- •Калам ілімінің анықтамасы, тақырыбы
- •Калам ілімінің пайда болуы
- •Каламды дүниеге әкелген себептер
- •Ә) Исламдық теологияның дүниеге келуі
- •Калам ілімінде үкімдер мен дәлелдер
- •Әдістер
- •Каламның қайнарлары
- •Хадистер:
- •Әһли Сунна каламшыларына қарағанда иман мен амал қатынасы
- •Ижмали және тафсили иман
- •Куфр, ширк, иртидад және нифақ
- •Кабира (фисқ/үлкен күнә)
- •Иман негіздері
- •Алланың есімдері.
- •Алланың сипаттары
- •Ііі. Фиили сипаттар
- •Іү. Хабари сипаттар
- •Мазхабтардың хабари сипаттарға деген көзқарастары
- •Афалу-л-ибад (құлдардың әрекеттері)
- •Қаза және қадар
- •Нубууат (пайғамбарлық)
- •Нубууаттың мүмкіндіктері
- •Пайғамбарлықтың дәлелі және мұғжиза
- •Басқа ғажайып жағдайлар.
- •Ахирет жағдайлары
- •Жаңа калам ілімі
- •Османдық Түркия
Ііі. Фиили сипаттар
Алла Тағалаға сипат ретінде беруі де, бермеуі де жайз сипаттар (фиили сипаттар» немесе «сыфат жайза» деп аталады. Фиили сипаттар Алланың затына міндетті емес, яғни затында міндетті түрде орын алмайды. Ол Алланың қудратынан, ирадасынан пайда болады. Алланың такуин сипаты фиили сипаттардың негізі болып табылады.
Фиили сипаттар бес бөлім бойынша қарастырылады:
А) Тахлиқ (жарату). Алла Тағала – барлық нәрсенің жаратушысы. Бар екендігін ақылмен ойлауға болатын барлық нәрсені Алланың жаратуы жайз: қаласа жаратады, қаламаса жаратпайды. Алла – хайрды (жақсылықты) да, шаррды (жамандықты) да жаратушы. Ол хайрды құлдарының таңдауына риза, шаррды таңдауына наразы болады. Жаратылған барлық нәрсе – қандай болса да Алла ілімінің, хикметінің және әділдігінің жемісі. Алланың әрбір жаратқанында бір хикмет бар. Бірақ, біз оның хикметтерін үнемі түсіне бермейміз. Белгілі нәрселерді жарату Аллаға уәжіп емес. егер уәжіп болғанда ол қалағанын жарата беретін болмыс болмаған болар еді. Құран Кәрімде былай баяндалады: «اللهُ يَخْلُقُ مَا يَشَاۤءُ» (Алла қалағанын жаратады) (Али Имран 3/47).
Ә) Хидаятқа (ақиқат жолға) және адасушылыққа (далалат) жөн сілтеу. Ұлы Алланың қалаған құлына тура жолды, қалаған құлына адасушылық жолды жаратуы жайз. Алладан басқа адамдарды ақиқат жолға салушы, адасушылыққа түсіруші жаратушы жоқ. Осы екі жол да – Алланың әрекеті. Бірақ, Алла Тағаланың бір құлы үшін адасушылықты жаратуы әлгі құлдың таңдауын жамандық жолында жасауына, жузи ирадасын жамандыққа қолдануына байланысты. Басқаша айтар болсақ, адам өз таңдауы мен ниетін адасушылық жолға бағыттамайынша құдайлық ирада мен қудрат оны адасушылыққа күштеп бағыттамайды. Әһли Сунна каламшыларына қарағанда «فَاِنَّ اللهَ يُضِلُّ مَنْ يَشَاۤءُ وَيَهْدي مَنْ يَشَاۤءُ» (Алла қалағанын адастырады, қалағанын ақиқат жолға салады) (Фатыр 35/8) деген аяттың мағынасы «Алла қалаған адамы үшін ақиқат жолды, қалаған адамы үшін адасушылық жолды жаратады» деген мәнді білдіреді.
Б) Пайғамбар жіберу, кітап түсіру. Алла Тағала құлдарын бақылап отыратындықтан, рақымдылықы мен мейрімділігі әрбір болмысты қамтитындықтан, адамдарға тура жолды көрсететін пайғамбарлар жіберген, ал енді бірінде пайғамбарлардың кейбіріне жіберілген кітаптары арқылы ақиқат пен шындықты түсіндірген. Алланың пайғамбарлар жіберуі және кітаптар түсіруі барлық әрекеттеріндегі сияқты оған уәжіп емес, жайз болып табылады. Ол қаламаса пайғамбарлар жібермейді, кітаптар да түсірмейді. Ол құлдарына мейрімді болғандықтан, рақымына бөлеп, пайғамбарлар жіберген және кітаптар түсірген: «وَمَاۤ اَرْسَلْنَاكَ اِلاَّ رَحْمَةً لِلْعَالَمينَ» (Біз сені әлемге рақымдылық болсын деп жібердік) (Анбия 21/107).
В) Баас және Хашр. Баас – Алланың құлдарын өлгеннен соң қайта тірілтуі, ал хашр – олардан есеп алу үшін бір жерге жинауы. Құран Кәрімде: «ثُمَّ اِنَّكُمْ يَوْمَ الْقِيٰمَةِ تُبْعَثُونَ» Сосын сендер қиямет күні тірілесіңдер) (Муминун 23/16) сияқты аяттары арқылы қиямет күні қайта тірілтіп бір жерге жинайтыны баяндалады. Алайда, құлдарджы тірілтіп бір жерге жинау Аллаға уәжіп және міндетті емес, жайз болып табылады.
Г) Таним (нығмет беру) және тазиб (азаптау). Алла құлдарының қалағанына нығмет береді, азаптауға лайықтыларын азапқа салады. Егер Алла қаласа ең кішкентай күнәсін де жазасыз қалдырмайды, ал қаласа (күпірлік пен ширктен басқа) үлкен күнәны да кешіреді. Құлдарға нығмет беру және азаптау Аллаға уәжіп емес Құранның бір аятында былай баяндалады: «يَغْفِرُ لِمَنْ يَشَاۤءُ وَيُعَذِّبُ مَنْ يَشَاۤءُ» (Алла қалаған адамын кешіреді, қалағанын азапқа салады) Маида 5/18).
