- •Мазмyны
- •1.2 Оралмандарды орналастырудың yлттық ерекшеліктері мен
- •2 Қазіргі көші – қонда сақталған мәселесіелер және оны шешудің жолдары
- •2.1 Оралмандар оралмандар шешу жолдары және оның негізгі рөлдері
- •2.2 Оралмандарды әлеуметтік ортаға бейімдеу мәселесі
- •Қр оралмандардың конституциялық – құқықтық мәртебесі
- •Қорытынды
- •3 Тараудың әдебиеттері
- •Оралман мәртебесін алу
Қр оралмандардың конституциялық – құқықтық мәртебесі
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясында, Конституциялық заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарында айқындалған қүқықтық мемлекеттің демократиялық идеялары мен қағидалары бірқатар заңдарда, қүқықтық нормативтік актілерде көрініс таба алмай отыр.
Мәселен сондай көріністі қажет етіп отырған Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы"4 заңын айтуға болады.
Оралман дегеніміз - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар [1].
Оралман мәртебесін алған тұлға Қазақстан Республикасында кең спекторлы жеңілдіктерді алады.
Ондай жеңілдік түрлері мыналар:
жұмысқа орналауға, біліктілікті арттыруға, жаңа мамандық алуға көмектесу;
мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруге жағдай жасау;
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қарулы күштер қатары қызметінен босату;
орта кәсіби және жоғары кәсіби білім ұйымдарына түсуге квота бөлу;
мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерден орын қажет еткендерге орын алып беру;
зейнетақы мен жәрдемақы төлеу;
бұқаралық саяси репрессия құрбандары үшін өтемақы алатындар қатарындағы азаматтардың хұқын жаңғырту;
Қазақстан Республикасына кіру үшін берілетін визаға консулдық жинақтан босату;
заңнамаға сәйкес кепілденге көлемдегі тегін медициналық көмек алу;
Қазақстан Республикасы азаматтарына қарастырылған мемлекеттік адрестік көмек көрсету;
кеден төлемдері мен салық төлемдерінсіз шекарадан өткізу;
тұрғылықты мекен-жайына тегін жету және мүлкін жеткізу (соның ішінде сиыр);
келген жерінен баспана алу мен бірреттік жәрдемақы төлеу үшін қаражат бөлу.
Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жеңілдіктерді, өтемақыларды, сонымен қатар басқа да жәрдемақы және атаулы көмекті алуға құқықтары бар:
Оралман мәртебесін алған тұлғалар үшін көрсетілетін әлеуметтік жеңілдіктердің негізгі бағыттары жұмысқа орналасуда, бiлiктiлiгiн арттыруда және жаңа мамандықты игеруде көмек көрсету;
мемлекеттiк тiлдi және орыс тiлiн оқып-үйренуге жағдай жасауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаруға шақыруды кейiнге қалдыру;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу үшiн квoтa бөлу; мұқтаж болғандарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен орын беру;
біржолғы жәрдемақылар мен зейнетақыны төлеу;
азаматтығы қалпына келтiрiлгендердiң "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өтемақыға құқықтарын iске асыру;
Қазақстан Республикасына келуге виза беру үшін консулдық алымдардан босату; заңнамаға сәйкес медициналық көмектің кепілдеме бөлігін тегін алу;
Қазақстан Республикасының азаматтарына қарастырылған атаулы көмекті алу;
мүлікті шекара арқылы кеден төлемдерін алмай өткізу; тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу;
тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу [2].
Оралмандарды тарихи отанына көшіру еліміздің көші-қон саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Мемлекеттік деңгейде этникалық оралмандарды елге көшіру механизмдерін құруға арналған, соның ішінде оларды ұйымдасқан түрде көшіру және орналасқан жерлерінде өмір сүру жағдайларын жасау шаралары қабылдануда.
Күн санап артып келе жатқан республикаға қоныс аударатын отандастарды қабылдау және орналастыру жөніндегі жұмыстарды талдау көші-қон көңіл-күйінің өсіп келе жатқан үрдісін көрсетеді. Жыл сайын келетін оралмандардың саны мемлекет белгілеген оралмандар көшіп келуінің квотасынан 2-3 есе артық.
Оралмандарға өздерінің қосалқы шаруашылықтарын жүргізуге, бау-бақша өсіруге және саяжай салуға, сондай-ақ тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге жер телімдері беріледі, олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған кезде мұның барлығы олардың жеке меншігіне өтеді. Сонымен қатар, олар тұратын елді мекендерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері беріледі, олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін олардың жеке меншігіне өтеді. [3]
Mемлекет оралмандар да кіретін халықтың мақсатты топтарын жұмыспен қамтуға жәрдем жасау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Осыған орай ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде мақсатты топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар көзделген:
- кәсіптік дайындыққа, біліктілігін көтеруге және қайта дайындыққа жіберген кездегі басымдық құқық;
- екі-үш аралас кәсіпке оқыту жолымен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес жыл сайын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті бюджеттерінде жұмыспен қамту органдарының тапсырыстары бойынша оқыту мен кәсіптік дайындықты, қайта дайындықты және біліктілігін көтеруді ұйымдастыруға арналған шығыстар көзделеді [4].
1991 жыл мен 2011 жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасына саны 565757 адам болатын 143343 оралмандар отбасы көшіп келген. Олардың жартысынан көбі (61,6%) Өзбекстаннан, 14,3% - Монғолиядан, 8,6% - Түркіменстаннан және 6,7% - Қытайдан келгендер. 2006 жылы оралмандардың көшіп келу квотасына 14907 отбасы (82471 адам) енген.
Отанына оралған оралмандар балаларының міндетті жалпы орта біліммен қамтылуын зерделеу мақсатында облыстық білім беру департаменттерінің (басқармаларының) жыл сайынғы есебіне оралмандардың мектеп жасындағы балалары туралы мәліметтер енгізілген.
Оралмандардың балаларын киіммен, аяқ киіммен және мектеп құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Барлық балалар тегін оқулықтармен және тамақпен қамтамасыз етілген.
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы шеңберінде республиканың жалпы білім беретін мектептерінің жанынан ұйымдастырылған қорлар, облыстық Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдары, тұрмысы нашар адамдарға арналған өңірлік қорлар оралмандардың балаларына атаулы көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қазақ диаспорасы өкілдерін жоғары оқу орындарының дайындық бөлімшелерінде оқытуға арналған жыл сайынғы квота көзделген.
Оралмандардың, тарихи отанына оралған этникалық оралмандардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуын бағалау кезінде «Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір» жобасының респонденттері оралмандар құқықтары қорғалған деген пікірді айтқан, бұған сұрақ берілгендердің 37,1% сенімді, 38,2% респонденттер оралмандардың құқықтары ішінара қорғалған деп санайды, оралмандар Қазақстанда әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғалмаған деп ойлайтындар тек 5,9% құрайды. Респонденттердің жалпы санының 18,7% жауап беруге қиналған. Бұл мәліметтер оралмандарға қатысты мемлекеттік саясаттың салмақтылығын, олардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау саласында мемлекеттің қолданып жатқан шараларының тиімділігін көрсетеді.
Өкінішке орай, практикада Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында кепілдік берілген оралмандардың құқықтарының бұзылу фактілері кездеседі.
ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияға оралмандардың шағымдарын, сондай-ақ прокуратура органдары жүргізген тексеру материалдарын талдау көші-қон жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарын, сондай-ақ оралман мәртебесін анықтаудың және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына қосудың Нұсқаулықтарын жиі бұзатынын көрсетіп отыр. Сонымен бірге кейбір оралмандар Адам құқықтары жөніндегі комиссияның назарын олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі зейнетақылық төлемдерді алу құқықтарының бұзылғанына аударды [5].
Тұрғын үй көмегін, зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындаумен байланысты мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты өмір сүретін азаматтығы жоқ адамдар егер де заң мен халықаралық келісім-шарттарда өзгеше көзделмесе зейнетақымен қамтамасыз етілу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланатынын көрсетті [6].
Халықтың көшi- қонын реттеудiң негiзгi принциптерi
- Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген адамның тұратын жерiн еркiн таңдау құқықын, еңбек бостандығын, қызмет пен көсiп түрiн еркiн таңдауын, кету бостандығын, жүрiп-тұру бостандығын қамтамасыз ету; - шығу тегiне, әлеуметтiк, қызмет және мүлiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, түрақтылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарай қандай да бiр кемсiтуге жол беруге болмайтындықы;
- Қазақстан Республикасы көшi-қон заңдарының республиканың қазiргi әлеуметтiк-экономикалық жағдайын, оның өткен тарихы мен дәстүрлерiн, даму перспективаларын ескере отырып, көшi-қон жөнiндегi халықаралық ұйымның халықаралық нормалары мен ұсыныстарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету; - ұлты қазақ адамдарды Қазақстан Республикасына қоныстандыруғажан-жақты жәрдемдесу, олардың қоныс тебуін ұйымдастыру, жұмыс орындарын ашу, оралмандарды әлеуметтік қамсыздандыру және оларға әлеуметтік кәмек көрсету;
- әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруiне байланысты ықтимал көшi-қон мен көшi-қон лектерiнiң бағыттарын болжауға негiзделген iс-әрекеттердiң орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларында әлеуметтiк-экономикалық ынталандыруды талдап жасау негiзiнде ел iшiнде де, одан тыс жерлерде де жән-жосығсыз және ретсiз процестердi болғызбау;
- көшi-қон процестерiн ретке келтiрудi ұйымдастыруға тиiстi мемлекеттiқ органдардың қатысуы;
- бастаманы мемлекеттiқ атаулы қолдау жағдайында көшiп-қонушылардың жаңа қоныста жайласуға жеке өзiнiң қатысуы және әрқайсысының, ең алдымен экологиялық және дүлей зiлзала аймағтарынан қоныс аударушылардың өз бетiнше iс-әрекет етуi;
- басқа елдермен, әсiресе көшiп келушiлердi қабылдаушы елдермен оқып бiлiм алу, кәсiби даярлық, еңбек көшi-қоны түрiнде заңсыз көшiп-ғонуды азайту саласында ынтымағтастық жасау принциптерiне негiзделедi. Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған және Қазақстан Республикасында өзінің тұрақты өмір сүруін құжат арқылы ресімдемеген оралмандарға зейнетақылық төлемдер мен жәрдемақылар Орталықтан тағайындалмайды.
Oралман деп танылған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Оралман куәлігі қатаң есепке алынған құжат және Заңда көзделген жеңілдіктер мен өтемақыларды алуға негіз қарастырылады[7].
Көшіп келу квотасы бойынша республикаға келген шетел азаматтары Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруға рұқсат беру туралы өтініштерін тікелей ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне береді. Оралмандардың бір мезгілде оларды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы «Қазақстан Республикасының азаматтығымен байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданылатын өтініштері берілген кезде оларға тұрғылықты тұру құқығына құжаттар берілмеуі де мүмкін.
Осылайша, Ережелер мен Бұйрықта оралмандарға тиісті жеңілдіктер мен өтемақы (тұрғын үйлік және басқа да өтемақыларды сондай-ақ зейнетақыларды) алуға негіз болатын куәлік беруді көздейтін норманың болмауы оралмандардың құқықтарын айтарлықтай шектейді.
Оралмандарды тарихи Отанына көшіру жөніндегі ынталандыратын іс-шаралардың бірі оларға жеке тұрғын үй салуға қайтарымсыз негізде жер телімдерін беру болып табылады.
Сонымен қатар, практикада жер телімдерін беруде оралмандардың құқықтарының бұзылу фактілері анықталған. Мысалға, Ақмола облысы Макинск қаласының әкімі 2004 жылғы 6 шілдеде оралман Ж.-ға жер телімін уақытша пайдалану құқығымен үш жылға берген, белгіленген ережелерге сәйкес ол азаматтық алғанға дейін уақытша қайтарымсыз пайдалануға берілуге және азаматтығын алғаннан кейін - жеке меншігіне өтуге тиіс. Мемлекет басшысының жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның араласуынан кейін ғана барлық қажетті құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органға 2003 жылы тапсырып қойған Өзбекстан азаматтары, этникалық оралмандар Б. және Ж. 2005 жылға арналған көшіп келу квотасына енгізілді [8].
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 405, 502 және 506 баптарының талаптары бұзылғанын атап өткен жөн, бұл баптарға сәйкес жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу және онымен мәміле жасаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алған кезде оралмандар мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.
Алматы қаласында, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында оралмандардан заңсыз мемлекеттік баж салығын алған фактілер анықталған.
Көшіп келу квотасы бойынша тарихи Отанына көшіп келген оралмандарға бюджеттен ақша қаражатын бөлу мәселесін және олардың көшіп шыққан еліне қайта оралған жағдайда алған ақша қаражаттарын мемлекетке өз еркімен қайтаруын заңнамалық тұрғыда реттеу қажет. Ресейдің, Өзбекстанның аумағында жинақы тұратын оралмандарға келер болсақ, олардың көп бөлігі атам заманнан осы елдерде тұрып келеді, әйтсе де олардың арасына зұлмат жылдарында - қазақ халқы үшін нағыз геноцид болған төңкеріс пен ұжымдастыру кезеңдерінде келіп қосылғандар да бар.
ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Хатшылығының Санкт-Петербург қаласында, Саратов облысында және Омбы қаласында жүргізген мониторингтерінің көрсеткеніндей осы өңірлерде тұратын этникалық оралмандардың көпшілігі Ресейде еңбек етіп, өмір сүргенді қалайды.
Оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша және онсыз тарихи Отанына оралу құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ҚР Үкіметіне оларды мемлекеттік шекараны кесіп өткенде заттары мен мүліктеріне қарамай кедендік баж салығынан босататын нормативтік құқықтық акті әзірлеп, қабылдауды ұсынады. Сонымен бірге Көші-қон туралы Заңға тиісті толықтырулар енгізуді ұсынады [9].
Oралмандарды қолдау, қорғау мақсатында құрылған қоғамдық қорлар,
бірлестіктер мен орталықтар саны елуден асып кетті. Бірақ олардың қаншалықты жұмыс жасап отырғанын бақылайтын ешкім жоқ» дейді Азаттыққа пікір білдіргендер.
Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына түзетулер енгізу, оралмандардың да, басқа қазақстандықтардың да мүдделерін ескере отырып, осы салада салиқалы теңдес саясатты жүзеге асыру қажет. Шешім тек қоғам мен биліктің әлеуметтік әріптестік шеңберінде ғана табылуы мүмкін. Оралмандарға қамқорлық жасау басқа азаматтардың мүдделерін шектеп, олардың құқықтарын бұзбауға тиіс. Бұл жағдай мемлекеттің ғана емес, азаматтық қоғам құрылымдарының, ҮЕҰ-дың, кәсіподақтардың да жауапкершілігін көздейді. Оралмандар проблемалары - бұл елдің ортақ проблемасы. Оларды шешу үшін қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылы қажет. Мысалға, адамдарға азаматтық алу оралмандар шешуге, жұмысқа тұруға, мамандық алуға көмектесуге арналған бүгінгі заманғы интеграция орталықтарын құру оралмандардың бейімделу мәселелерін шешуге жәрдемдесуі мүмкін [11].
Сондай- ақ, бүгінгі күндегі халық санының өзгеруін тек қана тарихи, әлеуметтік, экономикалық және де демографилық факторлармен түсіндіру проблеманы толық ашуға мүмкіндік бере алмай отыр. Өйткені, қазірде отбасындағы балалар саны қоғамдағы белгілі бір мәдени құндылықтарға, қоғамдық пікірге қарай анықталатын болды 37. Сондықтан да демограф ғалымдардың өздері психологиялық факторлар үлкен рөлдерді атқарады. Психологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторлар тек қана отбасындағы дүниеге келетін балалар санын анықтауда емес, сонымен қоса әртүрлі саяси, әлеуметтік, моральдық- этикалық себептерге байланысты туудың төмендеуіне өте қолайлы жағдай туғызып отыр. Отбасы және тұлға үшін туу деңгейнің төмендеуіне қарсы бағытталған демографиялық саясатты нақтылау жолында психологтардың қатысуы күннен-күнге маңыздырақ болып барады. Екі тараптан, сонымен қатар ата-ана тарабынан жалғыз балаға берілетін мейір сол баланың психологиялық тұрғыдан алғанда әлсіз жан болып қалыптасуына да әкеп соғары сөзсіз. Сонымен қатар, бір отбасында бір-екі баланың ғана тәрбиеленуі қайнап тұрған қоғамға өмір сүруге қабілетсіз азаматтарды әкеліп екінші бір проблеманы да ушықтырып отыр.
Осыған орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Шетелдегі отандастарды қолдаудың" және "Көші-қонның 2000 жылға дейінгі бағдарламалары" атты маңызды екі қүжатқа қол қоюы және 1997 жылды "Үлттық татулық пен саяси қуғын сүргін қүрбандарын еске алу жылы" деп жариялауы оралмандар саясаты Қазақстанға қаншама өзекті екендігін білдіреді.
Президенттің Бүл стратегиялық саясатының жалғасы ретінде 1997 жылы Парламент депутаты Ә.Ысқақтың "Халықтың көші-қоны туралы" заңның жеке балама жобасы үсынылып оралмандартауқыметіндегі бірнеше маңызды мәселелердің нақтылы түйіндерін ашып берді. Біздің елде оралмандарбүгінгі кезде халықты территориялық орналастыру үғымымен өте тығыз байланысты болғандықтан Бүл дипломдық жүмысты а халықтың территориялық араласу тенденциясының негізгі қозғалыстарына талдаулар жасалды.
ҚР Конституциясының ІІ бабы бойынша «республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға» кепілдік беретіндігін де ашық білдірді. Осыған жалғас ҚР Президентінің Жарлығымен 1996 жылы қабылданған «Шет елдегі ағайындарға қолдау көрсету туралы мемлекеттік бағдарлама» және 1997 жылы қабылданған «2000 жылға дейінгі көші-қон саясатының негізгі бағыттары» туралы қуатты құжаттар жасалды.
Уақытша қабылданған «Халықтың көші-қон туралы» заңы ресми түрде бекумен бірге мемлекеттік мекеме – Көші-қон агенттігі құрылды. Қордаланып қалған мәселелер шешімін тапты. Көші-қонға бөлінетін қаржының көлемі артып, оралмандарды баспанамен қамту мәселесі де бір қадам алға жылжыды.
Осындай бір аумалы-төкпелі сәтте Ел басының арнайы тапсырмасымен көші-қон қызметі тағы бір жаңа өрлеуге көтерілді. 2007 жылғы 28 тамыздағы ҚР презиндентінің №399 жарлығымен Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған Көші-қон саясатының тұжырымнамасы жасалды. 2011 жылы 22 шілдеде «Халықтың көші-қоны туралы» заңы өзгертулер мен толықтырулар арқылы қайта қабылданды. Жыл сайынғы этникалық көші-қон квотасының саны 20 мың отбасына дейін көбейіп, 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы Көш» бағдарламасы алғашқы қадамда сәтті жүзеге асырылды. Сонымен деде жұмысты көтереге алушы құрылыс компанияларының арзанқолды материялдар істетуіне байланысты салынған үйлерде сапасыздық жүз беріп, тағы біраз әңгімеге мұрындық болды
Сондай-ақ,оралмандар саласының ең өткір мәселеше жататын халықаралық халықтық көші-қоны туралы қысқаша түсініктемелер автор тарапынан жарияланған ғылыми макалаларда берілді. Бүл жүмысты жүзеге асырудың күрделілігі оны қатаң ғылыми негізінде жүргізуді талап етеді. Заң ғылымы оралмандарсаласындағы заңдарды жүйелеуге негізделген тиімді түрлерді, қүжаттарды сүраптаудың үғымы мен түрлері, қалыпты материалдарды іріктеп алу және өңдеу әдістері, үлттық атау сездер жасау және басқалары туралы үсыныстар беруі тиіс.
