- •2.5 Ұйымдық-өкілеттік құжаттар
- •Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер
- •Лауазымдық нұсқаулықтар
- •Жеке құрам бойынша ереже
- •Штат кестесі
- •Хаттамалар. Қаулылар. Шешімдер
- •Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайылық сөздер
- •Құжатты дайындаушы туралы мәлімет
- •Постскриптум
- •Жеделхаттар
- •Баяндау хат
- •Түсініктеме хат
- •12Мамыр, 2005ж., ақш-та алдымен айын,одан кейін күнін көрсету қалыптасқан:мамыр 12, 2005ж.
- •Мінездеме
- •Өмірбаян
- •Жеке құрам бойынша бұйрықтар
- •Жеке арыз
- •Сенімхат
- •Анықтама
- •Шығыс құжаттары
- •Істер номенклатурасы
- •Істерді ведомстволық мұрағатқа өткізуге дайындау
Жеке құрам бойынша ереже
Бұл құжат дәстүрлі түрде « Ішкі еңбек тәртібінің ережесі» деп аталады. Онда жұмысшыларды жұмысқа алу,босату тәртібі, кәсіпорын мен қызметкерлердің негізгі құқықтары, міндеттері, кәсіпорындағы еңбек шарттары мен ұйымдастырылуы анықталады. Құжат еңбек туралы заңға негізделеді, жұмыс берушы мен жұмысшының өзара қатынасын реттейді.
Құжаттың үлгісі мынадай деректерден тұрады; кәсіпорынның атауы, құжаттың аты, күні, нөмірі,шығарылған орны, мәтіннің тақырыбы, бекіту белгісі, құрастырушылардың бұрыштамасы, құжатқа еңбек ұжымының келісу туралы белгісі.
«Жалпы ережелерде» ереженің құқықтық негізі анықталады, мамандардың санаттары белгіленеді ( басшы қызметкерлер, қызметкерлер, жумысшылар).
«Жұмысқа алу» бөлімінде түрлі санаттағы қызметкерлерді жұмысқа алудың тәртібі мен мерзімі,еңбек қатынастарын рәсімдеудің тәртібі түсіндіріледі
«Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты» бөлімінде жұмыс аптасының, жұмыс күнінің ұзақтығы, демалыс күндері, мерзімінен артық жұмыс істеудің шарттары белгіленеді.
«Еңбек демалысы» бөлімінде демалыстың ұзақтығы, кезеңдері, ақы төлеу және демалыстың әр түрлі түрлерін алудың тәртібі қарастырылады. Демалысқа шығу құқығының болуына еліміздің заңымен кепілдік беріледі. Ережеде бұл құқық бұзылмауы тиіс.
«Іс-сапар және ауыстыру» бөлімінде (бұл жерде екі бөлім болуы мүмкін) басқару істерінің мерзімі, шарттары және тәртібі белгіленеді.
«Еңбекақы, әлеуметтік сақтандыру және өтемақы төлеу» бөлімі өте маңызды бөлім болып есептеледі. Бұл бөлімде еңбекақының түрі (келісімді немесе мерзімді), еңбегі үшін сыйақының көлімі мен шарттары, төлеудің кезеңдері, өтемақының мөлшері мен төлену тәртібі аңықталады.
«Мадақтау және жазалау шаралары» бөлімінде моральдық және материалдық мадақтау, жазалаудың түрлері, шарттары және тәртібі белгіленеді.
«Қызметтен босату» бөлімінде әр түрлі санаттағы жұмысшыларды қызметтен босатудың шарттары мен тәртібі, бұл жағдайдағы кепілдіктер мен өтемақылар қарастырылады.
Қызметке алу, босату, жазалау жөніндегі еңбек даулары бағыныштылық немесе заңдар негізінде шешіледі.
Штат кестесі
Кәсіпорынның құрылымы, сандық құрамы, біріншіден, «Құрылым және штат саны» деген құжатта бекітіледі.Құжаттың мәтіндік бөлігі кесте түрінде орындалады.
Құжат кәсіпорынның бланкісінде жасалып, оған басшының орынбасары қол қояды, бас есепшімен келісіліп, бірінші басшы бекітеді.
Кәсіпорынның лауазымдық және сандық құрамы, жалақы қоры көрсетіліп, « Штат кестесінде» бекітіледі.
Штат кестесіне кәсіпорын басшысының орынбасары қол қойып, бас есепшімен келісе отырып, кәсіпорын басшысы бекітеді. Бекіту белгісінде кәсіпорынның жалпы штат саны, еңбекақының айлық қоры көрсетіледі.
Бұл аталған құжаттарға тек директордың бұйрығымен өзгерістер енгізіледі.
Бұйрықтар
Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттары ішіндегі ең маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады.Бұйрық-қандай да бір міндетті шешу үшін кәсіпорын директоры шығаратын нормативтік құжат.
Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндірісі істері, жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу-беру, тауарлар өткізу мен көрсету ұсыну, ұйымдастыру мәселелері бойынша басқару жөніндегі шешімдерді белгілейді. Олар жоғары органдардың шешімдерін орындау, шаралар белгілеу, орындау мерзімі мен бақылауды және оған жауаптыларды анықтау керек болғанда шығарылады.
Бұйрық нормативті және жекелік болуы мүмкін. Мысалы, еңбек тәртібі ережелерін бекіту туралы бұйрық директордан басқа, барлық қызметкерлерге қатысты, сондықтан ол нормативті болады. Ал өтемақы төлеу туралы бұйрық жеке адамдарға қатысты болғандықтан жекелік болады.
Бұйрықтың жобасы кәсіпорын мамандары тарапынан әзірленеді де, орынбасарлармен қызмет бабы бойынша бастықтармен, заңгермен, бас бухгалтермен ( қаржы жөніндегі), кадрлар бөлімі бастығымен келісіліп, директор қол қояды. Бұйрық беру тәртібім бұзылғанда, оның заңды күші жойылып, кері қайтарылады. Бұйрық жобасына оның қажеттігін, заңдылығын негіздейтін құжаттар қоса тіркеледі.
Бұйрық, егер оның мәтінінде өзге мерзім көрсетілмесе, қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қол қою құқығына мекеме басшылары, олардың бірінші орынбасарлары, сондай-ақ біліктілігі жоғарғы және басшының тапсыруымен кейбір құзырлы адамдар ие бола алады. Егер мәтінде бұйрықтың аяқталу мерзімі көрсетілмесе, оның күші тұрақты болады. Оның күшін мекеме басшысы жаңа бұйрық шығарып қана жоя алады, немесе жоғары құзырлы орган немесе сот жояды.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кәсіпорынның бланкісіне толтырылады және мынадай деректерден турады: кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы (бұйрық), мерзімі, индексі (нөмірі), мәтін тақырыбы (бекіту туралы, тапсырма туралы, т.б.), бақылау туралы белгі, мәтін, қойылған қол, бұрыштама, құжаттың орындалғаны туралы, мәліметтердің магнит таспасына аударылғаны туралы белгілер.
Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен турады: белгілеуші және жарлық.
Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат-міндеттері, бұйрық шығарудың себептері баяндалады, не бұйрық шығаруға негіз болған сілтеме жасалады.
Жарлық бөлігі « БҰЙРАМЫН» деген сөзбен беріледі және жеке жолға жазылады. Мәтіннің бұл бөлімінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі.Ол араб санымен нөмірленетін тармақтарға бөлінуі мүмкін. Әр тармақ үшінші жақ, бұйрық рай, ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктен (тапсырылсын, жариялансын, т.б.) және бұйрықты орындаушына (лауазымды адамды немесе бөлімшені) көрсетуден басталады. Орындауға жауаптылық: «Бұйрықтың орындалуын бақылау(лауазымы, аты-жөні) жүктелсін» деп көрсетіледі.
Жекелеген тапсырмалар бұйрыққа қосымша ретінде берілуі мүмкін және бұйрық мәтінінде оларға: сілтеме жасалуы тиіс ( қосымша сәйкес). Егер қосымшалар бірнешеу болса, олардың әрқайсысы нөмірленеді. Бұйрық пен қосымшалардың беттері бірыңғай құжат түрінде нөмірленеді.
Бұйрықтан көшірмеде жарлыққа дейінгі барлық деректер сақталады, ал жарлық бөлімінен тек нақтылы сол жағдайға қажет мағлұмат алынады. Көшірме де үзінді нұсқа сияқты куәландырылады.
Нұсқау және өкім
Нұсқау-акпараттық- әдістемелік немесе ұйыидастырушылық сипатқа ие құжат. Нұсқаулар бұйрық, нұсқау, жарлықтардың орындалу тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға қол қою құқығына бірінші басшы немесе бас мамандар ие.
Нұсқаудың мәтіні бұйрықтағыдай белгілеуші және жарлық бөліктерінен тұрады.
Белгілеуші бөлігіне « орындау мақсатымен», « соған сәйкес», « мақсатында» деген сөздер негіз болады. Жарлық бөлігі бұйрықтағыдай құрылады.
Өкім- кәсіпорынның күнделікті өндірістік-шаруашылық және әкімшілік қызметінің жедел мәселелері бойынша директор немесе оның орынбасары шығаратын құжат. Өкім кәсіпорынның ішкі құжаттарына арналған бланкілерде ресімделеді және оған директордың орынбасарлары немесе өз өкілеттіліктері шегінде құрылымдылық бөлімше қол қояды.
Өкімнің мәтіні бұйрықтағыдай құрамды бөліктерден тұрады.
Өкім құжатының сапалы болуы пішіні жағынан дұрыс болуына ғана емес, мазмұны жағынан толық, анық, дәл болуына да байланысты.
