Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШОТТАР КОРРЕСП..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1630 «Өзге қысқа мерзімді активтер» шоты бойынша корреспонденция шоттарының типтік операциясы:

№

Операция мазмұны

Корреспонденция шоттары

дебет

кредит

1

2

3

4

Бір жылдың ішінде жаңа технологиялық процесте құралдарды, жобаларды, құрастырушылықты дайындау :

  • Материалдар

  • Еңбек ақы

  • Басқа ұйымның қызметтері

  • Еңбек ақыдан ұсталымдар

1630

1630

1630

1630

1310,1350,

3350,

3310

3150

Материалды емес активтер (өңдеу нәтижесімен) кірістелді

2730

1630

2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің шоттары

2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің шоттары классификацияланатын ұзақ мерзімді ұйым активтерін есепке алу үшін арналған.

2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің шоттары келесі бөлімшелерден тұрады:

2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар»

2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»

2200 «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар»

2300 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар»

2400 «Негізгі құралдар»

2500 «Биологиялық активтер»

2600 «Барлау және бағалау активтері»

2700 «Материалдық емес активтер»

2800 «Кейінге қалдырылған салықтық активтер»

2900 «Өзге ұзақ мерзімді активтер»

2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бөлімшесі ұзақ мерзімді қаржылық активтерді есепке алу үшін арналған.

Бұл бөлімше келесідей шот топтарынан тұрады:

2010 «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар», мұнда бір жылға дейінгі ұйымға берілетін қарыздар есепке алынады.

2020 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар», мұнда өшіру (жабу) мерзімі келгенге дейін ұйым қатаң түрде өз меншігіндегі ұзақ мерзімді активтерге сенімділік танытқандығы төленетіндігі анықталған немесе өшіру (жабу) мерзімі белгіленген (ұйымдардың анықтап қойған қарыздары және берешектер қарыздарынан тыс) ұзақ мерзімді инвестициялар есебі.

2030 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», мұнда қаржылық активтер есепке алынады, келесі категориялар есепке алынбайды:

Өтеуге дейін ұсталатын, ұйымға берілген инвестициялар, дебиторлық берешек пен қарыздар.

2040 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», мұнда өткен топтарда көрсетілмеген, басқа да ұзақ мерзімді қаржылық активтер есепке алынады, мысалы, өзіндік құнмен есепке алынған еншілес ұйымға салынған инвестициялар, тепе тең үлесті тәсілмен есепке алынған, бірлесіп бақыланатын ұйымға салынған инвестициялар есебі жүргізіледі.

2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бөлімінің корреспонденция шоттары

№

Операция мазмұны

Корреспонденция шоттары

дебет

кредит

1

2

3

4

1

Ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыздар берілді

2010

1010

1030

2

Сату құны бойынша ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар сатып алу

2020-2040

1010,1030,3010,3020,

3040,3050,4010-4030

3

әділ бағасы бойынша қаржылық инвестиция (мүліктік жарнасы) салымы акция төлемі көрсетілді

2020-2040

5110

4

Қайта бағалау нәтижесімен ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың әділ бағасы өсті

2030

2040

6150

5

ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар құнының өсуіне байланысты азайып, бұрын есептен шығарылған сомма қалыптасты

2030

2040

6150

6

Дисконттық (шегерім) амортизация (облигацияның сатып алу мен нақты құны арасындағы айырмашылық, егер сатып алу құны номиналдық құннан төмен болса)

2020

2040

6150

7

Облигацияның сатып алу мен нақты құны арасындағы айырмашылық, егер номиналдық құн сатып алу құннан төмен болса

7330

2020

2040

8

Қайта бағалау нәтижесімен ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың әділ бағасының төмендеді

7330

2030

2040

9

Баланстық құны бойынша есепке алынатын қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды әділ бағасы бойынша ұзақ мерзімдіге аударылды:

9.1

Инвестицияның әділ құны баланстық құннан төмен болса:

  • әділ бағасы

  • баланстық құнның инвестицияның әділ бағасынан жоғары

2030

2040

7330

1140

1150

1140

1150

9.2

Инвестицияның әділ бағасы баланстық құннан жоғары болса:

  • инвестицияның баланстық құны

  • инвестицияның әділ құнын баланстық құн соммасынан жоғары

2030

2040

2030

2040

1140

1150

6150

10

Қайта бағалау (баланстық) құны бойынша есепке алынатын ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қысқа мерзімге аударылды

10.1

әділ баға баланстық құннан төмен болса:

  • әділ бағасы

  • баланстық құн сомасының жоғарылауы

1140

1150

7330

2030

2040

2030

2040

10.2

әділ баға баланстық құннан жоғары болса:

  • инвестицияның баланстық құны

  • инвестицияның әділ бағасы баланстық құн соммасынан жоғарылауы

1140

1150

1140

1150

2020

2040

6150

11

өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестицияларды, өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестицияларға аударылуы

1130

2020

12

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың шығысталуына байланысты баланстық құнын есептен шығару

7410

2020

2040

13

Ұйымдардың ұзақ мерзімді қарыздарын өтеу

1010

1030

2010

2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» бөлімшесі ұзақ мерзімді дебиторлық берешек есебі үшін арналған. Бұл бөлімше келесідей шот топтарынан тұрады:

2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі» шоты бір жылдан артық уақытта жүргізілетін сатып алушылар мен тапсырас берушілермен сатылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу операциялары есепке алынады

2120 «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі»,мұнда еншілес ұйымдармен бір жылдан артық уақытта жүргізілетін сатылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу операциялары, және еншілес ұйымдардың басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі есепке алынады

2130 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», мұнда қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың бір жылдан артық уақытта жүргізілетін сатылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу операциялары, және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі есепке алынады.

2140 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», мұнда

филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі есепке алынады.

2150 «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», мұнда бір жылдан артық уақытта жүргізілетін еңбеккерлермен берілген ұзақ мерзімді қарыздар бойынша, сондай ақ шеккен материалдық зияндардың орнын толтыруға (кем шыққан, ұрланған, бүлінген) байланысты материалды жауапты адамдармен ұзақ мерзім аралығында есеп айырысу операциялары есепке алынады.

2160 «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», мұнда алдағы кезеңдер үшін қаржылық жалдаулар бойынша жал төлемдерінің шығындары және жалдауға байланысты ұзақ мезімді берешек қарыздар және жалдың басқа да ұзақ мезімді дебиторлық берешек қарыздары.

2170 «Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», мұнда қаржылық жалдау, қойылған займдар, алынған қаржылық инвестициялар, басқаруды сеніп тапсыру жөнінде есептелінген сый ақылар бойынша ұзақ мерзімді берешек қарыздар қозғалысы және алынуға тиісті басқа да ұзақ мерзімді сый ақылар.

2180 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», мұнда басқа ұзақ мерзімді дебиторлық берешек көрсетіледі, жоғарыдағы топтарда көрсетілмеген мысалға, алынған вексельдер, сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сомалары бойынша ұзақ мерзімді басқа да берешек қарыздар есебі жүргізіледі.