Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аскарова Маусымжан рэт 10-2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270 Кб
Скачать
☆

Жалпы ереже,принциптер, негізгі түсініктертер

Kөшіру – төтенше жағдай аймағынан және қазіргі заманғы зақымдану құралдарын қолдануы мүмкін аудандардан адамдардың өмipi мен өндірістің жұмыс icтeyiн сақтау мақсатында халықты және материалдық құнды заттарды ұйымдасып шығару.

Қayiпciздік аймақ – химиялық зақымдану мен радиоактивті ластану. бұзылулардың белдемінен алшақ орналасқан аумақ.

Kөшipу шаралары алдын-ала барлық жағынан даярланып, жоспарланады. Олар халықтың қаза табу мүмкіндігін төмендету,санатталған қызметкерлер кадрын сақтау, экономика нысандарында қызмет тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар зақымдану ошағында шұғыл және құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында,қауіпсіз аймақта күш пен құралдар тобын құруға жағдай жасау үшін icкe асырылады.

Көшірудің түрлері

Ішінара көшіру - өндipicтe және қызмет көрсету сферасында жұмыс жасамайтын халықты, көліктің жұмыс жасау кестесін бұзбай жалпы көшірулерден бұрын алдын-ала көшіру.

Жалпы көшіру - халықты барынша үйлестіріп, жаяу тәртіппен және көліктің барлық түрімен қалалардан және тұрғын пункттерінен көшіру және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Бөліп жайғастыру — санатталған қалаларда соғыс уақытында жұмыс істеп жатқан жұмысшылар мен ұйымдардың қызметкерлерін ұйымдасып тacy және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыру жатады.

Уақытша көшіру - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі болғанда халықты қауіпті белдемнен қауіпсіз жерлерге көшіру.

Kөшipy қысқа уақытта жүргізіледі. Халықты қауіпті белдемнен көшіріп біту,оның аяқталуы болып саналады.

Көшіру органдар

  • Kөшipy комиссиялары (KK).

  • Жинақталған эвакуациялау пункттеpi (ЖКП).

  • Көшірудің аралық пункттері (КАП).

  • Көшіруді қабылдау комиссиялары (КҚК).

  • Көшіру қабылдау пункттері (КҚП).

Көшіру комиссиялары республикада, облыстарда, қалаларда, қалалық аудандарда, ұйымдарда,министрліктерде, агенттіктерде орталық және басқа да орындаушы органдарда құрылады. Көшіру комиссиясы барлық көшіру шаралары кешеңінің орындалуына жауапты. Көшіру комиссиясының төрағасы болып,бірінші басшының бip орынбасары тағайындалады.

Жинақталған көшіру пункттері көшірілетін халықты жинап, тіркеу үшін оларды көлікке отырғызу пункттеріне және қозғалыстың бастапқы пункттеріне жіберу керек.

ЖКП-тің саны көшірілген және бөліп жайғастырылған халықтың санын есептегеннен кейін анықталады.

Көшірудің аралық пункттері қиратушы төтеншн жағдай болуы мүмкін аймақтардан тыс, қатынас жолдарына жақын жерлерде құрылады. Олар көшірілген халықты aз уақытқа орналастыру (дем алу), оны қайта тіркеy, қажет болған жағдайда дизометрлік, химияға қарсы бақылау жүргізу, адамдарды санитарлық өңдеуден өткізу және оларды қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру орындарына жіберу үшін арналған.

Көшіру комиссиялары көшірілген халықты аймағында орналастыру болып жатқан барлық аудандарда (ауыл шаруашылық) тұрғын пункттерде және жекеменшіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылық ұйымдарында құрылады.

КҚК-ның міндеті халықты көшірген кезде келіп жатқандарды қарсы алу, оларды есептеу және орналастыру, сонымсн қатар келіп жатқан халықты қалыпты өмірмен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды бақылау. КБК- ны барлық ауыл шаруашылық аудандардағы жергілікті атқарушы органдар мен қалалар басшыларының орынбасарлары, жекеменшіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындардың бастықтары басқарады.

Қабылдаушы көшіру пункттеpi болып жайғастырылған және көшірілген халықты жеткізілетін пункттерге орналастырылады. Олар халықты басқа жерге орналастыру үшін арналады. Оларды аудандық эвакоқабылдау комиссиясы орналастырады ҚКП әкімшілігінің

eceптi құрамы, көшіріліп келіп жатқан халықтың саны мен оларды қамтамасыз етуге байланысты шаралардың ауқымын есепке ала отырып анықталады.