Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аскарова Маусымжан рэт 10-2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270 Кб
Скачать
☆

Kөшіpу шараларын жоспарлау

Халықты көшіру мен бытыраңқы орналастыру жоспары Азаматтық қорғаныс, Азаматтыққ қорғаныс пен төтенше жағдай қызметінің барлық деңгейдегі көшіру және эвакоқабылдау комиссияларының бастықтарының, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастықтарының маңызды міндеттері болып табылады. Kөшipy шараларды жоспарлау вертикаль бойынша жүргізіледі.

Республика-облыс-қала, аудан- кәсіпорын.

Болу мен көшірудің тәртібі мен кезегін анықтау үшін қажетті шаралар алдын-ала жүзеге асырылады. Халықты есепке алу төмендегі негізгі топтар бойынша жүргізіледі.

1 топ-соғыс уақытында қаладаға жұмыс істеп жатқан ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлері сондай-ақ олардың тіршілігін қамтамасыз етуші отбасы мүшелері (бөліп жайғастыру).

2 топ -соғыс уақытында өзінің ic-қимылын қayinciз аймаққа ауыстырушы ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлері және олардың отбасының мүшелері. Министрліктер мен Агенттіктердің орталық аппараттарының қызмсткерлері. Өзінің жұмысын тоқтаткан, ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері (жалпы көшіру).

3 топ - жоғары оқу орындарының студенттері, орта арнайы оқу орындарының, кәсіптік-техникалық училищелердің оқушылары, профессорлы - мұғалімдік құрам және қызмет көрсетуші персоналдар,мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйінің және арнайы балалар мекемелерінің тәрбиеленушілері, мұғалімдер, тәрбиешілер мен қызмет көрсетуші персоналдар. Мугедектер мен жасы жеткендер үйінде тұратын зейнеткерлер, оларға қызмет көрсетушілер. Жалғыз басты зейнеткерлер, жұмыссыздар,коммерциялық құрылымдардың, жеке меншік кәсіпорындардың және мемлекеттік емес басқа да мекемелср мен фирмалардың қызметкерлері (ішінapa көшіру).

Көшіру шараларын өткізу

№2 қосымша. Kөшіpy шараларын өткізу кестесін қараңыз.

Бөліп жайастыру мен көшірудi қамтамасыз ету

Көшіру шараларды дайындауды және icкe асыруды жоспарлауда

барлық, қамтамасыз ету түрлері қарастырылады және алдын-ала әзірленеді:

1 Барлау (инженерлік, медициналық, радиациялық және химиялық)

2 көлікпен қамтамасыз ету

3 Медициналық қамтамасыз ету

4 Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

5 қоғамдык тәртіпті қамтамасыз ету

6 өртке қарсы қамтамасыз ету

Тақырып: Дүлей зілзала және оның салдары

Дүлей зілзалаға қысқаша сипаттама

Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жоғалтуға соқтырады, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.

Қазақстан Рсспубликасының аумағында мынадай дүлей зілзала болуы мүмкін: жер cілкінici, сел ағындары, қар көшкіні,дауыл, су басу, қар басу,өрттер, құрғақшылық.

Сел - тау жыныстарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын лайлы немесе лай-тасты қатты ағын. Басқа тасқындарға қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындармсн 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады. Қалыпты кезде олардың ұзақтығы 1-3, кей кезде 10 сағатқа дейін. Сел ағынының алдынғы толқынының биіктігі 15 метр, кей кезде 20-25 м,тығыздығы 2 т/м3-қа дейін, кедергілердегі сел ағынының қысымы 5-тен 12т/м3-қа дейін болады.

Сел ағындарының болу себебі: мұзды және мореналық көлдердің бұзылуынан, ұзақ уақыт болған нөсерден, апаттық жер сілкіністерінен қар мен мұздықтың тез еруінен, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдардың өзендерге құлауынан.

Қазақстанда 2700-ден аса мұздықтар, 600-ге жуық қауіпті биік таудағы көлдер, 6000 сел пайда болатын ошақтар бар. Іле және Жонғар Алатауында, Алтайда, Қаратау мен Тарбағатайда 300-ге жуық сел бассейндері бар.

Сел тасқыны қаупінің тікелей белгілсрі мыналар: басқа дыбыстарды естіртпейтін, сел қayпi бар су ағындарының бетінде гуілдің пайда болуы,айдаған тас соққысынан топырақтың қозғалуы, судың лайлануы, өзендерде бірден су деңгейінің төмендеуі; сел жалының “басында” еpiп отыратын, шаңды бұлттың пайда болуы.

Егер мынадай ұсынымдарды естен шығармасақ селден болатын ауыр салдарды төмендетуге болады:

сел қayпi бар өзен арнасының жанына дем алуға тоқтамаңыз және палаталық лагерь құрмаңыз;

сел тасқыны белгісін байқаған бойда арнадан жартас бойынша айналып өтуге тырысыңыз;

сел толкындары бөлек кезекпен жылжып отырады, сел толқыны өткеннен кейiн cyғa түспеңіз, одан кейін келесі толқын болуы мүмкін.

Сырғыма-бұл ауырлық күшінен тау жыныстарының төмен қарай көшyi. Еңістің немесе беткейдің қандай да бip учаскесінде өзен ағуы; атмосфералық жауын-шашындарда топырақтың құрғауы немесе ылғалдануы; жер асты сулары; сейсмикалық дүмпүлер; адамның шаруашылық қызметінің әсерінен болған тепе-теңдіктің бұзылуынан сырғымалар пайда болады.

Сырғыма 19° eңісімен беткейде жылдың кез-келген уақытында болуы мүмкін. Сырғыманың алатын аланы 50-60 га болады. Сырғымаға қарсы халықтың қатысуымен жүргізілетін шаралар мыналар: жер үсті суларын бұру, ағаш егу, кедергі жасайтын инженерлік құрылыстарды орнату, топыракты құрғату мақсатында орлар қазу. Сырғыма басталды деген хабарды ести салысымсн: үй-жайдан шығып кету керек, басқаларға жылжыма қаупі туралы хабарды жеткізу керек, қауіпсіз жерге шығу, ғимараттан шықпас бұрын пешті өшіріп, су мен газ құбырын бекітіп, жарық пен басқа да элетр құралын сөндіру керек.

Қар көшкіні - ұзақ уақыт бойы қар жамылғысы жататын таулы аудандарда болуы мүмкін. Көшкіннің жылжу жылдамдығы 100 м/с-ға дейін болады. Қазақстанда 95 мың ш/м тау аумағы қар көшкіні қаупіне ұшырайды.

Көп қар жиналғанда көшкін орман жоқ жерде 15° еңісте пайда болады. Беткейдің еңісі 45-50° болған кезде, көшкін әр қар жауған сайын жылжиды. Көшкіннің пайда болуының классикалық жағдайына ашық тау беткейінің 100-500 м болуы әсер етеді.

Kөшкiн тауда қатты жел болып өткеннен кейін жауған қардан сонң пайда болады. Негізінде қар көшкіні ақпан-сәуірде көшеді. Ең қуатты қар көшкіні - наурыз-сәуірде болады, олардың жылдамдығы 100 м/с, кедергілерге қысым 200 т/м3 -қа дейін.

Қыста тауда жүргсн адамдарға еңістің қырында,жартас пен уңгірдің түбінде тоқтауға рұқсат етілмейді, керісінше бұл орындардан қауіпсіз учаскелерге кету керек. Үңгірлердің жазықтардың және жартастардың шеті немесе жиегі қауіпсіз орын болып табылды.

Көшкіннің алдында болатын қатты ауа толқыны адамның

өмipiнe үлкен қayiп төндіреді. Сондықтан қар көшкінінің бағытынан кету мүмкін болмаса, сол жер бедерінің дөңесінде, еңістің төменгі тұстарында жырмаларда, сондай-ақ жартас жыныстарының монолитті көтерілімдердің астына тығылып қалу ұсынылады.

Су тасқыны - өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгілі бip бөлігінің уақытша су астында қалуы, оған мыналар себепкер: жауын-шашынның қатты болуы,қар мен мұздардың күрт epyi, тасқын су мен селдердің кептелуінің салдары, бөгеттің, тоғанның бұзылуы, қатты жел, жер сілкінісінен болған қираулар т.б.

Қар басу- ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қар мен желдің әсерінен пайда болады. Қар басу мен желде температураның төмендеуінен көктайғак болады, оның әсерінен электр қуаты,үлкен аумақта АТЖ жұмысы,сонымен қатар көлік қозғалысы тоқтайды.

Дауыл-қирататын қаупі бар күшті желдердің біршама уақытқа созылуы, үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінейді, материалдық залал келтіреді. Дауылда желдің жылдамдығы 30 м/с-дан жоғары болады. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Дауыл өзінің апат күні бойынша инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем емес деңгейде әсер етеді, олардың айырмашылығы, дауылдың жылына бip peт ғана болмауы.

Өрттер- адам өмipiнe, экономиканың материалдық шығынға ұшырауына қауіптi.

Өрт жиі күн қатты ысығанда, ұзак уақыт жауын-шашын болмағанда, орманды және далалық өрттердің біріншi ceбeбi болып, өсімдіктердің өз-өзінен тұтануы болғанда пайда болады. Бұл өрттердің өршуіне жел ықпал етеді.