IgG өнімі бұзылғандарға көктамырға кемшіліктің орнын толтыратын ем, иммуноглобулин беріледі.
Науқаста әр түрлі ауруы болғанымен гуморальдық иммунитет қалыпты болса, иммуноглобулин тағайындалмайды.
Иммуноглобулин дозасы 200-400 мг/кг дене салмағына, 3-4 аптада 1 рет. Гуморальдық иммунитет тапшылығында иммуноглобулиннің орнын қалпына келтіретін ем ұзақ уақыт жүргізіледі.
Иммуноглобулинді көктамырға жіберіп емдеуде қосымша жүйелі антибиотикотерапия тағайындалады.
Сарысу иммуноглобулиндері тым аз науқастарға тірі вакцинаны егуге болмайды.
