Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Антиплагиатка тапсыру жумысы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
411 Кб
Скачать
☆

2.2 Оралмандарды әлеуметтік ортаға бейімдеу мәселесі

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алысымен Қазақ елінің әлеуметтік-саяси өмірінде «оралмандар» деген атау пайда болды. Бұл әрине, кездейсоқ құбылыс емес, ол еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастан жүргізген диаспора саясатының нәтижесі деп атап айта аламыз.

Шетелдегі қандастарының жоғын жоқтап, жыртысын жырту - тек қана тәуелсіз мемлекеттің қолынан келетін күрделі іс.

Оралмандардың әлеуметтік саясат мәселелері жөнінде ҚР Президенттің елге жолдауында көрсетіледі:

  • Президенттің өкіметке бюджеттік жолдауларында

  • Өкіметтің концептуалды шешімдерінде

  • Парламенттің жарлығында

- Қазақстан Республикасының Заңдарында

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген,науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі

Бүгінгі кезде оралмандар мәселесін нақты баға беріп, процесінің жүруін зерттеу әлі тиісті деңгейде қолға алынбай отыр, Сонымен де аталған тақырыпта бірқатар ғалымдардың зерттеулері мен жұмыстары бар. Мәселен, ғалым Мақаш Тәтімовтың «Дербестігіміз демография» атты еңбегі оралмандар туралы жақсы тәппіштеп жазған. Философия және саясаттану институтының ғалымдары ұсынған «Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі» атты шығармада өте керемет зерделеп, шетелдегі оралмандардың болағашы және оларды қалай сақтау туралы концепциялар қадап айтылған. Мейіржанов С.Т. «Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және саясат» деген туындысында, еліміздегі көші-қон процестеріне көп тоқталған. Дүниежүзілік оралмандар қауымдастығы ұсынған «Әлемдегі оралмандар Астанада бас қосты» бұл кітапта екі жақты қарастырылған. Шетелдегі оралмандар мен оралмандардың әлеуметтік мәселесін шешу жолдарын министрліктермен бірге талдайды. Зардыхан Қинаятұлының «Оралмандар олардың азаматтық құқығын қамтамасыз етудің бүгінгі жай-күйі» туралы мақаласына шолу жасалды. Сонымен қатар еліміздегі барлық аймақтарда тұратын оралмандар арасына жүргізілген әлеуметтік зерттеулерде ескерілді.

Әлеуметтік бейімделу қазақ диаспорасының бір бөлігі ретінде көптеген оралмандар қазақ мәдениетінің әр түрлі аспектілерін, әдет-ғұрпын сақтап қалған. Мұндай жағдай мәдени бейімделуге жақсы жақтарымен қатар, кедергі де болады. Осыған байланысты екі жағдайды байқауға болады: қай елден көшіп келді және қандай облысқа қоныстандырылды.

Әлемдегі оралмандардың бір тарихи түбірі болса да, олардың мәдениеті мен тұрмысында сәл өзгешіліктер бар. Мұның себебі, оралмандар қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен өмір сүру қағидатын сақтап қалса, (Қытай) Қазақстандағы оралмандар кеңес кезеңіндегі әр түрлі өзгерістердің, тәуелсіздік алған кезден бастап нарықтық экономикаға өту кезіндегі өзгерістердің ықпалына бейімделіп қалды. Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттерінен көшіп келген оралмандар дінге өте жақын болады.

Бейімдеу орталықтары алғашқы қазақ көшінің басында болған. Еліміздегі экономикалық күйзеліс кезінде бұл орталықтар жойылып кеттік. Бейімдеу орталықтары әлде кімдердің жекеменшігіне өтіп кеткен. Тек Павлодар қаласында сақталып қалды. Қазірде бұл орталық жұмысын жалғастыруда. Осы орталық талай оралмандарға баспана және әлеуметтік-ағарту мәселесіне көмектесті.

«Халықтың көші-қоны туралы» заңға және де басқа заң актілеріне сәйкес, оралмандарға көшіп келген соң міндетті түрде «уақытша үй» берілуі керек немесе бейімделу орталықтарына орналастыруы қажет деп көрсетілген. 2004 жылы ХКҰ (Халқаралық көші-қон ұйымы) жүргізген мониторинг мұндай орталықтардың өз мақсаттарын орындамайтынын көрсетті. Көбінесе оралмандар мұндай орталықтардың бар екендігінен хабардарсыз. Қандай көмек көрсетілуі керек екендігі немесе қалай орналасуға болатындығы туралы ешқандай қағидаттар жоқ. Мұндай орталықтарда уақыт шеңберінде шектеулер қойылған (20 күн), бірақ кейбір оралмандарға мұндай орталықтар тұрақты мекен жайға айналды.

Оралмандарға, этникалық оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері көрсетілген:

1. Этникалық оралмандар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде өздерінің төлем қабілеттілігінің растамасын ұсынудан босатылады.

2. Оралман мәртебесін алған адамдар мен олардың отбасы мүшелері:

1) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегін бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетумен;

2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мектептерде және мектепке дейінгі ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын көлемде техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беретін оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлінген квотаға сәйкес білім алу мүмкіндігімен;

4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең әлеуметтік қорғалумен;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етіледі.

3. Оралмандарға жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу, бағбандықпен айналысу және саяжай құрылысы үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауылдық елді мекендердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінен, көшіп келушілерге арналған жер қорынан, арнаулы жер қорынан және босалқы жерлерден жерді уақытша өтеусіз пайдалану құқығымен жер учаскелері беріледі.

Оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнаулы жер қорынан, көшіп келу жер қорынан және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелері беріледі.

4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына оралмандардың көшіп келу квотасынан тыс қоныс аударған оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын қамтитын біржолғы жәрдемақыларды белгілеуі мүмкін.

5. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен берілетін жеңілдіктерден, өтемақылардан, жәрдемақылар мен әлеуметтік көмектің өзге де түрлерінен басқа мынадай қосымша жеңілдіктер:

1) қоныстандыру өңіріне қарай сараланған және алғашқы бейімдеу, тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын қамтитын біржолғы жәрдемақы төлемі беріледі;

2) тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлінеді немесе тұрғын үй салуға, қалпына келтіруге немесе сатып алуға жеңілдікті кредиттік қарыз алады.

6. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге келісім алған этникалық оралмандар мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде, көлік құралдарын қоспағанда, жеке мүлкіне кеден төлемдерін төлеуден босатылады.

7. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар біржолғы жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға арналған қаражатты тек қана Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаннан кейін, отбасының ұлты қазақ емес мүшелерінен басқа, отбасының кәмелетке толған мүшелерін қоса алғанда, жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынуы бойынша алуы мүмкін.

8. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайда біржолғы жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат есептелмейді және (немесе) төленбейді.

9. Оралман немесе оның отбасы мүшесі оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілгеннен кейін қайтыс болған жағдайда отбасының мүшелеріне немесе оралманға біржолғы жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу-алмауына қарамастан төленеді.

10. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар, оларға осы баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес төленген біржолғы жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға арналған қаражатты:

1) Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы үш жылдың ішінде оралмандардың көшіп келу квотасын алған кезде қоныстану үшін белгіленген өңірден тыс жерге өзінің ерік қалауымен өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайларда;

2) оралман мәртебесін алған күннен бастап бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кететін болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекетке өтеуге міндетті.

Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру

1. Этникалық оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарында халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

2. Бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету үшін оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары құрылады.

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тұруының тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетудің тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Оралмандарды қоғамдық ортаға бейімдеудің механизмдері әлеуметтік институттар болып табылады. Мәселен, мектеп, ЖОО-ны, жұмыс орындары негіз болады.

Тіл қарым қатынастың негізі болып табылады, сондықтан да тіл интеграциясына айрықша көңіл бөлінеді. Мигранттардың көшіп келген елдің тілін білуі, олардың еңбек, әлеуметтік мәдени өмірге интеграциялануының негізгі индикаторы болып табылады. Мигранттарды қабылдайтын барлық елдер интеграция бағдарламаларында тіл жағынан бейімделуіне аса көңіл бөледі, бірақ әр ел тілді игеруге берілетін көмектің көлемін өздерінше анықтайды. Қазақ ұлты Қазақстанға көшіп келуінің бірінші себебі қазақ тілін, мәдениетін, тарихи отанының әдет-ғұрпын сақтап қалу, балаларының келешегін қамтамасыз ету. Көшіп келген соң оралмандар орыс тілінің күнделікті қолдану қиыншылықтарымен кездеседі. Орыс тілі қарым - қатынаста негізгі тіл болғандықтан, оралмандардың еңбек нарығында интеграциялануы, орыс тілін білмеу салдарынан көптеген қиындақтарға тап болуда.

Жалпы қазақ даласындағы тілдік ерекшеліктер бар. Қазақстан терри-ториясына жапсарлас территорияда тұратын шетел оралмандарында тілдік ерекшеліктер жоқ. Басында айтып өткендей оралмандарды бейімдеудің ең тиімді тәсілі, тарихи шежірені еске ала отырып бейімдеу нақты нәтиже береді. Мәселен проблеманы шешуде рулық қатынастарды қолданған абзал болар еді. Руына, жүзіне қарай шетелдегі оралмандарды еліміздегі қоныстандырсақ, оралмандар мен жергілікті оралмандар арасында үзілген мәдени қатынастар қайта жалғасын табар еді. Ортаға оралмандар әп-сәтте сіңісіп кетер еді. Жалпы қазақ халқы туысқандық қатынасты өте жоғары қойған. Осы қатынасты оралмандарға қатысты әлеуметтік бейімдеу процесінде пайдаланған жөн.

Мемлекеттік бағдарламалар жоқ болғанымен, кейбір мектептер мен ЖОО өздері орыс тілі мен қазақ тілі курстарын ұйымдастырады. Елімізде орыс импералистік ықпалы үстем болып тұрғанда. Қазақстанда орыс тілінің қолдануы кең мемлекеттік статусы бар. Қазақ Елінде қазақ тілінің төмен мәртебесі тарихи отандарына оралған оралмандарға айтарлықтай әсер етіп отыр. Оралмандар қазақ тілін білмей, бір-бірімен аудармашылар арқылы қатынысқа түсуі ұлттық мәселе екені анық. Тіпті құзырлы органдардың өзі түшкіріп қарамайтынына қарағанда қазақтілділердің қандай дәрежеде қалыпқалғанын көруге болады.

Қазақ тілінің мәселесін шешу қазақтілділірдің көптігімен анықталады. Олай болса нағыз ресурстар оралмандар болып табылады.

Иммигранттардың экономикалық интеграциясы немесе жұмыспен қамтылу деңгейі еңбек нарығына қатысуы жаңа қоғамға кіруіндегі негізгі көрсеткіш болып табылады. Зерттеулердің нәтижелері көрсетіп отырғандай, оралмандардың экономикалық интеграцияға жеткен деңгейі өте төмен деуге болады.

Оралмандар ішіндегі жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуын әр түрлі себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, оралмандардың жұмыс та орналасуына әсер ететін құқықтық кедергілер. «Халықтың көші-қон туралы» заң оралманның статусын анықтағанмен, заңда осы статусты айқындайтын оралманның құқтары мен міндеттері көрсетілген нормалар жоқ.

Сондықтан, заңда оралманның статус алғаннан кейінгі құқықтық нәтижелері бекітілмеген. Бұл нормалар басқа да заңдарда, атап айтқанда еңбек және салықтық заңдарда да көрсетілмеген. Мысалы, Қазақстанның еңбек туралы заңдарында жұмысшылар екі түрлі топқа бөлінеді (резиденттер және резиденттер емес) және резидент емес деп саналатын оралмандарға арнаулы құқықтық режим бекітілмейді. Сондықтан да жұмыс беруші оралманды жұмысқа алса, онда оған арнайы лицензия алу қажет, бұл оңай емес.

Білім деңгейіндегі айырмашылық та жұмысқа орналасуға кедергі жасай-ды. Жоғары білімі бар оралман егер оның дипломы елімізде мойындалмаса, (мысалы Қытай ) жұмысқа орналаса алмайды бір жағдайларда оралмандар өз мамандықтары бойынша (инженерлер, технологтар, дәрігерлер, экономистер) жұмысқа орналаса алмайды, бұл жағдай арнайы білімі жоқ сатушыларға да қатысты.

ҚР «Халықтың көші-қон туралы» Заңға сәйкес (29-3 бабы) мемлекет оралмандарға жұмыс беруде, біліктілігін жоғарылатуда және жаңа мамандықты таңдауда көмек көрсетуге тиісті. Бірақ, соның өзінде, оралмандарды жұмыспен қамтуға байланысты көмектер беру туралы интеграциялық бағдарламалар жоқ. Оралмандарға көмек беру өкілеттігі бар жергілікті органдар , оларға жергілікті жұмыспен қамту органдарына тіркелуге ақыл береді немесе «қоғамдық жұмыстарды» ұсынады. Қазақстандағы заңдарға сәйкес, оралмандар жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға құқығы бар. Соның ішінде мүгедіктер, жұмыссыздарға арналған жәрдемақы мен зейнетақылар, атаулы әлеуметтік көмектер кіреді. Заңға сәйкес, барлық оралмандар еңбек өтіліне және бұрынғы елде қандай жұмыс істегеніне қарамастан ең төменгі мөлшерде мемлекеттік зейнетақы алады. осыған байланысты, кейбір оралмандар, әсересе Қытай мен Ресейден келгендер Қазақстанның азаматтықтарын алғысы келмейді.

Сатаистикалық зерттеуге сүйенсек, классикалық варианттағы социомәдени орта қызметінің төрт саласы бойынша қалыптасады: өндірістік, өмір сүру әрекеті, қоғамдық нормалық, және танымдық. Бұл салалардың әрқайсысына бірқатар мағаналар, құндылықтар, нормалар мен қалыптастыру тәсіліне тән. Бірақ олардың барлығы, социомәдени қайталанбас специкациясын бейнелейтін ортақ негізге ие [14].

Көшіп келуші оралмандардың белгілі бір деңгейде білім дәрежесі бар және еңбек істеуге қабылетті.

Екі түрлі ойдың болуы тек мигранттардың орналасуының әр түрлі шарттарымен ғана емес, тек оралмандар әр түрлі түсінуде ғана емес, сондай-ақ мигранттардың бұл категориясының мәселелерін шешуде әр түрлі стратегия таңдау мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Мемлекет тарапынан оралмандар белгілі көмек алып тұрады. Бірақ бұл оралмандардың материалдық қамсыздануы мәселесін толық шеше алмайды. Ол үшін тек мемлекеттік ұйым тарапынан ғана көмек керек емес , сондай-ақ еңбекке қабілетті оралмандардың кәсіби еңбекке бейімделуге мүмкіндік тудыру бұған оралмандарға тіркелуде, жұмысқа тұруда, аударылған жергілікті төлемақымен қатар жеңілдіктер жасау қажет.

Оралмандарды бейімдеу және орналастыру көбінесе тұрақты жұмыс табуға байланысты. Жаңа жерде оралмандардың мамандығы бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі аз, сондықтан уақытша жұмыс және біліктілікті қажет етпейтін жұмыс істеуге мәжбүр.

Көшіп келушілердің көбісі тұрғылықты жерін, жұмыс орнын қаладан табуға қызығушылық танытады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей оралмандардың интеграциясы мәселесін шешудің тиімді түрі ол өз еркі бойынша жиып орналастыруды ұйымдастыру. Барлық тек баспаналық шаруашылық мәселе ғана емес , сондай-ақ бейімделу процесі ешқандай дау-дамайсыз, әлеуметтік-психологиялық ауырт-палықсыз бірте-бірте өтеді. Оралмандардың жаңа жерге орналасуда жиі қиын-дықтарға кезігеді, басқа қоғамда өмір сүру мүмкіндігінше адам баласына біраз қиындықтардан болады.

Оралмандарды әлеуметтік қорғау шаралары ішінде еңбекке жарамды отбасы мүшелерін еңбекпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет, балаларды оқыту мен тәрбиелеу жатады.

Барлық отбасы өтемақымен қамтамасыз етілген, көбісі жұмыспен қамтамасыз етілген, ауылдық жерде тұратындарға жеке шаруашылық үшін мал берілген.

Оралмандардың бүгінгі жағдайы, проблемалары социологиялық зертеудің нәтижесінің негізінде жасалып отыр. Әлеуметтік зерттеулердің жалпы оралмандардың әлеуметтік оралмандар анықтады. Оралмандардың әлеуметтік мәселесі мемлекеттің шешіп жатқан және шешуін талап ететін проблемалар жөнінде талданды. Және Қазақстанда олар қалай тұрып жатыр сонымен қатар жергілікті халықтың пікірлері ескерілді. Отаным деп келгенде мемлекеттен бастап жергілікті халық болып оларды қалай ортаға сіңістіре аламыз.

Бүгінгі таңда оралмандар өздерінің тарихи отанына оралғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени әлеуметтену тұрғыдағы және азаматтық-құқықтық сипаттағы бір топ проблемалармен кезігіп отырғаны баршаға аян. Бұл проблемаларды шешу біріншеі кезекте мемлекеттің міндеті болып табылады. Оралмандардың кез келген салаларда әлеуметтену проблемалары қандайда бір формада болсын мүдделер соқтығысуын тудырып отырады, тиісінше оның нәтижесінде ашық немесе жасырын түрде жанжалдық орта қылаң береді. Сондықтан аталған тенденциялар тұрғысынан келгенде қазақстандықтардың тарихи отандарына оралған этникалық оралмандарға, олардың жай-күйіне, тұрмыс-тіршілігіне қатысты көзқарастары үлкен мәнге ие.

Халықтың ұлттық белгілері бойынша оралмандарға қатысты көзқарастарының көрсеткіштерін талдау айтарлықтай алшақтығын байқатты. Оралмандарға қатысты оң пікірді көбіне оралмандар және шағын ұлттар өкілдері білдірген. Сонымен қатар халықтың бірқатар бөлігінде оралмандарға деген жағымсыз ойлардың айтарлықтай потенциялы сезіледі. Аталған зерттеу орталығының жүргізген ендірілген бақылаудың қорытындысында байқалғандай, халықтың кейбір тобында оралмандарға деген кері көзқарас жақтырмаушылық пен қатар, оралмандардың келуімен жұмыс орындары үшін бәсекелес, тұрғын нарығындағы жағдайды одан да бетер күрделендіріп жібереді деген ойдан туындаған қорқынышпен де байланысты екен. Әлеуметтік-экономикалық саладағы мүдделер соқтығысуы проблемасын қазақстандықтардың әртүрлі жағдайдағы репартриантарға деген көзқа-растарының көрсеткіштерінен көруге болады.

Сонымен бірге халықтың белгілі бір бөлігінің көшіп келуші қандастарымызға көзқарастары өзгеше болуының факторы ретінде орыс тілді халықтар өкілдері мен оралмандардың менталитетіндегі айырмашылықтың үлкен болуын айта кету керек. Бұл тұста туындайтын басты қиыншылық ол тілдік кедергі. Оның үстіне оралмандар Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерін айпағанның өзінде жергілікті оралмандардың өзімен тілдесуде қиыншылықтарға тап болып отырады. Оралмандарды жергілікті оралмандардың діннен алшақтығы, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай бермеуі және ана тілге құрметтің төмендігі ашындырады.

Бұл жерде бір байқалғаны қазақстандыктардың басым бөлігінің қоғамдық санасында қандастарымыздың әлеуметтік-мәдени және экономикалық тұрғыда бейімделулері тиісті түрде назарға алынбай тыс қалып отыр. Ал аталған сипаттағы қиыншылықтар оралмандарды Қазақстан жағдайына әлеумет-тенуінің басты проблемалық аймағына жатады. Бұл проблемалар қарапайым тұрғындардың ойынша оралмандардың өз бастарының мәселесі болып шығады.

Оралмандардың проблемалары: Этникалық оралмандардың тарихи отанына қайтару бағдарламасын жария ете отырып мемлекет бірқатар міндеттерді өз мойнына алды. Ол міндеттер оралмандарға тиісті құқықтық-азаматтық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларды жасауды білдіреді.

Мемлекеттің көші-қон саясатында айтылған механизмдер мен құралдарды репатрианттарға қатысты тиімді пайдаланғанда, оралмандардың бүгінгі уақытта кезіккен экономикалық және әлеуметтік-мәдени тұрғыда бейімделуі пролемалары мұндай масштабқа ие болмас па еді. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай оралмандар Қазақстанға келгеннен кейін жиі кездесетін қоғамдық психология және шеттетушілікке тап болып жатыды. Осы оралмандардың мәселелерін төменгі кестеден көруге болады

Соңғы жылдары алыс жақын шетелдерде тұратын қазақ жастарынан орта мектеп бітірген соң Қазақстанға оқу іздеп келетіндердің қатары қауырт көбейді. Солардың арасынан сұрыптап оқуға қабылдау үшін және оларды қазақстандық әлеуметтік ортаға тезірек бейімдеу үшін бір жылдық дайындық курстан өткізу тәсілі қолданылып отыр. Осы жағдайға байланысты, қазір оралман студенттерді қалай оқыту және оларды әлеуметтік ортаға қалай тезірек бейімдеу керек деген мәселе көтеріліп отыр. Бұл заңды сұрақ әрі кешіктірмей шешуге тиісті мәселе. Бұл үшін біз алдымен оқыту нысанамыз болған оралман студенттердің нақтылы болмысын анықтап алуымыз керек деп ойлаймын.

Оралман студентер дегеніміз - алыс жақын шетелдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың арасынан саналы түрде өзінің тарихи отаны - Қазақстанға келіп жоғары оқу орындарына түскен жастар. Олар әр түрлі елдерде туып өссе де, оларда жалпы қазаққа тән ұлттық сана-сезім мен ортақ құндылықтар және арман-тілектер бар. Сондай-ақ оларда этнопсихология да біршама жақсы сақталған. Олар шетелдерде, жат елдің билігінде өмір сүргендіктен олар ұлттық тәуелсіздіктің қадірін өте жақсы түсінеді. Олар Қазақстанның тәуелсіздігін, мемлекеттік территорияның тұтастығын, ұлттық тіл мен дінді ең жоғары құндылық деп санайды. Сондықтан олар өз елінде қазақы болмыста өмір сүруді және ұрпақтарының мәңгі бақи қазақ болып қалуын армандап келеді, сондай-ақ олар Атамекенін аңсап келеді. Сонымен олар отандық әлеуметтік ортаға үйлесе алмай бір мезгіл қиналады. Бұл түсінуғе болатын қалыпты психологиялық құбылыс. Өйткені қазақ оралман жастарының менталитеті олар өмір сүрген елдердің әлеуметтік саяси-экономикалық және мәдени ортасының ықпалында қалыптасқандықтан, олардың ойлау формасы мен бағамдау өлшемдерінде өзіндік айырмашылықтар сақталған. Егер оралман студенттердің сондай менталитеттік ерекшеліктері мен білім алған тіл жазуын ескере отырып оларды оқытатын болсақ және оларды отандық әлеуметтік ортаға бейімдейтін болсақ, онда біздің ісіміздің нәтижесі ана анағұрлым жақсы болар еді деп ойлаймын.

Тарихи отанымызға этникалық қазақ қандастарымыздың оралу процесіне құқықтық қызмет көрсету; азаматтық алу; тұрғын үй беру; қызметке орналастыру. Елімізге оралған білімді оралмандар қоғамға әлеулі үлестері бар.

Бұл репатрианттардың бейім процесін объективті көрсеткіш сияқты субъективті қабылдауын білдіреді. Бұл жағдайдың мәселелері келесідей бөлімдерден тұрады:

Білім алуды жеңілдету факторын ұстау, оралмандардың интеграциялануы мен бейімделу процесі ресурстардың біріне жатады.

Қазақстан Республикасы алдында оның бір азаматындай сезініп осы елге қарыз сезінсе, екінші жағынан елі мен мәдениетінің терең байланысын сезінеді. Бірақ, репатрианттардың бір бөлігі елінің алдында парыз сезімінен айырылған фактіні байқамауға болмайды. Бұл отанына қайта оралуға айтарлықтай құлқы жоқ жастар. Олар Қазақстан өмірінің болашағына енжар көңіл аударады.

Мемлекеттік тілді жақсы білітін мамандарды пайдалануда оралман жастарда ескерусіз қалдырмау дұрыс. Олар оқып бітірген кезде жұмыс орындарына орналасу қиыншылықтары бар.

Оралмандардың әлеуметтік саясатта халықты әлеуметтік қорғау механизмі бүгіңгі елде орасан ерекше орын алып отыр. Өтпелі кезеңде экономика дағдарысқа ұшырап, қоғамда жұмыссыздық пен кедейшілік қалыптасқан кезде халықты мемлекет тарапынан жаппай қаржыландыру мүмкіншілігі қысқарды. Сондықтан әлеуметтік қамсыздандыру механизмін нарық жағдайына икемдеу және оны реформалау мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бүгінгі күндері тұрғындардың көбі әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруды қажет етеді. ҚР-ның статистика және талдау комитеті ай сайын қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан – 2050 ұзақ мерзімдік даму стратегиясында оралман халықты әлеуметтік қорғау, кедейшілікті пен жұмыссыздық жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде аталып көрсетілген.