- •1.1. Әкімшілік жауаптылық әкімшілік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде.
- •1.2. Әкімшілік жауаптылық заңи жауаптылықтың бір түрі ретінде.
- •1.3. Әкімшілік жауаптылықтың түсінігі және оның ерекшеліктері
- •1.4. Әкімшілік жауаптылық туралы заңнамаларды жүйеcі. Полицейлік құқық.
- •1.5. Әкімшілік жауаптылықты қолдану: мақсаты, қағидалары және құқықтық салдары.
- •1.6. Әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері.
- •1.7. Әкімшілік жаза қолданудың салдары.
- •1.8. Заңдылықтарды және мемлекеттік басқару негіздерін,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші әдіс ретіндегі әкімшілік жауаптылықтың мәні және мағынасы.
- •Объективті жағы
- •2.2. Әкімшілік жауаптылықтың субъектілері. Субъектінің түрлері, жалпы белгілері, әкімшілік жауаптылық субъектілерінің арнайы және ерекше белгілері.
- •Объектісі
- •Субъективтік жағы
- •2.3. Әкімшілік жауаптылыққа субъектілердің ерекше санаттарын тартудың тәртібі: әскери қызметкерлерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерін, лауазымды тұлғаларды, жасөспірімдерді және т.Б.
- •3.1. Әкімшілік жауаптылықтың тәрбиелеуші және жазалаушы функциялары. Әкімшілік жаза шараларын қолдану - әкімшілік жауаптылықтын мақсаты
- •3.3. Жасөспірімдерге қолданылатын әкімшілік жауаптылық шараларының жүйесі.
- •3.4. Әкімшілік жауаптылық шараларын қолданудың ерекшеліктері.
- •4.2. Сот талқылаудың жүргізу тәртібі. Атқарушы органдарда талқылауды жүргізудің тәртібі.
- •4.3.Әкімшілік өңдірістің сатылары. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өңдірістегі дәлелдеме
- •4.4. Әкімшілік өндірістегі мерзімдер. Әкімшілік өндірістің қатысушылары, олардың құқықтары мен міндеттері.
- •6.1. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша ведомствалық бағыныштылық. Әкімшілік юрисдикцияның ерекшеліктері.
- •6.2. Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайтын мемлекеттік билік органдарының жүйесі. Аталған органдардың құзіреттері және олардың құқықтық тәртіптелуі.
- •6.3. Аумақтық және лауазымдық бағыныштылық. 6.4. Ведомствалық бағыныштылықтың сатылары мен деңгейлері.
- •7.1. Әкімшілік соттың түсінігі.
- •6.2. Сот талқылауының ерекшеліктері. Сот талқылауында тараптардың жарыспалылығын қамтамасыз ету.
- •8.1. Қоғамдық қауыпсіздіктің, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық имандылықтың түсінігі және олардың ара қатынасы
- •8.3. Қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың классификациясы. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •II Тыныштықты бұзу
- •1 Жағдай (общежитие):
- •2 Жағдай (жекешелендiрiлген жатақхана):
- •III Құмар ойындар
- •9.1. Мемлекеттік басқару тәртібіне нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы жіктемесі.
- •9.2. Құқық бұзушылықтың түрлері және құрамы: көліктегі құқық бұзушылық, сауда тәртібін бұзу, кеден, валюта, салық, экологиялық және өзге де заңнамаларды бұзу.
- •9.3. Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың классификациясы. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •9.4. Аталған құқық бұзушылықтарды қараудың тәртібі және олардың ведомствалық бағыныштылығы.
- •10.Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық істерін қараудың тәртібі
- •10.1.Сыбайлас жемқорлық сипатындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы жіктемесі.Құқық бұзушылықтың түрлері және құрамы.
- •10.2.Аталған құқық бұзушыықтарды қараудың тәртібі,ерекшеліктері және олардың ведомстволық бағыныштылығы.
- •10.3.Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жзалау шараларының түрлері.
- •11.Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық істерін қараудың тәртібі.
- •11.1.Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық істерінің жалпы жіктемесі
- •11.2.Аталған құқық бұзушылықтарды қараудың тәртібі,ерекшеліктері және олардың ведомстволық бағыныштылығы.
- •Мемлекеттік-басқарушылық қызметтің сипатын айқындайтын конституциялық құқықтар мен бостандықтар.
- •11.3.Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазалау шараларының түрлері.
- •12.Әкімшілік жауаптылық
- •12.1.Әкімшілік жауаптылық түсінігі.Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі және оның құрамы.
- •12.2.Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндіріс түсінігі.
- •12.3.Әкімшілік жаза.Әкімшілік юстиция.Әкімшілік юрисдикция.Әкімшілік жаза шаралары.
- •13.Атқарушы билікті жүзеге асыру саласында заңдылық режимі
- •13.1.Атқарушы биліктің қызметі саласында заңдылықты қамтамасыз етудің маңызы және мәні.
- •13.2.Атқарушы биліктің қызметінің заңдылығына бақылау саласында прокуратура өкілеттігі.
- •13.3.Сот өкілеттіктері және атқарушы биліктің органдарының бақылау-қадағалау функциялары.
- •13.4.Ведомствошылығы және сырттай бақылау,мақсаттық,жоспарлық және бақылаудың басқа да түрлері.
- •13.5.Бақылау және қадағалау: түсінігі және ара-қатынасы.
9.4. Аталған құқық бұзушылықтарды қараудың тәртібі және олардың ведомствалық бағыныштылығы.
Мұндай құқық бұзушылықтарды, әрине, сот органдары қарайды. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын қасақаналық және абайсыздықпен қатар оның себебі мен мақсаты сипаттай алады. Олар кейде ӘҚБтК-тің нақты баптарында енгізіледі және сол кезде құрамның бағалаушылық белгілеріне және қандайда болмасын бір әрекетті немесе әрекетсіздікті әкімшілік құқық бұзушылық деп тану үшін міндетті болуға айналады. Барлық аталған жағдайларда мақсат құрамының негізгі белгісі ретінде болады, ал ол болмаса аталған әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылықтар деп тануға болмайды. ӘҚБтК-те нақты мақсаттар мен себептер туралы ескертпе жоқ ӛзге жағдайларда кінәлі адамға қолданылатын әкімшілік жазаның түрі мен мӛлшерін белігілеген кезде құқық қолданушы бұл белгілерді ескеруге тиіс.
Сатып алушының өтініші бойынша тауар, оның шығарылған жері, дайындаушылары, тұтыну қасиеттері, кепілдік берілген міндеттемелер және талап қою тәртібі туралы қажетті ақпарат бермеу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа қайшы пайдалану,-
тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер), - тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
Кеден істері саласындағы әкімшілік
құқық бұзушылық. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу.
Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру не кеден бақылауы аймағының режимiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу
Кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, еркін немесе кедендік қойма, баж салынбайтын сауда дүкені иелерінің осындай қызметті «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, еркін немесе кедендік қойманы, баж салынбайтын сауда дүкенін құруға арналған үй-жайдың немесе аумақтың кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралы орналасқан жерді кеден органының анықтауына мүмкіндік беретін, сол көлік құралында техникалық жабдықтың болмауы не оның ақаулы болуы -жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Кеден одағының кедендік шекарасынан өткеннен кейін өткізу пунктіне тауарлар мен көлік құралдарының келгені туралы Қазақстан Республикасының кеден органына хабарламау Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын оңайлатылған немесе жеңілдікті тәртіппен өткізуін қоспағанда, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік аумағына әкелген кезде Қазақстан Республикасының кеден органына кеден одағының кедендік шекарасынан өтетiндiгi туралы хабарламау, оның ішінде кедендік шекарадан өткен кезде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс ету міндетті болып табылатын кеден құжаттарын табыс етпеу - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
