Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шаруашылық қызметти экономикалық талдау.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)

3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Қасымова Айғаным Ғабысаламқызы – аға оұытушы

Темірбекова Ләззат Асанқызы – аға оқытушы

Жұмыс орны «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы Бас корпустың 303-аудиториясы

e-mail: aiganym555@mail.ru

adiya77@mail.ru

кафедрада болу уақыты: кесте бойынша

3.2 Пререквизиттері: экономикалық теория негіздері, эконометрика, бухгалтерлік есеп және аудит, микроэкономика, макроэкономика, кәсіпорын экономикасы, бағақалыптастыру.

3.3 Постреквизиттері: кәсіпорынды басқару жүйесіндегі контроллинг, жобаларды басқару.

3.4 Пәннің қысқаша мазмұны

Кәсіпорынның қызметі туралы аналитикалық өңделген сәйкес ақпарат басқарушылық шешімдерді дайындау және іске асыру негізі болып саналады. Өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық процестері басқарудың және шаруашылық етудің барлық сатыларында талдаушылық жұмыстың жақсаруын талап етеді.

Экономикалық талдаудың практикалық дағдыларына үйрену үшін курсты анағұрлым тереңінен түсініп, тануға мүмкіндік беретін, сол сияқты алған білімдерін іс жүзінде нақты міндеттерді шешуде қолдана білу қабілеттілігі қандай екенін көрсетуге мүмкіндік беретін тәлімгердердің ғылыми-іденушілік жұмыстары ерекше маңыздылыққа ие болады.

Бұл пәнді игеру мақсаты болып тәлімгерлердің экономикалық талдаудың теориялық негіздерін терең меңгеруі саналады.

Курс міндеттері:

- тәлімгерлерді шаруашылық қызметтің нәтижелерін дұрыс бағалауға, талданушы объектке тәуелді және тәуелді емес болатын көрсеткіштер өзгерісінің себептерін өзара ажыратуға үйрету;

- алдыңғы кезеңге болжау үшін негізгі көрсеткіштерді анықтауға үйрету;

- қызметінің жеке тараптарының, жеке буындарының ортақ нәтижеге әсерін анықтау арқылы кәсіпорын қызметінің қорытындыларын шығару;

- шаруашылық етудің тиімділігінің резервтерін және оларды пайдалану жолдарын анықтау;

- тиімді басқармалық шешімдерді қабылдау үшін материалдар жинақтау.

3.5 Оқыту нәтижелері Пәндік құзіреттілік:

- экономикалық талдаудың ұғымдық аппаратын және оны жүргізудің методологиясын білу. Экономикалық және әлеуметтік құбылыстарды талдауда пайдаланылатын функционалдық тәуелділіктердің негізгі түрлерін білу.

- экономикалық талдаудың мәнін, мазмұны мен мақсаттарын білу, экономикалық талдаудың қазіргі кездегі кәсіпорын қызметі үшін ролі мен қажеттілігін ұғыну.

- талдаудың негізгі әдістерін білу. Нәтижелі көрсеткіштің өзгеруіне факторлардың әсерін анықтау үшін талдау әдістерін пайдалана білу.

- экономикалық көрсеткіштерді анықтай алу, оларға интерпретациялар беріп, олардың өзгерістерін түсіндіре алу.

- шығынсыздық нүктесін анықтай алу, қауіпсіздік маржасын есептей және жоспарлай алу, шығынсыздық нүктесінің өзгеруіне факторлы талдау жасау машықтарына ие болу.

Пәннен тыс құзіреттілік:

- техникалық-ұйымдастыру деңгейін, сыртқы орта ықпалын, бәсекеқабілеттілік деңгейін, субъекттердің экономикалық потенциалын қалыптастыру мен пайдалануды талдаудың арнайы әдіс-айлаларын пайдалану машықтарына ие болу.

- талдамалық ойлау қабілетіне ие болу, ізленістер жүргізуге мүдделілік пен дербестіліктің болуы.

- өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтай алу.

- кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін жетілдіру бойынша дайындықтар мен ұсыныстарды жасау машықтарын игеру.

3.6 Курстың саясаты мен процедурасы пәнді оқыту бары- Курс саясаты

  1. Сабаққа кешікпеу.

  2. Сабақ үстінде сөйлеспеу, газеттерді оқымау.

  3. Ұялы телефондарды өшіріп қою, сағыз шайнамау.

  4. Сабаққа іскерлік киімде келу.

  5. Сабақтан қалмау, науқастығына байланысты үзілген болса, анықтама көрсету.

  6. Қалдырылған сабақтарды оқытушы белгілеген мерзімдерде қайта тапсыру.

  7. Тапсырмалар орындалмағанда қорытынды баға төмендетіледі.

  8. Оқу үрдісіне белсене қатысу.

  9. Үй тапсырмаларын мұқият орындау.

  10. Әріптестері мен оқытушыларға сыпайы, келбетті және ашық болу.

  11. Барлық сабақтарда кері байланысты конструктивтік түрде ұстап отыру.