Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аскарова Маусымжан рэт 10-2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270 Кб
Скачать
☆

Тақырып: Төтенше жағдайдағы психологнялық, аспектрлер

ТЖ-ға тап болғaн адам міндетті түрде жарақат алады. Біреулepi ауыр жарақаттанып, денсаулығына нұқсан келтірсе, енді біреулері қаза табады. Дегенмен аман қалған адамдардың өздері ауыр емге беріле қоймайтын жарақат алады. Бұл- адам жанының психикасы мен санасының жарақаттануы.

Дегенмен, ТЖ-ға тап болған адамдардың барлығының бірдей психикасы күшті соққыға ұшырамайды, оны әр түрлі адамдар әр қалай қабылдайды. Keйбip адамдарда iшкi өмip сүршендік қорлар жұмыс icтей бастаса, ал кейбіреулерінде жұмыс iстеy қабілнті төмендейді немесе үзіліп те кетеді, денсаулығы нашарлайды физиологиялық және психологиялық күйге ұшырайды. Бұл көптеген факторларға байланысты: ағзаның жеке ерекшеліктеріне, тұқым қуалаушылыққа,тәрбиеге, өмірі мен еңбегінің жағдайына темпераментына, эмоцианалдық күшіне қарай.

Бір адамдар әр түрлі экстрималды жағдайда болатын болса, екіншілер eшбip қиындықсыз бip қалыпты өмір сүреді. Біріншілердің шартсыз рефлекстері (түйсіктер) оянған және қызмет атқарады, ал екіншілердің анықталу мүмкіндігі жоқ ұйқылы жағдайда қалыптасады.

Әр түрлі темпераменттен адамдар төтенше жағдайларда өздерін қалай ұстайтынын талдайық.

Сангвиник - қayiптi жағдайда өзін жинақы ұстап, батыл қимылдайды, бipaқ энергиясының көптігінен ic-қимылдардың қате тәсілдерін таңдауы мүмкін.

Флегматик - ол да жинақы, бірақ оған шешім қабылдау үшін белгілі бір уақыт қажет және ол көп ойланғаннан соң қимылдайды.

Холерик - мүлдем белгісіз. Ол нақты жағдайға байланысты көпшілікті ұйымдастыратын басшы, сондай-ақ оларды үрейлендіруші де бола алады.

Меланхолик - бұл жағдайдағы ең қауіпті тұлға, өйткені ол көбінесе үрей тудырушы адам.

Қayiп сезгіштігінің әр түрлі болуы, әpбip нақты адамның эмоционалды жағдайына байланысты.

Адамның эмоционалды күйзелуінің шегі болып аффект

табылады. Бұл бақылаудан шыққан санның қозуы және ступор- сана бақылай алмайтын бip орында қатып қалу, толық қимылсыз қалу жағдайы.

Біріншісі де, екіншісі де қауіпті, өйткені ойланбаған қимыл жасатады немесе тіпті қозғалтпайды.

Аффект немесе ступор жағдайы, жиі оқиға күтпегсн жерде, кенеттен басталғанда, сондай-ақ олармсн кездесугс дайын болмағандықтан болады.

Бірінші кезекте мұндай себептерді жою үшін тиісті білім және тәжірибе керек.

Негізінен өмір-толық түсінуге, талдауға және ең дұрыс шешім табуға болатын, қайталанатын жағдайлардан тұрады. Ал қалыптасқан ережелерді біліп алған соң, адам ТЖ-дан аздаған шығындармен шыға алады. Бұл ережелерді оқумен және ТЖ-ның алдын алумен көптеген ұйымдар мен қызметтер айналысады.

Кез-келген жағдайларда адамдардың 12-25%-ы өзгеріссіз өз қалпында қалатынын айтып откен жөн, олар жағдайды дұрыс бағалап, сол жағдайда батыл, нақты қимылдар жасайды. Мұндай типтегі адамдар бірінші өз басын ойламай қоршағандарға көмек беріп,болған оқиғаны түзетуге тырысады.

Өкінішке орай, қарама-қарсы мысалдар да кездеседі.

Белгісіздік жағдай алдындағы қорқыныш ерлік пен сананы билеп қана қоймай, сонымсн бipге қарсыласу мүмкіндігінен айырады.

Қоркыныш сезімін бақыланатын және бақылаусыз деп екіге бөлуге болады.

Егер сен өз қоркынышынды бақылайтын болсаң, сен болуы мүмкін қауіпті сезіп, бұл жағдайдан шығуға тырысасын. Бұл кезде шығу жолдарын табасын.

Бақылаусыз қорқыныш- үрей деп біледі мамандар.

Әдетте үрейдің пайда болуына дер кезінде және сенімді ақпараттың болмауы әсер етеді.

Зардап шеккендердің бірнешеуі үрейленгенде олардың бір-біріне әcеpi көпшіліктің эмоционалды (кей-кезде психикалық) күйінің нашарлауына алып келеді.

Егер үрейленген адам көпшіліктің басшысы болса, ол ұжымның жұмысын тоқтататын жалпы тәртіпсіздікке ұшыратып, олардың өзіне-өзi және өзара көмек көрсетуінен айырады.

Мұндай «теpic басшылар әдетте , ecipгeн, мансаппен және өз- өздерін жақсы көрумен ерекшеленетін адамдар. Мұндай адамдарға аздаған қayiп үлкен болып көрінеді. Нақты өмipгe қиял араласып кетеді. Сондықтан жиі қорыққанға қос көрінеді дейді.

ТЖ-ға психологиялық қауіпсіздік мәселелерін зерттеушілер адамның психикасы жарақаттанатын 3 кезеңді бөліп қарайды.

Бірінші - нақты aпaт кезінде. Адамның барлық сезімдері, кей-кезде хайуандық ceзімдеpi оянады, көбінесе өзiн-өзi сақтау ceзімi жоғары болады. Адамның күнделікті өмірдегі сезімінен басқа сезімдер пайда болады. Бұл сезімдердің негізіне хайуандық қорқыныш жатады.

Eкіншi - құтқару жұмыстарын жүргізгенде. Адам жан-жағьнда болып жатқан жағдайды (баспанадан, мүліктен, жақын адамдардан айрылғанын) түсіне бастайды. Tүciнiп тұрса да күйзелісте болады, оқиғаның қайталануынан қорқу, көмектен үміт үзу.

Yшіншi - өмірге қауіпті жағдай тоқтатылғаннан кейін, бағалы заттарды қайтадан бағалауды жүргізу, өмірдің жаңа жағдайына бейімделу қажеттілігі. Бұл кезеңде ысырап көп болатын болса, тұрақты психогенді бұзылу құрылуы мүмкін.

Қызметкерлер жаппай зақымданған ошақтарда санитарлық шығындарды дәрежесінің ауырлығына қарай жеңіл, орташа және ауыр деп бөледі.

Барлық зардап шеккендер,қандай да дәрежеде зардап шексе де, оларға дәрігерге дейінгі көмек қажет. Біріншi дәрігерлік көмек 65 пайыз жеңіл және 100 пайызға дейін ауыр психогениямен зардап шеккендерге қажетті.

Зардап шеккендерге бірінші медициналық көмек көрсету мен дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді ұйымдастыруда, яғни, жиі психикалық қозуға ұшырағандарды табуда,олардың және оларды қоршағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде,жаппай үрейлену мүмкіндігін болдырмауда көптеген қиыншылықтар туындайтыны тәжірибеден белгілі.

Жиі шұғыл жағдайдың алдын алу мен жою жұмысы жүктелген тұтас бip ұжымның ic -әрекеті, нақты бip адамның әрекетіне байланысты болады.

Дүлей зілзала болған кезде болымсыз абыржу мен қорқынышты көрсету ауыр,тіпті қалпына келтірілмейтін зақымдануға ұшыратады. Біріншi кезекте бірден шаралар қабылдап,жеке тәртібі мен төзімділігін көрсете алатын лауазымды адамдарға арналады. Өз күшіне, халықтың күші мен қолынан келетін iciнe сенбеу, еркінділікті жоғалтады.

Мұндай жағдайда моральдық-психикалық тұрақтылық,басшының төзімділігі мен шешімталдығы, құтқару жұмыстарын откізу мен орындалуына байланысты.

Қорқынышты жеңуге, ең бастысы, жеке жауапкершілік сезіну,міндетті түрде жасалынатын жұмыстың мағынасын түсінy мүмкіндік туғызады.

Орындалатын жұмыстың маңыздылығы, денсаулыққа ка қаупі

мен қатері — мұның барлығы адамның өз көзінше өзін және қоғамның ойында көтеріп тастайды. Ол үшін,бірінші кезекте,үрейге кедергі келтіретін, бірден жиналуға мүмкіндік беретін, ойын жинақтап және қиын жағдайдан дұрыс шығуға мүмкіндік беретін, адамның пснхикалық шынығуы қажет.

Ережеге сәйкес мұндай мүмкіндіктердің барлығы, шұғыл жағдайдағы ic-әрекет пен әрдайым дайындықты көздейтін психологиялық дайындауды өткізуде құрылады, оған мыналар кіреді:

1. Күшті күйзелісті факторлардың әсеріне төтеп бере алатын психологиялық қабілеттілік.

2 Осы жағдайларда үйреншікті мақсатқа сәйкес жұмысты іске асыру қабілеттілігі.

3. Мінез-құлықтың оңтайлы стратегиясын тандай білу және бастамашылық пен шығармашылық ыңғайға қабілеттілігі.

4. Халықтың жұмылуына немесе тыныштануына әсер ете алатын, өзін ұстау және психологиялық жағдайының дағдысын реттеуге ие болу қабілеттілігі.

5. Төтенше жағдайлардың болуы да, болмауы да мүмкін екендігін түсінеді.

Бұл қағидалар қиын жағдайлардағы өмір сүрудің үлгілерін жасайтын мазмұны әр түрлі оқу міндеттерін тәжірибе жүзінде атқару арқылы icкe асады.

Дайындаудың ең бip ұтымды әдici қалыпты жағдайларда тренинг болып табылады (адамдар шынайы деп танитын жағдайда өздері дайындалған іс-әрекеттің түрін орындайды). Бұл шынымен де оқушылар шынайы ретінде қабылдайтын дүлей зілзала мен өндірістік аварияларды жоюдағы шынайы жағдай болуы мүмкін.

Авария, апат, дүлей зілзала статистикасына жүгінетін болсақ, мынадай қорытынды жасауға болады,оларда қаза тапқан адамдардың бip бөлігі тура және салқынқандылық ic-әрекет жасағанда, аман қалатын еді.

47