Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сут консервиленген курсовой.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
169 Кб
Скачать
☆

II. Өндірістің экономикалық мінездемесі

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы 1786 жылы Риддер кенті ретінде негізгі қаланған және кен орнын бірінші ашқан инженер Филипп Риддердің есімі берілген.ХХ ғасырдың басында кенттегі халық саны 4 мың адам болды, ең көп шоғырланған кезең 70-ші жылдары- 72 мыңнаң артып түсті. Бүгінде қалада 61,5 мың адам тұрады. Қазіргі Риддер қаласының аумағы 3387220 шаршы километрді құрайды.Әкімшілік аумағына 19 елді мекен, бір ауылдық және бір кенттік аймақ кіреді. Риддер қаласының әкімшілік аумағы кенді Алтайдың орталық бөлігінде, Лениногор «шұңқырында», таулы орманды дала өңірінде орналасқан. Лениногор ойпаты оңтүстік шығыста «Иванов белдеуі» жотасымен, оңтүстікте-«Проходной белдеуі» беткейлерімен, батыста және оңтүстік-батыста «Синюхин белдеуі» беткейлерімен шектелген.

Риддер қаласы Өскемен агломерат құрамына кіреді, түрлі түсті металдардың кен орындарымен, су және орман, құрылыс материалдарын өндіру қорларымен қамтамасыз етілген. Түрлі түсті металдар кен орындарының ішінде алтын араласқан қорғасын-мырыш кендері, күміс, кадмий, сүрме, күшәлә, қалайы, темір, күкірт және басқа элементтер басым. Құрылыс материалдарының ішінде кірпіш шикізаттары, түйіршек-құмқоспалары және құмдар мол. Лениногор «шұңқыры» таулы, орманды дала ландшафт өңіріне жатады: қоңыр-қылқанды тайга, аралас ормандар, бұталар және әртүрлі шөп түрлері көп. Риддер қаласы маңайының басым бөлігін шыршалы орман алып жатыр. Жер бедері таулы болғандықтан шаруашылық мақсатында кеңінен пайдалануға қиындық келтіреді.

Негізгі өзендері Тихая, Филипповка, Быструха, Громотуха, Журавлиха, Шаравка, басқа да өзендер таудан ағатындықтан ағыны қатты, жағалаулары тасты болып келеді. Өлкеде суық родон суы көздерінің бар екендігі анықталды, емдік мақсатта пайдалануға болады. Риддерде кен өндіру және түсті металдар өнеркәсібінің салалары дамыған.Қалада көлік және байланыс кәсіпорындары, құрылыс фирмалары, тамақ және күту саласындағы кәсіпорындар табысты қызмет атқаруда.Риддерді қоршаған тамаша табиғат туристік саланы дамытуға, оған тек қана қала тұрғындары емес, облыс, республика, алыс және жақын шет елдердегі туристік ұйымдарды қатыстыруға алғы шарттар толығымен бар. Қала аймағында бірнеше туристік және спорттық базалар орналасқан.Ересек адамдар күніне 0,5 л , ал балалар 1 л сүт ішеді.Шемонаиха ауданындағы «Исток» ЖШС зауытында өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұзақ сақталатын сүт өнімдерін өндіру бойынша инновациялық технология енгізілуде. Катонқарағай ауданында ара шаруашылығы өнімін өндіру және бастапқы өңдеу бойынша кластерлік кәсіпорын құрылуда.Облыста Өскемен сүт зауытын қайта жаңалау бойынша «Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, оны қайта өңдеу бойынша вертикалды интеграцияланған құрылым құру» басым жобасы іске асырылуда. Аталған жобаны орындаумен «Райымбек Восток» ЖШС Алматы фирмасы және Өскемендегі «Восток-Солоко» ЖШС айналысады. Жоба Өскемен қаласындағы сүт зауытын қайта жабдықтау, сүт өнімдерін қораптап шығару цехын ашуды көздейді. Жоба іске асқан жағдайда тәулігіне 10 тонна сүт өнімі шығарылатын болады.

“Энергия Злаков” сүтқышқылды өнім; майлылығы 15% қаймақ; ванилин қосылған сүзбе қоспасы 4,5%; миіз қосылған сүзбе қоспасы 4,5%; түйе жаңғағы қосылған сүзбе қоспасы; кептірілген өрік қосылған 4,5%; қара қрік қосылған сүзбе қоспасы 4,5%; майлылығы 5% сүзбесі; майлылығы 72,5%; майлылығы 50%“Волна” балқытылған ірімшігі, майлылығы 55% балқытылған саңырауқұлақ қосылған ірімшік; майлылығы 55% “Лето” балқытылған ірімшігі; майлылығы 45% бекон қосылған балқытылған ірімшік; майлылығы 55% “Волна” балқытылған ірімшігі; майлылығы 60% “Янтарь” балқытылған ірімшігі; майлылығы 50% “Омичка” тәтті балқытылған ірімшік; грек жаңғағы қосылған майлылығы 50%тәтті балқытылған ірімшік; “Омичка”шоколад қосылған майлылығы 30% тәтті балқытылған ірімшік; майлылығы 45% “Сулугуни”; майлылығы 45% аджика қосылған “Сулугуни” ірімшігі; майлылығы 30% балқытылған шұжық ірімшігі. “Буренкины Мечты” сүті 2,5%, 4%; айран 2,5%; “Клубника”сұық йогурты 1,5%; “Яблока” сұйық йогурты 1,5%; “Черника” сұйық йогурты 1,5%; “Черешня” сұйық йогурты 1,5%; “Ананас” сұйық йогурты 1,5%; сүтті сұйық йогурт; майлылығы 3,2%“Традиции Востока” сүті; майлылығы 1,5% тұзды айран; Майлылығы 2,5% сүтқышқылды қатық; сүтқышқылды тәтті Токтамыш сусыны.“ЭскимоС” Семей қаласында балмұздақ өндіретін компаниялардың бірі. 200 жылдан бастап жұмыс істейді. Келесідей өнімдер шығарады:Вафельді стақандағы балмұздақ, эскимо, өлшеп сатылатын балмұздақ, торт-балмұздақ, балмұздаққа арналған бос вафельді стақандар, ресейде өндірілетін балмұздақтар.“Фуд мастер” зауыты 52% майлылығы "Премиум" ірімшігін Рокфор ірімшігін Сосьетэ 100г. ірімшігін шығарады.

Қазақстанның барлық өңірлерінде 2,722 млн тонна сүт өндірілген. Шығыс Қазақстан облысында - 345,6 мың тонна, яғни 13,6% сүт шығарады.Қазіргі таңда ЖШС “Эмиль” Шығыс Қазақстан облысындағы сүт қайта өңдеу мен сүт өнімдерін шығару жөніндегі ең жетекші фирманың бірі.Қазіргі кезде ЖШС “Эмиль” сүт өнімдерінің 35 түрін, балмұздақтың 29 түрін, жартылайфабрикаттың 12 түрін шығарады.Ассортиментіне тоқталып кетсек: майлылығы 2,5% сүт, фин-пак; Майлылығы 2,5%, Пюр-пак; майлылығы 4% сүт; айран 2,5%; майлылығы 2,5% қойыртылған сүт қышқылды қатық; майлылығы 2,5% айран; майлылығы 2,5% Ряженка; сүтқышқылды тәтті сусын “Крепыш”,2,5%; майлылығы 2,5% “Тоқтамыш” сүтқышқылды қойыртылған тәтті сусын; “Здравушка” сүтқышқылды сусын 2,5%;