- •Шауруашылық қызметті экономикалық талдау пәні бойынша
- •5В051000– Мемлекеттік және жергілікті басқару
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұны
- •3.5 Оқыту нәтижелері Пәндік құзіреттілік:
- •Пәннен тыс құзіреттілік:
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •6 Тақырып – Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау
- •7 Тақырып. Өндіріс пен өткізуді талдау
- •13 Тақырып. Компанияның қаржылық жағдайына жалпы баға беру
- •15 Тақырып. Қаржылық тұрақтылықты талдау
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9 Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар – оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •Әдістемелік нұсқаулар: рефераттың құрамында келесілер болуы тиіс: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат 12-16 бетте тұрады.
- •Әдістемелік нұсқаулар: рефераттың құрамында келесілер болуы тиіс: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат 12-16 бетте тұрады.
- •Әдістемелік нұсқаулар: рефераттың құрамында келесілер болуы тиіс: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат 12-16 бетте тұрады.
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •11 Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды пратикаларының әдістемелік нұсқаулары
- •12.1 Баға туралы ақпарат.
- •Білімді бағалау критерийлері:
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •12.3 Курс бойынша емтихан сурақтары
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі
- •5В051000– Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін
- •100012, Караганды қ., Гоголь к-сі, 38
Лекциялық кешен (лекция тезисі)
1-тақырып. Шаруашылық қызметті экономикалық талдаудың пәні, мазмұны және міндеттері
Талдау (грек. - analisis) сөзбе-сөз аудармасында зерттелініп отырған объектті осы объектіні құрайтын ішкі құрамдастарға, элементтерге, бөліктерге бөлуді, ажыратуды білдіреді. Талдау «синтез» түсінігімен (грек. – sіnthesis) – зерттелініп отырған бұрын әр бөліктерге ажыратылған объектті біртұтастылыққа біріктіру – диалектикалық қарама-қайшылыққа түседі.
Шаруашылық қызметті экономикалық талдау – бұл экономикалық үрдістерді зерттеуге байланысты арнайы ілімдер жүйесі объективтік экономикалық заңдылықтардың және субъективтік факторлардың негізінде қалыптасады;
бұл бизнес-жоспарларды ғылыми негіздеуге және олардың орындалуын объективтік бағалауға байланысты ілім;
бұл келеңді және келеңсіз факторларды анықтауға және олардың әсерін сандық өлшеуге байланысты ілімдер;
бұл келеңсіз құбылыстарды бейтараптандыру және өндіріс тиімділігін жоғарылату жолдарын зерттеуге байланысты ілімдер.
Экономикалық талдау ақпарат жинақтау мен шешім қабылдау арасындағы орын алады. Ақпарат мұқтаждығы мен талдау арасында өзара байланыстылық бар. Ақпарат мазмұны мен көлемі талдаудың міндеттері мен көлемін анықтайды. Талдау барысында алынған мәліметтер жаңа ақпараттарға мұқтаждықты пайда етеді.
Шаруашылық қызметті экономикалық талдаудың мазмұны – бұл сәйкес ақпарат көздерін пайдалана отырып кәсіпорын қызметінің бүкіл тараптарын кешенді зерттеу.
Ол мыналарды қамтиды: бизнес-жоспарлардың құрастырылуының дұрыстығын негіздеу; экономикалық жұмыс элементтерін зерттеу; факторлардың, резервтердің әсерін зерттеу; жұмысты бағалау және нәтижелерді шығындармен салыстыру; нәтижелерді жалпылау; шаралар дайындау; олардың шынайы жүргізілуін тексеру.
Шаруашылық қызметті экономикалық талдаудың пәні бірлестіктердің, кәсіпорындардың шаруашылық процестері, олардың объективтік және субъективтік факторлардың әсерімен қалыптасатын әрі экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрініс беретін қызметтерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі мен соңғы қаржылық нәтижелері болып табылады.
Экономикалық талдау мақсаты – бұл ішкі өндірістік резервтерді анықтау және оларды кәсіпорынның тиімді қызмет етуі үшін шоғыландыру.
Экономикалық талдау міндеттері:
Жалпы: 1) шығындарды еңбек нәтижелерімен салыстыру; 2) себептік байланыстар мен резервтерді анықтау; 3) шаралардың орындалуын тексеру; 4) талдау нәтижелерін жалпылау.
Жеке: 1) жоспардың өндірістің ұйымдастырылу деңгейіне сәйкестігі; 2) ағымдық бақылау қызметін бағалау.
Экономикалық талдау түрі - өндірісті басқару барысында жүргізілетін талдау жұмысының жеке бөліктерін теориялық және практикалық даралау.
Экономикалық талдауды жіктеу оның мазмұны мен міндеттерін дұрыс ұғыну үшін аса маңызды.
Шаруашылық қызметті экономикалық талдау әралуан белгілер бойынша жіктеледі.
- салалық белгі бойынша;
- уақыт белгісі бойынша;
- кеңістік белгісі бойынша;
- басқару субъекттері бойынша;
- зерттеу әдістемесі бойынша;
- субъекттері бойынша (талдауды пайдаланушылар);
- зерттелетін объекттердің қамтылуы бойынша;
- бағдарламаның мазмұны бойынша.
Әдебиеттер:4 ,5, 6, 10, 12,14,15,16
2-тақырып. Шаруашылық қызметті экономикалық талдаудың әдісі мен тәсілдері
Кең мағынасында әдіс деп нақты шындықты, табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеу тәсілін айтады. Өзінің сипатына қарай жалпы болып табылатын, материалдық дүниенің дамуының жалпы заңдарын ашатын ортақ әдіс диалектикалық әдіс болып табылады.
Шаруашылық қызметті экономикалық талдаудың әдісі деп шаруашылық процестерін олардың қалыптасуы мен дамуында диалектикалық зерттеуді айтады. Шаруашылық қызметті экономикалық талдау әдісіне тән ерекшеліктер: шаруашылық қызметті жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін пайдалану, осы көрсеткіштердің өзгеруінің себептерін зерттеу, әлеуметтік-экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында осы көрсеткіштер арасындағы өзара байланыстылықты анықтау және өлшеу.
Экономикалық талдау, экономикалық ақпаратты талдамалық өңдеу барысында арнайы әдістер мен тәсілдер пайдаланылады. Мұнда экономикалық талдау әдісінің айрықшалылығы, оның жүйелі, кешенді сипаты көрінеді.
Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады: дәстүрлі және математикалық. Бірінші топқа экономикалық талдаудың арнайы ілімдердің дербес саласы ретінде, жеке оқу курсы ретінде пайда болғаннан бастап пайдаланылып келген әдістер мен тәсілдерді жатқызады. Көптеген математикалық әдістер мен тәсілдер талдамалық зерттеулер аясына бертін келе, жылдам істейтін ЭЕМ пайда болған соң кірген.
Экономикалық талдаудың негізгі дәстүрлі әдістер қатарына абсолюттік, салыстырмалы, орташа шамаларды пацдалануды, салыстыруды, топтастыруды, индекстік әдісті, тізбектеу әдісін, баланстық әдісті жатқызады.
Салыстыру – талдаудың ең алғашқы әдістерінің бірі. Ол құбылыстардың аражігін анықтаудан басталады, яғни салыстырып отырған құбылыстарды талдайтын синтетикалық акттен басталады, олардың жалпылары мен әртүрлілігі анықталады. Талдау нәтижесінде алынған жалпы, өз кезегінде, жалпыланатын құбылыстарды синтездейді, біріктіреді. Әлдебір құбылысты, түсінікті, арақатынасты танып-білу тәсілі ретіндегі салыстыру көптеген оқу пәндерінде қолданылады. Экономикалық талдауда талдаудың өзі осы салыстырудан басталады деуге болады. Салыстырудың бірнеше формалары бар: жоспармен, өткен кезеңмен, ең жақсы формамен, орташа мәліметтермен салыстыру.
Шаруашылық қызметті талдаудың маңызды міндеті болып, жоғарыда атап өткеніміздей, бизнес-жоспардың орындалуын жан-жақты бағалау саналады. Бұл шынайы көрсеткіштерді жоспармен салыстыру тәсілін маңызды етеді.
Алдыңғы кезеңмен салыстыру экономикалық талдауда ерекше пайдаланылады.
Ең жақсы формамен салыстыру – кәсіпорын ішінде де, одан тыс ортада да жүргізіледі. Кәсіпорын ішінде ең жақсы цехтардың, бөлімдердің көрсеткіштері салыстырылады.
Экономикалық талдауда кәсіпорынның көрсеткіштерін өндірістік бірлестіктің (концерн, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектелген үлестік серіктестік) орташа көрсеткіштерімен салыстырады, бірақ мұнда да белгілі бір шарттар сақталуы керек.
Топтастыру – кез келген экономикалық зерттеудің ажырамас бөлігі. Ол экономикалық құбылыстарды оларды өзара байланыстылығы мен тәуелділігінде зерттеуге; неғұрлым маңызды факторлардың әсерін анықтауға, осы құбылыстар мен процестерге тән тенденциялар мен заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Топтастыру құбылыстар мен процестерді белгілі бір жіктеуді, олардың себептері мен факторларын жіктеуді талап етеді.
Индекстік әдіс арқылы зерттелініп отырған жиынтық көрсеткішке әртүрлі факторлардың әсерін анықтауға болады. Статистика талдаушылық жұмыста пайдаланылатын индекстердің бәрнеше формаларын атап өтеді (агрегаттық, арифметикалық, гармониялық және т.б.).
Индекстің агрегатық формасын пайдалана отырып және белгілі бір есептеу процедкрасын сақтай отырып, классикалық талдамалық есепті шығаруға болады: өндірілген немесе сатылған өнім көлеміне сан факторы мен баға факторының әсерін анықтау.
Тізбектеу әдісі сәйкес жиынтық көрсеткішке жеке факторлардың әсерін есептеу үшін пайдаланылады. Ол жеке кәсіпорындар мен бірлестіктердің көрсеткіштерін талдағанда кеңінен қолданылады. Талдаудың бұл әдісін зерттелініп отырған құбылыстар арасындағы тәуелділік қатаң функционалдық сипатқа ие болғанда, ол тура немесе кері пропорционалды тәуелділік ретінде көрсетілгенде ғана пайдаланылады. Мұндайда талданылып отырған жиынтық көрсеткіш бірнеше айнымалылардың функциясы ретінде алгебралық сома, бір көрсеткіштерді екіншілеріне бөлу нәтижесі ретінде көрсетілуі керек.
Интегралдық әдіс объективтік болып саналады, себебі талдау жүргізбестен алдын ол факторлардың ролі туралы ешбір болжамдарды қабылдамайды. Басқа әдістерге қарағанда, мұнда факторлардың тәуелділігі туралы ереже сақталады. Әдістің маңызды ерекшелігі – ол факторлық жүйе моделінің элементтеріне кіретін элементтер саны мен олардың арасындағы байланыс формасына қарамастан, есепті шешуде ортақ жол ұсынады.
Баланстық әдісті бухгалтерлік есепте, статистикада, жоспарлауда кеңінен пайдаланады. Ол соынмен бірге кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерін талдағанда да пайдаланылады (қатаң функционалдық тәуелділік бар жерде). Мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорындарда осы әдіс арқылы (басқаларымен қатар) жұмыс уақытын пайдалану, станоктар паркін пайдалану, өндірістік құрал-саймандарды (өндірістік қуаттылықты) пайдалану, шикізат қозғалысы, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің қозғалысы, қаржылық жағдай талданады.
Әдебиеттер:4 ,5, 6, 10,11, 12,15,16,17
3-тақырып. Факторлы талдау
Факторлық талдау түсінігі, мақсаты және типтері
Кәсіпорынның шаруашылылық қызметінің барлық құбылыстары мен процесстері арақатынаста, өзара тәуекелділікте және шарттылықта болады. Олардың біреуі тікелей өзара байланысты, басқалары – жанама. Әр нәтижелі көрсеткіш көп санды және әр түрлі факторларға тәуелді болады. Нәтижелі көрсеткіш көлеміне факторлардың әсер етуі бөлшекті түрде зерттелсе, соғұрлым талдау нәтижесі мен кәсіпорынның жұмыс сапасының бағасы нақтырақ болады. Бұдан шаруашылық қызмет талдауындағы маңызды әдіснамалық мәселе болып зерттелетін экономикалық көрсеткіштердің көлеміне факторлардың әсерін зерттеу және өлшеу болып табылады. Факторларды терең және әр жақты зерттеуінсіз қызмет нәтижесі жөнінде негізделген шешім, өндіріс резервін анықтауға, жоспарды және басқарушылық шешімдерді негіздеу мүмкін болмайды.
Факторлық талдау ретінде факторлардың нәтижелі көрсеткіштер көлеміне әсерін өлшеу мен кешенді және жүйелі зерттеудің әдіснамасы түсініледі. Факторлық талдаудың келесідей түрлерін бір-бірінен ажыратады:
- детерминантталған (функционалды) және стохастикалық (корреляциялық);
- тура (дедуктивті) және кері (индуктивті);
- бір сатылы және көп сатылы:
- статикалық және өсіңкілі;
- ретроспективті және перспективті (болжамды).
Детерминантталған факторлық талдау ретінде факторлардың әсерін зерттеу әдіснамасы түсініледі, нәтижелі көрсеткішпен байланысы функционалды болады, яғни көрсеткіш факторлардың қосындысының жеке немесе алгебралық туындысы ретінде көрінуі мүмкін.
Стохастикалық талдау фактоларды зерттеу әдіснамасы ретінде нәтижелі көрсеткіштер олардың байланысы функционалдыдан қарағанда толық емес ықтималды (корреляциялы) болады. Егер функционалды (толық) тәуелділікте аргументтің өзгерісінен үнемі функцияның сәйкес өзгеруі болса, онда корреляциялы байланыста аргументтің өзгеруі функцияның өсуі бірнеше мән беруі мүмкін басқа бұл көрсеткішті анықтайтын факторлар үйлесуіне тәуелді. Мысалы, еңбек өнімділігі қор жарақтануының бір деңгейінде әр түрлі кәсіпорындарда бірдей болмауы мүмкін. Бұл басқа факторлардың бұл көрскеткішке әсер ететін үйлестірілу оптимальділігіне тәуелді болады.
Тура факторлы талдау кезінде зерттеу дедуктивті тәсілмен жүргізіледі – жалпыдан жекеге. Кері факторлы талдау логикалық индукция тәсілімен себепті –нәтижелі байланыс зерттеуін іске асырады – жеке, бөлек факторлардан жалпыламаға.
Факторлық талдау бір сатылы және көп сатылы болуы мүмкін. Сонымен қатар, статикалық және динамикалық факторлық талдауды бір-бірінен ажырату қажет. Бірінші түр нәтижелі көрсеткіштер және сәйкес күнге факторлардың әсерін зерттеу кезінде қолданылады. Басқа түрі өсіңкілктегі байланыстың себепті-нәтижелі зерттеу әдіснамасын көрсетеді.
Соңында, факторлвқ талдау ретроспективті болуы мүмкін, ол өткен кезеңдегі нәтижелі көрсеткіштердің өсу себебін зерттейді және перспективадағы факторлар мен нәтижелі көрсеткіштің тәртібін зерттейтін перспективті болуы мүмкін.
Факторлық талдаудың негізгі міндеті болып келесілер танылады:
1. Зерттелетін нәтижелі көрсеткішті анықтайтын факторларды іріктеу.
2. Жүйелі түрде келу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында оларды жіктеу және жүйелеу.
3. Факторлар мен нәтижелі көрсеткіштер арасындағы байланыс формаларын анықтау.
4. Нәтижелік және факторлық көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты модельдеу.
5. Әсер ету факторларын есептеу және олардың әрқайсысының нәтижелі көрсеткіш көлемі өзгергендегі рөлін бағалау.
6. Факторлық модельмен жұмыс (экономикалық процесстерді басқару үшін оны үнемді пайдалану).
Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу
Факторлардың жіктелуі олардың жалпы сипаттарына тәуелді топтар бойынша таралуы түрінде көрініс табады. Ол зерттелетін құбылыстардың өзгеру себептерін тереңірек түсінуге, нәтижелі көрсеткіштер көлемінің қалыптасуындағы әр фактордың орны мен рөлін нақтырақ бағалауға көмектеседі.
Талдауда зерттелетін факторлар әр түрлі сипаттары бойынша жіктелуі мүмкін. Шаруашылық қызмет нәтижелеріне әсер ету көзқарасынан олар негізгі және екінші деңгейлі, ішкі және сыртқы, объективті және субъективті, жалпы және спецификалық, тұрақты және үзілісті, экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді.
Негізділеріне нәтижелі көрсеткіштерге шешуші әсер ететін факторлар жатады. Екінші деңгейлі берілген жағдайларда щаруашылық қызмет нәтижелеріне шешуші әсер етпейтіндер жатады. Осында бір фактор шарттарға байланысты, негізгі де және екінші деңгейлі де болуы мүмкін екендігін белгілеп кету керек. Түрлі факторлардан анықтайтын талдау нәтижелері бойынша негізгілерін ерекшелей алу шешім шығарудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеуде және кәсіпорынның қызмет ету нәтижелерін бағалау кезінде факторлар ішкі және сыртқы факторларға жіктеледі, яғни берілген кәсіпорын қызметіне тәуелді және тәуелсіз болады.
Кәсіпорын қызметін дұрыс бағалау үшін факторларды объективті және субъективтіге бөлу қажет. Объективті адамдардың еркіне және қалауына байланысты емес, мысалы, табиғи апат. Объективтіден субъективті себептер жеке адамдардың, кәсіпорынның, ұйымдар және мекемелердің қызметіне тәуелді болады.
Факторлар сонымен қатар, жалпы және спецификалық болып бөлінеді. Жалпыға экономиканың барлық саласында қызмет ететін факторлар жатады. Спецификалық экономиканың немесе кәсіпорынның жеке салалары жағдайындағылар жатады. Факторлардың мұндай бөлінуі жеке кәсіпорындардың өндіріс салалрының ерекшеліктерін толық есепке алынуына және олардың қызмет етуінің нақты бағалауына мүмкіндік береді.
Өндіріс нәтижесіне әсер ету мерзімі бойынша тұрақты және үзілісті болып бөлінуі мүмкін. Тұрақты факторлар зерттелетін құбылыстарға барлық уақыт бойы үзіліссіз әсер етеді. Үзілісті факторлардың әсер етуі кезеңді түрде көрініс табады, мысалы, жаңа техниканы, жаңа өнім түрлерін, өндірістің жаңа технологиясын игеру және т.б.
Кәсіпорын қызмет етуін бағалау үшін факторлардың интенсивті және экстенсивті болып бөлінуі үлкен мәнді әсер береді. Экстенсивтілерге нәтижелік көрсеткіштердің сапалы өсуімен емес, сандықпен байланысты факторлар жатады, мысалы, егіс көлемін кеңейту жолымен, мал басының, жұмысшылар санының өсуі арқылы өнім өңдіру көлемін өсіру. Интенсивті факторлар өндіріс процессінде еңбектенудің дәрежесін сипаттайды, мысалы, ауылшаруашылық мәдениетінің өнімділігі, жануарлардың өнімділігі, еңбектің өнімділік деңгейін көтеру.
Талдау кезінде шаруашылық қызмет нәтижесіне әр фактордың әсерін өлшеу мақсаты қойылады, онда оларды сандық және көлемдік, күрделі және жай, тура және жанама, өлшенетін және өлшенбейтін болып бөлінеді.
Құбылыстардың сандық айқындылығын көрстететін факторлар сандық болып есептеледі (жұмысшылар, құралдар, шикізат және т.б. саны). Сапалық факторлар зерттелетін объектінің ішкі сапасын, сипаты мен ерекшеліктерін анықтайды (еңбек өнімділігі, өнім сапасы және т.б.).
Факторлар талдауында көптеген зерттелетіндер бірнеше элементтерден құралады. Алайда құрама бөлімдерге бөлінбейтіндері де бар. Мұнымен байланысты факторлар күрделі (кешенді) және жай (элементті) болып бөлінеді. Күрделі фактор мысалы болып еңбек өнімділігі, ал жай фактордыкі – есептік кезеңдегі жұмыс күнінің саны.
Көрсетілгендей бір факторлар нәтижелі көрсеткіштеріне тура әсер етеді, басқалары – жанама. Осыған тәуелді басқарылымның бірінші, екінші және үшінші және ары қарайғы деңгейін ажыратады. Бірінші деңгей факторларына нәтижелі көрсеткішке тура әсер ететіндер жатады. Нәтижелі көрсеткішті бірінші деңгейлі факторлар көмегімен жанама анықтайтын факторлар екінші деңгейлі факторлары деп аталады және т.б. Бірінші деңгейлі факторлары болып жұмысшылардың орташа жылдық саны және бір жұмысшымен орташа жылдық өнімді өңдіру болып табылады. Бір жұмысшымен істелген күндер саны және орташа күндік жұмыс – жалпы өнімге қатысты екінші деңгей факторлары. Үшінші тәртіп факторларына жұмыс күнінің ұзақтығы және орташа сағаттық жұмыс өнімділігі жатады.
Факторларды жүйелендірудің тәсілдерінің бірі болып, детерминирленген факторлық жүйелерді құру. Факторлық жүйелерді құру – алгебралық сома, жеке немесе бірнеше факторлардың туындысы түрінде, оның мөлшеріне әсер ететін және функционалды тәуелділікте орналасатын зерттелетін құбылыстарды көрсету болып табылады.
Факторлық жүйелердің қайта құрастырылуы және детерминациялық модельдеу
Үлгілеу- ғылымның өте маңызды әдсітерінің бірі, үлгілеудің арқасында зеттеу объкетісінің моделін жасауға болады. Оның маңызы, зерттейтін көрсеткіш пен факторлардың байланысы нақты математикалық деңгей түрінде беріледі.
Факторлық талдауда детерминанты және стохастикалық үлгілерді бөліп қарастырылады. Детерминантталған факторлық үлгінің көмегімен нәтижелі көрсеткіштер мен дәлелдердің функционалды байлнысы зерттеледі.
Детерминантталған факторлық жүйені үлгілеудік келесі талаптарды орындау қажет.
Үлгіге қосылатын факторлар және үлгілердің өздері ойдан шығарылған абстрактылы мөлшерде емес, нақты болуға тиісті.
Жүйеге енетін факторлар формулаға қажетті элементтері ғана емес, сонымен қатар көрсеткіштермен себепті байланыста болуы қажет.
Факторлық модельдің барлық көрсеткіштерінде өлшеу бірлігі немесе ақпаратпен қамтамасыз болуы тиісті.
Факторлық модель жекелеген факторлардың ықпалын өлшеу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Ал бұл нәтижелік және факторлық көрсеткіштердің өзгерістерінің көлемдік сәйкестігін ескеруі қажет, ал жекелеген факторлардың ықпалдарының сомасы нәтижелі көрсеткіштердің жалпы өсіңкілігіне тең болуы қажет.
Детерминантталған талдауда жиі кездесетін факторлық модельдердің келесідей түрлері болады:
Аддитивті модель:
Y = ∑ Xi = X1+ X2+X3+...+Xn
Бұл нәтижелі көрсеткіш фкаторлық көрсткіштің алгебралық сомасн көрсеткенде қолданылады.
Мультипликативтік модель:
Y = ∏ Xi= X1*X2*X3*…*Xn
Бұл модель нәтижелі көрсеткіш бірнеше көрсеткішті тындатса қолданылады.
Қысқа модель:
Y= X1/X2
Нәтижелі көрсеткіш бір факторлық көрсеткшті екінші көрсеткішке бөлу арқылы алынса, қолданылады.
Аралас модель:
Y=a+b/c; Y=A/a+c; Y= a*b/c; Y= (a+b)c т.с.с.
Шаруашылық қызметті талдаудағы мультипликативті факторлық жүйені үлгілеу факторларды бөлу арқылы бастпқы факторлардың көбейтіндісі арқылы жүзеге асады. Мысалы, өнім өндірісі көлемінің құрылу процессін зерттеу барысында мынадай детерминантталған модельді қолдануға болады:
ВП = КР *ГВ; ВП= КР*Д*ДВ; ВП=КР*Д*П*СВ.
Бұл модель мультипликативті факторлық жүйенің нақты бастапқы түрін және комплексті факторлық көбйтінділер арқылы кеңейтулерді көрсетеді. Нақтылау дәрежесі мне модель кеңейтулері зерттеу мақсатына тәуелді, сонымен қатар нақтылау мүмкіншіліктерінен және анықталған көрсеткіштерге тәуелді.
Аддитивті факторлық жүйені анықтау үшін факторлық көрсеткіштерді құрама элементтердің біреуіне бөлу арқылы анықталады.
Қысқа модель сыныбының өзгерісіне келесілерді қолданады : ұзарту, формальдық ыдырату, кеңейтулер және қысқартулар.
Формальдық ыдырыу тәсілі бастапқы бір немесе бірнеше факторларды біркелкі көрсеткіштер сомасымен ауыстыр жолымен факторлық модельдің бөлімінің ұзаруы табылады.
Кеңейту әдісі бір немесе бірнеше жаңа көрсеткіштерге алымымен бөлімін көбейту арқылы бастапқы факторлық модельдің кеңейтілуі қарастырылады.
Қысқарту тәсілі бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей көрсеткішке бөлу арқылы жаңа факторлық модельді жасап шығаруды көрсетеді.
Әдебиеттер:4 ,5, 6, 7,8,10, 12,14,15,17
4-тақырып. Қаржылық коэффициенттер тәсілі
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне талдау жасау.
Іскерлік белсенділіктің коэффициенттері кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттайды. Әдетте, бұл топқа айналымдылықтың алуан түрлі көрсеткіштері жатады. Кәсіпорынның іскерлік бөлігі сандық және сапалық критерийлердің көмегімен өлшенеді. Кәсіпорынның қызметін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы зерттеудің тереңдігіне байланысты.
Айналым құралдарының айналымдылығы бірқатар өзара байланысқан көрсеткіштермен сипатталады: бір айналымның күндердегі ұзақтығымен, белгілі бір кезеңдегі – жыл, жарты жыл, квартал – айналым санымен (айналымдылық коэффициенті), өнім бірлігіне шаққандағы кәсіпорындағы айналым құралдарының санымен (бекіту коэффициенті).
Дебиторлық қарыз айналымдылығының коэффициенті – компанияның несиеге сату үшін төлемақы алу қабілеттілігін білдіреді, ол да төлемқабілеттілікке әсер етеді және кәсіпорынның несиелік саясатын сипаттайды.
,
мұндағы ДРП - өткізуден түскен табыс, мың теңге;
ДЗ – дебиторлық қарыздың орташажылдық құны, мың теңге.
Айналым саны несиелеу шарттарына байланысты болады. Несие мерзімдері (төлемді кейінге қалдыру) әдетте күндерде белгіленеді (2/10; N/ЗО), сондықтан дебиторлық қарыз айналымдылығының коэффициентін күндермен (ПОБ) есептелетін өтеудің орташа мерзіміне аударған жөн.
.
Материалдық қорлардың айналым коэффициенті компания тауар-материалдық қорларға салымдарды қаншалықты табысты басқаратындығын көрсетеді. Әдетте, компаниялар осы көрсеткішті жоғары ұстауға тырысады.
,
мұндағы СП – өткізлен өнімнін өзіндік құны, мың теңге;
З – запастардың құны, мың теңге.
Материалдық қаражаттар өтімділікті азайта отырып, кәсіпорынның ақша қаражаттарын «тежейді», бірақ сонымен бірге өндірістік-шаруашылық қызметті табысты қамтамасыз ететіндей күйде болуы керек. Қорлардың ұлғаюы әлдебір фактордың өнімді сатуға кедергі болатындығын білдіреді.
Дәл солай, күндерде келесі болады
.
Запастар айналымдылығының мерзімдері мен дебиторлық қарызды есептеген соң бизнестің толық циклінің немесе запастарды алу, запасты соңғы өнімге (қызметке) айналдыру, сату, дебиторлық қарызды инкассациялау сияқты сатылардан тұратын өндірістік циклдің ұзақтығын анықтауға және бағалауға болады.
І өндірістік цикл дебиторлық қарызды өтеудің орташа мерзімінің және материалдық қорлардың айналымдылығының орташа кезеңдерінің сомасы ретінде анықталады.
Дебиторлық қарыз сияқты, кредиторлық қарыздың айналымдылығын да қарастыруға және талдауға болады
,
мұндағы, КЗ – кредиторлық қарыздың орташажылдық құны, мың теңге.
Сонымен бірге, кәсіпорынның таза табысының айналым құралдарының қалдығына қатынасымен анықталатын айналым құралдарының беріліс көрсеткіші де пайдаланылуы мүмкін.
Айналым құралдарының айналымдылығының үдеуінде айналымнан материалдық ресурстар мен олардың қалыптасу көздері босатылады, ал керісінше болғанда – айналымға қосымша құралдар тартылады.
Кәсіпорынның табыстылығын талдау.
Кез-келген иелік етуші субъектінің жұмыс жасауының тиімділігі пайда табу мүмкіндігіне байланысты болады. Бұл мүмкіндікті бағалау үшін табыстылық көрсеткіштерінің жүйесі пайдаланылады.
Кіріс көрсеткішінің экономикалық мәні капиталдың, түсімнің, шығынның бір ақшалай бірлігіне қанша кіріс ақшалық бірлік келетінімен сәйкестендіріледі.
Табыстылық - бизнес табыстылығы деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші. Табыстылық көрсеткіші қызмет бағытының әр түрлі табыстылығымен, кәсіпорын жұмысының тиімділігімен сипатталады (өндірістік, коммерциялық, инвестициялық және тағы басқа).
Шаруашылықты жүргізудің соңғы нәтижесінде пайда толығымен көрінеді, себебі, олардың шамасы пайдаланылмайтын (қажеті жоқ, тұтынылмайтын) ресурстармен немесе қолда бар тиімді арақатыстарын көрсетеді. Оларды кәсіпорын қызметін бағалауда, инвестициялық саясатта және баға белгілеуде аспап ретінде қолданады.
Табыстылық көрсеткіштерін бірнеше топтарға біріктіруге болады:
инвестициялық жобалар мен өндіріс шығындарының өтелімділігімен сипатталатын көрсеткіштер;
сатудың табыстылық көрсеткіштері;
капитал табыстылығы мен оның бөлімдерін анықтайтын көрсеткіштер.
Өндірістік қызмет табыстылығы (шығын өтелімділігі) – Р3, сатудан түскен пайда (Прп) қатынастары жолымен немесе өткізілген өнім бойынша шығындар сомасы (З) негізгі қызметтен түскен таза пайдамен (ЧП) есептеледі.
Ол өнімді өткізу мен өндіріске жұмсау үшін кәсіпорынның қанша ақша жұмсағанын көрсетеді.
Мүмкін толықтай кәсіпорын бойынша, оның жеке сегменттері мен өнім түрлері бойынша есептесуі мүмкін. Инвестициялық жобалардың өтелімділігі түрлердің ұқсастығымен анықталады: жобаның пайда алынған немесе күтілетін сомасы тап осы жобадағы инвестициялардың сомасына жатады.
Сату табыстылығы (айналым) - Rоб өнімді өткізудегі кірістермен бөлісумен, алынған түсімдегі таза пайда (ЧП) немесе жалы пайда бойынша есептеседі (ПРП). Өндірістік және коммерциялық қызмет тиімділігі сату кезінде кәсіпорын қанша пайдаға ие болатындығын сипаттайды. Нарықтық экономикада бұл көрсеткіш кеңінен қолданылады.
Өнімнің жекелей түрлерімен және кәсіпорын бойынша толық есеп айырысады:
Капитал табыстылығы (Rк) оған жекелей қосылған немесе барлық инвестициялық капиталдың (SК) орташа жылдық құнының таза пайдасымен (ЧП) немесе жалпы пайдамен (БП)есептеледі: меншік (акционерлік), қарыздық, негізгі, айналым капиталы және тағы басқа.
.
Талдау процесінде табыстылық көрсеткіштеріне аударылған динамикалар оқытылады, олардың деңгейі бойынша жоспарлар орындалып және бәсекелес кәсіпорындармен ішкішаруашылық арасында салыстырулар өткізіледі.
Әдебиеттер:4 ,5, 6, 10,11, 12
5-тақырып. Басқарушылық талдау негіздері
Басқарушылық талдаудың мәні, мақсаты және тапсырмалары.
Экономикалық талдаудың арнайы әдiстерiнiң өңдеуi оның түрлерiнiң ғылыми қисынды классификациясы, басқаруды мерзiмдi қажеттiгiнде негiзделедi. Экономикалық талдау экономиканың әрбiр басқару функциясының орындауын қажетті элемент болатындығынан, экономикалық талдау түрлерiнiң классификацияларының негiзінде басқару функцияларының классификациясы жатады.
Басқарушылық талдау басқарушылық талдаудың құрамды бөлігінің тек қана ішкі болып табылуы мүмкін, яғни әкімшіліктің ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз етілуі, кәсіпорынның басқаруы.
Басқарушылық талдаудың мәлiметтерi кәсiпорынның бәсекелестiк саясатының ең маңызды сұрақтарының өңдеуiндегi шешушi рөлдердi атқарады, жоғарғы табыс деңгейінің тетiгiн жасауы үшiн технологияның әбден жетiлдiруi және өндiрiстiң ұйымы үшiн басқарушы болып қолданылады.
Демек, жария болуға басқарушылық талдаудың нәтижелерi бұл себептер бойынша жатпайды, яғни шаруашылық субъектілердің коммерциялық құпиясы болатын мәлiметтерге жатады.
Қаржылық талдау ішкі де, сыртқы да бола алады.
Ішкі шаруашылық субъектіде өткізілетін қаржылық талдау кәсіпорынның ішін айналатын кез келген ақпараттардың көзі ретінде қолданылуы мүмкін, мысалы өндірістің техникалық дайындығы, нормативтік және жоспарлы ақпараттар, басқарушылық есептің мәліметтері және т.б. туралы мәліметтер.
Ішкі қаржылық талдау пайда болатын қаржылық жағдайдың себептерін, кәсіпорын активтерінің қолданылу тиімділігін, көлем, құндылық және табыс көрсеткіштерінің өзара байланысын тереңірек зерттейді.
Сыртқы қаржылық талдау ашық қаржылық есептілік мәлiметтерiнiң негiзiнде жүзеге асады және оның мүдделi қарсы уәкiлдерi, меншiк иесi немесе мемлекеттiк құрылымдар негiзiнде кәсiпорынның сыртына жүргiзiледi. Сыртқы қаржылық талдаудың ерекшеліктері болып табылады:
- кәсіпорынның қызметтері туралы ақпаратты қолданушылар, талдау субъектілерінің көптігі;
- талдау субъектілерінің мақсаттарының және қызығушылықтарының әр түрлілігі;
- талдаудың типтік әдістемелерінің, есеп берудің стандарттарының және есептілігінің болуы;
- кәсіпорынның тек қана ашық, сыртқы есептілігіндегі талдау бағыты;
- алдыңғы фактордың салдары сияқты талдау есептерінің шектеулігі;
- кәсіпорын қызметтері туралы ақпаратты қолданушылар үшін талдау нәтижелерінің ең көп ашықтығы.
Іс жүзінде басқарушылық талдауды өткізу кезінде шаруашылық субъектінің барлық көп қырлы қызметтерінің кешенді экономикалық талдауы және нәтижелілігінің бағасы жүзеге асырылады.
Жоғарыда айтылған басқарушылық талдау кәсiпорынның тек қана өзiне мұқтаждықтар үшін жүзеге асырылатыны шығады. Оның ерекшеліктері болып табылады:
- өз басқаруына талдау нәтижелерінің бағыты;
- талдау үшін барлық ақпарат көздерін қолдану;
- кәсіпорынның қызметтерін барлық жағынан зерттеу, талдаудың кешенділігі;
- есепке алу, талдау, жоспарлау және шешiм қабылдау интеграциясы;
- коммерциялық құпияны сақтау мақсатында талдау нәтижелерінің ең көп жабықтығы.
Басқарушылық талдаудың ақпарат көздері.
Басқарушылық талдау экономикалық ақпарат жүйесінде негізделеді. Талдаудың көздері есептік және есептен тыс болып бөлінеді.
Талдаудың есептік көздеріне кіреді:
бухгалтерлік есеп және есептілік;
статистикалық есеп және есептілік;
оперативтік есеп және есептілік.
Бухгалтерлік есеп және есептілікте бизнес жоспарларды орнату үшін бақылау мақсатымен шаруашылық құралдарының және шаруашылық операцияларының толық ерекшелілігі және жалпылануы табады. Бухгалтерлік есептіліктің өз уақытында және толық талдауы айлық, тоқсандық және жылдық жоспарларды орындауды жоғарылату бойынша шараларды қолдануға мүмкіндік береді. Мұнда бухгалтерлік баланс, пайдала мен шығыстар туралы есеп, капиталдың жағдайы және қозғалысы туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есе және т.б. жатқызуға болады. Бұдан басқа жоспарларды орындау бағасы және статистика мәліметтері кезінде қолданылады.
Статистикалық есеп және есептілік анықталған экономикалық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін құбылыстар жиынымен және процесстердің сандық тарапымен (сапалы тараппен қоса) ерекшеленеді. Статистикалық есеп және есптіліктің көздеріне кіреді: «Негізгі құралдардың бар болуы және қозғалысы туралы есеп», «Еңбек ақы бойынша есеп», «Материалдық ресурстардың бар болуы және қолданылуы туралы есеп», «Өнімнің (жұмыс, қызмет) өндірісте және сатылымда шығындары туралы есеп» және басқалары.
Оперативтік есеп және есептілік кәсiпорындардың шаруашылық қызметінің жеке бөлiмшесінде қолданылатын санақпен салыстырғанда жылдамырақ және бухгалтериямен тиiстi мәлiметтiң алынуын қамтамасыз етеді. Мұндай талдау ағымы үшін ақпарат бағаланбайды. Бұл өнiмнiң жоспарлы және есептік өзiндiк құн калькуляциясының түсуі, шығындар, материалдық ресурстардың қалдығы туралы синтетикалық және аналитикалық есептер мәліметтері, сонымен бірге негізгі және қосымша өндірістер бойынша шығындар туралы, материалдық-техникалық жабдықтар жоспары, өтініштер, шикізаттар және материалдар жабдықтауларына шарт, материалдық-техникалық жабдықтар бөлімінің оперативтік мәліметтері, нәтижелер есебі бойынша аналитикалық бухгалтерлік есептің мәліметтері, алғашқы құжаттар, бухгалтерлік есептің тіркеулері, бухгалтерлік есептілік, негізгі құралдарды қайта бағалау туралы мәліметтер, негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкалары, жобалы-сметалық және техникалық құжаттар, бизнес-жоспарының мәліметтер және басқалары.
Есептен тыс көздеріне келесілер кіреді:
- аудиттің ішкі және сыртқы материалдары;
- зертханалық және дәрігерлік-санитарлық бақылауының материалдары;
- салықтық қызметтерді тексеру материалдары;
- өндірістік кеңестерде үнемі жұмыс жасайтын материалдар;
- көпшілік мөр және ақпарат құралдарының материалдары, интернет желілері;
- жоғарғы ұйыммен, қаржылық және несиелік органдарымен хат алысу;
- орындаушылармен дербес байланысулар нәтижесінде және басқа да қажетті ақпараттар алынатын материалдар.
Қаржылық талдау қаржылық есептіліктің мәліметтер бойынша талдаудың классикалық әдістемелері деп те аталады. Олардың басты мақсаты кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметтерінің суреттерін дәл және нақты беретін кілттік параметрлерінің көптеген санының алынуы болып табылады. Нарықтық экономика қызметінде жұмыс жасайтын кәсіпорынның қаржылық талдауының негізгі тапсырмалары болып табылады:
- есептік кезең үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайының және оның өзгерістерінің жалпы бағасы;
- активтердің құрамымен және құрылымының, олардың жағдайының және қозғалысының бағасы;
- меншіктік капитал және міндеттемелердің құрамымен және құрылымының, олардың жағдайымен және қозғалысының бағасы;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін және олардың деңгейінің өзгеру бағасын талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорын табыстылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
- кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметтерінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау;
- кәсіпорынның нарықтық тұрақтылығын және оның қаржылық стратегиясын шығарудың қысқа мерзімді болжамдары.
Әдебиеттер:3,4 ,5, 6, 10, 11,12,14,15,17
