Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әкімшілік жауаптылық.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

1.6. Әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері.

Әкімшілік жауаптылықтьң басқа құқықтық жауаптылықтардан негізгі ерекшеліктері тұрғысынан алғанда мыналарға саяды:

1. Әкімшілік жауаптылық заңмен де, заңға тәуелді актілермен де, немесе олардың әкімшілік құкық бұзушылық туралы нормаларымен тағайындалады, яғни оның өзінің нормативтік- кұкықтық негізі бар.

2.. Әкімшілік жауаптылыктың негізіне әкімшілік құкық бұзушылық жатады.

3. Әкімшілік жауаптылықтың субъектілері адамдар да, ұжымдық құрылымдар да болуы мүмкін.

4. Әкімшілік құкық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған.

5. Әкімшілік жазаларды өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың үлкен тобы: атқарушы биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдары, сондай-ақ соттар қолданады.

6. Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды өздеріне қызметіне жұмыс жөнінен бағынышты емес адамдарға — құқык бұзушыларға қолданады. Осы белгі бойынша әкімшілік жауаптылық жоғары тұрған органның, лауазымды адамның негізінен бағыныштылық жолымен жұмыскерлер мен кызметшілерге қолданатын тәртіптік шаралардан ерекшеленеді. Белгіленген жағдайларда осындай тәртіппен материалдық жауаптылық шаралары (әкімшіліктің жұмыскерге өзі жұмыс істеп жүрген жеріне келтірген зияны үшін және т.б.) колданылуы да мүмкін.

7. Әкімшілік жаза қоддану сотталған болып табылмайды және жұмыстан шығаруға жатпайды. Жазаға тартылған адам тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам бо­лып саналады.

8. Әкімшілік жауаптылықтың шаралары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жургізуді реттейтін зандарға сәйкес қолданылады.

1.7. Әкімшілік жаза қолданудың салдары.

ҚР  ӘҚБтК 44 - бабының 1- тармағына сәйкес  әкімшілік жаза – бұл  әкімшілік құқық бұзғаны үшін  заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға)   қолданылатын  және   ҚР  ӘҚБтК  осындай құқық бұзушылық жасаған  тұлғаның  құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе  шектеу    көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасы болып табылады.Әкімшілік жаза қолданудың мынадай мақсаттары белгіленген:а) әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамдызаңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу; ә) құқық бұзушының өзінің де сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу болып табылады.Әкімшілік жазалар  әкімшілік бұлтартпау шараларымен  өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану  негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай – ақ  осы мәжбүрлеу шараларының  ортақ мақсаты -  жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта,  әкімшілік бұлтартпау шаралары  жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең бастысы,  құқық бұзушылықты тоқтатуға және  құқық бұзушыны жасаған құқық бұзушылық сипатына  сәйкес  жауапкершілікке тарту  мүмкіндігінне бағытталған. Әкімшілік бұлтартпау шаралары  көбінесе  әкімшілік  жаза шараларын  қолданудың алғы шарты болып табылады.  Әкімшілік  құқық бұзушылықты істегені үшін  жеке тұлғаға  мынадай әкімшілік жазалар  қолданылуы мүмкін:

1) ескерту;

2) әкімшілік айыппұл;

3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық  бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;

5) арнайы құқықтан айыру;

6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен)  айыру немесе  оның әрекет  қызметтің 

    қандайда бір түріне немесе  нақты әрекеттерді істеуді доғару;

7) жеке кәсіпкерлік қызметті  доғару немесе тиым салу;

8) өз еркімен  тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты  мәжбүрлеп бұзу;

9) әкімшілік қамау;

10)шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ тұлғаны  ҚР шегінен тыс әкімшілік қуып шығару;

     Әкімшілік құқық бұзушылықты  жасаған заңды тұлғаларға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:

1) ескерту;

2) әкімшілік айыппұл;

3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау  құралы немесе  тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық  бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;

5) арнайы құқықтан айыру;

6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен)  айыру немесе  оның әрекет  қызметтің  қандай – да бір түріне немесе  нақты әрекеттерді істеуді доғару;

7)  жеке кәсіпкерлік қызметті  доғару немесе тиым салу;

8) өз еркімен  тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты  мәжбүрлеп бұзу.

       Әкімшілік жазаны салу ережелері ҚР ӘҚБтК 60-66- баптарымен  реттеледі.

Ескерту әкімшілік жаза қолдануға уәкілетті органның жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беруінен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады.Ескерту тек ӘҚБтК-тің тиісті бабында қаралған жағдайда ғана қолдануы мүмкін.Құқық бұзушыға ескерту қолдану әдетте оған моральдық сипаты бар белгілі бір жағымсыз салдарлар туғызуға әкеп соқтырады. Ескерту әкімшілік жаза болып табылады, ол құқық бұзушыны әкімшілік жауаптылыққа тартатын лауазымды адамның шешімінде жазбаша түрде шығарылған немесе өзге белгіленген тәртіппен жазылған жағдайда ғана белгілі бір құқықтық салдарларға әкеп соқтырады.Әкімшілік жаза шарасы ретіндегі ескертуден ауызша ескертуді айыру керек, бұл иландыру құралы болып саналады, оның әкімшілік жазалау сипаты жоқ болғандықтан да әкімшілік жаза болып табылмайды.

Әкімшілік айыппұл- әкімшілік құқық бұзушылық үшін ӘҚБтК-тің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайда және шекте, және әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза.Ол бқзушыдан мемлекеттік бюджет кірісіне ақша қаражатының белгілі бір сомасын өндіріп алуды білдіреді.Айыппұл жыл сайын қабылданатын Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген еселеген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен көрініс табады.Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа , адвокатқа сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері – бес айлық есептік көрсеткіштен , ал ірі кәсіпкерлік субьектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері – жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.Сонымен салынатын айыппұлдың жоғары мөлшері де белгіленген: жеке тұлғаға- екі жүз айлық есептік көрсеткіштен, лауазымды тұлғаға, дара кәсіпкерге ,жеке нотариусқа, адвокатқа сондай-ақ заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен ірі кәсіпкерлік субектісі болатын заңды тұлғаға- екі мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

Әкімшілік жазаны салу ережелері. Әкімшілік жазаларды  салу ережелері ҚР ӘҚБтК 5 - бөлімінде бекітілген.  Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін  жаза ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де актілерге сай жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жауаптылық қарастыратын  нормативті  актілерде  белгіленген шектерде салынады.

       

Әкімшілік жаза салынуы мүмкін:

1) тиісті органдармен немесе лауазымды тұлғалармен олардың құзырлығы шегінде;

2) егерде кінәлі тұлғаның іс-әрекетінде  әкімшілік теріс қылықтың  құрамы болса;

3) егерде осы құрам ҚР ӘҚБтК немесе әкімшілік құқықтық қатынастарды реттейтін өзге де  нормативті актілердің тиісті нормаларында бекітілген болса;

4) егерде осы баптың санкциясы  жасалған құқық бұзушылық үшін  жауапкершілік қарастыратын болса;

5) жасалған құқық бұзушылықтың  сипатын, құқық бұзушының жеке басын, кінәлілік деңгейін,  мүліктік жағдайын,  сонымен қатар жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескерсе;

Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік жазалар қолдану . Бір, екі немесе одан да көп  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін жеке -жеке  әкімшілік жаза қолданады. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган қараса, бұл адамға белгілі  бір жазалар қолданылған жағдайда , жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін осы Кодексте белгіленген үш еселенген ең жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Әкімшілік қамауға алудың ең  ұзақ мерзімі мұндай жағдайларда - 30 тәуліктен, ал төтенше жағдайлар кезінде - 45 тәуліктен аспауға тиіс. Егер айыппұлдар актілерде белгіленген міндеттемелерінің  орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған сомасының процентімен көрсетілген жағдайда, оларды бірнеше  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салған кезде, айыппұл  әрбір әкімшілік құқық бұзушылық үшін  бөлек өндіріліп алынады. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде азаматқа немесе ұйымға мүліктік залал келтірілсе, судья  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келе, дау болмағанда жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде  бір мезгілде мүліктік залалды өтеу  туралы мәселені шешуге құқылы. Өзге уәкілетті  органдар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік залалды  өтеу,  залалды өз еркімен өтеуден бас тартқан жағдайда , азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін  әкімшілік жаза қолданылған адам  әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап 1 жыл ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату. Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін - оны жасаған күннен бастап 6 ай өткеннен кейін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Жеке тұлға салық салу саласында әкімшілік сыбайлас  жемқорлықпен  әкімшілік құқық бұзушылық, сондай-ақ   құқық бұзушылық жасағаны үшін  оны жасаған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа  тартылуға тиіс емес, ал заңды тұлға салық салу саласында  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін  оны жасаған күннен бастап 3 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа  тартылуға тиіс емес. Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде адам  әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстегі әкімшілік жаза қолдану жеклеген баптарында көрсетілген.