- •2.5 Ұйымдық-өкілеттік құжаттар
- •Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер
- •Лауазымдық нұсқаулықтар
- •Жеке құрам бойынша ереже
- •Штат кестесі
- •Хаттамалар. Қаулылар. Шешімдер
- •Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайылық сөздер
- •Құжатты дайындаушы туралы мәлімет
- •Постскриптум
- •Жеделхаттар
- •Баяндау хат
- •Түсініктеме хат
- •12Мамыр, 2005ж., ақш-та алдымен айын,одан кейін күнін көрсету қалыптасқан:мамыр 12, 2005ж.
- •Мінездеме
- •Өмірбаян
- •Жеке құрам бойынша бұйрықтар
- •Жеке арыз
- •Сенімхат
- •Анықтама
- •Шығыс құжаттары
- •Істер номенклатурасы
- •Істерді ведомстволық мұрағатқа өткізуге дайындау
12Мамыр, 2005ж., ақш-та алдымен айын,одан кейін күнін көрсету қалыптасқан:мамыр 12, 2005ж.
Хаттын өзі сол жақ жоғарғы бұрышына мекен-жайды жазумен басталатыны айтылған болатын. Одан кейін төменде азат жолсыз сол жақтан сыпайы түрдегі арнау жазылады. Ол мынадай дәстүрлі сөздерден тұрады: «Қымбатты (тегі)+ мырза(немесе ханым)» немесе «Қымбатты (тегі)+доктор» немесе «Құрметті мырзалар», «Құрметті(тегі)+мырза».
Хат арналған адам сізге қаншалықты жақсы таныс болса да, іскерлік хаттарда «сен» деп айтуға болиайды.
Кіріспе қаратпа сөзден кейін леп белгісі емес, үтір қойылады.
Қаратпа сөзден кейін келесі жолда хат тақырыбы аталады. Бұл үшін Ке («Келісілді») белгісін қою жеткілікті, бұл сөздің мағынасы «тақырыпқа байланысты» дегенді білдіреді.
Мысалы: Ке: Сіздің 1997ж.8 майдағы телексіңіздің жауабына. Егер тақырыбы бірнешеу болса, онда олардың әрқайсысы жаңа жолдан басталады. Мысалы:
Қымбатты Смит м-за,
Ке: Сіздің «Омега» жобасы бойынша ұсыныстарыңыз жөнінде, төленбеген есепшоттар № 28765,54328,2004ж. Қазан айында мұнай өнімдерін жеткізу туралы.
Хат мәтінінің тақырыбын бас әріптерімен жазу немесе астын сызу қазіргі жаңа үлгінің тәсілі болып табылады.
Мысалы:
Сіздің «Омега» жобасы бойынша ұсыныстарыңыз жөнінде.
Одан әрі хат мәтіні жалғасады.
Хат әдетті жақсы тілек білдіру сөздермен аяқталады.
Егер хат ресми болса,онда «Сізге шынайы тілектес...» деген жақсы пейіл білдіру құрылымы қолданылады. Немесе хат соныңда мынадай тілектерді айтуға болады: «...мырзаға жақсы тілектер тілеймін», «Ізгі тілекпен», «Менің игі тілектерімді қабыл алыңыз», т.б.
Кіріспе сөз бен тілек білдіруді құруда өзара сабақтастық принципі сақталды: жауапхатта да жіберілген хатта айтылған сөздер қолданылады.
Тілек сөзден кейін қол қойылып, одан төменірек сіздің аты-жөніңіз бен қызметіңіз көрсетіледі. Коптеген елдерде қол парақтың оң жағынан ізеттілік сөздерінен кейін қойылады.
Егер хатқа қандай да бір материал немесе құжат тіркелсе, әдетте олар хат соңында сол жақта жеке жолда «Қосымша» сөзінен кейін санамалап жазылады.
Мысалы, қосымша:
1. Келісім (5бет).
2. Сақтандыру полисі (6бет).
Көшірмесі жіберілгендігі жөніңде ( егер болса), қосымшадан кейін көрсетіледі.
2
Іскерлік хат деректемелерінің орналасу тәртібі мынадай:2
4
3
5
6
8
7
9
10
9
11
10
10
12
1. Хат жіберуші ұйымының атауы.
2. Сілтемеге көрсеткіш. Онда хат жазушының немесе терушінің аты-жөні, фирманың, бөлімнің әріптік, сандық белгілеулері, т.б. көрсетілуі мүмкін. Бұл жағдайда алушының көрсеткіштеріне сілтеме беріледі , одан кейін жіберушіге сілтеме жасалады.
3. Хаттың жазылған күні.
4.Хат алушының мекен-жайы.
5. Нақты адамды көрсету. Егер хат бір фирманың лауазымды қызметкеріне арналса да осы деректер қолданылады. Бұл жағдайда мынадай белгі көрсетіледі «...мырзаның есіне».
6. Кіріспе арнау.
7. Хат тақырыбы.
8.Хат мәтіні.5 белгіге шегіндірілген азат жолдың құрылымы кең тараған. Бірақ әрбір азат жол 2 емес, 3-4 жоларалық арқылы басылады.
9. Ізеттіліктің қортынды түрі.
10. Қолы.
11. Қосымшадағы нұсқау.
12. Көшірменің жіберілгеніне нұсқау.
Сонымен, қолға қалам алмастан немесе компьютерге отырмастан бұрын төмендегідей жайттарды анықтау қажет:
-Хаттың түрі (ілеспе хат, тапсырыс хат, ұсынылған есеп-шоттар хаты, кешірім хат, тікелей жарнама тарату, т.б.);
-Жауап қайтару көзделе ме;
-Хат мазмұны қабылдаушыға түсінікті бола ма;
-Хат дәл уақытында жететініне сенімдесіз бе (олай болмаса телекс немесе телефаксті пай»даланыңыз)?
Хат жазу барысында сіз не туралы жазатыңызды, қалай сендіретініңізді, қандай мақсат көздейтініңізді жақсы білуіңіз керек. Хатты оқушыға түсінікті болатындай бірізділікте және мәселені шешу қажеттілігіне орай мазмұндау қажет. Хат мәтіні әдепті де тартымды болуы қажет.ц Байыппен сұрапталған сөздер және баяндаудың қарапайымдылығын сенімділікті қамтамасыз етеді.
Іскерлік хат барлық жағынан мүлтіксіз орындалғанда ғана ол заң талаптарына жауап береді.
Еңбек қатынастарын құжаттау
Еңбек қатынастарын рәсімдеу
Еңбек ресурстарын басқару саласындағы әкімшілік өзара байланысты міндеттерін қамтиды. Оларды мынадай кестемен беруге болады.
Еңбек ресурстарын басқару
Еңбек Ресурстарын басқару |
Жоспарлау |
-Стратегиялық мақсаттардың қойылымы; Еңбек ресурстарының барлығы және қажеттілігін бағалау |
Ұйымдастыру
|
-Еңбек әрекеттерін талдау; -Білікті талаптары мен қызметтік нұсқаулықтарды құрастыру; -Басқару міндеттерін анықтау |
|
Басқару |
-Кадр саясаты: қызметке тарту, іріктеу, жұмысқа қабылдау; -Өтемақы арқылы негіздеу |
|
Есепке алу |
-Жеке құрам қызметін бағалау |
Жоспарлау және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыру мәселелері өткен бөлімдерде сөз болды. Енді екі мәселеге: басқару және есепке алуға тоқталамыз.
Бос тұрған қызметке үміткерлерді іштен әлде сырттан іздеу мәселесіне көптеген фирмалар стратегиялық мәні бар мәселе ретінде қарайды.
Үміткерлерді еңбек нарығында іріктеу- фирма үшін жауапты кезең. Дегенмен бұл екі жақты процесс. Фирма үміткерді қабалдау әлде қабылдамау керектігін шешеді, ал үміткер- жұмыс туралы ұсынысты қабылдай ма, жоқ па, соны шешеді.
Жалдау процедурасы төмендегідей кезендерге бөлінуі мүмкін:
Біліктік талаптар, анықтамалық мәліметтер, сондай-ақ ұсынылған жұмыс туралы білімін тексеруге арналған сұрықтар берілген форманы толтыру. Алдын-ала белгіленген сұрақтар бойынша әңгімелесу ауызша қолданылады.
Менеджерлікке үміткерлер кейде олардың келешектегі шешімін айғақтауға мүмкіндік беретін беретін іскерлік ойындар арқылы тексеруден өтеді.
Ұсыныс хаттар (мінездеме) форманың толтырылуы мен алғашқы әңгімелесудің шындығын тексеруге көмектеседі; екіншіден, басқа адамдардың үміткерге қалай қарайтынын білуге мүмкіндік береді.
Үміткердің болашақтағы басшысымен арадағы жан-жақты әңгімелесуі, біріншіден, алдыңғы кезеңдердегі жеткіліксіз болған мәліметтерді толықтыруға мүмкіндік береді.
Екіншіден, үміткердің қарым-қатынас жасау, ұжымға сініп кету мүмкіндігін тексереді. Бұл кезең үміткердің болашақтағы өз жұмысы туралы сұрап алуына мүмкіндік береді.
Сынау объективті болу үшін мұңдай әңгімелесуге басшыдан өзге тағы 2-3 адам қатысады.
Өтініш
Жұмысқа қабылдау кезінде үміткер өтініш жазады. Бұл оның ресми тілегі, әрі штатқа тіркеу үшін негіз болып табылады.
Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы өтініш иесінің тілегі баяндалады, мамандығы, кәсібі, біліктілігі мен өзі сұрап отырған қызмет түрі көрсетіледі.
Өтініш қолмен жазылады. Өтінішке қажетті өзге құжаттар: өмірбаян, кадрлық есепке алу жеке қағазы немесе анкета; ұсыныс хат (мінездеме); анкета мен куәлікке қажет фотосурет; білімі немесе кәсіби біліктілігі туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Төлқұжат жеке көрсетіледі. Еңбек Кодексі мекемелерден заңда көрсетілмеген құжаттарды талап етуге тыйым салады.
Басқа қызметке ауысу туралы өтініш өзгеше толтырылады.
Демалыс алу туралы өтініш арнайы бланкіге толтырылады; мерзімі туралы ақпарат қолмен жазылады. Өтініштің бұл түрінде артқы жағында демалысқа бөлінген айлықтың есебі жазылады.
Қызметтен босату туралы өтініш деректемелердің құрамы мен толтырылуы жағынын басқа жұмысқа ауысу туралы өтінішке ұқсас.
Оқу демалысын алу туралы өтініш және жүкті болуына немесе босануына байланысты, т.б. өтініш түрлерінің мәтінінде соны растайтын құжаттардың (оқу орнынан анықтама, аурулық қағазы және т.б.) бар екені көрсетіледі. Бұл құжаттар өтінішке қоса тіркеледі.
Кезекті еңбек демалысын алу мәселесі не бекітілген демалыс кестесі арқылы, не жеке өтініші бойынша шешіледі.
