Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ұйымдық-өкілеттік құжаттар.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

Жеке құрам бойынша бұйрықтар

Жеке құрам бойынша бұйрықтар арқылы жұмысқа қабылдау, қызметі бойынша ауыстыру, жұмыстан шығару, демалыс беру, мадақтау және жазалау ресімделеді. Мұндай бұйрықтар негізгі қызметке қатысты бұйрықтардан бөлек жүргізіліп, оның екі түрі де біркелкі бланкілерге толтырылады.

Жеке құрам бойынша бұйрықтар мәтіннің тақырыбына жұмысқа алу, басқа жұмысқа ауыстыру, жұмыстан шығару, демалыс беру туралы және т.б. атаулар қойылады. Мұндай бұйрықтардың мәтінінің белгілеуші бөлігінде негізгі қызметке байланысты бұйрықтарда міндетті саналатын «БҰЙЫРАМЫН» сөзі болмайды.Сондықтан жеке құрам бойынша бұйрықтарда нұсқаулық әрекеттерді білдіретін ҚАБЫЛДАНСЫН, ТАҒАЙЫНДАЛСЫН, АУЫСТЫРЫЛСЫН, ШЫҒАРЫЛСЫН, ДЕМАЛЫС БЕРІЛСІН, ЖОЛСАПАРҒА ЖІБЕРІЛСІН, т.б. сөздері қолданылады.

Жеке құрам бойынша бұйрықтардың жай (жеке) және қүрделі түрлері болады. Жеке бұйрықтар бір қызметкер туралы ақпараттар береді. Атап айтқанда, этикалық жағы ескеріліп мадақтау және жазалау туралы бұйрықтар бөлек толтырылады. Жеке құрамға қатысты бұйрықтар міндетті түрде тіркеледі. Жеке құрамға қатысты бұйрықтардың әр тармағы еңбек туралы заңдарға, ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес болуы керек және ол жұмысшыға ескертіледі.

ЖЕКЕ ҚҰЖАТТАР

Арыз

Күнделікті өмірде қажеттілік туған жағдайды әкімшілікке, сотқа, нотариусқа, пошта бөліміне, банкке, тағы да басқа қызмет көрсету орындарына қайсымысдың болмысын ісіміз түсуі мүмкін. Мысалы, ресми органнан бір нәрсе жөнінде сұрайтын болсақ, арыз жазамыз. Басқаша айтқанда, алдымен құқықтық және этикалық жағынан сәйкес келетін белгілі бір құжат түрін таңдаймыз. Одан кейін құжатты қалай толтыру керектігін, яғни, оның қандай деректерден (мағыналық бөліктерден) тұратыны, ойды қандай реттілікте, қандай сөздермен беру керектігін ойланамыз. Бір сөзбен айтқанда, құжат толтырудың үлгісін жақсы білуіміз қажет.

Қызметтік қарым-қатынастағы сияқты, жеке адамның ұйымдармен қарым-қатынасында да (немесе керісінше) құжат жанрларының белгілі бір түрлері бар. Оларды жеке құжаттар деп атау қалыптысқан. «Жеке» деп аталатын себебі, олар жеке адамның атынан жазылып, жеке адамға арналады, немесе соған тиісті болып келеді.Жеке құжат түрінің құрылу тәртібі төмендегідей болып келеді:

Жағдайды бағалау құжат жанрын (түрін) таңдау мазмұны және оның дұрыс орналасуын қадағалау ресми-іс қағаз стилі нормасына сәйкес жазу.

Жеке арыз

Жеке арыз – бұл жеке адамның қандай да бір ұйымға немесе заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асыру немесе қорғау үшін өтініш білдіретін құжат түрі. Арыздың мақсаты – адамның қалауын, ниетін қағазға түсіру.

Арыз өте кең тараған іс-қағаз жанрына жатады, сондықтан оны әрбір сауатты адам жаза білуі керек.

Нотариус куәландыратын арыздар мынадай жағдайларда жазылады:

  • мұрагерлік құқығына ие болу куәлігін алу үшін;

  • тұрғын үйді ауыстыруға келісім бергенде;

  • туыстық жақындықты растау үшін;

  • тұрғын алаңнан бас тартқан кезде;

  • жеке есеп-шотын қайта ауыстырғанда;

  • жарналарын аударған кезде;

  • үйді немесе басқа мүліктерді сыйға тартқанда;

  • баладан бас тартқанда;

  • бала асырып алған кезде;

  • дубликат не басқа құжат түрлерін алу үшін, т.б.

Арыздың мәтіні екі мағыналық бөліктен тұрады: онда өтініштің мәні және оның негіздемесі дәлелденіп жазылады. Бұл мағыналық бөліктердің рет тәртібін құжатты толтырушы өзі анықтайды, өтініш (талап) қысқа, анық баяндаулы тиіс, қажет жағжайда (көп болған жағдайда) тармақтарға бөлінеді. Арыздың дәлелдемесі де қысқа болып, мәтіннің құрамына табиғи жымдасып кіреді ( Мысалы: басқа қалаға ауысуыма байланысты өтінемін..., ауырғаныма (отбасылық жағдайыма) байланысты сұраймын). Негіздеме сондай-ақ арыз ссебеп болған жайларды кеңірек түсіндіретіндей ұзақ болуы да мүмкін.