- •Азаматтық қорғаныс жоспарына қосымша:
- •Тақырып: Азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттан соғыс уақытына көшіру
- •Алғашқы шаралар
- •Тақырып: Соғыс және бейбіт уақытындағы төтенше жағдайда шаруашылық нысандарымен салаларда қалыпты қызмет атқарудың тұрақтылығын арттыру әдісі мен жолдары
- •Ұйымдардың жұмыс тұрақтылығы
- •Экономика нысандарындағы жұмыс icтey тұрақтылығына әсер ететін факторлар
- •Бейбіт және соғыс уақытында шаруашылық нысанындағы қызмет тұрақтылығын зерттеу
- •Жалпы ереже,принциптер, негізгі түсініктертер
- •Көшіру органдар
- •Kөшіpу шараларын жоспарлау
- •3 Медициналық қамтамасыз ету
- •4 Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
- •Тақырып: Тұрмыстық өрт болғанда халықтың іс-әрекеті
- •Өрт cөндipy құралдарымен оларды қолдану epeжeci
- •Тақырып: Төтенше жағдайдағы психологнялық, аспектрлер
Тақырып: Тұрмыстық өрт болғанда халықтың іс-әрекеті
Өрт- бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.
ТЖ-ның кез келген көзі секілді өрттің де зақымдаушы факторлары бар. Олар: түтін, улы газдар, жоғары температура, конструкциялардың қирауы, токпен зақымдану. Халық тығыз орналасқан орындарда өрт болса, адамдар жаппай қаза табады.
Биік ғимараттар көбінесе қақпанға айналады.
Өрттің негізгі себептері электр торабындағы бұзылулар, газдың шығуы, токқа қосылып тұрған теледидардың, электр құралдарының (үтік, пеш, радио қабылдағыш және т.б.) жануы, сөндірілмеген шырпылар мен темекi қалдықтары; бұзылған немесе қолдан жасалған жылытқыш құралдарды пайдалану; пеш-каминдердің ашық қалган eciктepi; құрылыстардың жанынан өшірілмеген шоқтарды тастау; отқа бейқам, бейберекет қарау; өрт қауіпсіздігін сақтамау; балалардың отпен ойнауы.
Халық баршаға белгілі өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға міндетті.
Өрт cөндipy құралдарымен оларды қолдану epeжeci
Өрт cөндipy құралдары мыналарға бөлінеді:
қол астындағы (құм, су, жамылғы, көрпе және т.б.)
✓тізімді (өрт сөндіргіш, балға, шелек)
Өрт сөндіргіштер - өрттің алғашқы шығу сатысында қолданылатын техникалық құрылғы.
Өрт сөндіргіштер өрт сөндіру құралының түpiнe, корпусының көлеміне, өрт сөндіргіш құрамының берілу әдісіне және жіберу қондырғысының түpi бойынша жіктеледі.
Өрт сөндіргіш құралдары mүpi бойынша: сұйық, көбікті,көмірқышқылды, аэрозольды, (хладонды), ұнтақ,құрама.
Корпус көлемі бойынша:
✓ корпустың көлемі 5 литрге дейін қолмен босататын газ;
✓корпустың көлемі 5-10 литрге дейін қолмен босататын өнеркәсіптік;
✓корпустың көлемі 10 литрден астам стационарлық және жылжымалы
Өрт сөндіргіш құрамды беру әдici бойынша:
- заряд компоненттерінің химиялық реакцияның нәтижесінде пайда болған газ қысымымен;
- өрт сөндіргіш корпусында орналасқан арнайы баллоннан берілетін газ қысымымен;
- өрт сөндіргіш корпусына айдалған газ қысымымен;
- өрт cөндіргіш құралының жеке қысымымен.
Жіберу қондырғысының mүpi бойынша:
шұралы жапқышы бар;
✓пистолет үогісіндегі ішқату-жіберу қондырғысы бар;
✓пиропатроннан жіберілетін;
✓қысымның тұрақты көзімен жіберілетін.
Өpттi үлкен көлемде аэрозольмен cөндipy генераторлары әлемде үлгілері жоқ осы заманғы өртсөндіру құралдары (ОӨҚ) болып табылады.
Олар жылдам тұтанатын сұйықтардың (бензин және басқа мұнай өнімдері, органикалық еріткіштер және т.б.) қатты материалдардың (ағаш, окшаулау материалдар, пластмасса және т.б.) сондай-ақ электр кондыргмларынын (куштсу жонс жогары вольтты кондыргшар. тұрмыстык және өнеркәсіптік электроника және т.б) өртенуін сөндіреді.
ОӨҚ cілтілі және ciлтілі-топырақты металлды, сондай-ақ ауасыз тұтанатын заттарды сөндіруге жарамсыз.
Генератор зарядының жануы кезінде бөлінетін аэрозольгаз қоспасы қорғалатын затты, тіпті қағазды бүлдірмейді, ал аэрозольды бөлшектерін шаңсорғышпен алуға немесе сумен шаюға болады.
ОӨҚ генераторлары қол (ОӨҚ-5М) жэнс стационарлық (ОӨҚ-1) болып бөлінеді. ОӨҚ-5М генераторы қорғайтын көлем 40 т.м. дейін ОӨҚ-1 қорғайтын көлем 60 т.м. дейін.
ОӨҚ-5М генераторын қимылға келтіру үшін:
✓жіберу торабының қалпақшасын алу;
✓ бауды қатты тарту;
✓жанған бөлмеден шығу қажет.
ОӨҚ-1 генераторын қосу үшін арнайы жіберу торабы пайдаланылады. Қорғалатын көлемдегі темпертура 90С -ға жеткенде қосылатын жіберудің термохимиялық тораптарын қолдану, егер олар бірнешеу болса, әрбір генераторға біржола толық істеуге мюндж мүмкіндік береді.
Жіберудің электротораптарын қолдану ОӨҚ-1 генераторларын өрт дабылы бар нысандарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қорғалған бөлмеде OӨҚ-1 генераторын орнату арнайы кронштейннің көмегімен жүргізіледі.
Есіңізде әрқашан ең нeгiзгiнi сақтаңыздар - ciзді құтқару 01 телефонынан басталады.
Үрейленбей, қай жерде не жанып жатқанын, мекен- жайыңызды, телефоныңыздың нөмipiн, нақты айтыңыз, одан кейін телефон трубкасын тастай салмаңыз- cебeбi диспетчердің ciзгe сұрағы болуы мүмкін.
Адамдар көп жүретін жердегі өрттер
Адамдар сәйкес дайындықта болмаса, театрларда, концерт залдарында, ойын-сауық болатын жерлерде, стадиондарда, дүкендерде, оқу мекемелерінде, базарларда болатын өрттер қауіпті және үpeйлі. Ipi өрттердің тарихынан білетініміз, адамдар түтін
мен өрттен ғана қаза таппайды, олар топталып адамдардың үрейленіп қашуынан тапталып қалады.
Сізден талап етілетін ең нeгiзгi нәрсе- рухыңызды жоғалтпай, үрейге берілмеңіз, өзіңізді қоршағандарды да үрейленуге жібермеңіз.
