Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
л-Аида.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Ахирет жағдайлары

1. Қайта тірілу (Баас). Сурдың екінші мәрте үрленуінен соң алғашқы адамнан соңғы адамға дейін өлген барлық адам және бүкіл жанды мақұлықтар қайта тіріледі. Олардың қайта тірілуі «баас» деп аталады. Қайта тірілудің болатыны жайында аса тартыс орын алмаған. Осы қайта тірілу жайлы Құранда көптеген аяттар бар:

«ثُمَّ اِنَّكُمْ يَوْمَ الْقِيٰمَةِ تُبْعَثُونَ» (сосын күмәнсіз қиямет күні қайта тірілесіңдер) (Муминун 23/16). Осы және осыған ұқсас басқа да аяттар өлімнен соң қайта тірілудің ақиқат екендігіне нақты дәлел болып табылады.

Осы аяттармен қатар Құран аяттары адам ақылына үндеу тастап, қайта тірілудің ақылдық тұрғыда мүмкін екендігін алға тартады. Сондықтан бұлар ақли және нақли дәлелдер ретінде ұсынылады.

1. Бір болмысты жаратқан жаратушының оны өлтіріп қайта жаратуы ақылдық тұрғыда мүмкін және жайз. Бір нәрсені қайта жарату оны жоқтан бар етуден де оңай.

«وَهُوَ الَّذي يَبْدَؤُا الْخَلْقَ ثُمَّ يُعيدُهُ وَهُوَ اَهْوَنُ عَلَيْهِ وَلَهُ الْمَثَلُ الاَعْلٰى فِي السَّمٰوَاتِ وَالاَرْضِ وَهُوَ الْعَز۪يزُ الْحَكيمُ» (Ол сондай жоқтан бар етіп, сосын қайта жаратады. Бұл оған оғай, әрі көк пен жердегі жоғары сипат оған тән. Ол өте үстем, хикмет иесі) (Рум 30/27). Убай бин Халаф атты бір мүшірік шіріген сүйектерді алып келіп, майдалап, Пайғамбарға «Алла мұны осылай шірігеннен соң қайта тірілтеді дейсің бе? – деген кезде Пайғамбар «ия, сені де қайта тірілтеді және жаханнамға тастайды», - дейді және осы оқиғаға байланысты түскен мына аяттар ақылдық тұрғыда қайта тірілудің бір дәлелі болып табылады:

«اَوَلَمْ يَرَ الاِنْسَانُ اَنَّا خَلَقْنَاهُ مِنْ نُطْفَةٍ فَاِذَا هُوَ خَصيمٌ مُبينٌ ﴿77﴾ وَضَرَبَ لَنَا مَثَلاً وَنَسِيَ خَلْقَهُ قَالَ مَنْ يُحْيِ الْعِظَامَ وَهِيَ رَميمٌ ﴿78﴾ قُلْ يُحْييهَا الَّذيۤ اَنْشَاَهَاۤ اَوَّلَ مَرَّةٍ وَهُوَ بِكُلِّ خَلْقٍ عَليمٌ» (Адам баласы өздерін бір тамшыдан жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді. Олар өз жаратылысын ұмытып, бізге мысал берді: міне, шіріген сүйектерді кім тірілтеді? – деді. Оны сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол барлық жаратылысты біледі де) (Ясин 36/77-79). Осы және осыған ұқсас аяттар бастапқыда жаратқан жаратушының қайта жарата алатынына дәлел болып табылады.

2. Қиын болып табылатын бір нәрсені жаратқан жаратушының оңай болып табылатын бір нәрсені жаратуы ақылдық тұрғыда мүмкін және жайз. Жер мен көкті және бүкіл әлемді жаратып, оларды бір планета аясына сидырған және оларды бір тәртіп пен үйлесімге бағындырған Алланың өлген бір болмысты қайта тірілтуі аса қиын емес.

«اَوَلَمْ يَرَوْا اَنَّ اللهَ الَّذي خَلَقَ السَّمٰوَاتِ وَالاَرْضَ وَلَمْ يَعْيَ بِخَلْقِهِنَّ بِقَادِرٍ عَلٰىۤ اَنْ يُحْيِيَ الْمَوْتٰى بَلٰىۤ اِنَّهُ عَلٰى كُلِّ شَيْءٍ قَد۪يرٌ» (Көкті, жерді жаратқан және оларды жаратқанда шаршамаған Алланың өлілерді тірілтуге құдіреті жететінін көрмей ме? Ия, оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді) (Ахкаф 46/33).

4. Өлі болған жер бетіне жан бітірген Алланың өлген адамды қайта тірілтуі мүмкін және жайз.

5. Алланың бір нәрсені оған қайшысына айналдыруы ақылдық тұрғыда жайыз. Мысалы, от пен су бір-біріне қайшы нәрселер. Су отты өшіреді. Алайда Алла бір-біріне қайшы осы нәрселерді бір жерге жинауға құдіретті. Мысалы, сулы ағаштан от шығару сияқты.

Осы және осыған ұқсас ақылдық және нақылдық дәлелдер ахиреттің бар екендігін және онда қайта тірілу мүмкін екендігін паш етеді. Десек те ислам теологиясы мен философиясында оның мәні туралы біршама тартыстар орын алады. Каламшылар қайта тірілудің рухпен және денемен бірге болатынын қуаттайды. Ал философтар каламшылар сияқты ойламайды. Олардың көзқарасы бойынша қайта тірілу тек рухпен ғана жүзеге асады. Философтардың осындай көзқарасына байланысты әл-Ғаззали оларды күпірлікпен айыптаған. Каламшылар қайта тірілудің рухпен және денемен бірге болатынына Құраннан мына аятты дәлел ретінде ұсынады:

«اِنَّ الَّذينَ كَفَرُوا بِاٰيَاتِنَا سَوْفَ نُصْليهِمْ نَارًا كُلَّمَا نَضِجَتْ جُلُودُهُمْ بَدَّلْنَاهُمْ جُلُودًا غَيْرَهَا لِيَذُوقُوا الْعَذَابَ اِنَّ اللهَ كَانَ عَزيزًا حَكيمًا» (Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты татулары үшін оны басқа терілерге ауыстырамыз. Шәксіз Алла тым үстем, хикмет иесі) (Ниса 4/56).

2. Хашр және махшар. Хашр сөздікте «жинау» деген мағынаны білдіреді. Діни термин ретінде хашр – адамдарды есепке тарту үшін Алланың оларды қайта тірілткеннен соң бір жерге жинауы деген сөз. Осы мақсатпен адамдардың жиналатын жер – махшар деп аталады. Ол «махшар» деген атаумен қатар «Арасат» деп те аталады.

«يَوْمَ تَشَقَّقُ الاَرْضُ عَنْهُمْ سِرَاعًا ذٰلِكَ حَشْرٌ عَلَيْنَا يَسيرٌ» (Сол күні жер жарылып, олар тездетіп шығады. Осы жинау (хашр) бізге оңай) (Қаф 50/44).

«وَيَوْمَ يَحْشُرُهُمْ كَاَنْ لَمْ يَلْبَثُوۤا اِلاَّ سَاعَةً مِنَ النَّهَارِ يَتَعَارَفُونَ بَيْنَهُمْ» (Оларды жинайтын күні (дүниеде) күндіз бір-ақ сағат тұрғандай болып, олар бір-бірін таниды...) (Юнус 10/45).

Ардақты Пайғамбарымыздың хадистерінде жалаң аяқ, анадан туғандай сүндетсіз, жалаңаш жиналатынын хабарлайды (Бухари Риқақ 45; Муслим Жаннат 14), әрбір құлдың өлген халі бойынша жиналатынын (Муслим Жаннат 19), яғни, қайырлы жолмен өлсе, шаттықпен, жамандық жолмен өлсе, ұсқынсыз кейіппен тірілетінін мәлімдеген.

Пайғамбардың бір хадистерінде адамдар сұрыпталып (сыныптарға бөлініп) жиналатыны баяндалады: «адамдар қиямет күні үш топпен жиналады: жаяулар тобы, аттылар тобы және жүздерімен сүйреткендер тобы». Осы кезде «Ей Алланың елшісі беттерімен қалай жүреді? – деп сұрақ қойылды. Сонда ол: «оларды аяқтарымен жүргізген Алла жүздерімен жүргізуге құдіреті жетеді», - деп жауап берді (Тирмизи Тафсир 18; Ахмад бин Ханбал Муснад ІІ 354, 363).

3. Амал дәптерлерінің берілуі. Адамдар есепке тартылу мақсатында бір жерге жиналғаннан соң, бұл дүниеде істеген амалдары жазылған амал дәптерлері таратылып беріледі. Амал дәптерінің мәні бізге беймәлім. Құран Кәрімде «Кираман Катибин» деп аталған періштелер тарапынан жазылған аталған дәптерлер жайлы мынандай мәліметтер бар: «وَكُلَّ اِنْسَانٍ اَلْزَمْنَاهُ طَاۤئِرَهُ في عُنُقِه وَنُخْرِجُ لَهُ يَوْمَ الْقِيٰمَةِ كِتَابًا يَلْقٰيهُ مَنْشُورًا ﴿13﴾ اِقْرَاْ كِتَابَكَ كَفٰى بِنَفْسِكَ الْيَوْمَ عَلَيْكَ حَسيبًا» (Әр адамның қылығын мойнына қоямыз. Сондай-ақ қиямет күні оның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі. Кітабыңды оқы. Бүгін есеп көру тұрғысынан өз-өзіңе жетесің (делінеді)) Исра 17/13-14).

«وَوُضِعَ الْكِتَابُ فَتَرَى الْمُجْرِمينَ مُشْفِقينَ مِمَّا فيهِ وَيَقُولُونَ يَا وَيْلَتَنَا مَا لِ‌هٰذَا الْكِتَابِ لاَ يُغَادِرُ صَغيرَةً وَلا كَبيرَةً اِلاَّۤ اَحْصٰيهَا وَوَجَدُوا مَا عَمِلُوا حَاضِرًا وَلا يَظْلِمُ رَبُّكَ اَحَدًا» (Амал дәптері алдарына қойылады. Сонда күнәһарлардың одан қорыққанын көресің. Олар «Апырым-ай! бізге нендей өкініш! Мына кітапта кішкенені де, үлкенді де тастамай-ақ түгендепті» дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын күйде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды) (Кахф 18/49).

Амал дәптерлері жаннаттықтарға оң жақтан, жаханнамдықтарға сол немесе арт жақтан беріледі. Дәптері оң жақтан берілгендер «асхаб ямин», солдан немесе арт жақтан берілгендер «асхаб шимал» деп аталады. Дәптердің оң жақтан берілуі – сүйінші, солдан берілуі – азаб хабаршысы.

«يَاۤ اَيُّهَا الاِنْسَانُ اِنَّكَ كَادِحٌ اِلٰى رَبِّكَ كَدْحًا فَمُلَاقيهِ ﴿6﴾ فَاَمَّا مَنْ اُوتِيَ كِتَابَهُ بِيَمينِه ﴿7﴾ فَسَوْفَ يُحَاسَبُ حِسَابًا يَسيرًا ﴿8﴾ وَيَنْقَلِبُ اِلٰىۤ اَهْلِه مَسْرُورًا ﴿9﴾ وَاَمَّا مَنْ اُوتِيَ كِتَابَهُ وَرَاۤءَ ظَهْرِه ﴿10﴾ فَسَوْفَ يَدْعُو ثُبُورًا ﴿11﴾ وَيَصْلٰى سَعيرًا ﴿12﴾ اِنَّهُ كَانَ فيۤ اَهْلِه مَسْرُورًا ﴿13﴾ اِنَّهُ ظَنَّ اَنْ لَنْ يَحُورَ ﴿14﴾ بَلٰى اِنَّ رَبَّهُ كَانَ بِه بَصيرًا ﴿15﴾» (Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай қатты тырыссаң, сонда оған жолығасың. Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе, сонда ол дереу жеңіл есеппен есептеледі. Ол үй-ішіне қуанып қайтады. Ал кімнің дәптері арт жағынан берілсе, сонда ол дереу өлім шақырады. Қайнаған тозаққа түседі. Өйткені, ол өз үйінде мәз-майрам еді. Негізінде ол әсте (Аллаға) қайтпаймын деп ойлады. Олай емес. Расында Раббы оны көздеуде еді) (Иншиқақ 84/6-15).

4. Есеп (Хасаб). Кемел сипаттар тек Аллаға ғана тән. Әділдік пен хикмет оның кемел сипаттарына жатады. Ол жаратқандарына зұлымдық жасамайтын «Адил Мутлақ» болып табылады, сонымен қатар оның нені, не үшін және қандай кейіпте жасайтынын ең жақсы білетін шынайы ғалым және хикмет иесі екендігі анық. Бой ұсынғыш құлы мен күнәһар пендесін, мүмін мен кәпірді, жақсы мен жаманды тең деп есептемеу оның әділдігі мен хикметінің жемісі. Өйткені бір-біріне қайшы нәрселерді тең ұстау әділетсіздік екендігі даусыз. Ал Ұлы Алла мұндай кемшіліктерден пәк. Міне, әділдігі мен хикметінің жемісі ретінде Алла адамдарды ахиретте есепке тартады, олардың амалдарын таразылайды.

«فَالْيَوْمَ لاَ تُظْلَمُ نَفْسٌ شَيْئًا وَلاَ تُجْزَوْنَ اِلاَّ مَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ» (Ал енді бүгін ешкімге зұлымдық етілмейді. Сондай-ақ істегендеріңнің ғана өтемін көресіңдер) (Ясин 36/54).

Адамдар амал дәптерлерін алғаннан соң Алла Тағала оларды есепке тартады. Ардақты Пайғамбарымыз сол күні адамдардан мына бес нәрсе сұралатынын хабарлаған: 1) Өмірін қайда жұмсағандығы; 2) Жастық шағын қалай өткізгендігі; 3) Мал-мүлкін қайдан тапқандығы; 4) Мал-мүлкін қайда жұмсағандығы; 5) Білгендерін жүзеге асырғандығы немесе асырмағандығы (Тирмизи Қиямет 1).

Сұраққа тарту, есепке тарту кезінде амал дәптерлерінен басқа адамның дене мүшелері мен жер беті де адамның істеген амалдарына куәлік етеді.

«وَيَوْمَ يُحْشَرُ اَعْدَاۤءُ اللهِ اِلَى النَّارِ فَهُمْ يُوزَعُونَ ﴿19﴾ حَتّٰىۤ اِذَا مَا جَاۤؤُهَا شَهِدَ عَلَيْهِمْ سَمْعُهُمْ وَاَبْصَارُهُمْ وَجُلُودُهُمْ بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ ﴿20﴾ وَقَالُوا لِجُلُودِهِمْ لِمَ شَهِدْتُمْ عَلَيْنَا قَالُوۤا اَنْطَقَنَا اللهُ الَّذيۤ اَنْطَقَ كُلَّ شَيْءٍ وَهُوَ خَلَقَكُمْ اَوَّلَ مَرَّةٍ وَاِلَيْهِ تُرْجَعُونَ ﴿21﴾ وَمَا كُنْتُمْ تَسْتَتِرُونَ اَنْ يَشْهَدَ عَلَيْكُمْ سَمْعُكُمْ وَلاَۤ اَبْصَارُكُمْ وَلاَ جُلُودُكُمْ وَلٰكِنْ ظَنَنْتُمْ اَنَّ اللهَ لاَ يَعْلَمُ كَثيرًا مِمَّا تَعْمَلُونَ ﴿22﴾ وَذٰلِكُمْ ظَنُّكُمُ الَّذي ظَنَنْتُمْ بِرَبِّكُمْ اَرْدٰيكُمْ فَاَصْبَحْتُمْ مِنَ الْخَاسِر۪ينَ ﴿23﴾» (Сол күні Алланың дұшпандары тозаққа айналуға жиналып, сонда олар алды-артын тосады. Ақыры олар оған барған кезде, оларға құлақтары, көздері мен терілері олардың не істегендеріне айғақ болады. Олар терілеріне: не үшін бізге куә болдыңдар? – дейді. (Терілері): бізді әр нәрсені сөйлеткен Алла сөйлетті, сендерді алғаш рет жаратқан және сол жаққа қайтарыласыңдар деп жауап береді. Сендер өздеріңе құлақтарың, көздерің және терілерің айғақ болады деп жасырынбаушы едіңдер. Тіпті, Алла істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер. Міне осы Раббыларың туралы ойлаған ойларың, өздеріңді жойды да сонда зиянға ұшыраушылардан болдыңдар) (Фуссилат 41/19-23).

«يَوْمَ تَشْهَدُ عَلَيْهِمْ اَلْسِنَتُهُمْ وَاَيْديهِمْ وَاَرْجُلُهُمْ بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ ﴿24﴾ يَوْمَئِذٍ يُوَفّيهِمُ اللهُ دينَهُمُ الْحَقَّ وَيَعْلَمُونَ اَنَّ اللهَ هُوَ الْحَقُّ الْمُبينُ» (Қиямет күні оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендеріне айғақ болды. Сол күні Алла оларға лайықты жазасын толық береді. Сондай-ақ рас Алланың ашық шындық екендігін олар біледі) (Нур 24/24-25).

Ардақты Пайғамбарымыз бір күні «сол күні жер бүкіл оқиғасын (хабарын) түсіндіреді (Зилзал 99/4)» деген аятты оқып, одан соң «жердің оқиғасын (хабары) білесіңдер ме? – деп сұрақ қояды. Сахабалар: «ең жақсы білетіні – Алла мен оның елшісі», - деп жауап береді. Сонда Расулуллаһ: «жердің хабарлары әр құл мен үмметтің істеген амалдарына куәлік етуі, мына күні мынаны істеді, ал мына күні мынаны істеді деуі» - деп жауап берген (Тирмизи Қиямет 7).

Ардақты Пайғамбарымыз қияметте Алла Тағаланың ешбір арашасыз барлық адамдарды өзі есепке алатынын мәлімдеген (Бухари Риқақ 49; Таухид 36; Муслим Зекет 20; Тирмизи Қиямет 1). Пайғамбарымыздың келесі бір хадистерінде баяндалғанына қарағанда мүміндердің есепке тартылуы оңай болады, оларға Алла рақымдылығы мен мейрімділігін түсіреді. Ал кәпірлердің есебі өте қатал болады, соңында тозақ отына тасталады (Бухари Мазалим 2; Тафсир, Сура 11, 54; Риқақ 49; Муслим Жаннат 18; Әбу Даууд Жанаиз 1; ибн Мажа Муқаддима 13).

5. Мизан. Араб тілінен аударғанда «таразы» мағынасына сәйкес келетін «мизан» - ахиретте есептен соң барлық адамдардың амалдарын тартатын құдайлық әділдік өлшемі. Мизанның мәні бізге беймәлім. Ол осы өмірдегі өлшенетін, тартылатын құралдардың ешбіріне ұқсамайды. Амалдарды таразылауда жақсылықтары жамандықтарынан ауыр келгендер құдайдың рақымдылығына бөленеді. Ал жамандығы ауыр болғандар тозаққа кетеді. Тозаққа баратындардың арасындағы мүміндері істеген күнәсіне орай тартқан азабынан соң тозақтан шығарылып, жұмаққа кіреді. Мизан жайында Құран Кәрімде былай делінеді: «وَنَضَعُ الْمَوَازينَ الْقِسْطَ لِيَوْمِ الْقِيٰمَةِ فَلاَ تُظْلَمُ نَفْسٌ شَيْئًا وَاِنْ كَانَ مِثْقَالَ حَبَّةٍ مِنْ خَرْدَلٍ اَتَيْنَا بِهَا وَكَفٰى بِنَا حَاسِبينَ» (Қиямет күні аралық таразысын қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер біз ұрық түйырын салғанымыздай болса да оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз) (Анбия 21/47).

«فَمَنْ ثَقُلَتْ مَوَاز۪ينُهُ فَاُولٰۤئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ ﴿102﴾ وَمَنْ خَفَّتْ مَوَاز۪ينُهُ فَاُولٰۤئِكَ الَّذينَ خَسِرُوۤا اَنْفُسَهُمْ في جَهَنَّمَ خَالِدُونَ» (Ал сол күні кімнің таразысы ауыр тартса, міне, солар құтылушылар. Ал кімнің таразысы жеңіл тартса, міне, олар өздерін зиянға ұшыратқандар. Олар тозақта мүлде қалады) (Муминун 23/102-103).

6. Хауз. Әр пайғамбардың қиямет күні бір хауызы болады. Сол хауыздан әлгі пайғамбардың өзі және үмметі су ішеді. Қиямет күні ардақты Пайғамбарымыздың хауызы болады. Ол өзінің хауызы жайлы былай деген: «Мен каусар хауызына сендердің ішінде алғашқы болып барамын. Маған соққан адам одан су ішеді. Одан су ішкен адам ешқандай шөлдемейді. Біршама қауымдар маған келеді, мен оларды, олар мені танитын болады. Сонда менімен олар арасына тосқауыл қойылады. Сонда мен олар менің сахабаларым деп айтамын. Олар сенен кейін не істегенін сен білмейсің ғой, - дейді. Сонда мен менен соң дінін өзгерткендер (хауыздан) аулақ тұрсын деймін (Бухари Риқақ 53; Фитан 1; Муслим Фадаил 9; ибн Мажа Зухд 36). «Менің хауызымның бір жағасы бір айлық жол. Суы сүттен де аппақ, иісі мисктен де әсем, ыдыстары көктегі жұлдыздардан да көп. Одан бір мәрте су ішкен мәңгілік шөлдемейді (Тирмизи Қиямет 14, 15).

7. Сират. Сират – жаханнам үстіне тартылған жол. Барлық адам осы жолдан өтеді: «وَاِنْ مِنْكُمْ اِلاَّ وَارِدُهَا كَانَ عَلٰى رَبِّكَ حَتْمًا مَقْضِيًّا ﴿71﴾ ثُمَّ نُنَجِّي الَّذ۪ينَ اتَّقَوْا وَنَذَرُ الظَّالِمينَ فيهَا جِثِيًّا» (Сендерден тозаққа келмейтін (сираттан өтпейтін) ешкім болмайды. (Бұл) Раббыңа тұжырымды, міндетті бір үкім. Одан соң тақуа болғандарды құтқарамыз да залымдарды тозақта жүгіндіріп қоямыз) (Мариям 19/71-72). Мүміндер істеген амалдарына қарай кейбірі шапшаң, енді бірі баяу осы көпірден (жолдан) өтеді. Ал кәпірлер мен күнәһарлар аяғы сүрініп жаханнамға түседі (Бухари Риқақ 48-52; Муслим Иман 81; ибн Мажа Зухд 33). Сиранның қандай жол екендігін сахих хадистерден кездестіре алмаймыз. Біз оның мәні тек Аллаға ғана аян деумен ғана шектелеміз. Ардақты Пайғамбарымыз сират жайлы былай деген: жаханнамның үстіне сират тартылады. Одан бірінші өтетін мен және менің үмметім болады. Сол күні пайғамбарлардан басқа ешкім сөйлемейді. Сол күні пайғамбарлардың дұғасы да «Е Алла сақтай гөр, сақтай гөр» деумен болады. Жаханнамда садан тікені (құрма тікені немесе текенекті өсімдік) сияқты тепкілер болады. Бірақ олардың үлкендігі мен өлшемін Алла ғана біледі. Адамдар (жақсы) амалдарына байланысты ол жерден тездетіп өтеді (Бухари Азан 129; Таухид 24; Муслим Иман 81; Ахмад бин Ханбал Муснад ІІ 293).

8. Шапағат (Шафаат). Ахирет күнінде Алланың рұқсатымен барлық пайғамбарлардың шапағат жасауы хақ және ақиқат. Шапағат дегеніміз – күнәсі бар мүміндер күнәларының кешірілуі, күнәсі жоқтардың одан да жоғары дәрежелерге жетуі үшін пайғамбарлар мен Алланың алдында дәрежесі жоғарылардың Алладан рақымшылық тілеуі, дұға жасауы кешірілуін өтініп сұрауы деген сөз.

Сол күні пайғамбарлар мен Алланың сүйіспеншілігіне бөленген құлдары Алланың рұқсатымен Алланың шапағат жасалуға разылығын берген адамдарға шапағат жасайды. Осыған қарағанда шапағат күнәһар мүміндер үшін жасалады. Алланың рұқсатынсыз немесе Алланың ризалығы жоқ адамға шапағат ету мүмкін емес. Құранда осы тақырып бойынша мынандай аят баяндалады:

«اِنَّ رَبَّكُمُ اللهُ الَّذي خَلَقَ السَّمٰوَاتِ وَالاَرْضَ في سِتَّةِ اَيَّامٍ ثُمَّ اسْتَوٰى عَلَى الْعَرْشِ يُدَبِّرُ الاَمْرَ مَا مِنْ شَفيعٍ اِلاَّ مِنْ بَعْدِ اِذْنِه ذٰلِكُمُ اللهُ رَبُّكُمْ فَاعْبُدُوهُ اَفَلاَ تَذَكَّرُونَ» (Раббыларың сондай Алла көк пен дерді алты күнде жаратты. Сосын ғарышын меңгеріп, істі басқарды. Оның рұқсатынсыз ешбір шапағатшы жоқ. Міне, осы Алла – Раббыларың. Ендеше оған құлшылық қылыңдар! Сонда да түсінбейсіңдер ме?) (Юнус 7/3).

«وَلاَ يَشْفَعُونَ اِلاَّ لِمَنِ ارْتَضٰى» (Олар Алланың разы болған адамына ғана шапағат ете алады) (Анбия 21/28). Осы аятқа қарағанда құдайлық әділдіктің жемісі ретінде рақымдылыққа ие құлдардың шапағат жасалауына рұқсат етіледі. Ал кәпірлер мен мұнафықтарға шапағат мүлдем жасалынбайды:

«فَمَا تَنْفَعُهُمْ شَفَاعَةُ الشَّافِعينَ» (Сонда оларға (кәпірлерге) шапағатшылардың шапағаты пайда бермейді) (Муддасир 74/48).

Ардақты Пайғамбар хадистерінде үмметінің күнәһарларына шапағат жасайтынын мәлімдеген: «Шапағатым мүміндердің ішінде үлкен күнә істегендер үшін (Әбу Даууд Суннат 21; Тирмизи Қиямет 11; Ибн Мажа Зухд 37)».

«Әрбір пайғамбардың өзіне тән, қабыл етілген дұғасы бар және сонымен дұға жасай келген. Ал мен дұғамды ахиретте үмметіме шапағат ету үшін сақтаймын» (Бухари Даауат 1; Муслим Иман 86).

Ардақты Пайғамбарымыздың ауқымды және жалпылық шапағаты да болады. Махшарда бүкіл жаратылғандар қияндық пен мазасыздық ішінде болған сәтте олардың есептерін бір сәт бұрын қаралуы үшін шапағат жасайтын ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз болып табылады. Бұл – «Шафаат Узма» (үлкен шапағат) деп аталады. Пайғамбарымыздық аталған үлкен шапағаты Құранда «Мақам Махмуд» (дәріптелген мақам) деп аталады: «وَمِنَ الَّيْلِ فَتَهَجَّدْ بِه نَافِلَةً لَكَ عَسٰىۤ اَنْ يَبْعَثَكَ رَبُّكَ مَقَامًا مَحْمُودًا» (Түннен оянып, (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға (Мақам Махмуд) жеткізілуінен үміт етіледі (Бұл зор шапағат орны) (Исра 17/79).

Ардақты Пайғамбарымыздың келесі бір хадисінде осы типтес шапағат баяндалады: «Қиямет күні болған кезде мен пайғамбарлардың имамы, құтпашысы және олардың шапағаттарының иесі боламын. Бұдан да артық дәріптелетін нәрсе болмайды (Тирмизи Манақиб 1; ибн Мажа Зухд 37)».

Қорытындылай келе мұсылмандарға жүктелген міндет шапағатқа арқа сүйеп, діни қағидаларға немқұрайдылық таныту емес, шапағатқа лайықты болу үшін барлық ерік-жігерді сарып ету болып табылады.

9. Жаханнам (Тозақ). Жаханнам – ахиретте мүмін еместердің, мұнафықтардың күнәһар мүміндердің жазаланатын жерге берілген атау. Осы тозақты білдіретін Құранда бірнеше атау орын алған. Бір ислам теологиясында жаханнам ортақ және жалпылама атау ретінде қолданылады. Жаханнам тозақ иелерін толық сидыратын дәрежеде екендігі «يَوْمَ نَقُولُ لِجَهَنَّمَ هَلِ امْتَلَاْتِ وَتَقُولُ هَلْ مِنْ مَزيدٍ» (Сол күні жаханнамға: «толдың ба? – дейміз, ол: «тағы бар ма? – дейді) (Қаф 50/30) деген Құран аятында баяндалады.

Тозақ мағынасын білдіретін Құранда бірнеше атау қолданылады. Осы атаулар жаханнам атауымен синоним болғанымен «لَهَا سَبْعَةُ اَبْوَابٍ لِكُلِّ بَابٍ مِنْهُمْ جُزْءٌ مَقْسُومٌ» (Тозақтың жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардың бір бөлегі айырылады) (Хижр 15/44), - деген аятқа сүйене отырып, тозақтың жеті есігіне қарай отырып, оны жеті бөлімге бөлуге болады.

1. Жаханнам. Жоғарыда баяндалғаны сияқты жаханнам жалпы алғанда ахиреттегі азап орнының жиындығы, жеке алғанда тозақтың ең үстіңгі қабатының аты болып табылады. Жаханнам – тозақтағы жеті қабаттың ішіндегі азабы ең жеңіл, үстіңгі қабат. Әһли Сунна ғұламаларының пікірі бойынша осы қабатта күнәсі бар мүміндер азап шегеді. Ахаптары біткендері осы жерден жаннатқа кіреді.

2. Жахим – «қабат-қабат болып жанатын, жалыны мен ыстықтық деңгейі жоғары дәрежедегі от» деген мағынаны білдіреді, жаханнам атауынан кейін Құранда көп кездесетін атау. Жахим жиырма алты аятта және кейбір хадистерде орын алған.

«اُحْشُرُوا الَّذينَ ظَلَمُوا وَاَزْوَاجَهُمْ وَمَا كَانُوا يَعْبُدُونَ ﴿22﴾ مِنْ دُونِ اللهِ فَاهْدُوهُمْ اِلٰى صِرَاطِ الْجَحيمِ» (Жинаңдар! Ол залымдарды да, сыбайластарын да, олардың табынғандарын да: (22) Алладан өзге. Оларға тозақтың (жахим) жолын көрсетіңдер) (Саффат 37/22-23).

3. Хауия. «Жоғарыдан төменге құлау» деген мағынаны білдіретін «хууий» түбірінен туындаған хауия «шыңырау, түпсіз терең шұқыр» деген мәнге сәйкес келеді. Құранда тек бір жерде ғана кездеседі және онда «ыстықтығы жоғары от» деп тәпсір жасалынған. «وَاَمَّا مَنْ خَفَّتْ مَوَاز۪ينُهُ ﴿8﴾ فَاُمُّهُ هَاوِيَةٌ ﴿9﴾ وَمَاۤ اَدْرٰيكَ مَا هِيَهْ ﴿10﴾ نَارٌ حَامِيَةٌ» (Онда оның орны хауия (шұқыр) болады. Ол хауияның не екенін білесің бе? Ол жалындаған от) (Қариа 101/8-11).

4. Хутама. «талқандау, сындыру, майдалап жоқ қылу» деген мәндегі «хатм» иүбірінен шыққан. Ол Құранда тек бір сүреде ғана «Алланың жүректерге дейін жететін жаққан оты» деп түсініктеме жасалған.

«كَلاَّ لَيُنْبَذَنَّ فِي الْحُطَمَةِ ﴿4﴾ وَمَاۤ اَدْرٰيكَ مَا الْحُطَمَةُ ﴿5﴾ نَارُ اللهِ الْمُوقَدَةُ ﴿6﴾ اَلَّتي تَطَّلِعُ عَلَى الاَفْـِٔدَةِ» (Олай емес, әлбетте ол хутамаға тасталады. Хутаманың не екенін қайдан білесің? Ол Алланың жағылған отыСондай жүректерді шалатын. Расында олар әлгі отқа қамалады. Ұзын діңгектерге байланады) (Хумаза 104/4-7).

5. Лаза. «Таза от» деген мағынаны білдіретін аталған сөз Құранда бір жерде кездеседі және «дененің мүшелерін жұүлып алатын» деп түсіндіріледі.

«كَلاَّ اِنَّهَا لَظٰى ﴿15﴾ نَزَّاعَةً لِلشَّوٰى ﴿16﴾ تَدْعُوا مَنْ اَدْبَرَ وَتَوَلّٰى ﴿17﴾ وَجَمَعَ فَاَوْعٰى» (Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол лаза таза от. Теріні сояды. Ол теріс айналып, бет бұрғанды шақырады. Дәлет жинап, сақтағанды (сараңды) шақырады) (Маариж 70/15-18).

6. Саир – «жандыру», «алаулату» деген мағынаны білдіреді. Саир сөзі Құранда он алты жерде кездеседі. Аталған сөз Құранда көбінесе жаханнамның бір аты, кейде «жанған, алаулаған от» деген мағынада қолданылады.

«كُتِبَ عَلَيْهِ اَنَّهُ مَنْ تَوَلاَّهُ فَاَنَّهُ يُضِلُّهُ وَيَهْديهِ اِلٰى عَذَابِ السَّعيرِ» (негізінде кім шайтанды дос көрсе, ол оны адастырып, саир (алаулы от) азабына бастайды) (Хаж 22/4).

7. Сақар – «өте ыстық отпен жағып қуыру» деген мағынаны білдіретін «сақр» түбірінен туындаған. Сақар Құрандағы төрт аятта жаханнам орнына қолданылады.

«سَاُصْليهِ سَقَرَ» (Оны сақарға (жағатын тозаққа) саламын) (Муддасир 74/26).

Құранда тозақ деген мағынаны білдеретін басқа сөздер кездеседі. Мысалы, «хариқ» (Буруж 85/10), «хамим» (Анам 6/70), «яхмум» (Уақиа 56/43), «самим» (Тур 25/27) «сижжин» (Мутаффифин 83/7).

Тозақтың қазір бар немесе жоқ екендігі каламшылар арасындағы тартысқа арқау болған. Каламшылардың көпшілігі жаханнам мен жаннаттың қазір бар екендігін қуаттайды. Ал жахмия, мутазила және харижилердің бір тобы жұмақ пен тозақтың қияметтен соң жаратылатынын алға тартқан. Жаннат пен жаханнамның қазір бар екендігін қуаттаған ғұламалар олардың қайда екендігі турасында әртүрлі көзқарастарды ұсынған. Жаханнам туралы көптеген аяттар орын алғаны сияқты хадистердің де саны жетерлік. Тіпті, кейбір хадис кітаптарында жаханнам деп аталатын жеке бөлім бар.

Жаһаннамның қандай жер екендігі жайында Құран аяттары былай сипаттама жасайды: «Өйткені тозақ сарайдай ұшқын атады. Сары түйелердей» (Мурсалат 77/32-33); «Тозақ оларды ұзақ бір жерден көрген сәтте, олар оның қайнап, күркірегенін естиды. Олар тозақтың бар бір жеріне қолдары мойындарына байлаулы тасталғанда сол жерде жоқ болуды қалайды» (Фурқан 25/12-13); «Расында олар әлгі отқа қамалады. Ұзын діңгектерге байланады» (Хумаза 104/8-9); «Сондай-ақ, жаханнамды кәпірлерге зындан қылдық» (Исра 17/8); «Оларға жаханнам отынан төсек және үстеріне жамылғылар бар. Залымдарға осылайша жаза береміз» (Араф 7/41),

«Расында біз залымдар үшін дуалдары қоршап алатын тозақ отын әзірледік. Егер олар су сұрап жалбарса, еріген кен тәрізді беттерді қуыратын бір су беріледі. Ол нендей жаман сусын әрі нендей жаман орын» (Кахф 18/29); «Олардың көйлектері қара майдан болады да беттерін от шалады» (Ибрахим 14/50); «Олардың беттерін от өртеп, онда тістері ақсиып қалады» (Муминун 23/104); «Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ – жалындаған от. Теріні сояды» (Маариж 70/15-16); «Ол Алланың жағылған оты сондай жүректерді шалады» (Хумаза 104/6-7); «Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болатын оттан қорғаңдар» (Тахрим 66/6); «Сол күні тозаққа толдың ба? – дейміз. Ол тағы да бар ма? – дейді» (Қам 50/30); «Сол уақытта олардың мойындарында ажырлар, бұғаулар бар күйі сүйреледі. Қайнап тұрған суда болып, сосын отқа жағылады» (Ғафыр 40/71-72); «Қарсы болғандарға оттан киім пішілген, төбелерінің үстінен қайнап тұрған су құйылады. Онымен олардың ішіндегілері және терілері ерітіледі. Олар үшін темірден күрзілер болады. Қашан олар тозақтың азабынан шығуды қаласа, оған қайта итеріледі де: «жандырушы азаптың дәмін татыңдар (делінеді)» (Хаж 22/19-22); «Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты татулары үшін оны басқа терілерге ауыстырамыз» (Ниса 4/56); «Не Заққұм ағашы жақсы ма? Рас заққұм ағашын залымдарға сұмдық қылдық. Рас ол тозақтың түбінде шығатын бір ағаш. Оның қауашақтары шайтандардың бастарына ұқсайды. Сондай-ақ олардан жеп қарындарын толтырады. Сосын оларға қайнап тұрған судан сусын беріледі. Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады» (Саффат 37/62-68); «Әлбетте ағаштан, Заққұмнан жейсіңдер. Одан қарыңдарыңды толтырасыңдар. Оның үстіне қайнаған судан ішесіңдер. Шөлдеген түйеше сіміресіңдер» (Уақиа 56/52-55); «Әлбетте тозақ күтіп тұрады. Азғындардың барар жері. Олар онда ғасырларша тұрады. Олар онда салқындамайды да сусын татпайды. Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді» (Наба 78/21-24); «Тозақтағылар жаннаттықтарға: бізге суларыңнан немесе Алланың сендерге берген ризықтарынан төгіп жіберіңдер», - деп айқайлайды. Олар: «расында Алла ол екеуін де кәпірлерге арам еткен», - дейді» (Араф 7/50);

Жаханнам азабы кәпірлерді жан-жақтан қаумалайды және олар онда мәңгілік қалады. Ал күнәһар мүміндер жаханнамда мәңгілік қалмайды (Бухари иман 15, 33; Таухид 19; Муслим 82-84; Тирмизи Бирр 61; Жаханнам 9; Насаи Иман 18; Ибн Мажа Муқаддима 9).

10. Араф – жаннат пен жаханнам арасында орын алған бір жердің аты. Арафтың қандай орын екендігі бізге толықты белгілі болмағанмен, оның бар екендігі қуатталады. Бұл осы атаумен аталатын Араф сүресінде баяндалады:

«اِنَّ الَّذينَ كَذَّبُوا بِاٰيَاتِنَا وَاسْتَكْبَرُوا عَنْهَا لاَ تُفَتَّحُ لَهُمْ اَبْوَابُ السَّمَاۤءِ وَلاَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ حَتّٰى يَلِجَ الْجَمَلُ في سَمِّ اِنَّ الَّذينَ كَذَّبُوا بِاٰيَاتِنَا وَاسْتَكْبَرُوا عَنْهَا لاَ تُفَتَّحُ لَهُمْ اَبْوَابُ السَّمَاۤءِ وَلاَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ حَتّٰى يَلِجَ الْجَمَلُ في سَمِّ الْخِيَاطِ وَكَذٰلِكَ نَجْزِي الْمُجْرِمينَ ﴿40﴾ لَهُمْ مِنْ جَهَنَّمَ مِهَادٌ وَمِنْ فَوْقِهِمْ غَوَاشٍ وَكَذٰلِكَ نَجْزِي الظَّالِمينَ ﴿41﴾ وَالَّذينَ اٰمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لاَ نُكَلِّفُ نَفْسًا اِلاَّ وُسْعَهَا اُولٰۤئِكَ اَصْحَابُ الْجَنَّةِ هُمْ فيهَا خَالِدُونَ ﴿42﴾ وَنَزَعْنَا مَا في صُدُورِهِمْ مِنْ غِلٍّ تَجْر۪ي مِنْ تَحْتِهِمُ الاَنْهَارُ وَقَالُوا الْحَمْدُ لِلهِ الَّذي هَدٰينَا لِهٰذَا وَمَا كُنَّا لِنَهْتَدِيَ لَوْلاَۤ اَنْ هَدٰينَا اللهُ لَقَدْ جَاۤءَتْ رُسُلُ رَبِّنَا بِالْحَقِّ وَنُودُوۤا اَنْ تِلْكُمُ الْجَنَّةُ اُورِثْتُمُوهَا بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ ﴿43﴾ وَنَادٰىۤ اَصْحَابُ الْجَنَّةِ اَصْحَابَ النَّارِ اَنْ قَدْ وَجَدْنَا مَا وَعَدَنَا رَبُّنَا حَقًّا فَهَلْ وَجَدْتُمْ مَا وَعَدَ رَبُّكُمْ حَقًّا قَالُوا نَعَمْ فَاَذَّنَ مُؤَذِّنٌ بَيْنَهُمْ اَنْ لَعْنَةُ اللهِ عَلَى الظَّالِمينَ ﴿44﴾ اَلَّذينَ يَصُدُّونَ عَنْ سَبيلِ اللهِ وَيَبْغُونَهَا عِوَجًا وَهُمْ بِالاٰخِرَةِ كَافِرُونَ ﴿45﴾ وَبَيْنَهُمَا حِجَابٌ وَعَلَى الاَعْرَافِ رِجَالٌ يَعْرِفُونَ كُلاًّ بِسيمٰيهُمْ وَنَادَوْا اَصْحَابَ الْجَنَّةِ اَنْ سَلاَمٌ عَلَيْكُمْ لَمْ يَدْخُلُوهَا وَهُمْ يَطْمَعُونَ ﴿46﴾ وَاِذَا صُرِفَتْ اَبْصَارُهُمْ تِلْقَاۤءَ اَصْحَابِ النَّارِ قَالُوا رَبَّنَا لاَ تَجْعَلْنَا مَعَ الْقَوْمِ الظَّالِمينَ ﴿47﴾ وَنَادٰىۤ اَصْحَابُ الاَعْرَافِ رِجَالاً يَعْرِفُونَهُمْ بِسيمٰيهُمْ قَالُوا مَاۤ اَغْنٰى عَنْكُمْ جَمْعُكُمْ وَمَا كُنْتُمْ تَسْتَكْبِرُونَ ﴿48﴾ اَهٰۤؤُۨلَاۤءِ الَّذينَ اَقْسَمْتُمْ لاَ يَنَالُهُمُ اللهُ بِرَحْمَةٍ اُدْخُلُوا الْجَنَّةَ لاَ خَوْفٌ عَلَيْكُمْ وَلاَۤ اَنْتُمْ تَحْزَنُونَ ﴿49﴾ وَنَادٰىۤ اَصْحَابُ النَّارِ اَصْحَابَ الْجَنَّةِ اَنْ اَفيضُوا عَلَيْنَا مِنَ الْمَاۤءِ اَوْ مِمَّا رَزَقَكُمُ اللهُ قَالُوۤا اِنَّ اللهَ حَرَّمَهُمَا عَلَى الْكَافِر۪ينَ ﴿50﴾ اَلَّذينَ اتَّخَذُوا دينَهُمْ لَهْوًا وَلَعِبًا وَغَرَّتْهُمُ الْحَيٰوةُ الدُّنْيَا فَالْيَوْمَ نَنْسٰيهُمْ كَمَا نَسُوا لِقَاۤءَ يَوْمِهِمْ هٰذَا وَمَا كَانُوا بِاٰيَاتِنَا يَجْحَدُونَ ﴿51﴾»

(Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғары көргендерге көктің есіктері ашылмайды... және олар түйе иненің көзінен өткенге дейін жұмаққа кірмейді. Күнәһарларды өстіп жазаландырамыз. Оларға жаханнамда төсек және үстеріне жамылғылар бар. Залымдарға осылайша жаза береміз. Және иман келтіріп, ізгі іс істегендер, негізінде біреуге шамасы келетінді ғана жүктейміз. Солар жаннаттық олар онда мәңгі қалушы. Олардың көңілдерінен кірбеңдікті шығарамыз, астарынан өзендер ағады. Олар: барлық мақтау бізді осы тура жолға салған Аллаға тән. Егер Алла бізді тура жолға салмаса еді, тура жолды таба алмайтын едік. Расында Раббымыздың елшілері шындықты келтірген еді», - дейді. Және оларға: «міне амалдарың себепті мұрагері болған жұмақтарың осы», - делінген түрде дыбысталады. Жұмақтағылар тозақтағыларға: «Раббымыздың бізге уәде еткенін тура таптық. Сендер де Раббыларыңның уәде еткенін тура таптыңдар ма? – деп айғайлайды. (Олар) «әрине», - дейді. Сонда олардың араларынан бір айқайшы: «Алланың қарғысы залымдарға», - деп айқайлайды. Олар Алланың жолынан тосып, онда бір қисықтық іздейді. Және олар ахиретке де қарсы болушылар. (Жұмақтағылар мен тозақтағылардың) арасында бір далда бар. Және «Араф» делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен танитын біреулер бар. Бұлар «сендерге сәлем», - деп жаннаттағыларға айқайлайды. Бұлар әлі жаннатқа кірмеген, үміт ететіндер. Олардың көздері тозақтықтарға бұрылған кезде: (Раббымыз! Бізді залым елмен бірге қыла көрме!» - дейді. Арафтағылар тозақтағы әлпеттерінен танығандарға: «сендерге көптіктерің және менмендіктерің пайда бермеді ме? – деп айқайлайды. (Оларға жұмақтағыларды көрсетіп «Бұларға Алланың рахметі тимейді деп, ант ішкен адамдарың емес ме? Жұмаққа кіріңдер. Сендерге қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар» (делінеді). Тозақтағылар жұмақтағыларға «Бізге суларыңнан немесе Алланың сендерге берген ризықтарынан төгіп жіберіңдер», - деп айқайлайды. Олар: «расында Алла ол екеуін де кәпірлерге арам еткен» - дейді. Олар діндерін ойын-сауыққа айналдырып, дүние тіршілігі алдағандар. Олар осы күнге жолығуларын ұмытып, аяттарымызға қарсы келгендей бүгін біз оларды ұмытамыз) (Араф 7/40-51).

Араф деп аталатын жерде кімдердің қалатыны және неше уақыт болатыны ғұламалар арасында тартысқа себепкер болған. Осы тартыстармен байланысты түрде тақырыпты қысқаша қорытындыласақ, онда қалатындарды былай жіктеуге болады:

1. Жақсы және жаман амалдары тең келген мүміндер. Олар – бастапқыда жаннатқа немесе жаханнамға кірмей, осы екеуінің арасында біршама уақыт күтеді, одан соң Алланың рақымдылығымен жұмаққа кіретін мүміндер. Тафсир және калам ғұламаларының көпшілігі осы көзқарасты қолдаған;

2. Ахиретте мүміндер мен кәпірлерді жүздерінен танитын періштелер;

3. Жаннат және жаханнам иелерін бір-бірінен ажыратып, олар жайлы куәлік ететін пайғамбарлар, шахидтер және ғалымдар сияқты жоғары дәрежелі адамдар. Осы көзқарасты қолдайтындар арасында Хасан әл-Басри мен Фахраддин ар-Рази да бар;

4. Жаннатқа және жаханнамға кіруі қажет емес жағдайдағы адамдар. Оларға қандай да бір пайғамбардың таблиғын естімей өлген (фатрат дәуірінде) мүшіріктердің балағат шағына келмей өлген балалары немесе заңсыз (некесіз) үйленгендерден туған балалар жатады.

Арафқа қатысты жоғарыдағы аяттар негізге алынған кезде, осы ықтималдардың ішінде біріншісінің салмағы басымырақ.

11. Жаннат. Жаннат «жабу», «жасыру» мағынасына сәйкес келетін «жанн» түбірінен туындаған және «өсімдіктермен, ағаштармен топырақты жапқан бақша» деген мағынаны білдіреді. Ал діни термин ретінде жаннат – ахиретте мүміндердің мәңгілік қалатын және марапатталатын жер. Жұмақтың жаннаттан басқа атаулары да бар. Олар жұмақтың балама басқа атаулары болғанымен кейбір теологтар жаннаттың бөлімдері ретінде түсіндіреді. Жаннаттың бөлімдерін былай тізбектеуге болады:

1. Жаннат – мәңгілік бақыт мекенін білдіретін Құранда, әртүрлі хадистерде және басқа да исламдық әдебиеттерде кездесетін, жұмаққа қатысты атаулардың ішінде ең көп қолданылатын, жұмақтың ішіндегі барлық орындар мен мүмкіндіктерді қамтитын ауқымды термин. Ислам әдебиеттерінде мәңгілік бақытқа берілген уәделер, ерекше суреттеулер жалпы алғанда жаннат атауы төңірегінде шоғырланған, филология мен әдебиет салаларында да көбінесе осы атау кездеседі. Жұмаққа қатысты өзге де атаулар жекеше түрде қолданылса, көптеген аяттарда жаннаттың көпше түрде (жаннаат) орын алуы жаннаттың бақыт мекенінің белгілі бір аймағының ғана емес, жалпылық атауы екендігін көрсетеді. «Мол су бұлақтары бар жазыл бақша» мағынасындағы «рауза» «жаннат» сөзіне тіркелген қосымша атау болғанымен (وَالَّذينَ اٰمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ في رَوْضَاتِ الْجَنَّاتِ /Ал сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер жаннат (раудат жаннат) бақшаларында болады (Шура 42/22), енді бір аятта жаннат сөзінің орнына жеке өзі қолданылған (فَاَمَّا الَّذ۪ينَ اٰمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فَهُمْ في رَوْضَةٍ يُحْبَرُونَ/Ал енді иман келтіріп,, ізгі іс істегендер бір бақшада (рауда) болады (Рум 30/15)). «Жаннату-л-Хулд» пен «Жаннату-л-Мауа» сөз тіркестерін кейбір ғұламалар жеке бір атау деп есептесе де аталған сөз тіркестерінде орын алған «хулд» (мәңгілік) пен «мауа» (пана болатын жер) деген сөздер жаннаттың мәнін толықтыратын ұғымдар болып есептеледі.

2. Жаннату-н-Наим сөз тіркесі он аяттың үшеуінде жекеше, қалғандарында көпше түрде (жаннаату-н-наим) орын алған. Араб тілінен аударғанда «молшылық», «тыныштық», «бақытты өмір» деген мағынаны білдіретін нығмет сөзінен де ауқымды мәнге ие наим адамға бақыт сыйлайтын материалдық және рухани ізгіліктерді білдіреді. Демек, «жаннату-н-наим» «бақытқа толы жаннат» деген мағынаға сәйкес келеді. Наим сөзінің Құранның бір аятында жаханнам атауларының бірі болып табылатын «жахимнің» антонимі ретінде қолданылғандығына (Инфитар 82/13), келесі бір аятта жаннатқа қатысты суреттеудің бас жағында жеке өзі орын алғандығына (Мутаффифин 83/22) қарай отырып, жаннат атауларының бірі ретінде қабылдауға болатынын дәлелдейді.

3. Адн. «Ттұру» немесе «мекендейтін жер» деген мағынаға сәйкес келетін адн он бір аятта жаннат сөзімен бірге қайталанып (жаннаату адн), «тұратын, мекендейтін жаннаттар» мағынасын білдіреді. Аднның жаннаттың белгілі бір бөлімінің аты немесе көпше түрде қолданылуына қарай отырып, жұмақтың жалпылама атауы болуы мүмкін.

4. Фирдаус. Парсы тілінен араб тіліне енген болуы мүмкінифирдаус сөзі әсіресе, «ішінде жүзімі бар бақша» деген мағынаны білдіреді. Құранның бір аятында жаннат сөзімен (Кахф 18/107), келесі бір аятында «ахирет жаннаты» мағынасында жеке өзі (Муминун 23/11) қолданылады. Фирдаус жаннаттың жалпылама атауы болуы да, жұмақтың ортасы, ең жоғарғы, қадірлі бөлімінің жеке аты болуы да мүмкін.

5. Хусна. Жақсылық істегендерге Алла тарапынан одан да артық жақсылықпен жауап берілетінін, сондай-ақ, оған да тағы да қосымша жақсылық жасалатындығын баяндайтын Құран аятындағы (Юнус 10/26) «хусна» (одан да жақсы, ең көркем, ең жақсысы) сөзінің жаннат мағынасына сәйкес келгендігін тәпсіршілердің көпшілігі мақұлдаған. Осы аяттағы қосымшаның мағынасы – жаннатта Алланы көру құрметіне ие болу.

6. Даруссалам. «материалдық және рухани апаттардан, ұнатылмайтын нәрселерден қорғалу» мағынасындағы «салам» мен «үй» мағынасындағы «дар» сөзінен құралған аталған сөз тіркесі екі аятта жаннаттың аты ретінде баяндалады (Анам 6/127; Юнус 10/25). Жаннаттың тыныштық мекені екендігі белгілі. Алланың таңдаулы құлдары – мүміндердің өлімнен кейінгі өмірі өз араларында, Алламен, періштелермен қатынасы жағынан тыныштық ішінде мәңгілік өмір сүретіндігі өзге аяттарда анық түрде баяндалған.

7. Дарулмуқама. «Негізгі тұрақтайтын жер», «мәңгілік мекендейтін орын» деген мағынадағы аталған сөз тіркесі де жаннатқа кіргендердің Аллаға мақтау айтатын, шүкіршілік қылатын мекенге қолданылатын атау болса керек.

Құран аяттары жаннатқа былайша сипаттама жасаған:

«Жаннаттың кеңдігі көк пен жердей (Али Имран 3/133)»; «Олар ол жерде дивандарға жастанған күйде болады. Олар онда ыстық та, суық та көрмейді. Көлеңке бастарынан аумайды, жемістер қол жетер жерде өсіп тұрады. (Тағам толы) күміс табақтар, (сусын құйылған) күміс тостағандар жылжып келіп тұрады, бәрі қажеттеріңе лайық мөлшерде болады. Жаннатта олар тостағандармен «занжәбил» (тамаша түсті су) қосылған сусын ішеді. Жаннатта «салсабин» (жұмақтағы бұлақтың аты) деп аталатын тағы бір бұлақ бар. Қартаймайтын, үнемі жас қалпында тұратын даяшылар кезектесіп қызмет көрсетеді. Оларды көрсең бейне бір (жіпке) тізілген меруерт екен деп қаласың. Қашан болса да ол жерден (айтып жеткізе алмас) игіліктер мен ұлы патшалықты көресің. Жаннаттағылар үстеріне жұқа, қалың жасыл жібектен тігілген киімдер киеді, күміс жүзіктер тағады. Раббың оларды өте таза сумен сусындатады. Сөз жол бұл сендерге берілген сыйлық. Демек, сендердің еңбектерің еш кетпейді (Инсан 76/13-22)», «Сондай тақуаларға уәде етілген жаннаттың мысалы: онда еш бұзылмайтын өзен сулар дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, ішушілерге дәмді шараптан өзендер және балдан өзендер, сондай-ақ онда оларға әртүрлі жеміс әрі Раббыларыңның жарылқау бар. (Бұлар) тозақта мәңгі қалып, қайнаған су ішкізіліп, ішектері туралған біреумен тең бе? (Мухаммад 47/15)»; «Олар игіліктерді алтын тақтарда отырып, қызықтайды. Беттеріне қараған жан игілік ортасындағылардың жүздерінен бақыт нұрын көреді. Ішетін сусындары – ауыздары тығындалған таза шарбаттар, ішкен кезде одан жұпар иісі аңқып тұрады. Қызығатындар – міне осыған қызықсын. Ол шарбатқа «тасним» суы қосылған. Тасним деген жаннаттағы тағы бір мөлдір бұлақ. Одан Жаратқанның өзіне жақын құлдары ғана ішеді (Мутаффифин 83/23-28)»; «Раббыңның хұзырына шығудан қорыққан кісіге екі жұмақ бар. Сендер Раббыларыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер? Ол екі жұмақ ішінде түрлі жеміске толы ағаштар бар. Сендер Раббыңның қай игілігін өтірік дей аласыңдар. Екі жұмақта ағып жатқан екі бұлақ бар. Сендер Раббыңның қай игілігін өтірік дей аласыңдар. Екі жұмақта әр жемістің екі түрі болады. Сендер Құдайдың қай хикметін теріс дей аласыңдар? Олар астары қалың жібек матадан тігілген төсеніштерде отырысады. Екі жұмақтың жемістері қол жетер жерде тұрады. Сендер Раббыңның қай жақсылығын жалған дей аласыңдар? Ол жұмақтарда өз ерлерінен басқаға көз салмайтын, өз ерлерінен бұрын ешбір адам да, жын да жуықтамаған әйелдер тұрады. Сендер Раббыңның қай игілінін өтірік дей аласыңдар? Олар бейне жақұттай (мөлдір), меруерттей ақ Сендер Раббыңның қай игілігін өтірік дей аласыңдар? Жақсы амал жасағандар тек жақсы сыймен арылқанады. Сендер Раббыңның қай жақсылығын жоққа шығара аласыңдар? Сол екі жұмақтан төменіректе (тағы) екі жұмақ бар. Сендер Жаратқанның қай жақсылығын жаман дей аласыңдар? Екеуі де жап-жасыл. Сендер Раббыңның қай игілігін өтірікке шығара аласыңдар? Екі жұмақта қайнап жатқан екі бастау бар. Сендер Жасағанның қай жақсылығына көз жұма аласыңдар. Екі жұмақта да жемістер, құрмалар, анарлар өсіп тұрады. Сендер Раббыларыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер? Ол жұмақтарда ару қыздар бар. Сендер құдіреттің қай хикметін өтірік дей аласыңдар? Шатырларда қара көз хор қыздары тұрады. Сендер Раббыңның қай игілігін теріс дей аласыңдар? Ерлерінен бұрын оларға адам, не жын жақындамаған. Сендер Раббыңның қай игілігін өтірік дей аласыңдар? Олар жұмақта жасыл жастықтарға, көркем төсеніштерге сүйеніп отырады. Сендер раббыңның қай игілігін өтірік дей аласыңдар? (Рахман 55/47-77)»; «Алтыннан тоқылған орындықтарда шынтақтай, біріне-бірі қарап (бейқам) отыратын – осылар. Бар уақытта бір қалыптарынан аумайтын жас даяшылар ағып тұрған шарапты тостағанға, шәйнекке, шыныларға толтырып алып, алма-кезек ұсынып тұрады. Бұл шарап бірақ, олардың басын ауыртпайды, мас етпейді. Онымен қоса, қалаған жемістері, керегінше құс еті беріледі. Інжу ішінде жарқырайтын ботагөз хор қыздары қасында болады. Тірліктегі ізгі істеріне қарай олар осылай сыйланады. Жаннатта олар қамсыз жүреді. Жалған сөздер естімейді. Қайда барса да «сәлем, сәлем!» деген сөздер ғана айтылады. Бақытқа қол жеткендердің жағдайлары өте жақсы болады. Ол не деген керемет деңізші. Олар «сидыр» (тікенсіз) ағаштарының, жемістері ұйысып өсетін муз (банан) ағаштарының саясында, бастарынан аумайтын көлеңкеде тұрады. Тұнық суды, таусылмайтын және шектелмейтін миуа жемістерді, биік төсектерді пайдаланады. Анығында біз хор қыздарын жаңадан (жұмақ үшін) жараттық. Оларды жаны таза, жұбайларына құштар, тең –тұс еттік. Бұлар бақыттыларға бұйырады (Уақиа 56/15-38)»; «Сөз жоқ, сол күнде жаннат тұрғындары игілікке кенеледі. Олар да, олардың жұбайлары да жаннат бағында таққа сүйене отырып, (рахатқа батады). Жаннатта олар үшін түрлі жемістер бар. Жаннатта олардың көңілі нені қаласа, сол табылады (Ясин 36/55-57)»; «Тақуалар, сөз жоқ, бау-бақшалардан, мөлдір бұлақтардан лаззат алады. «Жаннатқа аман-есен, тып-тыныш кіріңдер» - (делінеді оларға). Олардың жүректеріндегі өшпенділікті шығарып тастаймыз. Өзара бауырласып, олар тақ үстіне біріне бірі қарсы қарасып тұрады. Жұмақта олар жалықпайды және ол жерден шығарылмайды (Хижр 15/45-48)»; «Тақуалар шын мәнінде жаннатта және игіліктер ортасында жүреді. Раббың берген нәрселерге кенеледі. Хақ Тағала оларды тозақ азабынан қағады. Жасаған жақсы амалдарының бодауына жарқылдап жүріп, ішіп-жеңдер – дейді. Олар қатар-қатар қойылған тақтарға сүйеніп отырады. Ботагөз аруларды жұп етіп қосып қоямыз. Иман келтіргендерді. әулеттерімен иманға келген ұрпақтарын да тепе-тең ұстаймыз. Жақсы амалдары ешқандай кемітілмейді. Әр адам өз қылығы үшін ғана жауапты болады. Олардың көріп жатқан игіліктеріне қоса, өздерінің көңілі соққан жемістерімен және қалағанынша етпен қамтамасыз етеміз. Жаннатта олар өзара құтыларды алмасып отырады. Сонда олар бейбастық сөздер де сөйлемейтін, күнәлі іс те істемейтін болады. Бейне сәдеп ішіндегі інжудей жастар айналып үйіріліп қызмет көрсетеді. Жаннат тұрғындары біріне-бірі қарсы қарап отырып, әңгіме-дүкен құрады. – шындығында біз (тіршілікте) үй-ішіміздің жағдайына көп алаңдайтын едік. – бізге Раббымыздың өзі мейірім төгіп, азап-қинаудан құтқарды. – біз алдымен Құдайға ғибадат ететін едікАлла рақымды әрі мейрімді ғой, деседі (Тур 52/17-28)»; «Тақуалар сөзсіз игілікке кенеледі. Ол игілігіміз – баулар мен жүзімдер, құрбы құрдас қыздар, кәусар құйылған кеселер. Жаннатта олар жалған сөз, бөгде әңгіме (өсек-аяң) естімейді. Раббыңның оларға берген тартуы осындай (Наба 78/32-36)».

12. Руятуллаһ. Алланы пәктеу (танзих), өзге болмысқа ұқсатпау (ташбих) мәселесі бойынша ислам теологиясындағы тартыс тақырыптарының бірі – Алланың көрінуі (руятуллаһ) мәселесі. Алланың сипаттары төңірегіндегі қызу тартыстарды және осы проблемада асыра сілтеушілікке орын берген теологиялық ағымдарды назарға алған кезде руятуллаһ мәселесі исламдық топтар арасында айқындаушы критерий ретінде рөл ойнағандығы байқалады. Осы тақырыптағы тартыстар нәтижесінде тіпті, ағымдар бір-бірін кәпір деп қаралаудан тайынбады.

Алланың көзбен көрінуі мәселесінде мазхабтар әр алуан көзқарастар ұсынған. Мушаббиха өкілдерінің кейбірі Алланың осы өмірде де көрінетінін алға тартса, Әһли Сунна ғұламалары ахиретте мүміндердің Ұлы Алланы көруі ақылдық тұрғыда мүмкін, нақылдық тұрғыда уәжіп екендігін қуаттады. Мутазила, Нажжария, Харижия және Шианың көпшілігі осы көзқарасқа үзілді-кесілді қарсы шықты. Мутазиланың көпшілігі руятуллаһты жүрекпен көру мағынасында қарастырып, оған «білу» деп түсініктеме жасаған.

Сунниттік көзқарасқа қарағанда ахиретте мүміндер Алланы көреді. Осы көзқарастарын қуаттандыратын ақылдық және нақылдық дәлелдерді ортаға тастаған. Осы дәлелдермен байланысты түрде оны ақылдық тұрғыда жайз, нақылдық тұрғыда уәжіп деп қорытынды жасаған. Ахиретте Алланы көрудің мәніне тоқталар болсақ, оның бұл өмірдегі көру әрекетіне ұқсамайтыны алға тартылды.

Руятуллаһқа Әһли Сунна дәлелдері:

Нақли дәлелдер: «وَكَلَّمَهُ رَبُّهُ قَالَ رَبِّ اَرِنيۤ اَنْظُرْ اِلَيْكَ» ((Муса) «Раббым! Маған көрінші сені көрейін!» - деді) (Араф 7/143). Әһли Сунна каламшыларының көзқарасы бойынша осы аятта Хазіреті Мұса сияқты Алланы пәктеген, ұлықтаған және оны өз мәнінде таныған пайғамбардың Жаратушыны көруге ынтығуына қарағанда Алланың көрінуі мүмкін. Ал қайшы жағдайда елшісінің құдайға мүмкін емес, қисынсыз нәрсені талап етуі нұқсандық болып табылады. Сонымен қатар осы аяттың жалғасындағы (قَالَ لَنْ تَرٰيني وَلٰكِنِ انْظُرْ اِلَى الْجَبَلِ فَاِنِ اسْتَقَرَّ مَكَانَهُ فَسَوْفَ تَرٰيني)«сен мені көре алмайсың, бірақ, мына тауға қара, егер ол орнында шыдай алса, сен де мені көресің!», - деген сөйлемде өзінің көрінуі үшін Алла таудың орнында шыдай алуымен байланыстырған. Таудың орнында шыдай алуы мүмкін. Бір хадисте құбылысты мүмкін бір шартпен байланыстыру оның да ықтимал екендігін көрсетеді.

«وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ نَاضِرَةٌ ﴿22﴾ اِلٰى رَبِّهَا نَاظِرَةٌ ﴿23﴾» (Ол күнде бақыт тапқандардың жүздері жарқын болады. Раббына тура қарай алады) (Қиямет 75/22-23), - деген Құран аяты мүміндердің жаннатта Раббыларын көретінін дәйектейді.

Ақли дәлел: Руятуллаһтың мүмкін екендігі турасында Әһли Сунна каламшыларының алға тартқан ақылдық дәлел «болмыс дәлелі» деп аталады. Осы дәлелге қарағанда сезім мүшелері арқылы танылатын әлемде көру әрекетін іс жүзіне асыратын себеп бар болу болып табылады. Адам әртүрлі мәндерге ие жаухарлар мен денелерді көре алатыны тәрізді қара мен ақ сияқты бір-біріне қайшы сипаттарды, тыныштық пен әрекет сияқты алуан түрлі құбылыстарды көре алады. Осылардың барлығын көрінетін дәрежеге алып барған басты себеп бар болу. Демек, ақыл бар болып табылатын нәрселердің көрінуін мүмкін емес деп есептемейді. Ұлы Алла да бар болғанына қарағанда оның көрінуі мүмкін.

Мутазила, жахмияның дәлелдері. Өткен лекцияларда баяндалғаны сияқты Мутазила мен Жахмия танзихтық түсінікті қолдағандығы белгілі. Олар Алланы жаратылғандарға ұқсасатын барлық көзқарастардан үзілді-кесілді бас тартқан. Осы көзқарастың табиғи жемісі ретінде олар Алланың көзбен көрінуін жоққа шығарды. Осыған қарамастан Мутазилиттер Алланың көрінуіне «білінуі» деп түсініктеме жасаған. Мутазилиттер «руятуллаһтың» мүмкін емес екендігін дәлелдеу үшін біршама нақли және ақли дәлелдерді ұсынған:

Нақли дәлелдер. «لاَ تُدْرِكُهُ الاَبْصَارُ وَهُوَ يُدْرِكُ الاَبْصَارَ» (көздер оны көре алмайды (меңгермейді), бірақ, ол көздерді көреді (меңгереді)) (Анам 3/103).

«وَلَمَّا جَاۤءَ مُوسٰى لِميقَاتِنَا وَكَلَّمَهُ رَبُّهُ قَالَ رَبِّ اَرِنيۤ اَنْظُرْ اِلَيْكَ قَالَ لَنْ تَرٰيني وَلٰكِنِ انْظُرْ اِلَى الْجَبَلِ فَاِنِ اسْتَقَرَّ مَكَانَهُ فَسَوْفَ تَرٰيني فَلَمَّا تَجَلّٰى رَبُّهُ لِلْجَبَلِ جَعَلَهُ دَكًّا وَخَرَّ مُوسٰى صَعِقًا فَلَمَّاۤ اَفَاقَ قَالَ سُبْحَانَكَ تُبْتُ اِلَيْكَ وَاَنَا اَوَّلُ الْمُؤْمِنينَ» (Келіскен мезгілде келген Муса Раббына тіл қатты: «Ей Рабби! Маған өзіңді көрсетші. Сені бір көріп алайыншы», - деді. «Мені ешуақытта да көре алмайсың. Дегенмен, тауға қара, егер тау қозғалмайорнында тұрса, мені көріп те қаларсың», - деді. Раббы тауға елес берген кезде тау күл-талқан болды. Мұса талып түсті. Есі кірген кезде: «сен пәксің, мен саған тәубе келтірдім, әрі саған сенушілердің алғашқысы мен боламын», - деді) (Араф 7/143) деген аяттағы «мені мүлдем көре алмайсың» деген жері Руятуллаһтың (Алланы көрудің) мүмкін емес екендігін қуаттандырады.

Алайда, Әһли Сунна каламшының пікірі бойынша бірінші аяттағы Алланың көрінуін емес, оның меңгерілуін (идрак) жоққа шығарады. Яғни, Алланы ешқашан ұғыну, түсіні және меңгеру мүмкін емес екендігін қуаттайды. Ал екінші аяттағы «لَنْ تَرٰين۪ي/Лан тарани» үнемілікті емес белгілі бір кезеңді, яғни, Муса пайғамбардың осы дүниеде ғана Алланы көре алмайтынын алға тартады және Алланың ахиретте көрінуі мүмкін екендігін білдіреді.

Рух мәселесі. Адам – материалдық дене мен рухтан құралған болмыс. Рух мәселесі ежелгі кезеңнен бастап философияның басты тақырыптарының бірі болып келгені сияқты ислам ғұламалары арасында тартысқа себеп болған. Рухтың бар екендігін мойындағын мұсылман ғұламалары оның мәні, денемен қатынасы т.б. тақырыптарда әр алуан көзқарастар ортаға тастаған.

Мұсылман ғұламалары рухтың бар екендігіне сенеді. Себебі, Құран аяттарында рухтың бар және ол Құдайдың әмірінде екендігі, өлімнен соң басқа бір әлемге кететіндігі баяндалады. Десек те рухтың мәні, оның негізі материалдық па әлде материалдық емес пе сияқьты тақырыптар сенімдік жағынан екінші дәрежелі мәселеге жатады. Осыған орай, рух жайында қандай сенім болса да таухидке қайшы келетін сенімді тудырмайды.

Құран аяттарын зерделер болсақ, рух сөзі Құранда үш түрлі мағынада қолданылғаны байқалады.

1. Рух Жабраил періштенің аты ретінде орын алады (Бақара 2/87; Мариям 19/17; Шуара 26/193; Маариж 70/4; Қадр 97/4);

2. Рух кейде уахи мағынасында да қолданылады (Нахл 16/2; Мумин 40/15; Шура 42/52);

3. Жандылардың тіршілік етуін қамтамасыз ететін қуат мағынасында қолданылады (Исра 17/85; Анбия 21/91; Тахрим 66/12).

Құран аяттарымен қатар рухтың бар екендігін дәлелдейтін басқа да дәлелдер де бар.

1. Адам тек қана материалдық денеден және дене мүшелерінін ғана тұрмайды. Олар үнемі әлсіреп, күшейіп және өзгеріп отырады. Белгілі бір адам отыз-қырық жыл өтсе де әлгі адам қалыбын сақтайды, тіпті ол дене мүшелірінің бірінен айрылса да адам күйінде қалады. Демек, адамда материалдық денеден басқа да бір мәні бар. Ол рух болып табылады.

2. Рухтың бар екендігімізге морлаьдық жауапкершілігіміз де дәлел болып табылады. Егер рух болмаса, моральдық жауапкершіліктің мәні болмаған болар еді. Егер дененің өзі бір қылмыс істеген болса, осыған орай денені жазалау әділетсіздік болар еді. Демек, адамды жазалау оның рухы бар екендігін білдіреді.

3. Адамдағы қалау, сезім сияқты қасиеттер адам денесінде рухтың бар екендігін көрседеді. Себебі, дененің өзі әрекетке, қабілетке, сезімге қауқарлы емес екендігі баршамызға мәлім. Бұлар денеден басқа рухтың туындылары болып табылады.

4. адам тәндік жағынан әлсіз жаратылыс. Алайда денесіндегі әлсіздігіне қарамастан жер бетіндегі ешбір жанды жете алмаған үлкен жетістіктерге қол жеткізуі (ұшуы, су түбіне сүңғуы, ғарышқа баруы, үлкен өндіріс орындары мен ғиматарттар салуы т.б.) адамда денеден басқа рухтың бар екендігін көрсетеді.

5. Дені сау адамдардың өздері бір минут бұрын тірі болса, бір минуттан соң өліп жатады. өлген адамның денесі ешбір әрекетсіз қалады. Демек, бұл адамда өмірдің бастауы болып табылатын рух бар деген сөз.

Рухтың мәні. Рухтың мәні адам ақылы тарапынан ұғыну мүмкін бе әлде мүмкін емес пе деген мәселе жайында ғұламалар арасында тартыс бар. Салаф ғұламалары рухтың құдайлық құпия екендігін, оның мәні адам ақылы тарапынан меңгерілмейтінін алға тартады. Себебі, Құранда мынандай аят орын алады: «وَيَسْـَٔلُونَكَ عَنِ الرُّوحِ قُلِ الرُّوحُ مِنْ اَمْرِ رَبّي وَمَاۤ اُوتيتُمْ مِنَ الْعِلْمِ اِلاَّ قل۪يلاً» ((Ей Мұхаммед) Сенен рухтың не екендігін сұрайды. Рух Раббымның әмірінде. Ол жайында сендерге өте аз мәлімет берілді, - де) (Исра 17/85).

Халаф ғұламаларының көзқарасы бойынша аталған аят рухты толықтай ұғыну мүмкін емес екендігіне дәлел бола алмайды. Рухтың мәнін белгілі бір дәрежеде және аздап адамдар тарапынан түсінуге болады. «Ол жайында сендерге өте аз мәлімет берілді», - деген сөз осыны аңғартады. Осыған байланысты салаф ғұламаларынан басқа ислам ғұламалары тарапынан ұсынылған рух пен оның мәні жайындағы көзқарастардың ең бастылары мыналар:

1. Адам рухы – абстрактілі (мужаррад) жаухар (мән), дене, денелік емес, бір орынға, мекенге иелік ете алмайды және өздігінен тұра алады (бизатихи қаим). Адам рухы денемен бірге де, денеден бөлек те емес. Имам әл-Ғазали, Рағиб Исфахани (ө.1108 ж.), шиит ғалымы Шайх Муфид (ө.1022) және мұсылман философтары осы көзқарасты қолдайды.

2. Рух – денеге енген латиф (нәзік, жеңіл) дене. Ол ыдырамайды, өзгермейді, бөлінбейді және бөлшектенбейді. Гүл суының гүлдің бойына таралып, сіңіп тұратыны тәрізді, рух та денеге енген, денеде орын алған. Осының нәтижесінде өмір, тіршілік басталады. Аталған латиф дененің денеден бөлініп, шығып кетуі адам өліміне душар етеді. Наззам, (ө. 845 ж.), әл-Жуайни (ө. 1085 ж.), Фахреддин Рази (1210 ж.), ибн Таймия (ө.1328 ж.) ибн Қаййим әл-Жаузия (ө. 1350 ж.) және мутақаддимин каламшыларының көпшілігі осы пікірді қолдайды.

3. Рух – материалдық жаухардың (мән) аразы (сипаты). Әбу-л-Хузайл әл-Аллаф (850 ж.), әл-Ашари (ө.936 ж.) және Бақиллани (ө.1013 ж.) осы идеяны жақтайды. Олардың пікіріне қарағанда әлем жаухарлардан және екі уақытта да мәңгілік бола алмайтын араздардан тұрады. Рух та түйіршіктер тәрізді әрбір сәт ішінде жаратылады, ожан соң жоқ болады, сосын қайта жаратылады. Бұл осылай жаласа береді. Демек, Алла Тағала денелерді жаратады, олардың рухтарын да әлгі денелердің аразы ретінде жаратады.

4. Рух – адам бейнесіндегі және сыртқы келбетіндегі мүсін.

5. Рух – мидағы қуат, сезім мен әрекет бастауы. Ол - әрекеттің, өмірдің және түйсіктің негізі.

6. Рух – рухани нұр.

Каламшылардың пікірі бойынша рух – хадис (кейіннен жаратылған), қадим (абсолютті) емес. бірік рухтың қашан жаратылғандығы жайынжа ғұламалар арасында тартыс бар. Ғұламалардың бір тобы «وَلَقَدْ خَلَقْنَاكُمْ ثُمَّ صَوَّرْنَاكُمْ» (Расында сендерді (рухтарыңды) жараттық, одан соң пішім бердік) (Араф 7/11), - деген Құран аяты мен осыған ұқсас аяттарды негізге ала отырып, рухтардың денелерден бұрын жаратылғандығын қуаттайды. Ал келесі топтағылар «وَلَقَدْ خَلَقْنَا الاِنْسَانَ مِنْ سُلاَلَةٍ مِنْ طينٍ ﴿12﴾ ثُمَّ جَعَلْنَاهُ نُطْفَةً في قَرَارٍ مَكينٍ ﴿13﴾ ثُمَّ خَلَقْنَا النُّطْفَةَ عَلَقَةً فَخَلَقْنَا الْعَلَقَةَ مُضْغَةً فَخَلَقْنَا الْمُضْغَةَ عِظَامًا فَكَسَوْنَا الْعِظَامَ لَحْمًا ثُمَّ اَنْشَاْنَاهُ خَلْقًا اٰخَرَ فَتَبَارَكَ اللهُ اَحْسَنُ الْخَالِقينَ ﴿14﴾» (Адамды біз топырақтың ең асылынан жараттық. Одан соң оны ұрықтың тамшысына айналдырып, өте сенімді орынға (жатырға) орналастырдық. Одан әлгі ұрықты ұйыған қанға айналдырдық. Ұйыған қанды бір жапырақ етке айналдырдық. Бір жапырақ етке сүйек бітірдік, одан соң сүйекке ет қондырдық, оған (жан кіргізіп) басқадай жаратылысқа айналдырдық. Аса шебер Жаратқан ием барынша ұлы) (Муминун 23-12-14), - деген Құран аятын назарға ала отырып, рухтардың денелерден кейін жаратылғандығын алға тартқан.

Рух хадис болғандықтан, оның мәніне тән қасиет ретінде жоқ болып кететіні рас. Бірақ, Алла Тағала рухтардың жоқ болып кетуінен сақтандырған. Құдайлық құдірет олардың одан ары бар болуын қамтамасыз еткен. Осыған орай, адам өлген кезде оның рухы жоқ болып кетпейді.