Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
л-Аида.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Нубууат (пайғамбарлық)

Нубууат, рисалат және бисат ұғымдары. Нубууат – Алла мен құлдары арасындағы байланысты білдіретін термин. Алла жауаптылықтарын ескерту мақсатында құлдары арасындағы кейбірін елші ретінде таңдаған және осы жолдағы әмірлері мен тиымдарын білдірген. Құранда бұл былай түсіндіріледі:

«رُسُلاً مُبَشِّرينَ وَمُنْذِرينَ لِئَلاَّ يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى اللهِ حُجَّةٌ بَعْدَ الرُّسُلِ وَكَانَ اللهُ عَزيزًا حَكيمًا» (Бұрынғы пайғамбарлардан кейінгі адамдарға сылтау айтпау үшін жақсы хабар жеткізуші, ескертуші етіп, тағы да пайғамбарлар жіберіп тұрдық. Алла – ұлы, ол хикмет иесі) (Ниса 4/165).

Нубууат терминінің орнына қазақ тілінде парсы тілінен енген пайғамбарлық сөзі қолданылады. Ал араб тілінде пайғамбарлық нубууат, рисалат және бисат терминдерімен түсініріледі.

Нубууат. Нубууаттың қандай сөз түбірінен туындағаны жайлы екі түрлі көзқарас бар. Оның біріншісі ол «نَبْوَةٌ» немесе «نَبَوَاتٌ» (نبو) түбірінен туындаған және «жоғарылық», «ұлылық» деген мағынаны білдіреді. Осыған қарағанда нубууат Алланың белгілеген бір мәртебесі және құдайлық уахи мен хабар алғанына байланысты пайғамбарды жоғары мәртебеге қоюы деген сөз. Екінші көзқарасқа қарағанда нубууат «хабар беру» мағынасына сәйкес келетін (نَبَأَ) «наба» етістігінен туындаған, осыған қарағанда соңындағы хамза түсіп қалса да «наби» сөзі «Алладан хабар алып келген» мағынасын білдіреді.

Нубууат діни термин ретінде «Алла мен ақыл иесі құлдары арасында бұл дүние мен о дүниеге қатысты қажеттіліктерді өтеу үшін жасалатын елшілік міндеті» деп анықтама жасалады. Наби – «өзіне уахи етілген нәрсені таблиғ жасау мақсатында Алланың жіберген адам» деген сөз. Расулмен жаңалыстырып алмау үшін мынандай анықтама да жасалған: «құлдары арасынан таңдап, жаңа шариғат берілместен құдайлық білімдерді уахи ету үшін бір қауымға немесе бүкіл адамзат баласына Алланың жіберген адамдары наби деп аталады».

Рисалат – сөздікте «міндет» мағынасына сәйкес келеді. Діни термин ретінде Ұлы Алланың хабарларын құлардарына жеткізу мақсатында құлдары арасынан кейбірін таңдап, міндет жүктеуі. «اِنَّهُ لَقَوْلُ رَسُولٍ كَر۪يمٍ» (Ол (Құран) – күмәнсіз қадірлі бір елшінің (Жабраилдің) алып келген сөз) (Тауир 81/19) деген Құран аятындағы расул сөзі кейде Жабраил періштеге нұсқалса, кейде пайғамбарға айтылады:

«يَاۤ اَيُّهَا الرُّسُلُ كُلُوا مِنَ الطَّيِّبَاتِ وَاعْمَلُوا صَالِحًا اِنّي بِمَا تَعْمَلُونَ عَليمٌ» (Ей пайғамбарлар (Расулдар)! Таза болған нәрселерді жеңдер, жақсы амалдар істеңдер. Мен сендердің істегендеріңді жақсы білемін) (Муминун 23/51).

Бисат сөзі де пайғамбарлықты білдіретін термин. Сөздікте «жіберу», «жолдау», «тірілту» және «ескерту» деген мағыналарды білдіретін «бисат» - Алланың құлдарының бірін таңдаған адамдарды пайғамбарлықпен міндеттеуі. Құран Кәрімде: «رَبَّنَا وَابْعَثْ فيهِمْ رَسُولاً مِنْهُمْ يَتْلُوا عَلَيْهِمْ اٰيَاتِكَ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَيُزَكّيهِمْ» (Ей Раббымыз! Оларға іштерінен аяттарын өздеріне оқитын, оларға кітап пен хикмет үйрететін, оларды тазалайтын бір пайғамбар жібер) (Бақара 2/129).

Расул мен наби арасындағы айырмашылық. Құран Кәрімде осы екі термин кейде бір пайғамбарға қолданған, ал кейде екі бөлек мағыналарда қолданылған. Оны екі түрлі мағынада қолданылуы расул мен наби арасында айырмашылықтардың бар немесе жоқ екендігі турасында идеялық айырмашылықтың тууына себеп болған. Мысалы,

«وَمَاۤ اَرْسَلْنَا مِنْ قَبْلِكَ مِنْ رَسُولٍ وَلاَ نَبِيٍّ اِلاَّۤ اِذَا تَمَنّٰىۤ اَلْقَى الشَّيْطَانُ فيۤ اُمْنِيَّتِه فَيَنْسَخُ اللهُ مَا يُلْقِي الشَّيْطَانُ ثُمَّ يُحْكِمُ اللهُ اٰيَاتِه وَاللهُ عَليمٌ حَكيمٌ» (сенен бұрын жіберген расулдарымыз бен набилеріміздің қайсысы болса да (аят) оқығанда шайтан олардың көңілдеріне үнемі күдік салумен болды. Алла шайтанның сайқалдығын жойды да, сон соң өз аяттарын бекемдеп қойды. Алла бәрін біліп, кемеңгерлік жасап отырады) (Хаж 22/52) аятында үкім расулға да, набиге де тән және екеуіне де Алланың уахи жібергендігі баяндалады. Сонымен қатар Құран Кәрімде ардақты Мұхаммедті (Араф 7/158), Мусаны және Исмаилды (Мариям 19/51-54) әрі расул, әрі наби деп атаған. Осыларды дәлел ретінде көрсеткен мутазила ғұламалары расул мен наби арасында айырмашылықтың жоқ екендігін алға тартады.

Бұған қайшы түрде әһли сунна ғалымдары аталған сөздердің бірінің артынан бірі тізбектелуі олардың арасында айырмашылықтың бар екендігіне дәлел болатынын қуаттаған. Сондай-ақ пайғамбарлар санын баяндайтын бір хадисте набилердің саны 124 мың, расулдардың саны 315 деп көрсеткендігі (Ахмад бин Ханбал, Муснад Ү, 266) расул мен наби арасында айырмашылықтың бар екендігін дәлелдейді.

Осыған орай, кейбір ғалымдар аталған екі термин арасындағы айырмашылықты былай көрсетеді: расул – кітап пен шариғат берілген пайғамбар. Ал наби - өзіне дейінгі пайғамбарларың алып келген кітап пен шариғатқа сай таблиғ жасауға міндеттелген пайғамбар. Пайғамбарлар өздеріне дейінгі пайғамбарлардың алып келген таухид, ахлақ сияқты діннен өзгермейтін үкімдерін таблиғ жасауда жалғастырады. Осыған орай, оған жаңа кітап берілсе де расулдар наби да бола алады. Демек, әрбір расул – наби, бірақ, әрбір наби – расул емес.

Нубууат мәселесінің пайда болуы. Ислам теологиясында нубууатпен байланысты алғашқы проблема жалған пайғамбарлардың шығуынан туындады. Бірақ, бұл бәрінен бұрын саяси мәндегі проблема болатын. Нубууат мәселесіндегі негізгі тартыстар хижреттің екінші ғасырынан бастап, исламның нубууат түсінігіне жасалған шабуылдардан туындады. Пайғамбарлықты жоққа шығарғандарға христиандық, яһуди, барахима және сумания деп аталатын ағымдар мен топтар жатады. Яһудилер мен христиандар ардақты Мұхаммедтің пайғамбарлығын мойындамаса, өзгелері тұтас пайғамбарлық сенімін жоққа шығарды. Осылармен қатар шииттік ғулат әрекеттерінің имамдарға пайғамбарлық сипат беруі нубууат мәселесіндегі тартыстардың одан ары өршуіне жол ашты. Ислам каламшылары пайғамбарлыққа деген қажеттілікті және ардақты Мұхаммедтің пайғамбарлығын дәлелдеу үшін көп еңбектер сіңірді және еңбектер жарыққа шығарды. Мұсылман каламшылары ақиқатты табуға ақылдың жеткілікті бола алмайтынын, ардақты Мұхаммедтің саналық және сезімдік мұғжизаларын, көркем мінезі мен өмір-салтын дәлел ретінде көрсетіп аталған жоққа шығаруларды жоюға күш салды. Осылардың нәтижесінде нубууат мәселесі бойынша каламдық әдебиет дүниеге келді. Мұсылман каламшылары арасында нубууат мәселесі бойынша тартыстар өзге тақырыптарға қарағанда аса күрделі емес.