- •1.1. Әкімшілік жауаптылық әкімшілік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде.
- •1.2. Әкімшілік жауаптылық заңи жауаптылықтың бір түрі ретінде.
- •1.3. Әкімшілік жауаптылықтың түсінігі және оның ерекшеліктері
- •1.4. Әкімшілік жауаптылық туралы заңнамаларды жүйеcі. Полицейлік құқық.
- •1.5. Әкімшілік жауаптылықты қолдану: мақсаты, қағидалары және құқықтық салдары.
- •1.6. Әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері.
- •1.7. Әкімшілік жаза қолданудың салдары.
- •1.8. Заңдылықтарды және мемлекеттік басқару негіздерін,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші әдіс ретіндегі әкімшілік жауаптылықтың мәні және мағынасы.
- •Объективті жағы
- •2.2. Әкімшілік жауаптылықтың субъектілері. Субъектінің түрлері, жалпы белгілері, әкімшілік жауаптылық субъектілерінің арнайы және ерекше белгілері.
- •Объектісі
- •Субъективтік жағы
- •2.3. Әкімшілік жауаптылыққа субъектілердің ерекше санаттарын тартудың тәртібі: әскери қызметкерлерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерін, лауазымды тұлғаларды, жасөспірімдерді және т.Б.
- •3.1. Әкімшілік жауаптылықтың тәрбиелеуші және жазалаушы функциялары. Әкімшілік жаза шараларын қолдану - әкімшілік жауаптылықтын мақсаты
- •3.3. Жасөспірімдерге қолданылатын әкімшілік жауаптылық шараларының жүйесі.
- •3.4. Әкімшілік жауаптылық шараларын қолданудың ерекшеліктері.
- •4.2. Сот талқылаудың жүргізу тәртібі. Атқарушы органдарда талқылауды жүргізудің тәртібі.
- •4.3.Әкімшілік өңдірістің сатылары. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өңдірістегі дәлелдеме
- •4.4. Әкімшілік өндірістегі мерзімдер. Әкімшілік өндірістің қатысушылары, олардың құқықтары мен міндеттері.
- •6.1. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша ведомствалық бағыныштылық. Әкімшілік юрисдикцияның ерекшеліктері.
- •6.2. Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайтын мемлекеттік билік органдарының жүйесі. Аталған органдардың құзіреттері және олардың құқықтық тәртіптелуі.
- •6.3. Аумақтық және лауазымдық бағыныштылық. 6.4. Ведомствалық бағыныштылықтың сатылары мен деңгейлері.
- •7.1. Әкімшілік соттың түсінігі.
- •6.2. Сот талқылауының ерекшеліктері. Сот талқылауында тараптардың жарыспалылығын қамтамасыз ету.
- •8.1. Қоғамдық қауыпсіздіктің, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық имандылықтың түсінігі және олардың ара қатынасы
- •8.3. Қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың классификациясы. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •II Тыныштықты бұзу
- •1 Жағдай (общежитие):
- •2 Жағдай (жекешелендiрiлген жатақхана):
- •III Құмар ойындар
- •9.1. Мемлекеттік басқару тәртібіне нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы жіктемесі.
- •9.2. Құқық бұзушылықтың түрлері және құрамы: көліктегі құқық бұзушылық, сауда тәртібін бұзу, кеден, валюта, салық, экологиялық және өзге де заңнамаларды бұзу.
- •9.3. Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың классификациясы. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •9.4. Аталған құқық бұзушылықтарды қараудың тәртібі және олардың ведомствалық бағыныштылығы.
- •10.Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық істерін қараудың тәртібі
- •10.1.Сыбайлас жемқорлық сипатындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы жіктемесі.Құқық бұзушылықтың түрлері және құрамы.
- •10.2.Аталған құқық бұзушыықтарды қараудың тәртібі,ерекшеліктері және олардың ведомстволық бағыныштылығы.
- •10.3.Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жзалау шараларының түрлері.
- •11.Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық істерін қараудың тәртібі.
- •11.1.Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық істерінің жалпы жіктемесі
- •11.2.Аталған құқық бұзушылықтарды қараудың тәртібі,ерекшеліктері және олардың ведомстволық бағыныштылығы.
- •Мемлекеттік-басқарушылық қызметтің сипатын айқындайтын конституциялық құқықтар мен бостандықтар.
- •11.3.Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазалау шараларының түрлері.
- •12.Әкімшілік жауаптылық
- •12.1.Әкімшілік жауаптылық түсінігі.Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі және оның құрамы.
- •12.2.Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндіріс түсінігі.
- •12.3.Әкімшілік жаза.Әкімшілік юстиция.Әкімшілік юрисдикция.Әкімшілік жаза шаралары.
- •13.Атқарушы билікті жүзеге асыру саласында заңдылық режимі
- •13.1.Атқарушы биліктің қызметі саласында заңдылықты қамтамасыз етудің маңызы және мәні.
- •13.2.Атқарушы биліктің қызметінің заңдылығына бақылау саласында прокуратура өкілеттігі.
- •13.3.Сот өкілеттіктері және атқарушы биліктің органдарының бақылау-қадағалау функциялары.
- •13.4.Ведомствошылығы және сырттай бақылау,мақсаттық,жоспарлық және бақылаудың басқа да түрлері.
- •13.5.Бақылау және қадағалау: түсінігі және ара-қатынасы.
1.3. Әкімшілік жауаптылықтың түсінігі және оның ерекшеліктері
Әкімшілік жауаптылық – бұл әкімшілік-құқықтық санкцияларды жүзеге асыру, уәкілетті органның немесе лауазымды адамның құқық бұзушылық жасаған азаматтар мен заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар қолдануы.
Әкімшілік жауаптылық — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауаптылыққа құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республика Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауаптылыққа тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. әкімшілік жауаптылықа тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауаптылық түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауаптылықты сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауаптылықті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауаптылыққа мынадай белгілер тән:
1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;
2) әкімшілік жауаптылықты заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;
3) әкімшілік жауаптылықтың негізі - әкімшілік құқық бұзушылық;
4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;
5) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;
6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;
7) әкімшілік жауаптылық шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.
Әкімшілік жауаптылыққа әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады.
Кәмелетке толмағандардың әкімшілік - құқықтық жауаптылыққе тартылуына келер болсақ, 16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізіліп отыр.
Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы және басшылық ету құрамындағы тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда тәртіптік жарғылары бойынша жауаптылықке тартылады. Осы аталған тұлғалар жер қойнауын, жер және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін, жол жүру режелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Осы аталған тұлғаларға әкімшілік қамау қолданылмайды.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жауапкершілігі. ҚР территориясындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жалпы негізде әкімшілік жауаптылықке ҚР азаматтары сияқты тартылады. Ал диплматиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әкімшілік жауаптылықке тарту ҚР заңдарына және сәйкес елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.
