- •2.5 Ұйымдық-өкілеттік құжаттар
- •Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер
- •Лауазымдық нұсқаулықтар
- •Жеке құрам бойынша ереже
- •Штат кестесі
- •Хаттамалар. Қаулылар. Шешімдер
- •Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайылық сөздер
- •Құжатты дайындаушы туралы мәлімет
- •Постскриптум
- •Жеделхаттар
- •Баяндау хат
- •Түсініктеме хат
- •12Мамыр, 2005ж., ақш-та алдымен айын,одан кейін күнін көрсету қалыптасқан:мамыр 12, 2005ж.
- •Мінездеме
- •Өмірбаян
- •Жеке құрам бойынша бұйрықтар
- •Жеке арыз
- •Сенімхат
- •Анықтама
- •Шығыс құжаттары
- •Істер номенклатурасы
- •Істерді ведомстволық мұрағатқа өткізуге дайындау
Шығыс құжаттары
Шығыс құжаттардын дауындау жобаны әзірлеуден, оны келісу мен оған қол қоюдан тұрады. Дайындалған құжаттама қызметіне тіркеуге алуға және өңдеуге беріледі. Тіркеуге алынғанға дейін құжаттама қызметінің қызметкерлері құжаттың ресімделуі мен бағытталуының дұрыстығын, құжаттағы көрсетілген қосымшалардың бар-жоғы, қажет болған жағдайда ұйымға құжаттың қайтарылуы туралы белгілерді де тексереді. Тіркеуге алынған құжат өңдеуге беріледі. Өңдеу ісі іріктеуден, бағыттаудан, конвертке салудан және поштамен жөнелтуді ресімдеуден тұрады. Тапсырысты хат-хабарға тарату тізімдемесі жасалады. Бір мезгілде бір мекен-жайға жөнелтілетін құжаттар бір конвертке салынады.
Істер номенклатурасы
Істер номенклатурасы-мекемедегі құжаттар тізімі. Жыл сайын тізім қарастырылып, жаңартылып тұрады. Істер номенклатурасын бөлім меңгерушілері мен олардың хатшылары құрастырады да, кеңсеге тапсырады. Кеңсе қызметкері мекеме бойынша бірыңғай тізім құрастырады. Бұл тізім жыл сайын 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Істер номенклатурасына мекемедегі барлық құжаттардың, журналдардың, анықтамалық, карталадың атаулары кіреді.
Істердің тақырыптары қысқа және нақты болу керек. Әр істің тақырыбы құжаттардың мазмұнына сәйкес болу керек.
Істер номенклатурасына құрастырушы және мұрағат қызметкері қол қояды, содан кейін мекеменің басшысы бекітеді.
Істер номенклатурасы үш дана болып жазылады да, бірінші данасы кеңседе сақталады, екінші данасы бөлімде шкаф есігінің ішкі жағына ілініп қояды, ал үшінші данасы мекеме мұрағатында сақталады.
Істерді ведомстволық мұрағатқа өткізуге дайындау
Әр құжаттың сақталатын мерзімі бар. Сол мерзімге сәйкес орындалып болған құжаттарды ереже бойынша мұрағатқа өткізу керек. Әр мекемеде жыл сайын басшының бұйрығы бойынша комиссия мүшелері бектіліп, мұрағатқа құжаттар дайындалады. Өткізер алдында әр құжатты қайтадан қарап, темір қыстырғыштарын алып тастау керек, бірнеше беттен тұратын құжаттың беттерін тексеріп,түгендеп,бір іске тігу керек.
Әр іс 250беттен және қалыңдығы 3-4см артық болмауы тиіс. Бұдан артық болса, істерді томға бөлу керек.
Жұмысы орындалып бітпеген құжаттарды іске тігуге болмайды. Құжат жобасын да іске тігуге болмайды. Тігілген іске келісім толтырылып, комиссия мүшелері қол қояды, басшы бекітеді, содан кейін мұрағатқа тапсырлады. Тапсыратын істер сақтау мерзіміне байланысты екіге бөлінеді: 10жылға дейін сақталатын істер және 10 жылдан көп мерзімге сақталатын істер.
Сақтауға жатпайтын істерде тексеріледі, оларға бөлек келісім толтырлады да, олар комиссия мүшелері күшімен жойылады.
