Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
л-Аида.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Хадистер:

1. Бір хадисте сахабалар ішіндегі Усама бин Зейд (ө.674 ж.) бір жорық кезінде қолға түскен адам «ла илаһа иллаллаһ» десе де, оны өлтірген. Мұны жорықтан оралғаннан соң Пайғамбарға айтқан кезде, Пайғамбар «өлтірген адамдарың дұрыс айтты ма немесе өтірік айтты ма, жүрегін жарып көрдің бе?, - деп ренжісін білдірген. Ардақты Пайғамбардың «жүрегін жарып көрдің бе? – деген сөзі иман дегеніміз жүректің сенуі екендігін дәлелдейді. (Муслим иман 41; Әбу Даууд жихад 95);

2. Әбу Хурайраның (679 ж.) жеткізгеніне қарағанда бір топ сахабалар Пайғамбарға келіп былай дескен:

- ішімізден бір нәрсені сезінеміз, бірақ оны айтуды үлкен күнә деп есептейміз.

Пайғамбар:

  • шынымен сондай сезінесіңдер ме?

Сахабалар:

  • ия Пайғамбарым.

Пайғамбар:

- Бұл иманның нақ өзі, - деп, иманның жүректе орын алатынын қуаттаған. (Бухари, Иман 60; Ахмад бин Ханбал Муснад)

3. Ардақты Пайғамбар көптеген хадистерінде жүректе бидай дәнегіндей немесе бір түйір иманы бар адамның соңында жұмаққа кіретінін айтқан (Бухари, Таухид 19; Муслим Иман 84; Тирмизи Бирр 61). Осы хадистердің бірінде «Алла жаннаттықтарды жаннатқа, тозақтықтарды тозаққа кіргізеді, одан соң қараңдар жүрегінде бір түйірдей иманы бар адамды тапсаңдар оны тозақтан шығарыңдар», - деген (Бухари, Иман 15; Муслим Иман 82).

Жоғарыда баяндалған аяттар мен хадистер аясында иманды жүректің тасдиқы деп анықтама жасаған әһли сунна каламшыларының пікіріне қарағанда бір адам иманын тілімен жарияламаса (иқрар) да Алланың алдында шынайы мүмін болып табылады. Бірақ, дүниелік үкімдерді орындау үшін жүректегі иманын ауызша жариялау шарт.

Иман – жүректің мағрифаты. Жахм бин Сафуан (ө. 745 ж.) құрған жахмия мазхабына қарағанда иман – жүректің мағрифатынан (танымы) құралып, тасдиқсыз Алланы және ардақты Пайғамбардың хабарлаған нәрселерді жүрекпен білу, тану деген сөз.

Тасдиқ пен мағрифат жүрекке тән қасиеттер болғанымен олардың араларында айырмашылықтар да бар. Тасдиқ (сенім) «касб» пен «ихтиар» (таңдау еркіндігі) нәтижесінде пайда болады. Ал мағрифат касб пен ихтиарсыз-ақ жүректе туындай береді. Адам түрлі жолдармен таным, білім иесі бола алады. Жүректе орын алатын осы абстрактілі білім мен танымға иман деп айтуға болмайды. Оның иман болуы үшін таным шектеуінен тысқары түрде қалауымен бой ұсыну, бағыну әрекеті болуы тиіс. Сауап пен жаза абстрактілі білімге емес, қалауына қарай әрекет етуіне және бағынуға, иман келтіруге байланысты жазылады. Имам Матуриди «иманның жүректегі астрактілі танымнан құралмайтынын, мағрифат – жахалаттың (надандықтың) антонимі, ал иманның антонимі – куфр екендігіне тоқталған. Егер иман мағрифат болғанда надандық күпірлік болуы тиіс. Ондай жағдайда, әрбір надан кәпір, әрбір ғалым мүмін блып шығады. Ал оның бұлай болуы мүмкін емес». Захири мазхабының өкілі ибн Хазм (ө.1064 ж.) осы тақырыпта былай деп өз пікірін білдіреді: «иманды мағрифат дейтін болсақ, яһудилер мен христиандардың ардақты Пайғамбарды, Шайтанның Алланы білгеніне байланысты мүмін болуы тиіс. Ал бұл Құран аяттарына мүлдем қайшы».

Иман – тілдің иқрары (жариялауы, айтуы). Иқрар – иманды тілмен айту, сыртқа сөзбен жариялау деген сөз. Муржия және каррамия мазхабтары иманға сенім негіздерін жүректің тасдиқынсыз-ақ тілмен иқрар ету деп анықтама жасаған. Олар ардақты Пайғамбардың алғаш мұсылман болған адамдарға айтқан деп есептелетін немесе дүниедегі үкімдер тұрғысынан қарастырылуы тиіс хадисін иманның ақиқаттығына дәлел ретінде ұсынған. Осы хадис желісі бойынша Пайғамбар: «адамдар Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі дегенге дейін олармен соғысуға бұйрық алдым. Осы сөзді айтқан кезде, олар қандарын (жандарын), малдарын менен сақтай алады. Бірақ діни жазалар бұдан тысқары. Ал ішкі жақтары Аллаға ғана тән», - деген (Бухари, жихад, 102; Иман, 17; Муслим Иман 8). Алайда, бұл хадис иманның ақиқаттығына тілдің иқрары жеткілікті екендігіне емес, өмірде калима таухидті айтқандардың өлітірілмейтініне дәлел ғана. Егер иман тек тілдің иқрарынан ғана тұратын болса, мұнафықтардың шынайы мүмін болуы тиіс болып шығады.

Иман – жүрекпен тасдиқ, тілмен иқрар. Имам Әбу Ханифа (ө. 767 ж.), Паздауи (ө. 1089 ж.), Сарахси (1097 ж.) сияқты ғұламалар бастаған ханафи фиқхшыларына қарағанда иман – сенім негіздерін жүректің тасдиқ етуі және тілдің иқрары. Жүректе ненің жасырын тұрғанын адамдар біле алмағанына байланысты жүректегі сенімді тілмен айтып, сыртқа жариялау және оның осы сөз бен иқрарға қарай әрекет етуі қажет. Демек, ханафи фиқхшыларына қарағанда иманның екі рүкіні (негізгі тірегі) бар. Осы рүкіндердің бірі кем болса, иман дәрежесіне жете алмайды. Иманды жүректің тасдиқы және тілдің иқрары екендігін қуаттағандар иманды – тілдің иқрары дегендердің дәлел ретінде ұсынған хадисі мен «жүрегінде бидай, арпа және зәрредей иманы болса, Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі деген адам жаханнамнан шығады» деген хадисті дәлел ретінде келтіреді.

Ханафилердің жолын басушы – матуриди каламшылары мен ашарилер иқрарды дүниелік үкімдерді жүзеге асыруға қажетті шарт деп есептейді, оны иманның негізгі бөлігі, ақиқаты емес, шарты ретінде қарастырады.

Біз бір адамның иман келтіргенін оның өзі жариялауымен немесе мүмін екендігін дәлелдейтін белгілі ғибадаттарды орындауымен білеміз. Сонда оны мүмін ретінде танып, мұсылманша қатынас орнатамыз. Оны мұсылман әйелмен үйлендіріп, артында тұрып намазына ұйи аламыз, оның бауыздаған малының етін жеп, зекет, үшір сияқты алымдарға жауапты етеміз. Оның жаны мен малының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, дүниеден өтсе жаназасын шығарамыз және мұсылман мазарына жерлейміз. Егер бір адам жүрегімен сенгендігін тілімен жарияламаса, иқрарды себепсіз орындамаса (ахиретте шынайы мүмін ретінде қатынас орнаса да) жоғарыда баяндалған мұсылмандарға тән қатынастарды орындай алмаймыз. Демек, жүректің тасдиқы – иманның негізі, ақиқаты және өзгермейтін рүкіні, ал иқрар осы негіз бен ақиқатты тануға қосымша шарт болып табылады.

Иман – жүректің тасдиқы, тілдің иқрары және амал. Харижия, мутазила, зейдия сияқты мазхабтар мен имам Малик (ө. 795 ж.), Аузаи (ө.774 ж.), Шафии (ө.819 ж.), Ахмад бин Ханбал (ө.855 ж.) ибн Хазм (ө.1064 ж.), ибн Таймия (ө. 1328 ж.) сияқты салаф ғұламалары мен хадисшілерге қарағанда иман – жүректің тасдиқы, тілдің иқрары және исламның негіздері болып табылатын рүкіндерді орындау. Осы көзқарас бойынша иманның тасдиқ, иқрар және амал деген үшін рүкіні бар. Осы рүкіндердің бірі жоқ болса, имандылық дәрежесіне жетпейді, амалды орындамаған адам мүмін статусын иелене алмайды.

Салаф ғұламалары мен хадисшілер амалды иманның бір бөлігі санағанымен жүрегінде иманы бар және оны тілімен жариялаған, құбылаға бет бұрған адамды иман шеңбері ішінде деп есептеген, істеген күнәсіне байланысты кәпір қатарына жатқызбаған, оны күнәһар мүмін ретінде қабылдаған.

Харижилер иманның үш рүкінінің бірі болып табылатын амалды орындамаған адамды кәпір деп санаса, мутазила мен зейдия мазхабтары оны куфр мен иман арасындағы «фисқ» деп аталатын мәртебеде деп есептейді: ол мүмін де, кәпір де емес. Мутазила мен зейдия мазхабтарының пікірі бойынша фасиқ тәубеге келмей өлсе, кәпір ретінде мәңгілік тозақта қалады.

Амалды иманның бір бөлігі деп санағандар біршама Құран аяттары мен хадистерге өз көзқарастары бойынша түсініктеме жасаған.

1. «وَمَنْ يَقْتُلْ مُؤْمِنًا مُتَعَمِّدًا فَجَزَاؤُهُ جَهَنَّمُ خَالِدًا فيهَا» (кімде кім мүмінді әдейі өлтірсе, оның жазасы – жаханнам және онда мәңгі қалады.) (Ниса 4/93) деген аятқа сүйене отырып, осы тиымға мән бермеген, яғни амалды орындамаған адам мүмін деп саналмайды. Десек те әһли сунна каламшыларына қарағанда аятқа «кім бір мүмінді (өлтіруді халал деп есептеп) өлтірсе ...» немесе «кім бір мүмінді иманына байланысты өлтірсе, оның жазасы ішінде мәңгілік қалатын тозақ» деп түсініктеме жасалынады. Өйткені, мүмінді иманына байланысты өлтіру немесе харам деп есептелетін және Құранда тиым салынған әдейі адам өлтіру әрекетін халал деп есептеу тек кәпір адамның ғана қолынан келеді. Сонымен қатар әлгі аятты харижия мен мутазиланың түсініктемесі бойынша қарастырылса, онда ол

(Алланың кешірмейтін күнәсі - өзіне серік қосу. Одан басқа күәларды егер«اِنَّ اللهَ لا يَغْفِرُ اَنْ يُشْرَكَ بِه وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذٰلِكَ لِمَنْ يَشَاۤءُ» қаласа кешіреді.) (Ниса 4/48) - деген аятқа қайшы келеді.

2. «اَفَمَنْ كَانَ مُؤْمِنًا كَمَنْ كَانَ فَاسِقًا لا يَسْتَوُۧنَ» (Мүмін мен пасық бірдей болушы ма еді?) (Сажде 32/18) деген Құран аятына сүйене отырып, амалды орындамаған адамның мүмін қатарына жатпайтынын алға тартқандарға қарсы сунниттік каламшылар аятта орын алған фасықтың мәні кәпір екендігін, өйткені, пасықтықтың ең ауыры күпірлік екендігін қуаттады.

3. «بَلٰى مَنْ كَسَبَ سَيِّئَةً وَاَحَاطَتْ بِه خَط۪يۤـَٔتُهُ فَاُولٰۤئِكَ اَصْحَابُ النَّارِ هُمْ فيهَا خَالِدُونَ» (Егер кімде-кім күнә (саййиа) қылмыстың шырмауында қалса, әрине олар тозақ иесі болады да, сонда мәңгі қалады.) (Бақара 2/81). Мутазилиттер мен харижиттердің дәлел ретінде ұсынған осы аяттағы «саййианың» мәні сунниттердің пірікі бойынша – ширк. Өйткені мүміннің барлық жағын күнәнің қамтуын ойлау мүмкін емес. Мұндай адамдағы иман күнәнің жан-жақты орағытуына кедергі жасайды.

4. Харижиттер мен мутазилиттердің дәлел ретінде алға тартқан бір хадисте ардақты Пайғамбар: «зина жасаған адам зина жасаған кезде мүмін ретінде зина жасамайды, ұры да ұрлық жасағанда мүмін ретінде ұрламайды, шарап ішкен адам шарап ішерде мүмін ретінде шарап ішпейді» (Бухари, Ашриба 1; Муслим, Иман 24; Тирмизи, Иман 11) деген хадиске сәйкес аталған мазхаб өкілдері «егер амал иманның бір бөлігі болмағанда, амалды орындамай, күнә істеген (зина жасаған, ұрлық істеген, шарап ішкен) адамдардың мүмін болуы тиіс еді», - деп уәж айтады. Әһли сунна ғұламалары әлгі хадисті исламдық үкімдердің жалпылама рухы ішінде сараптап, «зина жасаған адам зина жасаған кезде, кәміл мүмін ретінде зина жасамайды, оның иманында кемістік бар» немесе «зина жасаған ... жасаған ісін халал деп санап істер болса, мүмін ретінде зина жасаған болып есептелмейді» деп түсініктеме жасаған. Себебі, бұл түсініктеме ардақты Пайғамбардың мына хадисіне сәйкес келеді: Әбу Зарр әл-Ғыфари (ө. 652 ж.) былай деп жеткізеді: Алланың елшісі: «Алладан басқа ешбір құдай жоқ деп, осы сөзін берік ұстап өлген адамның ешбірі жаннаттан махрұм қалмайды», - деп айтты. Сонда мен:

- ол адам зина жасаса да, ұрлық та жасаса да ма? – дедім. Сондай ардақты Пайғамбар:

- ия, зина жасаса да, ұрлық істесе де (жаннатқа кіреді), - деп жауап берді. Мен қайтадан сұрадым, дәл сол жауапты берді. Мен үш мәрте сұрадым. Төртіншісінде Расулуллаһ:

Әбу Заррға бұл ұнамаса да (жаннатқа кіреді), - деп жауап берді (Бухари, Таухид 33; Риқақ, 16; Муслим Иман 40; Тирмизи Иман 18).