- •I. Ипотеканың дамуының ғылыми теориялық негізі
- •1.1 Ипотекалық институттардың мәні және даму кезеңдері
- •1.2 Ипотекалық несиенің ерекшеліктері мен ипотекалық банктердің негізгі қызметтері
- •1.3 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендіруді құқықтық реттеудің дамуы
- •2.1. Коммерциялық банктердің ипотекалық несиелеу механизмі
- •2.2.«Қик» жақ-тың ипотекалық несиелеу жүйесі.
- •III. Қазақстан республикасындағы ипотекалық несиелендіру және оның даму болашағы
- •3.1 Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің жағдайы
- •3.2 Тұрғын үйді ипотекалық несиелендіру компаниясы және оның даму болашағы
- •3.3. Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелендіруді дамыту мәселелері мен келешегі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
ҚР-дағы ипотекалық қарым-қатынастарды зерттеп және оған талдау жасау арқылы мынадай қорытындыға келуге болады:
1. Халықаралық төжірибе көрсеткенідей ипотекалық несиелендіруді дамыту мемлекетке толықтай табыс әкеледі. Сондай-ақ, ол баспана мәселесінің шешілуіне жағдай жасайды. Ал бұл өз кезегінде әлеуметтік саясат түрғысынан қарағанда маңызды нәрсе. Ол азаматтардың жеке мүддесін ынталандырады. Бұдан басқа, несиелелендіру үшін қажетті ішкі инвестициялар яғни халықтың жинақ салымдары мен институтционалды инвесторлардың қаржылары тартылады. Халықтың соның негізінде экономиканың нақты секторлары атап айтқанда, құрылыс пен оның айналасындағы салалар жанама түрле қаржыландырылады. Нәтижеде мемлекеттің араласуынсыз түрғын үй қорының ескіргенін жаңарту, орнына қайта салу сияқты мәселелер өз шешімін табады, инфрақүрылым дамиды. Мұның бәрі салық салынатын базаны кеңейтеді, соның негізінде бюджетке келіп түсетін салықтар мен төлемдердің көлемі ұлғаяюы. Әлемдік тәжірибеде дәлелгенідей ипотекалық несиелендіруді дамыту ел экономикасын дамытудың негізгі факторларынан бірі болып табылады.
2. Қазақстандағы ипотекалық несиелендіруді дамытудың алғы шарттары болып түрғын үйге деген сүраныстың жоғарлығы, миграциялық процесстер, банк операциялары қүрылымының өзгеруі табылады.
3.Қазақстанда ипотекалық несиелендірудің жүзеге асырыла бастағанына бес-ақ жыл болды. Өкінішке орай, әлі де ктеген адамдарда жоғары бағалы заттарды ұзақ мерзімді несиені пайдалана отырып сатып алу түсінігі жоқ. Олардың көбісі қарызданудан қорқады, әліге дейін керекті қаржыны жинақтап барып әрекет жасау психологиясы басым болып келеді. Ал әлемдік тәжірибеде өзінің алдына қойған мақсатын болашақтағы табысы есебінен жүзеге асыру әдеттегі жағдай ретінде қарстырылады. Соған қарамастан, қазіргі таңда ипотекалық несие түсініксіз қандайда бір шетелдік сөз ретінде емес ал турақты табысқа ие қазақстандықтар үшін қозғалмайтын мүлік сатып алудың шынайы мүмкіндігі болып келеді. Бүған соңғы кездері ипотекалық компаниялардағы алғашқы мідетті төлем көлемінің 30%-дан 10-15% ға төмендеуі, несиелеу мерзімінің 3 жылдан 20 жылға ұзартылуы, ал проценттік ставканың 24%-дан (2001ж.), 12% -ға (2004ж.) дейін төмендеуі дәлел болып отыр. Оның үстіне ипотекалық несиелендірудің бастапқы кезеңінде клиент банкпен толығымен есептесіп болған соң ғана барып несиеге алған үйін меншіктенсе, қазір несиенің басында-ақ үй оның меншігіне өтеді. Сондай-ақ, банктер мен ипотекалық компаниялар тек қана түрғын үйді емес сонымен қатар, басқа да қозғалмайтын мүлікттерді несиелендірумен айналысуына байланысты оларды қайта қалпына келтіру және жөнде үшін несие алу мүмкіндігі туындады.
4.Қазақстанда ипотекалық несиелендіру жүйесін малазиялық моделге сүйене отырып енгізу шараларын ҚР ҰБ-і өз қолына алды. Оның негізінде батыстық ноу-хау яғни екі деңгейлі нарық қүрылымының үлгісі жатыр. Сол арқылы банктер құнды қағаздар нарыгында ипотекалық несиеге бағытталған ұзақ мерзімді мақсатты қаражаттар жинақтайды жене де соншалықты «ұзақ» және «жұмсақ» (яғни онша жоғарғы болмаған ставкамен) тұрғын үй несиелерін жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады. Алғашқы деңгей дегеніміз-несиенің өзі, ал екінші денгей - несиелеуші банктер қамтамасыз етілетін арнайы ипотекалық құнды қағаздар (облигациялар, кепілхаттар).
5. Ипотекалық ұсыныстардың кеңеюімен, ұзақ мерзімді ипотекалық несиелерді жүзеге асырудағы банктердің өтімділігік мәселесін шешуді қамтамасыз ететін қаржы институттарын құру қажеттілігі ткындады. Қәзірде бұл мәселелерді шешумен Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы (КИК) айналысуда. Қәзірде бұл жобаны мемлекет тарапынан толығымен тікелей қаржыландыру мүмкіндігінің болмауына байланысты ипотекалық несиелендіруді дамытудағы маңызды орынды басқа да көздерден тартылатын қаражаттар алады. Нарықтық экономикада оларға қор нарығынан тартылған институтционалды инвесторлардың қаражаттары жатады. Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы қажетті қаржаттарды ипотекалық несиелер бойынша талап ету құқымен қамтамасыз етілген ипотекалық құнды қағаздарды шығару жолымен тартуды жоспарлап отыр. Бұл дәстүрлі инструмент әлемнің басқа да елдерінде қолданылады, сондай-ақ, шетелдік инвесторлар арасында үлкен сұранысқа ие. Өйткені ол сенімділік пен табыстылықтың және де өтімділіктің ең тиімді құралы болып табылады.
6.Өте жоғары бағалы үйлерді несиелендіру нарығы шектеулі, өйткені мұндай түрғын үйді сатып алуға әр кімнің де шамасы келе бермейді. Сондай-ақ, бұл несие түрінің төуекел деңгейі жоғары болып келеді, яғни қарызгер міндеттемелерінің көлемі өте жоғары. Тәуекелдің тағыда бір факторы болып сұраныс көлемінің шектелуіне байланысты тұрғын үй құнының қысқа уақыт ішінде төмендеп кетуі табылады. Қазіргі кезде екінші деңгейдегі нарықта орта сапалы тұрғын үйге деген сүраныстың көлемі өсіп жатыр, алдағы уақытта бұл жағдай тепе теңдік дәрежесіне өзгереді деп сенеміз.
7. Қазақстанда ең алдымен қарапайым адамдардың қажеттілігін қамтамасыз ететін ипотекалық несиелендіру жүйесі қызмет етуі керек. Тиімді шарттармен жүзеге асырылатын несие көлемін жоғарылату үшін несиелендіруді басқа эквивалентісіз тенгеде және де онша жоғары болмаған сыйақы мөлшерлемесімен сондай-ақ, мерзімін ұзарту арқылы жүзеге асыру керек.
8. Түрғын үйді несиелендіру жүйесінің концепциясы қадылдануымен ол республика бойынша өте тез шарықтап дамып келуде. КИК-тің болжамы бойынша 2004 жылдың соңында берілген несие 5,4 млрд. құраған болса, осы жылы (2005ж.) ол 8,6 млрд. тенгені қүрайды. Қазір халық ипотека жайында жақсы хабардар, тек ол нақты шарттармен өзі үшін ең тиімдісін таңдап алғысы келеді. Басқаша айтқанда, қәзірде ипотека адамдарға қандай да бір мәселе туғызбай керісінше, қызықтырып келеді.
