- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз инновациялық – гуманитарлық университеті
- •Тараз 201
- •Мазмұны
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Тараз инновациялық гуманитарлық университеті
- •«Жаратылыстану-құқық» факультеті
- •«Сстандарттау және сертификаттау» кафедрасы
- •Силлабусы
- •8. Әр сабақтың тақырыбы мен ұзақтығы
- •7. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •9. Студенттің өзіндік жұмыс ( сөж) тақырыптары
- •10. Кеңес беру уақыты
- •11. Оқытушының талаптары
- •12. Бағалау критерийлері
- •13. Ағымдық бақылаудың кестесі
- •14. Әдебиеттер тізімі:
- •«Өндіріс өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •1 Лекция Кіріспе. Өндіріс өнімдерін сертификаттау және стандарттау тәртіптері. Өнімді сертификаттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу.
- •2 Лекция Бидайды сертификаттау және стандарттау ережесі
- •3 Лекция
- •4 Лекция Сүт өнімін стандарттау және сертификаттау әдістері. Нормативтік құжаттар
- •5 Лекция
- •6 Лекция Нан өнімін сертификаттау тәртібі. Инспекциялық бақылау.
- •7 Лекция Өсімдік майын сертификаттау және стандарттау жолдары. Майлылықты анықтау әдісі.
- •8 Лекция Макарон өнімдерін сертификаттау және стандарттау жолдары. Сынақ жүргізу тәртібі.
- •9 Лекция Стандарттау және сертификаттау барысында текстильді талшықтарға қойылатын талаптар
- •10 Лекция
- •5В 073200 –«Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылатын әдебиеттер
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз инновациялық – гуманитарлық университеті
- •Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз инновациялық – гуманитарлық университеті
- •Студенттердің өзіндік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •Тест сұрақтары: «Өндіріс өнімдерін стандарттау мен сертификаттау» пәнінен
9 Лекция Стандарттау және сертификаттау барысында текстильді талшықтарға қойылатын талаптар
Тігін бұйымдарын әзірлеу барысында түрлі материалдар қолданылады. Олар –мата, тоқыма, бейметалы материалдар, натуральдщі және жасанды тері, қабықты және құрама материалдар, натуральтді және жасанды мех, тігін жіптер , желімді материалдар, фурнитура.
Өнім шикізаты болатын материалдардың құрылымы жөнінде мәліметтер жинау, олардың қасиеттерін анықтай білу, ассортиментін ажырата білу және сапалығын бағалай білу жоғарғы сапалы киімді жобалап өндірудің, тігін бұйымдарын өндіру процессінде материалдардың өндеу режимдерін орнату өндеу әдістерін дұрыс таңдау олардың қажетті шартты.
Тігін өндірісінің үлкен көлемін бұйымдар құрайды. Олар текстильді матералдардан орындалады.
Текстильді материалдар немесе текстиль – талшықтарымен жіптерден өндірілетін материалдар және бұйымдар. Оларға мата, тоқыма , бейметалы кездемелер, тігін жіптер және т.б. жатады.
Текстильді талшық – ол иірілім жіп және текстиль бұйымдарын жасауға жарамды, көлденең өлшемі кіші, ұзындығы шектеулі иілгіш берік және созыңқы дене.
Текстильді жіп онда текстильді талшықтай» сипатталынады, тек ол үлкен ұзындығымен айырылады. Жіп талшықтары ширату арқылы біріктіріп жасалуы мүмкін, онда ол иірілік жіп деп аталады. Жібек жібін түтты жібек көбелегінің пілөсін тарқыту арқылы алынады. Химиялық жіптер полимерден құйылады.
Барлық текстильді материалдардың (мата, тоқымалы және бейметалы кездемелер, таспа , жиек, торлар және т.б.) негізгі құрылым элементтерін текстильді талшықтар мен жіптер құрайды. Олар химиялық табиғаты бойынша күрделі молекулалық қосылыстар болып табылыды. Бұл қосылыстар табиғи немесе химиялық жолдармен құралады.
Тәжірибе жүзінде үлкен снады ұқсас заттардың қарастырылуын ыңғайлау үшін, негізгі белгілер бойынша жіктеу жүргізіледі.Негізгі текстильді материалдардың жалпы түрде жіктелуін құрылым ерекшілігіне байланысты орындалған.Осынған орай,олар 3 топқа бөлінеді: бастапқы материалдар, аралық материалдар, текстильді бұйымдар. 1 суретте текстильді материалдардың жалпы түрде жіктелуін келтірілген.
Текстильді талшықтар мен жіптердің жіктелуі шығу шегімен химиялық құрамына негізделген, Шығу тегі бойынша, барлық тлшықтар натуральді және химиялық болып бөлінеді. Текстильді талшықтар мен жіптердің жіктелінуі схема түрде келтіріледі.
Натуральді талшықтар адамның қатысуыз табиғаттың өзінен жасалатын талшықтар жатады. Олар өсімдік тектес, жануарлар тектес немесе минеральді болып бөлінеді.
Өсімдік тектес натуральді талшықтар ұрық бетінен (мақта) сабақтан (зығыр, кендір және т.б.) жапырақтар (сизаль және т.б.) жеміс қабығынан (койр) алынады.
Жануарлар тектес натуральді талшықтар түрлі жануарлардың жүндері мен тұт және емен жібек құрттарын піллә жібектерімен беріледі
Бастапқы талшық құраушы полимерлердің табиғатына байланысты химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Қолдануына байланысты химиялық талшықтар моножіп, құрама жіптер, штапельді талшықтар және ширақтар болып бөлінеді.
Сертификаттау кезіндегі талшықты материалдардың негізгі қасиет көрсеткіштері.
Талшықты материалдардың негізгі қасиеттеріне олардың сызықтық тығыздығы, ұзындығы, беріктігі, созылғыштығы, иілгіштігі, жабысқақтығы, гигиеналық қасиеттері, сыртқы ортаның әсеріне тұрақтылығы жатады. Талшық дегеніміз көлденең қиындысы 2 ден 100 мкм дейін болатын өте жіңішке дене. Тоқыма өнеркәсібінде диаметрі 60 мкм-ге дейінгі талшықтар пайдаланылады. Талшықтың жуандығы (жіңішкелігін) тікелей өлшеу қиын болғандықтан, жуандығының өлшем бірлігіне сызықтық тығыздығы алынады.
Талшықтың сызықтық тығыздығы деп Т, текс, талшықтың ұзындық білігіне келетін массамен сипатталады және талшық массасының (m,r) оның ұзындығына L, км қатынасымен анықталады.
T=m/L,
m-масса,г;
L-ұзындық,км.
Егер талшықтың ұзындығын L метрмен алсақ, онда Т, текс, формуласымен анықталады.
T= 1000 m/L
Егер ұзындығы 1000 м талшықтың массасы 1 г бoлса, онда оның сызықтық тығыздығы 1 текске тең, егер ұзындығы 1000 м талшықтың массасы 2 г болса, оның сызықтық тығыздығы 2 текс, т.с.с. Текс жүйесінде талшықтың жуандығы мен текс мөлшерінің арасында тікелей байланыстылық бар: талшық жуандығына қарай текс те сонша көп болады. Жақын уақытқа дейін талшықтың жіңішкелігі текс мөлшеріне қарама-қарсы иетрикалық нөмерімен N м/г,сипатталатын.
Метрикалық номер мен сызықтық тығыздықтың ара қатынасы мынадай:
NT=1000,
бұдан
N=1000/T; T=1000/N
Талшықтың ұзындығы мм,см, м-мен өлшенеді.Мақтаның мамығы мен үлпегі ең қысқа талшықтар – олардың ұзындығы 1-2 мм. Жібек құрты жібінің ұзындығы 1000 м және одан да асады. Жасанды және синтетикалық жіптердің ұзындығы шексіз болуы мүмкін.
Иіру әдісі және де алынатын жіптің жуандығы мен мықтылығы талшықтың ұзындығына байланысты. Ұзын талшықтардың жіңішке әрі тегіс жіп алынса, қысқалардан- жуан әрі жұмсақ жіп шығады. Талшықтардың
беріктік үзетін күшпен, Яғни үзілетін кездегі ең үлкен салмақпен сипатталады, оның өлшем бірлігі сН. Жуандығы әр түрлі талшықтардың мықтылығын салыстыру үшін салыстырмалы үзу салмағы Р, сН/текс пайдаланылады, яғни жуандықтың әр бірлігіне келетін үзу салмағы.
P=P /T
Талшықтың үзілер алдындағы ұзаруын үзілу ұзаруы деп атайды. Салмақ әсерінен талшықтың үзілерге дейінгі ұзаруын толық ұзару дейді. Талшықтың толық ұзаруы оның серпімді, созылмалы (эластикалы) және иілмелі (пластикалы) ұзаруларынан тұрады.Серпімді ұзару талшықтан салмақты алған кезде бірден жоғалады, созылмалы ұзару бірден кетеді, ал иілмелі ұзару онша кете қалмайды. Тоқыма бұйымның қыртыстанғыштығы немесе өз формасын сақтап қалу қабілеті серпімді, созылмалы және иілмелі ұзарулардың ара қатынасына байланысты. Мысалы, жүн талшықтары мен синтетикалық талшықтарда серпімді және созылмалы ұзарулардың үлесі басым, сондықтан бұл талшықтардан жасалған маталар өте қыртыстанғыш келеді де, жылумен дымқылдап өңдегенде ғана өзінің бастапқы қалпына келеді.
Талшықтардың гигиеналық қасиеті – денсаулықты сақтауға жағдай жасайтын қасиеті. Ол негізінен гигроскопиялық және ауа өткізгіштік көрсеткіштерімен, және де жылу сақтау қасиетімен сипатталады.
Гигроскопиялылығы – талшықтардың су буын бойына сіңіру қабілеті. Талшықтардың гигроскопиялық қасиеті шындық кондициондық және максималды ылғалдықпен бағаланады. Шын ылғалдық берілген атмосфералық жағдайда құрғақ талшықтың массасымен салыстырғанда қанша процент ылғал бар екендігін көрсетеді. Кондициондық ылғалдық – талшықтың қалыпты жағдайдағы ылғалдылығы, яғни 20 С температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдығы 100 болғандығы талшықтардың ылғалдығы.
Ауа өткізгіштік – талшықтың ауа өткізу қабілеті.
Организмнің тіршілік әрекетінің нәтижесінде денеден көмірқышқыл газы, тер және басқадай зиянды заттар бөлініп шығады. Киім жасайтын, әсіресе іш киімдік бұйымдар үшін қажет талшықтардың жақсы гигроскопиялық және ауа өткізгіштік қасиеттері болуға тиіс. Қыс киімдерін жасауға пайдаланылатын талшықтардың жылу сақтау қабілеті жоғары болуы шарт.
Талшықтардың гигиеналық қасиеті олардың химиялық құрамы мен құрылымына байланысты. Таза талшықтардың синтетикалық талшықтарға қарағанда гигиеналық қасиеттерінің көрсеткіші жоғары.
Талшықтардың сыртқы ортаның әсеріне қарсы тұруы, яғни жарықтың, ылғалдың, тердің әсеріне және де үйкелуге, жууға, химиялық тазартуға, ылғалды – жылумен өңдеуге қарсы тұру қабілеті тоқыма бұйымның тозбайтындығын көрсетеді.
