Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шаруашылық қызметти экономикалық талдау.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

15 Тақырып. Қаржылық тұрақтылықты талдау

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері кәсіпорынның активтерін қаржыландыру үшін пайдаланатын меншікті және қарызға алынған қаражаттардың құрлымын қалыптастыру тәсілімен байланысты тәуекел дәрежесімен анықталады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көптеген коэффициенттер арқылы бағалауға болады. Оларға келесілер жатады:

  • меншікті айналым қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті;

  • кәсіпорынның автономия коэффициенті – капитал мен резервтердің пассиавтердің жалпы сомасына қатынасы;

  • қаржылық тұрақтылық коэффициенті – капитал мен резервтердің меншікті капиталмен міндеттемелерге қатынасы;

  • қаржылық қарыз коэффициенті – қаржылық тұрақтылыққа қарамақарсы коэффициент;

  • қарызға алынған қаражаттардың үлесі – қарызға алынған қаражаттын меншікті капиталмен міндеттемелерге қатынасы;

  • мүліктің нақты құнының коэффициенті – негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың және аяқталмаған өндірістін активтердің мөлшеріне қатынасы;

  • меншікті қорлардың маневірлік коэффициенті – меншікті айналым капиталдың капитал мен резервтердің сомасына қатынасы;

  • тұрақты активтер индексі – ұзақ мерзімді активтердің капитал мен резервтер сомасына қатынасы;

  • ұзақ мерзімді қарызға алынған қаражаттарды тарту коэффициенті – ұзақ мерзімді қарыздардың барлық қарызға алынған қаражатқа қатынасы.

Қорлар мен шығындардың өзіндік және қарызға алынған көздермен қамсыздану көрсеткіштеріне сәйкес қаржылық тұрақтылықтың келесі типтерін ажыратады:

  • қаржылық күйдің абсолюттік тұрақтылығы (өте сирек кездеседі) - өзіндік айналым қаражаттары қорлар мен шығындарды қамтамасыз етеді;

  • қалыпты тұрақты қаржылық күй – қорлар мен шығындар өзіндік айналым құралдары мен ұзақ мерзімді қарыз көздерімен қамтамасыз етіледі;

  • тұрақсыз қаржылық күй – қорлар мен шығындар өзіндік айналым құралдарының, ұзақ мерзімді қарыз көздерінің және қысқа мерзімді несиелер мен қарыздардың есебінен қамтамасыз етіледі, яғни қорлар мен шығындарды қалыптастырудың барлық негізгі көздері есебінен;

  • дағдарыстық қаржылық күй – қорлар мен шығындар оларды қалыптастыру көздерімен қамтамасыз етілмеген, кәсіпорын банкрот қарсаңында тұр.

Кәсіпорынның нығайған баланс мәліметтерінің негізінде оның қаржылық тұрақтылығымен көрінетін көрсеткіштерді зерттеуге болады.

Қорлардың қалыптасуындағы алуан түрлі қаражат көздерінің түрлерін мұқият көрсету үшін көрсеткіштер мен олардың есептелуіне жүйесі пайдаланылады. Баланстың міндеттері негізінде қорлардың қамтамасыздық көрсеткіштерін есептейміз:

1) Есептеу кезеңінің соңына меншік айналым қаражатының болуы (СОС) келесі формула бойынша есептелінеді

СОС = К – ДА,

мұндағы К – меншік капитал, мың теңге;

ДА – ұзақ мерзімді активтер, мың теңге.

2) Қорларды қаржыландырудың меншік және ұзақмерзімді қарыз көздердің болуы (СД) формула 2 бойынша есептелінеді

СД = СОС – ДО,

мұндағы СОС – меншік айналым капиталы, мың теңге;

ДО – ұзақмерзімдік несиелер мен қарыздар, мың теңге.

3) Қорларды қалыптастыратын негізгі көздердің жалпы көлемі (ҚНК) келесі формула бойынша есептелінеді

ОИ = СД + КЗС,

мұндағы СД – меншік және ұзақмерзімді қарыз көздері, мың теңге;

КЗС – қысқамерзімдік несиелер мен қарыздар, мың теңге.

Қосалқы қорларды қалыптастырудың негізгі көздерінің жалпы мөлшері қорларды қалыптастыру көздерінің меншік және ұзақмерзімді қарыздарымен тең болады..

Нәтижесінде кәсіпорында қорлардың қаматамасыздығын және оларды қалыптастырушы қаражат көздерінде тапшылықтың немесе артықтығы бар- жоқтығын анықтауға болады:

  1. артықтық (+), жеткіліксіздік (-) СОС. формуласы бойынша есептеледі

ΔСОС = СОС – З,

мұндағы СОС – меншік айналымдық қаражаты, мың теңге;

З – қорлар, мың теңге,

2) Қорларды қалыптастырушы өзінің және ұзақмерзімді қаражат көздерінің артықтығын (+), жеткіліксіздігін (-) келесі формула бойынша есептелінеді

ΔСД = СД- З,

мұндағы СД – меншік және ұзақмерзімді қарыз көздері, мың теңге;

З – қорлар, мың теңге.

3) Қорларды жабудың негізгі қаражат көздерінің жалпы көлемінің артықтығы (+), жеткіліксіздігі (-) формула 6 бойынша есептелінеді

ΔОИ = ОИ – З,

мұндағы ΔОИ – қорларды жабудың негізгі көздері, мың теңге;

З – қорлар, мың теңге.

Қаржыландырудың сәйкесінше қаражат көздерімен қорлардың қамтамасыздығының келтірілген көрсеткіштері үшфакторлы үлгіге (S) кіреді және келесі формула бойынша есептеледі

S = (Δ СОС; Δ СД; Δ ОИ),

Аталмыш үлгі компанияның қаржылық тұрақтылығының типін сипаттайды. Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықтың төрт үлгісі кездеседі.

Компанияның қаржылық тұрақтылығына баға беру қаржылық коэффициенттердің жеткілікті көп мөлшерінің көмегімен жүргізіледі. Олар келесі коэффициенттер.

Қаржылық тәуелсіз коэффициенті ( ) келесі формула бойынша есептелінеді

,

мұндағы К – капитал, мың теңге;

БВ – баланстың валютасы, мың теңге.

Баланс валютасындағы өзінің капиталының үлесін сипаттайды. Нормативтік мәні 0,5.

Қарыздану коэффициенті ( ) формула 9 бойынша есептелінеді

,

мұндағы М –ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер, мың теңге;

К –капитал, мың теңге.

Өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті ( ) келесідей формула бойынша есептеледі

,

Өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті – меншік және қарыз қаражаттары арасындағы ара қатынас.

Өндірістік қызметтегі мүліктің коэффициентін ( ) келесі формула бойынша есептейміз

,

мұндағы ДА – ұзақ мерзімді активтер, мың теңге;

З – қорлар, мың теңге;

А – активтердің жалпы көлемі, мың теңге:

Баланс валютасындағы өзінің капиталының үлесін сипаттайды. Нормативтік мәні 1.

5) Маневрлену коэффициенті (Км). Ол келесі ормула бойынша есептелінеді

Км= ,

мұндағы СОС – меншік айналым қаражаттары, мың теңге;

К – меншік капитал, мың теңге.

Маневрлік коэффициент меншік капиталдағы меншік айналым қаражаттарының үлесімен сипатталады. Нормативтік мәні 0,5.

6) Өндірістік мүліктерді белгілеу коэффициенті (Кпн). Келесі формула бойынша есептелінеді

Кпн= ,

мұндағы ДА – ұзақмерзімді активтер, мың теңге;

З – қорлар, мың теңге;

А – активтердің жалпы көлемі, мың теңге.

Әдебиеттер:2,3,4 ,5, 6, 7,8,9,14,15,16