- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз инновациялық – гуманитарлық университеті
- •Тараз 201
- •Мазмұны
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Тараз инновациялық гуманитарлық университеті
- •«Жаратылыстану-құқық» факультеті
- •«Сстандарттау және сертификаттау» кафедрасы
- •Силлабусы
- •8. Әр сабақтың тақырыбы мен ұзақтығы
- •7. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •9. Студенттің өзіндік жұмыс ( сөж) тақырыптары
- •10. Кеңес беру уақыты
- •11. Оқытушының талаптары
- •12. Бағалау критерийлері
- •13. Ағымдық бақылаудың кестесі
- •14. Әдебиеттер тізімі:
- •«Өндіріс өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •1 Лекция Кіріспе. Өндіріс өнімдерін сертификаттау және стандарттау тәртіптері. Өнімді сертификаттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу.
- •2 Лекция Бидайды сертификаттау және стандарттау ережесі
- •3 Лекция
- •4 Лекция Сүт өнімін стандарттау және сертификаттау әдістері. Нормативтік құжаттар
- •5 Лекция
- •6 Лекция Нан өнімін сертификаттау тәртібі. Инспекциялық бақылау.
- •7 Лекция Өсімдік майын сертификаттау және стандарттау жолдары. Майлылықты анықтау әдісі.
- •8 Лекция Макарон өнімдерін сертификаттау және стандарттау жолдары. Сынақ жүргізу тәртібі.
- •9 Лекция Стандарттау және сертификаттау барысында текстильді талшықтарға қойылатын талаптар
- •10 Лекция
- •5В 073200 –«Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- •Бақылау сұрақтары
- •Қолданылатын әдебиеттер
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз инновациялық – гуманитарлық университеті
- •Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8 Әдебиеттер тізімі:
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз инновациялық – гуманитарлық университеті
- •Студенттердің өзіндік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •8. Әдебиет
- •Тест сұрақтары: «Өндіріс өнімдерін стандарттау мен сертификаттау» пәнінен
10 Лекция
Стандарттау және сертифиаттау жұмыстары кезіндегі қойылатын "Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" бойынша техникалық регламентер
"Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) темір-бетон және бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне, оларды өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
Техникалық регламентте мыналар:
1) темір-бетон және бетон конструкциялары, олардың қауіпсіздігін айқындайтын техникалық сипаттамалары;
2) темір-бетон және бетон конструкцияларын өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестері (тіршілік циклдері) техникалық реттеу объектілері болып табылады.
Оларға қатысты қауіпсіздік талаптары белгіленетін темір-бетон және бетон конструкцияларының тізбесі осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
Осы Техникалық регламентте темір-бетон және бетон конструкцияларының тіршілік циклі сатыларындағы қауіпті факторлардың (қатерлердің) туындау мүмкіндігі есепке алынған.
Темір-бетон және бетон конструкцияларының тіршілік циклі сатыларыңда туындауы мүмкін қауіпті факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады:
1) өндірістік жабдықтың жылжымалы беліктерімен, қозғалатын машиналармен және тетіктермен, адамға соққылық әсер етуге қабілетті жылжытылатын дайындамалармен және материалдармен байланыстың болуы;
2) адамның уақытша еңбек қабілетсіздігіне әкелетін жарақаттар салуы мүмкін қалыптардың, арматураның, деталдар мен бұйымдардың бетінде үшкір жиектер мен бұрыштардың, қылтанақтар мен кедір-бұдырлардың болуы;
3) нормативтік мәннен асатын өндірістік шудың болуы;
4) өндірістік үй-жайларда (цехтарда) жол берілген деңгейлерден және адамға әсер ету уақытынан асатын жалпы және жергілікті дірілдің болуы;
5) жұмыс аймағы ауасының ШРК концентрацияларынан асатын мөлшерде шаңдануы мен газдануы;
6) темір-бетон және бетон конструкцияларды жылумен өңдеу үшін қолданылатын ыстық будың әсері;
7) қысыммен жұмыс істеп тұрған және жарылған жағдайда адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін автоклавтың жақын орналасуы;
8) жұмыс орындары мен өндірістік үй-жайлардың (цехтардың) жеткіліксіз мөлшерде жарықтандырылмауы;
9) құрамында уытты заттар бар қышқылдар ерітінділерінің, химиялық қосындылар мен қоспалар әсері;
10) жұмыс орындары мен өндірістік үй-жайларда (цехтарда) өрт шыққан жағдайда ашық жалынның әсері;
11) жерге қосылмаған электрлі қозғалтқыштарға және жабдықтың, қондырғылардың, машиналар мен тетіктердің сырты жоқ өткізгіштерді жанасу кезіндегі электр тоғының әсері;
12) материалдар мен жабдықты көтеру, түсіру және тасымалдау кезіндегі ауырлықтар әсері; дайын құрастырмаларды цех бойынша жылжыту, жинау және монтаждау кезінде.
Терминдер мен анықтамалар
1) алдын ала керілген арматура - пайдалану сатысында сыртқы жүктемелердің қосылуына дейін конструкцияларды дайындау процесінде бастапқы (алдын ала) керілістерге ие болатын арматура;
2) бетон - белгілі бір тепе-теңдікте алынған байланыстырғыш материалдың, судың, толтырғыштар мен арнайы қоспалардың тығыздалған қоспасының қатуы нәтижесінде алынатын жасанды құрылыс материалы;
3) бетон конструкциялары - арматурасыз немесе конструктивті ниетпен орнатылатын және есепте ескерілмейтін арматурасы бар бетоннан жасалған конструкциялар, бетон конструкциялардағы барлық жүктемелерден және әсер етулерден болатын есептік күштерді бетон өзіне қабылдауы тиіс;
4) ең аз қажетті талаптар - азаматтардың өмірі немесе денсаулығын қорғау үшін, қоршаған ортаны, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін, тұтынушыларды өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты адастыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу үшін жол берілген зиян келтіру қатері бағалауға негізделген қауіпсіздік талаптары;
Радиациялық қауіпсіздік талаптары
Темір-бетон және бетон конструкциялардың тіршілік циклының барлық сатыларындағы радиациялық қауіпсіздігі " Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы " Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңында белгіленген талаптарды орындаумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Темір-бетон және бетон конструкциялар адам ағзасы мен қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін шекті рұқсат етілген мәннен асатын радиоактивтік сәулелену көзі болуға тиіс емес.
Темір-бетон және бетон конструкциялар жасауда қолданылатын байланыстырғыш материалдарда, толтырғыштар мен арматуралық болаттың табиғи радионуклидтерінің үлестік тиімді белсенділігі мыналар үшін белгіленген шамалардан аспауы тиіс:
1) салынып жатқан және қайта жаңғыртылатын тұрғын үйлерде және қоғамдық ғимараттарда пайдаланылатын темір-бетон және бетон конструкциялар (I сынып) - 370 Бк/кг;
2) елді мекендер аумақтарының және перспективалы құрылыс аймақтарының шектерінде жол құрылысында, сондай-ақ өндірістік құрылыстарды тұрғызу кезінде қолданылатын темір-бетон және бетон конструкциялар (II сынып) - 740 Бк/кг;
3) елді мекендерден тыс жерде жүргізіліп жатқан жол салуда қолданылатын темір-бетон және бетон конструкциялар (III сынып) - 1500 Бк/кг;
4) пайдаланылуы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісім бойынша шешілетін темір-бетон және бетон конструкциялар (IV сынып) - 1500-ден - 4000 Бк/кг-ға дейін.
Адам мен қоршаған ортаға радиациялық әсер ету мүмкіндігіне ие, оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ темір-бетон және бетон конструкциялардың айналымына жол берілмейді. Темір-бетон және бетон конструкциялардың жоғарыда келтірілгендер санынан өнімнің сипаттамаларына (қасиеттеріне) жататын радиациялық қауіпсіздігінің нақты нормативтері осы Техникалық регламентпен үйлестірілген стандарттарда белгіленеді.
Темір-бетон және бетон конструкцияларға қатысты радиациялық қауіпсіздік талаптары осы Техникалық регламентке сәйкес белгіленеді.
Термикалық қауіпсіздігі мен жарылу қауіпсіздігінің талаптары
Темір-бетон және бетон конструкцияларды жасау кезінде нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына, сондай-ақ ведомстволық еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес термоылғалмен өңдеу кезінде (булау камерасында буландыру) термикалық қауіпсіздік ережелерін және автоклавтық өңдеу кезінде (автоклавта ыстық бумен өңдеу) термикалық қауіпсіздік пен жарылу қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.
Булау камералары гидравликалық бекітпелермен және қақпақтың камерамен соңғысынан будың сыртқа шығуына жол бермейтін тығыз қосылысын қамтамасыз ететін өзге де конструкциялармен жабдықталуы тиіс.
Автоклавтардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін сигналдық-блоктау құрылғысы көзделуі тиіс, ол мынадай жағдайларды:
1) қақпағы тығыз жабылмаған жағдайда автоклавқа будың енуінің мүмкін еместігін;
2) артық мөлшердегі қысым мен конденсат болған жағдайда автоклав қақпағының ашылуының мүмкін еместігін қамтамасыз етеді.
Ыстықтан жарақаттар алудың алдын алу мақсатында технологиялық жабдықтың сыртқы беттерінің немесе олардың қоршап тұрған құрылғыларының температурасы 45 о С-тан жоғары болмауы тиіс.
Жоғарылатылған және жоғары температура жағдайларында жұмыс істеуге арналған бетон конструкцияларды пайдалану кезінде термикалық қауіпсіздік адам денесінің қорғалмаған бөліктерінің орын алуы мүмкін жоғары температуралы беттермен жанасуына жол бермеу арқылы қамтамасыз етіледі.
Тері қабаттарын жылу жабдығының термикалық әсерінен қорғау үшін жұмысшылар нормативтік құжаттардың талабына сәйкес жеке қорғану құралдарымен және арнайы киім-кешекпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Газ-бетондарды жасау кезінде пигменттік және гидрофильдік алюминий ұнтағынан әзірленетін жарылу қаупі жоқ алюминий пасталар қолданылуы тиіс. Пасталарды әзірлеу жеке үй-жайда жүргізілуі тиіс.
Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптары
Қоршаған ортаға зиянды заттарды бөліп шығаратын материалдарды, химиялық қоспалар мен қышқыл ерітінділерін қолданып, темір-бетон және бетон конструкцияларды жасап шығару, оларды тасымалдау, сақтау және қолдану кезінде орын алуы мүмкін химиялық, физикалық және механикалық факторлардың, жабдықтың, тетіктер мен қондырғылардың әсерінің адамның денсаулығы үшін санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі осы Техникалық регламенттің талаптарын орындаумен қамтамасыз етіледі.
Темір-бетон және бетон конструкцияларды жасап шығару кезінде шудың деңгейі мен дірілдің деңгейін азайтатын және олардың зиянды әсерін жою үшін жұмыс орындарында арнайы шараларды қабылдап отыру қажет: санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің, мемлекеттік стандарттардың, сондай-ақ ведомстволық еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарына сәйкес сындарлы, технологиялық және ұйымдастыру шаралары, дірілден оқшауландыру және дірілді өшіру құралдары, жеке қорғану құралдары.
Дыбыс деңгейі 85 дБА-дан жоғары болып келетін аймақтар нормативтік құжаттардың талабына сәйкес қауіпсіздік белгілерімен көрсетілуі тиіс. Дыбыстық қысымның октавалық деңгейі кез келген октавалық белдеуде 135 дБА-дан жоғары болып келетін аймақтарда адамдардың тіпті аз уақыт жүруіне тыйым салынады.
Жұмыс аймағының ауасындағы цемент шаңының мөлшерін бақылау шарасын кәсіпорын және мемлекеттік санитарлық қадағалау органдары Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамаларымен бекітілген мерзімдерде орындап отыруы тиіс.
Ыстыққа төзімді бетондарды әзірлеу кезінде ортофосфорлық қышқылмен немесе фосфаттық байлаушы және хромбалшық-топырақтық материалдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтау қажет. Жұмыс аймағының ауасындағы ортофосфорлық қышқылдың (Н 3 PO 4 ) мөлшері 0,4 мг/м 3 -нан, ал алты валенттік хромның (Сr +6 ) мөлшері 2 мг/м 3 -нан аспауы тиіс.
Ауасындағы зиянды заттардың мөлшері рұқсатты шекті концентрациядан асатын және дыбыс деңгейі 85 дБА-дан жоғары болып келетін жұмыс аймағында орналасқан өндірістік жабдықтар мен технологиялық желілерді басқару тетіктері оқшауландырылған кабиналарда орналасуы тиіс.
Сәйкестікті растау тәртібі
Қазақстан Республикасының аумағындағы нарықта өткізілетін (импортталатын) темір-бетон және бетон конструкциялардың сәйкестігін растау міндетті сипатқа ие.
Сәйкестікті міндетті түрде растауға жоғары қауіптілік объектілері болып табылатын темір-бетон және бетон конструкциялардың жаңа түрлері жатады.
Үйлестірілген стандарттардың тізбесі
Ф-0Б-050/090
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ – ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы
«Өндіріс өнімдерінің стандарттау мен сертификаттау» пәнінен
СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
