- •1.1. Әкімшілік жауаптылық әкімшілік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде.
- •1.2. Әкімшілік жауаптылық заңи жауаптылықтың бір түрі ретінде.
- •1.3. Әкімшілік жауаптылықтың түсінігі және оның ерекшеліктері
- •1.4. Әкімшілік жауаптылық туралы заңнамаларды жүйеcі. Полицейлік құқық.
- •1.5. Әкімшілік жауаптылықты қолдану: мақсаты, қағидалары және құқықтық салдары.
- •1.6. Әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері.
- •1.7. Әкімшілік жаза қолданудың салдары.
- •1.8. Заңдылықтарды және мемлекеттік басқару негіздерін,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуші әдіс ретіндегі әкімшілік жауаптылықтың мәні және мағынасы.
- •Объективті жағы
- •2.2. Әкімшілік жауаптылықтың субъектілері. Субъектінің түрлері, жалпы белгілері, әкімшілік жауаптылық субъектілерінің арнайы және ерекше белгілері.
- •Объектісі
- •Субъективтік жағы
- •2.3. Әкімшілік жауаптылыққа субъектілердің ерекше санаттарын тартудың тәртібі: әскери қызметкерлерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерін, лауазымды тұлғаларды, жасөспірімдерді және т.Б.
- •3.1. Әкімшілік жауаптылықтың тәрбиелеуші және жазалаушы функциялары. Әкімшілік жаза шараларын қолдану - әкімшілік жауаптылықтын мақсаты
- •3.3. Жасөспірімдерге қолданылатын әкімшілік жауаптылық шараларының жүйесі.
- •3.4. Әкімшілік жауаптылық шараларын қолданудың ерекшеліктері.
- •4.2. Сот талқылаудың жүргізу тәртібі. Атқарушы органдарда талқылауды жүргізудің тәртібі.
- •4.3.Әкімшілік өңдірістің сатылары. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өңдірістегі дәлелдеме
- •4.4. Әкімшілік өндірістегі мерзімдер. Әкімшілік өндірістің қатысушылары, олардың құқықтары мен міндеттері.
- •6.1. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша ведомствалық бағыныштылық. Әкімшілік юрисдикцияның ерекшеліктері.
- •6.2. Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайтын мемлекеттік билік органдарының жүйесі. Аталған органдардың құзіреттері және олардың құқықтық тәртіптелуі.
- •6.3. Аумақтық және лауазымдық бағыныштылық. 6.4. Ведомствалық бағыныштылықтың сатылары мен деңгейлері.
- •7.1. Әкімшілік соттың түсінігі.
- •6.2. Сот талқылауының ерекшеліктері. Сот талқылауында тараптардың жарыспалылығын қамтамасыз ету.
- •8.1. Қоғамдық қауыпсіздіктің, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық имандылықтың түсінігі және олардың ара қатынасы
- •8.3. Қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың классификациясы. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •II Тыныштықты бұзу
- •1 Жағдай (общежитие):
- •2 Жағдай (жекешелендiрiлген жатақхана):
- •III Құмар ойындар
- •9.1. Мемлекеттік басқару тәртібіне нұқсан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы жіктемесі.
- •9.2. Құқық бұзушылықтың түрлері және құрамы: көліктегі құқық бұзушылық, сауда тәртібін бұзу, кеден, валюта, салық, экологиялық және өзге де заңнамаларды бұзу.
- •9.3. Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың классификациясы. Құқық бұзушылықтың түрлері.
- •9.4. Аталған құқық бұзушылықтарды қараудың тәртібі және олардың ведомствалық бағыныштылығы.
- •10.Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық істерін қараудың тәртібі
- •10.1.Сыбайлас жемқорлық сипатындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы жіктемесі.Құқық бұзушылықтың түрлері және құрамы.
- •10.2.Аталған құқық бұзушыықтарды қараудың тәртібі,ерекшеліктері және олардың ведомстволық бағыныштылығы.
- •10.3.Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жзалау шараларының түрлері.
- •11.Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық істерін қараудың тәртібі.
- •11.1.Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық істерінің жалпы жіктемесі
- •11.2.Аталған құқық бұзушылықтарды қараудың тәртібі,ерекшеліктері және олардың ведомстволық бағыныштылығы.
- •Мемлекеттік-басқарушылық қызметтің сипатын айқындайтын конституциялық құқықтар мен бостандықтар.
- •11.3.Мемлекеттік басқару тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазалау шараларының түрлері.
- •12.Әкімшілік жауаптылық
- •12.1.Әкімшілік жауаптылық түсінігі.Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі және оның құрамы.
- •12.2.Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндіріс түсінігі.
- •12.3.Әкімшілік жаза.Әкімшілік юстиция.Әкімшілік юрисдикция.Әкімшілік жаза шаралары.
- •13.Атқарушы билікті жүзеге асыру саласында заңдылық режимі
- •13.1.Атқарушы биліктің қызметі саласында заңдылықты қамтамасыз етудің маңызы және мәні.
- •13.2.Атқарушы биліктің қызметінің заңдылығына бақылау саласында прокуратура өкілеттігі.
- •13.3.Сот өкілеттіктері және атқарушы биліктің органдарының бақылау-қадағалау функциялары.
- •13.4.Ведомствошылығы және сырттай бақылау,мақсаттық,жоспарлық және бақылаудың басқа да түрлері.
- •13.5.Бақылау және қадағалау: түсінігі және ара-қатынасы.
13.4.Ведомствошылығы және сырттай бақылау,мақсаттық,жоспарлық және бақылаудың басқа да түрлері.
Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті ведомство болып табылады. Ведомстволар министрліктің құрылымдық бөлімшелері ретінде бекітілгендіктен, комитеттер министрліктердің құрамына кіреді. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен ҚР – ның Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырылады және таратады.
Ведомствоның құрылым, негізгі міндетімен құзыреті және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс – қимылының тәртібі әрбір Комитет туралы ҚР – ның Үкіметі бекітетін Ережеде айқындалады. Бұл Ереже Комитетінің құрылтай құжаты болып табылады.
Ведомствоның – комитетінің аумақтық бөлімшелері болуы мүмкін. Мысалы, ҚР – сы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар.
Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
аумақтық дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
коммуналдық меншікті басқару;
жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай заңдармен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
Салааралық (ведомство үстілік немесе ведомстводан тысқары) бақылау ұйымдастыру (ведомстволық) жағынан бақылау жүргізетін органға бағынышты емес органдар, кәсіпорындар мен мекемелер жөнінде жүзеге асырылады.
Әдетте, бұл сияқты бақылау өкілеттіктерді салааралық құзыретті атқарушы органдарға (көпшілігінде – комитеттерге, (инспекцияларға) беріледі. Олар өз құзыретінің мәселелері бойынша өзге атқарушы органдардың, сондай – ақ кәсіпорындар мен мекемелердің, олардың ведомстволық бағыныштылығына (қарастылығына) және меншік нысанына қарамастан, жұмысын тексеруге құқылы. Мысалы, ҚР – сы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті қаржы – бюджет тәртібін сақтауға жүргізетін мемлекеттік бақылауы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы.
Республиканың министрліктері мен олардың ведомстволары (комитеттері) және өзге орталық атқарушы билік органдары салааралық (ведомствоүстілік) және де салалық (ішкі ведомстволық) бақылауды жүзеге асыра алады. Бұл органдардың ішінде өздерінің негізгі қызметі тек арнаулы бақылау жасау болып табылады. Мысалы, ҚР – сы Табиғи монополияларды ретту агенттігі, ҚР – сы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау және Салық комитеттері, ҚР – сы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті, валюталық және экспорттық бақылау жөніндегі, т.б. органдар бар.
Салалық (ішкі ведомстволық) бақылаудың, салааралық бақылаудан айырмашылығы, оны бір саланың немесе бір аяның органдары өздеріне бағынышты органдар мен кадрларға қатысты атқарушылық және өкім етушілік қызметінің барлық мәселелері бойынша жүргізіледі. Осыған орай атқарушы биліктің барлық республикалық органдарымен олардың аумақтық құрылымдары өздеріне бағынышты (ведомствосына қарасты) ұйымдардың, ал соңғылардың басшылары (әкімшіліктері) – өздерінің құрылымдық бөлімшелері мен олардың лауазымды адамдарының қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асырады. Тағы бір рет атап айтайық: салалық бақылау – басшылардың өздерінің бағыныштыларына жасалатын басқарушылық ықпалдарының өте қажет бөлігі. Өзіне бағынышты құрылымдар мен тұлғалар қызметінің барлық мәселелері бойынша бақылау жасайтын тікелей басшы олардың шешімдерінің күшін жоюға немесе өзгертуге, күнделікті қызметіне араласуға, кінәлілерді жазалауға, табылған кемістіктерді жөнге келтіру және олардың себептерін жою үшін шаралар қолдануға құқылы. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша зандарда белгіленген тәртішіен Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар түрінде актілер шығарады.Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табылады және біріне-бірі әкімшілік бағыныста болмайды, бірак олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады, бірлесіп кызмет атқару немесе әртүрлі ведомстволардың іс-қимылын қажет ететін, мысалы, республикалық мақсатты бағдарламаларды іске асыру, қылмыспен күресу тағы баскалар жөніндегі мәселелерді шешу туралы шарттар мен келісімдер жасай алады.Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін Республика Үкіметі бекітеді.Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті тиісті орталық атқарушы органның ведомствосы болып табылады.Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен республика Үкіметі құрады, кайта ұйымдастырады және таратады. Ведомство Республиканың орталық атқарушы кұзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-кадағалау міндеттерін, сондай-ак салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік баскарудың ішкі саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асырады. Орталық атқарушы орган басшысының ұсынуы бойынша Республика Үкіметі ведомствоның басшысын кызметке тағайындайды және қызметтен босатады.Ведомствоның құрылымын, құзыретін және баска мемлекеттік органдармен өзара іс-кимылының тәртібін Үкімет белгілейді.
